Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:15, автореферат

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

garif1 (1).doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

   1974 жылғы басылымды шығарушылар   тәуелдік жалғауының ІІІ жағын  қабылдағанда сөз түбіріндегі ы дауысты дыбысының түсіріліп жазылатындығын басшылыққа алса керек. 1989 жылғы басылымның осы орфографиялық ережеге сүйенгендігі көрініп тұр:

   Екеу[і]міз  жүргенде (1989)//Екеуміз жүргенде (1939).

   Айтылу  заңдылығына (орфоэпия) да, жазылу ережесіне де қайшы болып келген, баспа тарапынан кеткен анық қателіктердің енді бірқатары қайрат, шаруа, лауазым, қабылан сөздеріне қатысты болып келеді: Қайрат қылар ер біз болсақ (1989)//Қай[ы]рат қылар ер біз болсақ (1925) т.б.

   1940 жылы С.Аманжолов «Орыс алфавитіне негізделген  қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы» деген еңбегінде Жаңа әліпби комитетінің барлық ұлттарға өзіндегі q, g ә, у, ь, ө әріптерін алып тастауды ұсынғанын, комитеттің әр ұлттың ерекшелігімен санаспай  отырғанын айта келіп, қазақ тіліндегі q, g дыбыстарының әрпін жоюға мүмкін еместігін: «Бірақ q, g дыбысы, әрпі туралы бізде де пікір бар. Ол не? - g әрпінің жазуға қолайсыздығы.  g –ны өзгерту керек (өзгерту алып тастаумен тең емес). g-ны тез жазсаң, «оj» деген сөзбен бірдей болып көрінеді. Міне шатақтан құтылу үшін g-ның орнына латынның «х» дыбысын алсақ, өте қолайлы болар еді. Өйткені, «х» әрпі  g-ға дыбыстық жағынан тіпті жақын, екінші «х» жазуға, баспаға қолайлы, үшінші «х» жер жүзінің бәрінде бір таңба»- дейді. [16, 173-175 бб.]. Сөйтіп ғалым қазіргі кездегі «қ» жазылатын орындарда сол бір уақыт аралығында «х»-ны жазуды тілде қалыптастырып, нормаға айналдырды. Махамбет мәтіндері бұл пікірдің қалыптасып, практикада жүзеге асқанын  көрсетеді және бірқатар мәтіндік ерекшеліктерді тудырғаны осы жылдарда жарыққа шыққан Махамбет өлеңдерінде нақты байқалады.

   Х дыбысының орнына қ жазылуына байланысты пайда болған ерекшеліктер. Хан емессің, қасқырсың, Хас албасты басқырсың (1989)//Қан емессін, қасқырсын Қас албасты басқырсын (1939) т.б.

         -Мен, -менен жалғаулықтарының жазылуындағы айырмашылықтар. Көне мұралар тілін жүйелі зерттеген Р.Сыздық ХVІІІ ғ. әдеби тілдің грамматикалық сипаты жайында былай дейді: “Форманттардың грамматикалана түсіп, фонетикалық трансформацияға ұшырауына келгенде, алдыңғы дәуірлердегідей -тұғын/-тын, -дағы/да, -менен/-мен, -дүр/-ды параллельдері бар” [17, 162 б.]. Сондықтан да Махамбет текстерінде -менен, -мен форманттарының кездесуін ақын өмір сүрген дәуір ерекшелігіне бағалай отыра, әр жылдардағы басылымдарда түрліше жазылып келуін осы “көнеліктердің” жаңа (жетілген) тұлғада да таңбалануы деуге болады:  Ақыл[менен] ой табар (1989)//Ақыл менен ой табар (1925, 1939, 1948).

   Сондай-ақ, -дағы көмекші сөзінің түбірден бірде бөлек, бірде бірге, ал кейінгі жылдары дефиспен (-) жазылатындығы байқалады. Мысалы: Ол дағы біздей болған сорлы екен! (1989), о дағы (1925), ал 1939 жылы одағы болып бірге әрі л түсіріліп жазылған.  Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің  құрамындағы л дыбысы элизияға тез ұшырайтын, түсіп қалып отыратын дыбыстардың қатарына жатады. Бұл сөйлеу тілінің тікелей әсері болса керек. Бұл тұста жалпы жыраулар поэзиясына тән сілтеу есімдіктерінің о, бұ, со сықылды ықшам варианттары жазылуын мәтінді көнертіп тұрған бір элемент ретінде қабылдаған орынды секілді. Мәселен, Жақсы да келер бұ көпке, Жаман да келер бұ көпке (Шәлгез).

   Махамбет  өлеңдері нұсқаларында кездесетін мақсатты ауытқулар. Мақсатты ауытқулар негізінен мәтін ішіндегі сөздердің ұйқас үшін қажет деп тапқан синонимдерімен, мағынасы көмескі тартқан сөздерді түсінікті болып табылатын атауларға ауыстыруымен және ең бастысы, саясат (цензура) араласқан тұста белгілі бір сөздерді әдейі өзге бір сөзбен ауыстыруға байланысты болып келеді. Оған жоғарыда біз лексикалық ауытқулар деп таныған сөздер тобы мысал бола алады.

   Тізімдердегі тыныс белгілеріне қатысты пайда болған айырымдар. Араб әліпбиін пайдаланған  тілдердің қай-қайсысында да көпке дейін тыныс белгілері бір ізге түсіп, жалпылық сипат ала қоймаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында араб графикасымен жарық көрген аздаған қазақ кітаптары тыныс белгілерін жүйелі пайдалана қоймаған еді. 1896  жылғы  4 августағы 31-номерінен бастап “Дала уәләятінің газетінде” тыныс белгілерінің қазіргі жаңа жүйесі туралы хабарлама жарияланады. Онда нүкте (.) – тыныс, нүктелі үтір (;) – жарты тыныс, ал үтір (,) – тыныстың төрттен бірі деп аталғанымен, қолданылатын орындары  көрсетілмеген. Кейіннен 1898 жылдан бастап, сызықша, оның қолданылатын орны жөнінде хабарлама берілген. Мұндай ала-құлалық қазақтың тұңғыш ұлттық басылымы саналатын “Қазақ” газетінде (1913-1917) ғана айқындалып, жоғарыда аталғандарынан өзге сұрау (?), леп (!), сұраулы леп (?!), жақша ( ), қос нүкте (:) белгілері еркін қолданылатын дәрежеге жеткен. Әрине, бұл тыныс белгілік ауытқулар арасында мәтіндегі тыныс жолдарын, интонацияны жүйелеумен қатар сөздің (тіркестің) мағынасын да өзгертіп тұратын тұстары жоқ емес. Мысалы: Кімдерге қоныс болмаған[.] (1925)//Кімдерге қоныс болмаған[?] (1948, 1974) // Кімдерге қоныс болмаған[?!] (1989).

   Тізімдерде  көп нүктенің (...) қойыла бастауы 1939 жылдан бастап кездеседі. Нұсқаларда сөз мағынасының өзгеруіне әсер ететін -ды, -ді,  -дағы, -дайын, -дейін көмекші элементтердің бірге я сызықша арқылы жазылуына байланысты туындаған орфографиялық ауытқулар орын алған: Түлкі дейін түн қатып (1925)//Түлкідейін түн қатып (1989).

        Сол себепті лингвомәтінтанушы сыни (немесе канондық) мәтін түзер тұста ең алдымен тыныс белгіге, сөздердің дұрыс жазылуына баса назар аударуы шарт. Бұл тіл тазалығына, әдеби тіл мәдениетін көтеруге ықпал етері сөзсіз.

   2.3 Түркі тілдері  материалдары негізіндегі  мәтінжасамдық тәсілдерді  талдау мен қазақ  ауызша-жазбаша мәтіндерін  талдаудың ерекшеліктері. «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» термині күллі жазба ескерткіштерді жаңа, тірі түркі тілдерінен айыру үшін қолданылады. «Адресат (автор) -  мәтін - адресант»  қатынастары жүйесін ортағасырлық (шағатай) әдеби тілі дамуының стильдік категориясы ретінде қарастырған зерттеуші Г.Ф.Благова «сыни» («критический») мәтін жоқ жағдайда да ескерткіш  тіліне лингвомәтіндік талдау жасауға  болатындықтың үлгісін көрсете алды. Ал түркі халықтарының көші-қон миграциясының бағытына, яғни шығыстан батысқа қарай, көне әдеби тілдердің қалыптасуы процесі жүрген. Осы жайды ескере келіп, Э.Р.Тенишев көне түркі жазба ескерткіштернің тілдеріне былайша классификация жасайды: 1.Руникалық ескерткіштердің тілі (руникалық койне) ұйғыр-қыпшақтық қоспалары бар оғұз тілі. Бұл тілде жазылған ескерткіштерге Күлтегін, Могилян, Тонықұқ, Елетмиш, Мойыншор, т.б. жатады. 2.Көне ұйғыр әдеби тілінде жазылған ескерткіштерге Турфан мен Ганьчжоу территориясындағы ескеркіштер жатады. Э.Р.Тенишев ұйғырлар алғашқыда руникалық алфавитті пайдаланғанмен, кейіннен өздері ұйғыр жазуы деп атаған, соғды жазуының икемделген түрін пайдаланғанын айтады. 3.Қарахан-ұйғыр (қахан және бұғырахан) әдеби ескерткіштерінің тілі. Бұл Қашғардан Самарқанд, Бұхарға дейінгі аймақтардан табылған ескерткішердің тіліне тән. Осы дәуірде араб жазуымен жазылған, бірақ мазмұны мұсылмандық мазмұндағы Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі», А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», М.Қашқаридың «Диван лугат ат-турк» ескерткіштері дүниеге келген. 4. Хорезм-түркі әдеби тілі Алтын Орда мемлекетінің аймағына орналасқан мекендерден табылған ескеткіштердің тілі. Бұл тілде жазылған шығармаларға «Қысас ул-анбийа», «Құсрау-Шырын», «Махаббат-наме» ескерткіштері жатады. 5. Шағатайлық әдеби тіл орта ғасырдағы  түркі әдеби тілдерін аяқтап тұрған тілге жатады. Ал «шағатай тілі», Г.Ф.Благованың көрсетуінше, «Ostturkischt islamischе Literatur – sprache Mittelasiens»-тің құрамына енеді [18, с.148].

   Шағатай тілінде қазақ, қарақалпақ ұлттық тілдерінің, сондай-ақ өзбек тілінің қыпшақ сөйлеу тілі мен кейіннен түрікмен ұлттық тілінің негізі болып қаланған шығысоғұз  диалектілерінің, өзбек тілінің  хорасан, оғұз  сөйлеу (наречие) тілдерінің белгілері кездеседі.  Шағатай тілінің лексикасында  араб-парсы сөздері, ал грамматикасында араб-парсы элементтері бар, сондықтан қазіргі кезде архаизм саналатын сөздердің көп кездесуінің бір себебі осында жатса керек. Шағатай тілді мұралар араб жазуымен жазылғандықтан, оқылым кезінде түрлі вариативтіліктер орын алады. Шағатай тілінің осындай ерекшеліктеріне қарай оны  бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қалыптасқан: 1. Классикаға дейінгі кезең: ХІҮ ғ. соңы мен ХҮ ғ. ІІ ж. (Саккаки, Лютфи, Атаи, Ходжани, Саид Ахмад, Хайдар Хорезми, Әмір, Якыни, Ахмади, Гадои шығармалары дүниеге келген жемісті кезең.). 2. Классикалық кезең: ХҮ ғ. ІІІ ширегі (треть) мен ХҮІ ғғ. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Ә.Науаи, Хусейн Байқара, Бабыр, Шейбани, Убайди, Мұхаммед Салих, Маджлиси т.б. шығармалары жазылған. Бұл кезеңнің бастауын Я.Эккман 1464 жылмен байланыстырады, өйткені дәл сол  жылы Науаи өзінің алғашқы өлеңдерінің жинағын құрастырған. «Шағатайлық әдеби тіл орта ғасырдағы  түркі әдеби тілдерін аяқтап тұрған тілге жататындықтан», қазақ тарихындағы Махамбеттің хаттарын түркіге ұласар тұстағы шағатайлық дәуірдің соңғы ширегіндегі жазба мұраларға жатқызуға болады және осы аталған параметрлер бойынша хаттарының тілі талданады. Ал хаттарына мүлде ұқсамайтын өлең мәтіндеріне алдыңғы және кейінгі тараулардағы талдаулар жазба тіл мен ауызша әдеби тіл айырмашылықтарын нақты көрсетуге көмегін тигізеді деуге болады.

   Хаттың  мазмұны төмендегідей:

   Дәлудің 19-да

   1839 йылда йолланды

   Хұрмәтлу  батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай  баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә. Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз. Өһәм сізләрні өзім де көруге бек інтізар болсам да жұртның жайсызлығы бірлән өзімнің арты жағымның жайсыз ашуғышлығы уәзәрә бара алмадым. Өһәм өзім де бұ халықтың ішінде тұра алмаймын. Қайтып тез заман ғаскер алдындан барып, ханға жолығамын. Нешік те болса бұ йыл келмейінше қалмас. Әгәрдә өзләріңізнің жайларыңыз келсе. Сәли старшинаны бәңә жіберіп алаңыз. Бән һәм сізләрнің хабарыңызны күтіп алсам кирәк. Ушан халықларның ішінде һәрнешік Хиуадан әскер болмайдұр деп ойламаңыз. Әгәр орыс-қазақтан қысаңлық болса, бері қарап көшіңіз. Бір малыңызға назар халқы ғайри уәлият тия қыдмас. Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз. Һәм бүгінде Ғайбала ханның қолында біраз әскер бар. Адай, Табынның тинтәкләрін тиып, зәкәтләрін алатұрған һәд де узләріңіз біліп тұрғансыз. Һәм де бұ йыл барған алашалар молла Жарылғас білән Ошырты бинің барған иліндән Аллақұли хан бажы һәм зәкәт бірісін де алмады. Һәм ошан күз алашадан алпыш  икі үйні қырғыз Хиуадан батырлар шауып кетіп еді, шол малларны да Аллақұли кісі жұмсап, алдыруға ниетленген ирді һәм тілеу халықлары да малның алдын алып келіп берді. Орыстан шығып барған халық хадірсіз ирмәс. Һәм сіз халықның да бізнің бірлән бір болғанызны да Аллақұли хан бек хош уақ болды.  Бутән ғайри не йазайын? Йазғушы ініңіз Мұхамед Утәміш ұғлы дейур біләсіз – МҰХАМЕД.

   Сәли  бірлән Жармұханбет достым, уақытыңыз болса, бізге бек мұқтаж шәй-шекер алып беріп жіберсеңіз, бек ұлуғ мархабаттан болар еді.

   Хаттағы шағатайлық ерекшеліктер: Түркі тілінің j-тобына жататын бұл жазба тілде сөздің анлаутындағы еріндік дыбыстармен келген сөздер қатаң t-мен жазылады, мысалы: Өһәм өзім де бұ халықтың ішінде тұра алмаймын; Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз – дегенде олардың еріндіктердің әсерінен жұмсаруы байқалмайды. Түбір морфемалардың ауслаутында ызың дыбыстардың алдында қатаң дыбыстар өз қалпымен, сол күйінше жазылу заңы сақталған: Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз.

   Мәтін грамматикасы мәтінішілік байласымға қарай сөйлемдердің өзгерісін қарастырады. Сөйлем анығында тілдік бірлік, ал сөйлеу тілі жағдайында сөйлемге сөйленіс  («высказывание») сәйкес келеді деген пікірлер айтылады. Мұндай пікірлердегі негізгі ой сөйленіс кезінде сөйлем коммуникацияның ақиқат минимальды бірлігі болып саналады деген ойды нақтылайды, ал оның дистрибутивтілігі басқа мәселеге жатады деп көрсетіліп жүр. Бұл пікірді білдірушілер әр сөйлемнің дистрибутивтілігін анықтау шындығында, мүмкін еместігін алға тарта береді. Бірақ сөйлем топтарының (кластарының) дистрибутивтілігін анықтауға болатынын да түгелімен жоққа шығармайды. Айталық, тек мәтіннің басында ғана, я болмаса сөйлемнің ортасында ғана қолданылатын сөйлемдер болады. Сөйлемдердің позициялық дистрибуциясы жоғарыда келтірілген Махамбет хаттарынан да айқын көрінеді. Мысалы, Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә деген сөйлем тек хаттың басында ғана орналасады. Ортасында я болмаса хаттың соңында бұл сөйлемнің тұруы мүмкін емес. Жалпы алғанда жазба мәтіндердегі сөйлемдердің өзіндік орны болады, өйткені жазба мәтін әркімнің еркіне қарай еркін ұйымдасатын ауызекі сөйлеу тілі емес, бірізділік, реттілігі бар, құрылымның өзіндік жүйесі сақталған. Жүйелілік мәтін грамматикасының дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Махамбет хатындағы сөйлемдер түрлері мен типтері әр түрлі болғанмен, толық коммуникативті, автордың айтайын деген ойы осы сөйлемдер арқылы және тұтас мәтін арқылы ашылады, олар толық ақпаратты жеткізеді. Мысалы, келтірілген  хаттағы атауыш сөздер етістіктер мен есім сөздердің ара жігі айқындалған, бір-біріне сөз таптары ретінде екі парадигманың қарама-қарсылығы сезіледі. Есім атауыштар, оның ішінде зат есімдерге  батырлар, сафарымыздан, сәлемлерімізден, жұртның, ашуғышлығы, ғаскер, ханға, заман, йыл, қысаңлық, ініңіз, достым, т.б. сөздер жатады.  Зат есімдердің септік категоряларымен түрленуі сафарымыздан, сәлемлерімізден, жұртның, халықларның, турәгә, ханның, қолында, тинтәкләрін,  бинің, иліндән, үйні, малларны сөздерінен байқалады. Шығыс, Ілік, Барыс, Табыс септіктерінің қосымшалары анық жіктеліп, ерекшеленіп тұр. Бірақ, сөздің түбірінің қандай дыбысқа біткеніне қарамастан,  септік қосымшаларының ұяңданып жалғануы сөзсіз көнеліктің белгісі және  сол тұстағы жазба тілге ауызекі тілдің ықпал-әсерінің қатты болмағанын және жазба тілдің айтылымнан бөлек жатқанын байқатады, иліндән, үйні деген сөздердің септелуінінің де өзіндік ерекшелігі бары көрінеді. Тәуелдік формаларын білдіретін ІІ жақтың сыпайы формасы  –іңіз (ініңіз), -І жақтың –м (достым) формасы, көпше түрдегі І жақ тәуелділік формасы – іміз түрінде (сәлемлеріміз), ІІ жақ тәуелділік формасы халқы сөздерінен көрінеді. Есім сөздер мен етістіктердің жіктелісінің бір айғағы – етістіктің грамматикалық категорияларының қолданыста еркін кездесуі: Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз т.б. сөйлемдердегі баяндауыштар сөйлемнің соңында орналасқан. 2,3-жақ жіктік жалғауларымен тұр.

   Бән һәм сізләрнің хабарыңызны күтіп алсам кирәк деген сөйлемде ғана кездесетін керек модаль сөзінің қызметі баяндауышқа жуық. Сөйлем құрамындағы білдіретін мағынасы міндеттілікті-қажеттілікті білдіру. Келесі сөйлемдегі бар сөзінің мағынасы алдыңғы сөйлемдегі керек-тен бөлек, ол жоққа-шығару немесе мақұлдау семантикасын білдіретіндіктен, сөйлемде мақұлдауды білдіреді. Мысалы:   Һәм бүгінде Ғайбала ханның қолында біраз әскер бар. Келтірілген мысалдардағы керек, бар сөздері сөйлемдегі позициясы жағынан да, яғни сөйлемнің соңында келуіне байланысты, семантикасы жағынан да, қызметіне қарай да, модаль-предикативтер. Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә сөйлеміндегі хаминдіндә сөзі де модаль сөз болып табылады. Осы сөйлемдегі сіз көптік мәнде жұмсалып тұр. Соған қарағанда, көптікті білдіру тек көптік формасының (-лер) еншісіне тиесілі болмаған, бұл формаға ортағасырлық сіз жарыспалылық құрайтын  ерекшелік әлі де болса сақталған, яғни сіз есімдігі осы тұлғасында көптікті  де білдіреді.

   Зат есім мен сын есім синтаксистік позицияда  бір-біріне қарсы қойылуы, яғни анықтауыш  пен анықталатын зат  арасында ешқандай қиылысудың, үндесудің жүйелілігі байқалмайтыны  Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз сияқты сөйлемнен көрінеді. Хаттағы орыс та, төре де зат есім, ал сөйлем ішінде олардың бірі, атап айтқанда,  позициясына қарай орыс сөзі төрені анықтап, сын есімдік қызметті атқарған. Мұндай позиция зат есімдердің сын есімге ауысуын, яғни конверсиялану процесінің өтуін мүмкін еткен. Хат ортағасырлық эпистолярлық үлгіге сай хұрмәтлу сөзінен басталып, сол дәстүрге сай Йазғушы ініңіз Мұхамед Утәміш ұғлы дейур біләсіз – МҰХАМЕД құрылымымен аяқталып тұр. Хатта кітаби тіл элементтері көп, оларға: әлхамдиллә, дұғайкүйләріңіздің, уә, бүнден, йылғы, сафарымыздан, сағ сәләмәт,  һәр, сөзләрімізні, өһәм, бек інтізар, бірлән, уәзәрә, бәңә, һәм, болмайдұр, ғайри уәлият, һәрнешік, турәгә, тинтәкләрін, зәкәтләрін алатұрған, һәд бек ұлуғ мархабаттан т.б. жатады. Келтірлген мысалдардағы грамматикалық тұлғалар шағатайлық элементтер болып табылады.

   Мысалдардың ішіндегі уа, ғайри, һәм, ошан, өһәм, білән, бірлән шылауларының ХХ ғасырдың басына дейін жазба тілде кездесіп отыратын белгілі. Һәр, һәд, һәрнешік сөздерінің алдындағы һ дыбысының келуі де кітабилік дәстүр үлгісі, ал ондай кітабилік үлгі йыл, йазғучы сөздерінің анлаутындағы й-дің қолданысы арқылы да анық байқалады. Ушан халықларның ішінде һәрнешік Хиуадан әскер болмайдұр деп ойламаңыз. Бұл сөйлемде –дұр формантының өткен шақтық функцияны білдіруі – негізгі қызметі және бұл қызметті –ды жедел өткен шақтың қосымшасымен жарыса атқарған. Бұл форманттың кездесуі ескі жазба әдеби тілдің негізгі грамматикалық ерекшеліктерінің бірінен саналады.

Информация о работе Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект