Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:15, автореферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
ӘОЖ
811.512.122’42
ӘНЕС
ҒАРИФОЛЛА ҚАБДОЛҚАЙЫРҰЛЫ
Мәтін
кеңістігі: семантикалық,
этимологиялық аспект
10.02.02
– Қазақ тілі
Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу
үшін дайындаған диссертацияның
А
В Т О Р Е
Ф Е Р А Т
Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы,2010
Жұмыс
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі А.
Ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы,
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университеті
Диссертация 2010 жылы «20» желтоқсанда
сағат 14.00-де Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
Диссертациямен Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
Автореферат 2010 жылы «19» қарашада таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Ал мәтінді тілдік жақтан тану тілдік бірліктердің қызметін, мағыналық қырларын анықтаумен пара-пар. Мәтіннің тілдік қырларын толық білу интеграциялық процеспен қатар жүреді. Ғылымдағы интеграциялық үдерістердің көбеюі интеграциялық бірлесу мен тұтасудың көрінісі мәтін талдау мен мәтінтану, мәтін құрылымы мен мәтінтүзілімнен көрінетіндіктен, осы жаңа парадигмаға сай мәтін лингвистикасына, мәтінтануға, мәтін кеңістігінің семантикасы мен көне мәтіндердегі сөздердің этимологиясын ашуға арналған зерттеу жұмысының бағыты мен көтерген тақырыбы өзекті болып табылады.
Мәтін - тілдік бірлік. Зерттеуде мәтіннің тіл деңгейлері арасындағы орнын, басқа тілдік бірліктермен арақатынасын және мәтіндік деңгейде универсалды тілдік қатынастардың қызметін көрсету көзделген. Мәтінді концептуалдық саралаудың теориялық қисындарын жетілдіру, сондай-ақ мәтінтану ғылымы мен мәтін лингвистикасы терминдерінің қазақ тіл біліміндегі тұтас жүйесін қалыптастыру және мәтін лингвистикасының базалық ұғымдары туралы түсініктерді толықтыруы тұрғысынан зерттеу жұмысының өзектілігі арта түседі.
Тарихи мұралар жекелеген автордың шығармасы болса да, көп ретте белгілі бір дәуірдің туындысы саналады және мұндай мәтіндерді тілдік жағынан тануда сол тарихи кезеңге арналған зерттеулердегі тарихи деректерді мәтіндегі деректермен ұштастыра қарастыру нақтылыққа әкеледі және нәтижелі болады. Зерттеуде бұл мәселе толық ескерілгендіктен, мәтінтану тұрғысынан маңызды. Қазақ әдеби тілі тарихындағы авторлы мұралар мен мұраға жатқызылып келген, ауызша жетіп, кеш басылған шығармалардың тарихи нақтылыққа қатысы ескерілуі және зерттеуде осы ұстанымды сақтауды ұсынуы зерттеудің өзектілігіне нұсқайды.
Зерттеудің өзектілігі әдебиетшілер көркемдік құрал ретінде қарастыратын буын, ұйқас, өлең өлшеміне, әсіресе, өлең архитектоникасына т.б. тілшілер басты мәтінтүзуші белгі ретінде ерекше мән беру керектігін көрсетуімен; әрбір грамматикалық тұлғаға, атап айтқанда, жалғау, жұрнақ, предикат формаларындағы есімше, көсемше, жедел өткен шақ формаларына, шылауларға (әсіресе сұраулық, демеулік), яғни ертеден-ақ қазақ мәтінтүзуіндегі қызметі сараланған, айшықталған грамматикалық тұлғалар ретінде қарауды айқындаумен; олардың мәтінді тұтас құрылым, өз алдына жеке аяқталған мәтін жасайтын тұлғалар екенін мәтінталдауда да, мәтінтануда да естен шығармауға нұсқауымен және аса қажетті грамматикалық детальдар болып табылатынын; олардың ерекшеліктері мәтін ішінде айқындалып, семантикалық қырлары ашылатынын нақтылауымен арта түседі.
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем (поэзиядағы өлең жолдары) мәтін түзуші тірек элементтер, олардың қызметі тарихи мәтінде де, қазіргі жазба жаңа мәтіндерде тең дәрежеде болады; сондай-ақ сөздердің объективті дүние мен жағдаяттарға байланысты белгілі бір мәтіндерде белсенді және пассив топтары қалыптасады, бірақ олар мәтінталдауда да, мәтінтүзу кезінде де маңызды; поэзиялық мәтіндердегі сөйлемнің, яғни ойды жеткізуші элементтің құрылымы прозалық мәтінге қарағанда ерекше болады; тірек сөздер тек реалды жағдай, ақиқат дүниеге байланысты ғана емес, автордың (автор-субъектінің) өмірлік ұстанымы мен көзқарасына қарай мәтіннен орнын алады, ал бұл қазіргі жазба мәтіндер мен ертедегі жазба мәтіндерді тану мен тілдік талдау жасауда ұқсас жағдаяттарды тудыратынын көрсетуі жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
Мәтін – мағыналық, құрылымдық, жүйелілікпен тұтасып жатқан, тілдік бірліктері бір-бірімен байланыстағы біртұтас шығарма және мазмұндық, коммуникативтік, құрылымдық жақтан ұйымдастырылуына қарай мәтін күрделі категория, яғни оны зерттеу де күрделі, ал мәтіннің күрделілігі оны зерттеп-танудың көпаспектілігін тудырады, екінші жағынан, оны классификациялаудың сан қырлы болатынын байқатады.
Виртуальды кеңістікте мәтіннің тууы процесінде мәнді әрі мазмұнды бірліктер іріктеле келе мәтіндік мәндік құрылымды іске қосады, осы құрылым арқылы мәтіндік тұтас ой мәтінденеді. Тілдік бірліктердің іріктелуі арқылы мәтіндік актуалды семантикалық кеңістік жасалады, осы кеңістік тұтас мәтінді түсіну мен ұғынудан, санадан өткізуден барып қалыптасатын өріс болып саналады. Өрістің бір шегі құрамындағы тілдік бірліктердің этимологиясын ашумен нақтыланатынын ескергенде, зерттеу өзекті мәселені көтерген деп есептеу керек.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіл біліміндегі мәтін және мәтінді талдау мен танудың жолдары мен амал-тәсілдері.
Зерттеу пәні. Қазақ тіл біліміндегі мәтін лингвистикасы мен мәтінтаным.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мәтін – күрделі тілдік категория, оның құрылымын, түзілімін, жасалымын, мәтінтанымдық ерекшеліктерін терең тану жұмыстың негізгі мақсатына жатады. Ол үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- мәтін ұғымын толық сипаттай алатын және мәтін сипатын толық жеткізу құзіреті төмен анықтамалар мен түсініктерді топтастыру, жүйелеу, сонымен қатар мәтін түрлері мен типтерін анықтап, тарихи мәтіндер мен кейінгі жаңа мәтіндер туралы түсініктердің, оларды зерттеудің ерекшеліктерін ашып-көрсету;
- мәтін талдау мен мәтінтанымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралау және мәтіннің түзіліміндегі, мәтінді талдау мен мәтінтанымдағы тілдік бірліктердің қызметі мен маңызын, мағынасын, олардың мәтін санаты мен негізгі белгілерін айқындаудағы рөлін нақтылау;
- мәтіннің, мәтінтанымның негізгі ұғымдары мен мәтінге байланысты терминдердің ұғым-түсініктерін ғылыми негіздеу;
- қазақтың ескі мәтіндерін зерттеу мен танудың ғылыми ұстанымының дәстүрлі мәтінтанымдық зерттеулердің негізгі принциптеріне қарағанда өзгешелігін дәлелдеу және ғылыми негізін қалыптастыру;
- «ауызша-жазбаша мәтін»
- мәтінтанымдық зерттеулердегі лексикалық, фонетикалық, морфологиялық ауытқуларды анықтау және оларды анықтаудың жолдары мен тәсілдерін санамалау;
-
мәтіннің семантикалық
-
мәтіндік концептуалдық
Зерттеу жұмысының болжамы. Жоғары оқу орындарында тіл біліміндегі жаңа бағыттарды оқытуды дұрыс жолға қоюға, тілдің мәтіндік деңгейі мен мәтін теориясына қатысты терминдерді, негізгі базалық ұғымдарды түсіну үшін студенттердің, магистранттар мен докторанттардың өзіндік ізденістермен айналысуына, мәтінтанымға байланысты зерттеулер жүргізулеріне ықпалын тигізеді. Олардың қазақтың көне мәтіндерін тарихи-заттық фон арқылы тани отырып, қабылдаушы ретінде білім аясын кеңейтуіне әсер етеді. Қазақ тіл біліміндегі мәтін теориясы терминдерінің қалыптасуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Жетекші идея. Студенттер, магистранттар мен докторанттар, ізденушілер тіл біліміндегі жетекші жаңа бағыттар мен ағымдар жөнінде ғылыми мәліметтер алып, оны іс жүзінде пайдалануға, өз зерттеулері мен ізденістерінде қолдануға үйренеді. Сол арқылы қазақ тіл білімін, оның әдістемелік негіздерін ғылыми-теориялық тұрғыдан толықтыруға, алған білімін қеңінен қолдануға және жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған дереккөздер. Зерттеу жұмысында көркем мәтіндерден алынған үзінділер, ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулардың өлеңдері және мәтіннің толық, толық емес, дұрыс және дұрыс емес т.б. түрлері дереккөздер ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу барысында сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, жинақтау, топтау, сараптама жасау әдісі мен тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу төрт кезеңге бөлініп жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2002-2004) зерттеу тақырыбына байланысты тіл теориясындағы, қазақ тіл біліміндегі еңбектермен танысу мақсаты алға қойылды. Қазақтың көне мәтіндерінің ерекшеліктерін аша түсу үшін жалпы тіл біліміндегі және түркологиялық кеңістіктегі мәтінтану, мәтін талдау, мәтін түзілімі т.б. мәтінге қатысты мәселелер бойынша жарық көрген еңбектерге шолу жасалды.
Екінші кезеңде (2004-2005) мәтін теориясына байланысты негізгі базалық ұғымдардың түсініктерімен танысу барысында жекелеген мәтіндерді талдау, мәтіндердегі базалық ұғымдардың мәтіндегі көріністерін нақты тілдік деректермен нақтылау қолға алынды. Мәтін талдау мен мәтін танудың ерекшеліктері айқындалды, мәтін құрылымы, мәтін түзіліміндегі тірек бірліктердің қызметін айқындау мақсатында мәтіндер таңдалынды. Соған сәйкес қазақ мәтіндеріндегі грамматикалық тұлғалардың, сөздер мен сөз тіркестерінің қызметі мен маңызы анықталды.
Информация о работе Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект