Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
пен 6 жыл мерзімге тағайындалатын.
ЕКІНШІ ИМПЕРИЯ
Алғашқы сайланған президент болып Луи Наполеон (На-
полеон Бонапарттың туысы) табылды. Бұл шаруалардың дауыс
беруінің арқасында жүзеге асырылды. Алайда, оның канди-
датурасы ірі буржуазия
мен банкирлерді
жылдық сайлау мерзімі мен қайта сайлануға салынған тыйымға
131қанағаттанбаған Луи-
тық жиналысты таратып жіберіп, 1848 жылғы конституцияның
күшін жойды.
1852 жылғы конституция Луи-Наполеонның мемлекеттік
төңкерісін заңдастырды.
Жаңа конситуцияға сəйкес, барлық билік толығымен прези-
дентке берілді. Заңшығарушы билікті Мемлекеттік кеңес, Заң-
шығарушы корпус жəне Сенат президентпен бірлесе отырып
жүзеге асыратын болды. Ол Мемлекеттік кеңес пен Сенаттың
мүшелерін тағайындады. Президент 10 жыл мерзімге сайла-
натын болды.
1852 жылғы қарашада империя заң жүзінде қалпына келті-
рілді. Луи-Наполеон француздардың императоры — ІІІ Напо-
леон болды. Елде əскери-полициялық диктатура орнады.
1870 жылы жазда Луи-Наполеон Пруссияға қарсы соғыс ашты.
1870 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕК РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖƏНЕ
РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ
Седан қаласының түбіндегі шешуші соғыста француздар
жеңіліс тапты. Бұл жөніндегі хабар Парижге жеткенде (1870
жылғы қыркүйек) мұнда көтеріліс басталды. Пруссия О.Бис-
марктың басшылығымен Франциядан Эльзас жəне Лотарин-
гияны тартып алуды шешті. Соғыс азаттық сипатты иелене
бастаған соң халықты патриоттық сезім биледі. Парижде Ұлт-
тық гвардияға көптеген жұмысшылар енді, олардан Пруссия-
ның Парижге шабуылын тойтарып отырған 200 батальонды
құрады. Париждықтардың қысымымен 1870 жылғы 4 қыр-
күйекте үшінші республика жарияланды. Билік Тьер үкіметінің
қолына көшті.
1871 жылдың басында халықтың қозғалысының ауқы-
мынан қорыққан Тьер үкіметі Эльзас пен Лотарингияны беріп,
жəне 5 млрд. франк төлеп Пруссиямен бейбіт келісім жасады.
1871 ЖЫЛҒЫ ПАРИЖ КОММУНАСЫ
1871 жылғы 18 наурызға қараған түнде үкімет əскерінің
отрядтары Париждық Ұлттық гвардияның зеңбіректерін тар-
тып алуға əрекет жасады, алайда, бұл жүзеге аспады, солдаттар
халықпен бауырласып кетті. Үкімет Версальға қашып кетті,
132қаладағы билік Ұлттық гвардияның Орталық Комитетіне көш-
ті. Көтеріліске шыққандардың басшылық құрамы жаңа яко-
биндерден (1793-1794 жылдардағы якобиндік республика
идеясын жақтаушылар), бланкистерден (революционер
О.Бланктың ізбасарлары) тұрған “көпшіліктен” жəне “азшы-
лықтан” тұрды. Бланкистер революцияны кішігірім, жақсы
ұйымдасқан ұйымның күшімен жасауға болады деп санады.
“Азшылыққа” прудонистер (П.Ж.Прудонның ілімін жақтаушы-
лар) енді, олар қоғамның
жекелеген щаруашылықтарға
делген мемлекеттік емес өмірін жақтады.
Жаңа биліктің басқарушы органы болып Ұлттық гвар-
дияның Орталық Комитеті табылды. Жоғарғы өкілдік орган
Париждік Коммуна кеңесі болды. Ол əртүрлі мəселелерге қа-
тысты 10 комиссиядан тұрды.
Сот əділдігін əділет комиссиясы жүзеге асырды. Соттар
былай бөлінді: версальдықтардың ісі бойынша айыптаушы ал-
қадан тұрған жалпыазаматтық соттар; келісім соттары; азамат-
тық сот палаталары жəне батальондардағы, легиондардағы
тəртіптік соттардың құрамындағы əскери соттар, жалпыəскери
сот. Сот жүйесінің басында Париж Коммунасының Кеңесі
тұрды, ол басқа соттар үшін кассациялық инстанция болып
табылды.
1871 жылғы 19 сəуірде Париж Коммунасы “Француз хал-
қына арналған декларацияны” жариялады. Декларация бүкіл
мемлекетті Париж Коммунасы үлгісі бойынша, яғни, республи-
калық режимді ауыстырмай, коммуналарға бөлуді ұсынды.
Орталық үкімет Коммуналардың депутаттарының жиналысы
ретінде жұмыс жасады.
1875 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР
Мемлекеттің конституциясын құраған үш заң қабылданды:
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру туралы конституциялық
заң, Сенатты ұйымдастыру туралы заң жəне Мемлекеттік
биліктердің өзара қатынасы туралы заң.
Президент Сенат пен депутаттар палатасының көпшілік
дауысымен 7 жыл мерзімге сайланатын, оған атқарушы билік-
тің толық ауқымы берілді. Заңшығару билігін Сенат пен депу-
таттар палатасы жүзеге асырды.
133Жалпы алғанда, басқарудың республикалық режимі жария-
ланды, алайда, бұл режимде монархияның кейбір элементтері
сақталып қалды. Бұны Францияның саяси өміріндегі респуб-
ликалық жəне монархиялық ағымдардың өзара күресімен тү-
сіндіруге болады.
1877 жылы үш монархиялық топ (легитимистер, бонапар-
тистар жəне орлеанистер) республикаға қарсы бүлік шығаруға
бірікті. Президент Мак-Магон (бонапартист) бүлік шығару-
шылардың басында жүріп, мемлекеттік төңкеріліс жасауға
ұмтылды, алайда, республикандықтардың қайтпас қарсылық-
тарынан кейін отставкаға кетуге мəжбүр болды.
Екінші рет мұндай əрекетті əскери министр Буландже қай-
талады. Алайда, париждіктердің көтерілісінен қауіптеніп, ол
ашық əскери шабуыл жасауға бармады. 1884 жылы демо-
кратиялық қозғалыстың жандануына байланысты 1875 жылғы
конституцияға маңызды түзетулер енгізілді. Бұл жерде мына-
дай мəселелер қарастырылды:
1) Депутаттар палатасы мен Сенат мемлекеттік биліктің
негізгі буынына айналды;
2) Президент билігінің ауқымы шектелді;
3) Үкімет парламенттің бақылауына берілді (парламенттің
ең болмаса бір палатасының білдірген сенімсіздік вотумы
үкіметтің отставкаға кетуіне негіз болды).
Бұдан біраз уақыт бұрын, 1879-1880 жылдары, ұлттық
əнұран ретінде Париждік Коммунаның əнұраны “Марсельеза”
болуына республикандықтар қол жеткізді, ал 14 шілде (Бас-
тилияны алған күн) Францияның ұлттық мерекесіне айналды.
Республика негізінен бұрынғы əкімшілік-аумақтық бөлінісін
(бірінші империядан қалған) сақтап қалды. Кейбір министр-
ліктер департаменттерде, тіпті, кейбір кантондарда өзінің
бөлімшелерін иеленді. Департаментке префект, ал округке суп-
рефект басшылық жасады. Жергілікті сайлау органдары мы-
налар болды: департаменттің бас кеңесі, округтіқ кеңес, ком-
муналардағы муниципалитет. Коммунаның басшысы болып
сайланбалы мэр табылды. Бұл органдар салық мəселесін,
жергілікті жерлерді көркемдеу жəне т.б. мəселелермен айна-
лысты. Префектті ішкі істер министрінің ұсынысымен Прези-
дент тағайындайтын, супрефектті ішкі істер министрі тағайын-
134дайтын. Бұл тұлғалар округтар мен департаменттерде орталық
биліктің өкілі болып табылды.
ФРАНЦУЗДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ ИМПЕРИЯ
Өзінің ауқымы бойынша екінші орынды иеленген коло-
ниалдық империя салыстырмалы түрде қысқа мерзімде құрыл-
ды: 1880-1918 ж.ж. оның құрамына мына елдер кірді: Батыс
Африка — Сенегал, Гвинея, Судан, Мавритания, Нигерия;
Экваторлық Африка — Конго, Чад, Габон, Жоғарғы Вольта
(Буркина Фасо); Солтүстік
Африка — Тунис, Алжир,
аралдар — Таити, Мадагаскар, Маркиздік аралдар, Гвиана;
Солтүстік Америка — Канадалық Квебек; Үндіқытай —
Вьетнам, Камбоджа, Лаос.
Француз колонияларының негізгі бөлігі төрт генерал-
губернаторлыққа бөлінді: Франсуздік Батыс Африка, Фран-
суздік Экваторлық Африка, Мадагаскар, Үнді-Қытай. Үнді-
Қытай басқаруға қолайлы болу үшін мынадай тəртіпте
бөлінген: Кохинхин (Оңтүстік Вьетнам), Аннам (Орталық
Вьетнам), Камбоджа, Лаос. Камбоджа жəне Аннамда жергілікті
династиялар тікелей басқаруға жіберілді. Алжирдың аумағы
үш департаменттің арасында бөлінді. Азаматтық басқару пре-
фектілердің, ал əскери — дивизион генералдарының қолында
шоғырланды. Туниста жергілікті монархты, Мароккода —
сұлтанды сақтап қалды, бірақ олардың билігі шектелген болды.
1355. Қытай
ХVІІІ ғасырдың соңында — ХІХ ғасырдың басында Қытай
Цин династиясының басшылығында құлдырау кезеңін бастан
кешіріп жатты. Осы кезеңде Англия жəне Франция сияқты
мемлекеттердің Қытайды өзінің жартылай колониясына
айналдыруға ұмтылысы өрши түсті. Осының нəтижесінде, 1850
жылғы маусымда Тайпиндік көтеріліс ретінде танылған ша-
руалар соғысы басталды. 1853 жылғы наурыз айында көте-
ріліске шыққандар Тайпин мемлекетінің астанасы болған Нан-
кин қаласын басып алды.
Тайпин мемлекетінің басшылары “Аспан династиясының
жер жүйесі” атты мемлекет пен қоғамның реформасы бойынша
бағдарламалық құжатты жариялады. Елде теңдестірілген жер
иелену жарияланды. Тяньванның (“аспан князі”) басшылы-
ғымен “Ұлы жақсылықтардың аспан патшалығы” құрылды.
Басқа басшылар əртүрлі мəселелерге қатысты бюрократиялық
аппараттары бар ван атағына ие болды. Село əкімшілігін уездік
басқарманың басшылығымен уездік бастықтар басқарды, одан
жоғары үкіметпен
ратын округ басқармалары болды.
1864 жылғы шілдеде Нанкинді Цин əскері құлатты.
Тайпин көтерілісін басудағы қиындықтар, Англия жəне
Франциямен соғыстың нəтижелері Цин империясының
үстемдік құрушы таптарын реформа (ең алдымен, əскери)
жасауға итермеледі. “Теңіздің ар жағындағы істерді меңге-
рудің” ғалымдары пайда болды. 1862 жылы реформалардың
негізін салушы ғалымдардың бірі императорға мемлекетті
күшейтуге қатысты саясатты ұстануға меморандум ұсынды.
Осыдан соң зауыттардың арсеналдардың құрылысы басталды,
шетелдік капиталдың ағымы күшейе түсті. Алайда, “мемле-
кетті күшейту саясаты” Қытайды 1894-1895 жылдардағы
жапон-қытай соғысындағы жеңілістен құтқара алмады. Ше-
телдік державалар Қытайға қатысты əсер ету салаларын
күшейте түсті (1897 жылы Гонконг Ұлыбританияға 100 жылға
жалға берілді). Осының барлығы халық арасында кең көңіл
толмаушылыққа жəне реформаға деген жаңа қозғалыстарға
əкеліп соқты. Қозғалыс өз көзқарастарын Ұжымдық мемо-
136рандумда көрсетіп өтті,
мұнда мемлекетті басқару
өзгерту, əскерді қайта құру, конституциялық монархияны ор-
ната отырып, парламентті құру ұсынылды.
Бұл құжат үшінші талпыныстан соң ғана алдыңғы қатарлы
күштерді басқарған жас император Гуансюйдің қолына тиді.
Реформаторлар мемлекеттік басқаруға тартылды: “реформалық
жүз күнде” өнеркəсіптік дамуды күшейтуге, университеттер
ашуға жəне т.б.бағытталған бірқатар прогрессивтік жарлықтар
қабылданды. Алайда, реформатарларға билікті сақтап қалу
үшін саяси күштер жетіспеді. 1893 жылғы күзде император
Цыси (Қытайды 1861 жылдан бастап басқарған) төңкеріс
жасады, Гуансюйді билігінен айырып, оның атынан жарлықтар
шығарды, бұл жарлықтар бойынша ол регентша болып, мем-
лекетті басқару құқығын иеленді. Консерватитвік құрылым
сақталып қалды, елде басылып-жаншылып отырған бірқатар
көтерілістер бас көтерді.
1905 жылы Сунь Ятсен “Қытайдың жандану одағын” іші-
нара қайта құрды. Сол кезде ол өзінің “Үш халықтық қағида”
атты бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаның мақсаты Цин
империясын жою, демократиялық реформа жүргізіп, демо-
кратиялық халықтық үкімет құру болған.
1905-1908 ж.ж. ел ішінде
қайтадан көтерілістер
Цин үкіметі 1906 жылы конституцияны даярлауға кірісті, бірақ
ол император билігінің сақталуын көздеді.
Жағдай күннен-күнге шиелене берді, ақырында, 1911 жылы
қазанда Уган қаласындағы қарулы көтеріліс революциялық
күштердің жеңуімен аяқталды. Синьхай революциясы бастал-
ды (Синь Хай — ескіқытай күнтізбесі бойынша 1911 жылы).
1911 жылғы қазан айының
соңында көптеген
Цинь патшалығының билігі жойылды.
1911 жылғы желтоқсанда Нанкин қаласында Уақытша үкі-
мет құрылды, мемлекет басшысы болып Юань Ши Кай тағай-
ындалды.
1376. Жапония
МЭЙДЗИ РЕВОЛЮЦИЯСЫ
ХІХ ғасырдың ортасында Жапония феодалдық құрылымның
ыдырауының салдарынан болған елдің дамуына кедергі болып
отырған құлдырау жағдайында болды. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында ең алғашқы капиталистік мануфактура пайда
болды. Алайда, феодалдық қатынастардың қалдықтары мен
ішкі нарықтың тар болуы (шаруалар — халықтың негізгі бөлігі
— өнеркəсіп өнімдерін алмады) жаңадан қалыптасып келе
жатқан өндірістің дамуына кедергі жасады.
Сыртқы саяси жағдай да күрделене түсті. 1853 жылы
американдық эскадра адмирал Перридің басшылығымен
жапония жағалауларына келіп, АҚШ бір жақты түрде сауда
шартын бекітуді талап етті. 1858 жылы аталынған шарт
бекітілді, ол бойынша
Жапония АҚШ-тан келетін
белгіленген мөлшерден тыс (5-тен 35 пайызға дейін) баждар
қоя алмайтын жəне де Жапонияда жүрген американдықтардың
аумақтық тиістілік қағидасы (олардың жергілікті соттарға
бағынбауы) танылды. Осыдан соң Англиямен, Франциямен,
Голландиямен тең емес шарттар бекітілді. Сегунның үкіметі
аталған шарттардың барлығына өз келісімін берді.
Бөтен елдердің ашық түрдегі шабуылына жапон қоғамының
барлық топтары — шаруалар, жұмысшылар, жас буржуазия,
самурайлар өз қарсылықтарын білдірді. Феодалдыққа қарсы
күрес ұлт-азаттық қозғалыспен ұштасты, бұл қозғалысты