Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:15, автореферат

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

garif1 (1).doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

   Қазіргі кездегі лингвистикада мәтінді зерттеу мәтін теориясы, мәтін лингвистикасы, мәтін құрылымы, герменевтика, мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы және сөйлеу актісі көп жағдайда лингвориторикалық акт, лингвориторикалық қадам, лингвориторикалық мінез-құлық, лингвориторикалық саясат, лингвориторикалық әрекет, лингвориторикалық конфликтілік т.б. сияқты сан түрлі аспектілер арқылы жүзеге асуда. Бұған тілдік тұлға проблемасына байланысты мәтін арқылы шешілетін тілдік тұлғаның ассоциативтік-вербалды торы, тілдік тұлға тезаурусы, тілдік тұлға прагматикасы, коммуникацияға дейінгі және коммуникациядан кейінгі  деңгейлері, т.б. қосылады.

   Анықтамалардың әртүрлілігін тудыратын негзгі фактор мәтінді бірнеше аспектіде қарастырудан туындаған: 1)мәтінге жүктелген ақпаратқа байланысты; 2)мәтінге жазу кезіндегі психологиялық акт және 3)арнайы мақсатты көздейтін авторлық шығармашылық акт ретінде қараудан, 4)прагматикалық позиция; 5)құрылымдық; 6)функциональды-құрылымдық; 7)семантикалық; 8)сөйлеу әрекетінің ұйымдастырылуы, жүйеленуі тұрғысынан; 9)стилистикалық жақтан; 10)семиотика нәтижесі ретінде, т.б.

   1960 жылдың аяғында шет ел ғалымдары мәтін лингвистикасына тілдік мәртебе бере отырып, мәтінзерттеу сферасын үшке бөледі: 1.мәтіннің жалпы лингвистикасы; 2.нақты бір мәтін лингвистикасы; 3.мәтін типологиясының лингвистикасы.

   Мәтінді талдағанда зерттеушінің алдынан екі түрлі қиындық тұрады: а)жекелеген фактілердің тым ұсаққа бөлшектенуінен мәтін тұтастығы ерекшеліктерінің толық ашылмай қалуы, ә)мәтінді біртұтас құрылым деп қарастырғанда жекелеген құбылыстардың өзіндік белгілері мен қызметтерінің көрінбей қалуы. Мәтін қазіргі лингвистикада: а)ақпараттық кеңістік; ә)сөйлеу әрекетінің, шығармашылықтың нәтижесі; б)ретті таңбалар жүйесі ретінде талданады. Бірақ мәтін теориясында мәтіннің тегі, канондығы қашан да негізгі белгі болып саналатындықтан, филологиялық зерттеулердің ең маңыздысы мәтінтану («текстология») болып қала береді. 

   Мәтінді оқу барысында мәтіндегі ойды қайтадан ой елегінен өткізу үдерісі («перекодирование») мен жекелеген сөздер мен сөз  тіркестерінің, ұғымдардың мәтін арқылы трансформациялануы жүреді. Яғни мәтінтану мен мәтінтүзілімге қарағанда жаңа да жас сала мәтін лингвистикасы мәтінді белгілі бір құрылым ретінде қарастырады. Мәтінді талдау мен танудың түрлерін, зерттеу әдістері мен бағыттарын саралап беретін  филологиялық пән - мәтін теориясы. Мәтін теориясына ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болып, мәтін, поэтика, риторика, прагматика, семиотика, герменевтика пәндерінің интеграциялануынан пайда болған, өзіндік онтологиялық мәртебесі бар пән деп түсінік берілген [1, с.508]. Мәтін лингвистикасының өзіндік ерекшеліктері арқылы  қалыптасқан екі бағыт бар: а)мәтіндік құрылыстың дұрыс құрылуы арқылы коммуникацияның дұрыс жетуін көздейтін және талдайтын бағыт бойынша мәтінді айтылымның коммуникативті бағдарлы компоненттері, морфологиялық тұлғалар, шылау сөздер мен есімдіктер, модаль сөздер, етіс түрлері мен акцент, яғни ерекше логикалық екпін түсетін бірліктердің қолданысы құрайды, тілдік бірліктердің мәтін түзіліміндегі функциялары, мәтін құраудағы қызметі анықталады, тұтас мәтін құрылысының заңдылықтары зерттеледі; ә)мәтін арқылы жететін астарлы мәнді, зерттеуші ашып беруге тиісті импликациялық, жасырын жоларалық ойды түсіндіру тілдік бірліктер арқылы жеткізілуге тиісті күңгірттенген ойдың, хабардың дұрыс, дәл, өзгеріссіз жетуін қадағалайтын екінші бағыт нақты бір мәтіннің терең мағыналық қырларын ашуға бағытталады. Ал хабарды жеткізу - шындық болмыс мәнді немесе ақиқаттың мәнін жеткізу деген сөз. Осыдан келіп мәтін талдау мен мәтінтану үшін маңызды мынадай қорытынды жасауға болады: а)мәтін – тілдік таңба, денотат, ұғымды таңбалайды; ә)мәтіннің негізгі қызметінің бірі - коммуникативтік қызмет; б)жазбаша және ауызша мәтін түрлері бар, бұл  мәтін және дискурс арақатынасы туралы күрделі мәселені көтереді, өйткені олар тілдегі өз алдына жеке-дара, бөлек-бөлек  құбылыстарға жатады. Дискурс үш деңгейлі құрылым: суперқұрылым; байланыс құрылымы; синтаксистік құрылым. Айырмашылығы мәтін - сөз актісінің жазудағы көрінісі, ал дискурс  - қолданыстағы мәтін.

   Дискурсты зерттеу дегеніміз бүгінгі таңда  функционализмге бет бұру, қазіргі  фундаментализмді кешенді түрде  сипаттау дегенді білдіреді. Соңғы аса жаңа грамматикалық еңбектерде дискурстың жекелеген ұғымдарын генеративті грамматиканың моделіне енгізу мақсаты көзделеді, себебі мәтін де, дискурс та құрылымдық нысан және екі құбылыс та морфосинтактикаға әсер ете алады. Мысалы, дискурстық, мәтіндік факторлармен ғана айтып-түсіндіруге болатын сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, септіктердің қолданыстық ерекшеліктері, т.б. құбылыстарды аталымдық сөзөзгеріммен түсіндіру қиын, олар ірі синтаксистік  құрылымға аппеляция жасау арқылы ғана түсіндіріледі. Сол тұрғыдан алғанда, мәтін: а)тілдің барлық деңгейлері қатысатын, тұтастықтағы бөлек құрылым, ә)грамматикаға байланысты кейбір мәселелерді шешу үшін  қажетті құрылым, б)сондықтан мәтін тілдік таңба және тіл деңгейлерімен байланыста  қарастырылуға тиісті және сол байланыс арқылы тілдік жақтан түсіндірілетін құбылыс.

   Мәтіндік зерттеулер жүргізу мәтінге, қолжазбаға (мәтінтану тұрғысынан бұл да - мәтін) ғылыми сипаттама беруден басталуы тиіс. Ғылыми сипаттама арқылы мәтіндегі ойды, ойдың жүйелілігін қалпына келтіру, мәтіннің біртұтастығын, байласымдығын, семантикалық және концептуалдық, тарихи тұрғыдан этимологиялық ортақ кеңістікте тұрғанын ашып бере алу кез келген мәтінтанушының міндеті болса, мәтінталдаулық зерттеулердің де белгілі бір дәрежеде шешуші жағына жатады. Бұл аталған параметрлерден өзге А.И.Новиковтың мәтінге қатысты ұсынған толымдылық, бірізділік, байланыстылық, тиянақтылық, мәтіннің біртұтастығы белгілерін атауға болады. Осы сияқты негізгі мәтіндік белгілерді санамалап атай келе, А.Әділова мәтіннің параметрлерін «санаттар» деген терминмен атайды [2, 19 б.].

   Ресми, көркем, публицистикалық, эпистолярлық, ғылыми стильдеріне жататын мәтін түрлерінің бәріне де мәтіндік талдау жасауға болады. Бұл турасында ғылыми мәтіннің стилистикасын қарастырған С.Әлісжанов былай дейді: «Өзекті болып табылатын мәселелер: ғылыми мәтіннің өзіндік белгілерін айқындау, семантикалық-синтаксистік ерекшеліктерін ашу, т.т. Бұл мәтіннің басқа типтерімен олардың арақатынасын белгілеуде, мәтіннің әмбебап типологиясын жасау ісінде септігін тигізері хақ» [3, 9 б.].

   1.3 Мәтін лингвистикасының  теориялық тұрғыдан  қалыптасу жолдары  мен бастау көздері, зерттеу әдіс-тәсілдері. Мәтін лингвистикасының қалыптасуына поэтика, риторика, стилистика, герменевтика, семиотика, психолингвистика, жасанды интеллект теориясы, т.б. пәндер негіз болғандықтан, бастау-көзін нақты бір ғана еңбекпен, бір ғана автордың есімімен байланыстыра қою қиын. Сондықтан мәтін лингвистикасының бастау-көздеріне жатқызылып жүрген теориялық еңбектерге: 1)ситуативті шартты сөйлеу типтерін зерттеп-талдайтын -  антикалық риторика, 2)лингвистикалық амал-тәсілдерге, әдеби және мәдениеттанушылық әдістерге сүйенетін әдеби шығармалардың үлгілерін зерттеген еңбектер, 3)В.В.Виноградов қалыптастырған көркем әдебиет тілінің теориясы, 4)1960 ж. қалыптасқан күрделі синтаксистік тұтастық (КСТ) ілімі, 5)дәстүрлі стилистика, 6)функционалды стилистика, 7)лексика, грамматика және мәтінді бір-бірімен байланыста зерттейтін сөйлеудің актуалды мүшеленуі теориясы, 8)сөз тудырудың, сөйлем мен мәтіннің   универсалды заңдылықтарын қарастыратын деривация теориясы, 9)мәтін семантикасы арқылы мәтіндегі сөз семантикасының құбылуын, мағыналық өзгерісін зерттейтін еңбектер т.б. Осылайша мәтінді күрделі тілдік құрылым ретінде қарастыруға оның мағыналық және құрылымдық күрделілігі негіз болатынын Л.В. Бабенко сызбасына сәйкес көрсетуге болады. 

   1-кесте.  Мәтін - күрделі тілдік құрылым 

                                                           ТІЛ (5)

                                                     
 

      АВТОР (1)                                   МӘТІН (2)                             ОҚЫРМАН (3)

                                                    
 
 

                                  АҚИҚАТ ШЫНДЫҚ (4) 

   
  1. Автор мәтінді  жазады, мәтін оқырманға (тыңдарманға) арналады, яғни адресатқа бағытталады /1—2—3/; 2.Автор кейде өзінің еркімен я болмаса еріксіз, саналы түрде (мақсатты түрде) және түйсікпен факт, оқиға, басынан кешірген жағдайлар негізінде мәтін құрап, ақиқат шындықты жүйелеп, бейнелейді, бейнелеу барысында әлемнің индивидуалды-авторлық суреті салынады /яғни автор сөзбен сурет салады (мәтінді (көркем шығарманы) жазады) /1—4—2/; 3.Автор тілдік жүйедегі сөздік қордан  өзінің шығармашылық түпқазық ойына («замысел») сәйкес сөздердің тобын іріктейді, сондықтан автор үшін бұл тілдік құралдар құнды; 4.Өзінің ойлау жүйесі мен ойлау қабілетіне әсер-ықпалы тиген мәтінмен танысқаннан соң адресант оны түсінуге талаптанады және автордың шығармашылық ойына тереңдеуді көздейді /3—2—1/; 5.Оқырман автор жасаған әлемнің суретін  толыққанды түрде елестетуге бар күш-жігерін, ақыл-ойын жұмсайды /3—2—4—1/; 6.Оқырманның мәтінді интерпретациялау үдерісі саналы түрде, кейде түйсік деңгейінде мәтіннің сыртқы, сөздік жағын ұғынудан тұрады, яғни сөздің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық сырын   ұғынумен, танумен байланысты өтеді.

   Мәтінді танып-білудің, зерделеп-зерттеудің бірнеше жолы бар, оларға: 1)лингвоөзектік («тіл–мәтін» сәйкестігі аспектісі); 2)мәтіндік өзектік (мәтін әдеби коммуникцияға қатысушыларсыз құрылымдық-мағыналық  автономды тұтастық), 3)антропоөзектік («автор–мәтін–оқырман» аспектісі); 4)когнитивті («автор–мәтін–мәтіннен тыс әрекеттер» аспектісі) жатады. 

   Коммуникацияның талабы мен мақсатына байланысты іске қосылатын тілдің қосымша қызметтеріне тұрақтылық яки қалыптылық, сұраулық, аппелятивтік, экспрессивтік, контакттүзушілік, метатілдік, эстетикалық, және индикативтік жатады [4, с.9-10]. Мәтіннің мақсаты мен ұйымдастырылуына, мәтіннің түріне қарай аталмыш қызметтердің бәрі де белгілі бір дәрежеде қолданыс тауып, түрлі мәтіндер арқылы көрінеді.

     Антропоөзекті әдіс зерттеу нысанының қай қырын басты етіп қарастыруға байланысты бірнеше бағыттан тұрады: психолингвистикалық; прагматикалық; деривациялық; коммуникативтік; жанрлық-стильдік бағыт. Көркем шығарманы дүниеге әкелетін, жазатын да адам, оны қабылдайтын да адам (оқырман) болғандықтан, антропоөзекті бағыт әлемді танып-білудің негізгі құралы тілді зерттеуді тереңдететін бағыт саналады.

   Мәтіннің  жан-жақтылығын көрсете келіп, А.Байтұрсынұлы сөзімен түйіндеуге болады: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын  өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» [5, 349 б.]. Ал қабылдаушының, оқырманның жайын ойлау мәтіннің прагматикасын тудырады.

   1.4 Мәтінжасамның модельдері  мен тілдік тетіктері. Қоршаған ортаның адекватты бейнесін құрастыру үшін адам тілдің төменгі релевантты құрылымдық элементтерін үлкен-үлкен блоктарға жинастырады. Әрине, ондай ірі блоктар грамматикалық, мағыналық жағынан барлық заңдылықтар мен талаптарға сай түзілуі тиіс, өйткені сөйленіс кезінде адам өз ойын жарыққа шығару үшін жадында шоғырланған лексикалық және грамматикалық бірліктердің парадигмасынан қажетті лексикалық және грамматикалық форманы іздеуге әрекет жасайды. Мұндай формалардың қозғалысқа түсуі типтік қатынастарға негізделетіні белгілі. Қазіргі медициналық нейрофизиологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, адамның тілдік қоры оның жадында белгілі бір тәртіппен, қатталып, нақты да айқын топтарға ажыратылып: нақты сөз (кітап, дәптер, үстел, орындық, қалам, т.б.), абстрактілі сөз (ой, қиял, түсінік, ұғым, т.б.), жалқы есімдер (Сәуле, Айбар, Алтай, т.б.), етістіктер (жазды, сызды, ойлады, т.б.), т.б. түрінде іріктеледі. Яғни көп сөздің ішінен сөйлеуші коммуникативтік ситуацияға лайықтысын, жеткізбек болған хабарының уәжіне, мақсатына, оқиғасына сай келетіндерін, ең қажеттілерін таңдап алады, бұл процесс тілдік бірліктердің сызық бойымен белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір мерзімде, орнына және қажетіне қарай сөйленіс процесіне кіріктіріліп отыруына ұласады – бұл процестің бәрі үздіксіз ойлаумен тығыз байланысы сақталып, үздіксіз жүріп жатады. Соған сәйкес сөйленіс процесі кезіндегі мәнмәтін екі деңгейден құралады: а) материалдық (хабарласудың объективті шарттарының  жиынтығы, оның құрамына ситуациялық прессупозиция да енеді) және ә) тілдік (сөйленім) мәнмәтіндері. Соңғы мәнмәтін мәтінге қажетті тілдік бірлікті анықтайтын  (парадигматикаға тән) және таңдайтын (синтагматикаға тән) қызмет атқарады. Мәтін тудырудың модельдері тіл білімінде жан-жақты зерттелген. Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Д.Кацнельсон, А.М.Шахнарович, т.б. осы проблеманы  әр қырынан қарастырды, ал мәтінді қабылдаудың түрлері мен модельдерін талдау бағытында Н.И.Жинкин, И.А.Зимняя, В.В.Красных, А.А.Леонтьев, А.И.Новиков, Ю.А.Сорокин, т.б. еңбектері негізінде мәтіннің бәріне ортақ құрылымдық модель мен оның негізгі фазалары белгіленді: бағдарлама мен жоспар; жоспардың жүзеге асуы; жүзеге асқанды түпкіоймен («замысел») салғастыру. Іштен ойлау өз алдына процесс болса, сол процестің нақты бір нәтиже түрінде сыртқа шығуын, ойдың мәтінденуі деп атауға болады.

   Мәтіндену әрекетін жүзеге асырып, мәтінді жарыққа шығарудағы автордың мақсаты мәтіндегі түпкіойдың көрінуін іске асыру, бұл мәтінді тұтасымен дүниеге келтіру кезеңіне жатады. Бұл кезеңде мәтіннің мазмұны мен формасы, тип, стиль түрлері нақтыланады, нақтылау барысында реципиенттің коммуникативтік портреті жасалады, рөлі айқындалады, т.б.

   Мәтінді түр ретінде қабылдау кезеңінде заттық-сызбалық код басшылыққа алынады. Қабылдаудың негізгі белгілеріне: а)заттық, ә)тұтастық, б)категориалдық жатады.

   Мәтінді қабылдау оның  тұтастығын түсінуден басталып, тірек сөздердің байланысына негізделеді. Тірек сөздердің бір-бірімен байланысы макробайланысқа жатады, ал байлаулылық мәтіннің жалпы схемасы түрінде қабылданады, ол микробайланыс түрі болып табылады. 

   Барлық  мәтін тірек болатын бір ойға құрылады, мәтінде бір ұстаным яки шарт («положение») болады, яғни мәтін нақты бір тезиске сүйенеді. Ал мәтіннің тұтас, толық жеткізілуінің белгісі компрессиялылықпен байланысты. Компрессияның түрлеріне конспект, аннотациялау, реферат т.б. жатады. Сығымдалған мәтіндердің өзіндік парадигмасы бар, ал парадигманың құрамына тірек сөздердің ең минималды  тобы таңдалынады және бұл өз алдына жеке  процесс. Психолингвистикада тірек сөздерді  бөліп алу «индекстеу» деп аталады және тірек сөздерді таңдау (ТСТ) мәтінді тәжірибелік-статистикалық тұрғыдан  анықтау болып табылады.

   Тірек сөздерді іріктеудегі белгілер: 1.Синтаксистік позиция белгісі. Бұл белгі бойынша, ТС ең алдымен  тақырыпта тұруы тиіс және мәтіннің алғашқы сөйлемінің құрамында  жүруі керек. Бірақ бұл белгі техникалық мәтін шарттарының біріне жатады. Бірақ Абайдың, Шәкәрімнің, Махамбеттің, т.б., қазіргі ақындардың өлеңдерінде кездеседі. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жазғұтұрым болғанда» т.б. өлеңдерінің алғашқы жолдары әрі сол өлеңдердің тақырыбы да. 2.Сөздің жиілікпен қолданылуы белгісі. Бұл белгі бойынша тәжірибе кезінде мәтін ішінен теріліп 6-8 сөз алынады да, сол сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын қалпына келтірілетіні дәлелденеді. Бұл белгі тіл дамыту мен тіл үйрету сабақтарында, шығарма мазмұнын жазуда кездседі. Мәтін түрлері де көп, оны зерттеу бағыттары да сан алуан. Соның ішінде көркем мәтінді зерттеудегі прагматикалық бағыт туралы: «Көркем әдебиет тіліне қатысты мәселелер болса, соның негізгісі – көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті», - дейді Г.Әзімжанова [6, 8 б.].

   Мәтінжасаудың негізінде ойлану процесі жатады, мәтін құрау немесе мәтінтудыру дегеніміз – ой тудыру деген сөз, мәтінге енгізілген ой немесе мәтіндік ой яки мәтін ішінде болмаса мәтінде бекітілген ой  («заключенная в тексте») оның түпкі мазмұндық негізі болып табылады. Міне, нақты осы деңгейде мәтін іргетасы қаланады және оны құрау универсалды заңдылықтар арқылы жүзеге асады.  

Информация о работе Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект