Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:15, автореферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
Предикативтілік пен номинация мәтінжасаудың басты тетіктері, олар бірін бірі толықтыра отырып, бір-бірімен тұтастықта болады. Бірақ әртүрлі мәтіндердегі олардың мөлшері бірдей емес. Кейбір мәтіндерде предикаттар көп ұшырасса, енді бірде номинациялардың мөлшері басым түседі. Өйткені әрбір мәтінді дүниеге келтіретін жеке автор, яғни мәтіндегі предикаттар мен номинативтердің мөлшері, біріншіден, автордың стильдік ерекшелігіне байланысты деген сөз. Ал жыраулық үлгілерге тән предикаттық құрылымдардың жиілігі құбылысының қазіргі өлең мәтіндерінде кездесуі сабақтастықты байқатады: Іздеймін жалғыздықтан торықсам, Ұмтыламын өрге кіл. Басымды изеп өте шығам жолықсаң, Көр де тұр [7, 182 б.] (14 сөздің 8-і етістік тұлғалар, 1 үстеу, 1 шылау, есім негіздің саны - 4).
Екіншіден,
предикативтілік пен
Ішелік те желік, Ойласаңдар, жігіттер,
Мінелік те түселік, Мынау жалған дүния
Ойналық та күлелік, Кімдерден кейін қалмаған [8, 232 б.] т.б. - предикаттардың мәтін ішіндегі қызметіне негізделген өлең жолдары.
1.5 Мәтін және тіл деңгейлері. Тілдегі қалыптасқан заңдылық бойынша тілдің төменгі деңгейінің бірлігі келесі одан жоғары деңгей бірлігінің құрамынан табылуы тиіс. Осы дәстүрлі көзқарас бойынша тіл деңгейлерінің ең жоғарғы деңгейі болып синтаксис танылып, тілдік жүйені синтаксис шектейді деген пікір қалыптасқан еді. Бірақ соңғы жылдары тілді зерттеудің жаңа парадигмасы тудырған мәтінді зерттеумен байланысты сөздің нақты функциясы сөйлем ішінде, ал сөйлемнің нақты мағынасы мәтін ішінде толық анықталатыны туралы көзқарас қалыптасты.
Мәтін деңгейінің негізгі бірліктері туралы түсінік алдымен тілдік деңгей бірліктері және оларға тән қарым-қатынастың түрін анықтаудан басталып, қатынастардың жүзеге асуын, түзілімін түсінуге тіреледі. Тілдік қатынастардың түзілімі: «Шартты түрдегі автономды (өйткені бір-бірімен байланысты) жүйелер шоғырының белгілі бір подсистема көлемінде ажыратуға келмейтін элементтері мен заңдылықтарының шектеулі жиынтығы тілдік деңгейді, ал олардың элементтері бір-бірімен тіркесу нәтижесінде қолданыстағы мәтіндерді құрайды. Яғни, әр деңгейдің өзіне ғана тән бірліктері, бірліктері арасындағы қатынастары, байланысу тәсілдері болады деген сөз» [9, 14 б.]. Мәтіндегі синтагмалық қатынастың белгісіне бір автордың шығармалары немесе бір мектеп бағытында жазатын (модерндік, постмодерндік, тарихи т.б.) авторлардың шығармалары, түрлі парадигматикалық және синтагматикалық ұқсастықтарымен жүйеленген жыраулар поэзиясы (тақырып, сөз қолданыстары ортақ, уәжі ұқсас, кезеңі бір), ақындар мектебі (жыраулық дәуірден тілдік сипаты, сөздігі бөлек), орта ғасыр жазба ескерткіштері т.б. жатқызуға болады.
Мәтін қызмет ететін, мәтіннің мәнін түсінетін, мәтін өмір сүретін орта - мәдениет және социум. Сондықтан соңғы кездері тіл білімінде тілдегі жаңа бір деңгейді, нақты айтқанда, мәдениет деңгейін бөліп алу қисыны пайда болды, бұл көзқарас мәдениет деңгейі мәтін деңгейі арқылы заттанады деген пікірді ұстанады. Сондықтан, мәтінді лингвистиканың бір пәні ретінде тану аз, мәтін тілдік жеке деңгей, оның белгілеріне: 1.мәтін – лингвистика нысаны; 2.тілдегі типтік қатынастың түрлері мәтін деңгейінде де қызмет атқарады; 3.мәтіннің өзіндік бірліктері болуы; 4.мәтін бірліктері арасында иерархиялық сатылы байланыс сақталып, одан төменгі синтаксистік деңгейдің бірліктері мәтіндік деңгей бірліктері құрамында жүруі - тілдік иерархияның талабына сай; 5.мәтін бірліктерінің құрылымы күрделі; 6.мәтіндік бірліктер бірнеше ұқсас топтарға бірігіп, суперпарадигма жасайды (мыс. көркем мәтін жанрлық, тематикалық түрлеріне қарай суперпарадигма құрай алады, олардың өздеріне тән бірліктері, ортақ ерекшеліктері болады); 7.мәтін бірліктерінен де жоғары иерархияда орналасқан деңгей мәдениет деңгейі деп аталады: 8.Мәтін бірліктері мәдениет деңгейінің құрамында жүреді, яғни төменгі және өзінен жоғары деңгейдің бірліктері арасында байланыс болуы керек деген қағида сақталады, яғни тіл заңдылығына сәйкес қалыптасқан иерархиялық қатынастың талаптарына мәтін бағынады. Сонымен «Мәтін – тіл жүйесіндегі өзіндік мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық құрылымдық күрделі тұлға. Ол логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі» [10, 8 б.] және тілдің жеке деңгейі, өзіне дейінгі және өзінен жоғары тұрған деңгейлермен парадигматикалық және синтагматикалық қатынастардың заңдылықтарына сай қарым-қатынас жасайды.
1.6 Мәтін классификациясы мен типологиясы. Мәтін - тілдік бірлік, яғни мәтіндік типология линвистикалық типологияның өлшемдеріне сүйенеді. Мәтіндік типология оның параметрлеріне қарай әртүрлі болып келеді. Соның бірі – құрылымдық параметрі. Құрылымдық параметрлеріне қарай мәтіндер қарапайым (жай), күрделі және кешенді түрлерге ажыратылады. Қарапайым мәтіндерге ұрандар, үндеулер, тақырыптар, маңдайшалар, жарнама мәтіндері жатады.
Күрделі мәтіндерде жай, туынды, күрделі, кірме сөздердің түрлері, кездеседі, сөз түрлері көбейген сайын күрделі мәтіндердің сөздік қоры бай бола түседі. Күрделі мәтін түріне пьеса, роман, повест, поэмалар т.б. көркем және монография, ғылыми мақалалар, ғылыми очерктер т.б., ғылыми, публицистикалық мәтіндер жатады. Кейде бір мәтіннің құрылымына екінші бір мәтін енген, «мәтін ішіндегі мәтін» түріндегі құрылымдар кездеседі, мұндай мәтіндер кешенді мәтіндерге жатады.
Күрделі амал арқылы жасалған күрделі де кешенді мәтінді интерпретациялау, қабылдау, мәнін түсіндіру, зерттеу оңайға түспейді, күрделі болғандықтан оқырманның компетентті болуын қажет етеді. Кешенді мәтін түріне Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романын жатқызуға болады. Себебі аталған романда диахронды оқиғалардың синхронды оқиғалармен аралас суреттелуі, кейіпкерлердің көптігі және ең бастысы, олардың тіліндегі сөйлеу ерекшеліктерінің болуы кешенді мәтіннің басты параметрлерін құрайды. Диахронды тұрғыдан басты кейіпкерлердің өткен заманға тән историзмдермен сөйлеуі, ал кейінгі заман кейіпкерінің өз заманына сай сөйлеуі – мәтіннің кешенділігін көрсетеді, ол тілге ғана емес, композициялық құрылым мен тілдік ситуациялардың әртүрлілігіне, мазмұндық күрделілікке, құрылымындағы аллюзиялар, реминисценцияларға т.б. құбылыстарға байланысты.
Мәтіннің функционалды-стильдік параметрлері мәтіндік классификация бойынша мәтін мақсатына, қолданылатын ортасына байланысты қалыптасады.
Дайындық параметрі - мәтінді типтеудің бір амалы. Бұл параметр бойынша мәтіндер: а) қолмақол (спонтанды); ә) жағдаятты; б) алдын ала дайындалатын түрлеріне бөлінеді. Категориялдық белгілердің кездесуіне және кездеспеуіне қарай мәтіндер: нормативті мәтіндер (тұтас және байлаулы) және дефектілі мәтіндерге ажыратылады. Деграмматикаланған, грамматикалық байланысы үзілген мәтін түрлері поэзияда көп кездеседі. Кінаратты афазиялы мәтіндер деграмматикаланған мәтіндерге жатады. Деграмматикаланған мәтіндерге қате байланысқа құрылған мәтіндер де енеді, оларда астарлы ой болмайды, мағынасы, мәні, қызметі, құрылымы және грамматикалық байланысы қате болады. Мәтіндік бұл құбылыс синтаксистік аграмматизм деп аталады, сөйлемдегі сөздерді (сөйлем мүшелерін) өз орнында дұрыс қоюды білмегендіктен, афазиялы мәтіндер пайда болады.
Деграмматикаланған байлаулы, бірақ біртұтастығы жоқ мәтіндер кездеседі және бұл мәтіндерде ортақ мағына-мазмұн болмайды.
Мәтіннің жоқтығы яки болмауы («распад») мұрын астынан мағынасыз міңгірлеу кезінде, шетеліктердің сөйлеуінде, ауру адамдардың сөйленісінде кездесетін құбылыс. А.Н.Баранов мәтінді алгоритмдік//эвристикалық деңгей бойынша зерттеп, оның үш түрін анықтайды: а) фиксацияланған; ә) жартылай фиксацияланған; б) фиксацияланбаған мәтін [11, 15 б.].
Ойға
құрылуы тұрғысынан экспликациялану
деңгейі мәтінді
Функционалды-прагматикалық
параметрін жасаған А.Г.Баранов мәтінді
типтеудің бұл түрін ажыратуда адресант
пен қабылдаушы, мәтін
тудыру мен қабылдау
аралығындағы концепциялық
көзқарастарды негізге алған. Модальдылықтың
жеке басқа қатысты субъективтілігі негізгі
деңгей болып саналады және ол жекелеген
үш параметрден құралады: а)
алдын-ала анық- тау,
ә) сипатта және б)
баға немесе бағалау. Бұл параметрлер
мәтін типтерін: ресми-іскери,
актілер, келсімшарттар,
ережелер, инструкциялар,
бұйрықтар, т.б. тудырады. Бағалауыштық
аксиологиялық мәтіндерге тән және
мәтіннің бұл түрі реципиенттің эмоционалды
көңіл-күйін жеткізетін, әсер тудыруға
ыңғайлы, қолайлы мәтін түріне жатады.
2 Мәтін талдау мен мәтінтану: айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
2.1 Қазақ тіл біліміндегі мәтінтану мәселесі. Мәтінтану проблемасы мәтін тарихы мен мәтінтану деген екі ұғымның айырмашылықтарын танып–біліп алудан басталады. Бұл екі ұғымды тең дәрежеде қабылдауға болмайды. Орыс тіл білімінде мәтінтану мәселесіне А.С.Рейсер, Б.В.Томашевский, Д.С.Лихачев, Г.О.Винокур, П.Н.Берков, Е.И.Прохоров т.б. белгілі ғалымдар өз ғұмырларын арнады. Осы ғалымдардың еңбектері арқылы қазақ тіл білімінде мәтінтанудың негізгі ұғымдары мен терминдік жүйесі қалыптасты. Қазіргі кезде көркем шығарманың мәтінтану тұрғысынан зерттелуі де өзекті болып отыр. Көркем шығарманың мәтінтанымдық жағынан зерттелуі филологияның басты салаларының бірінен саналады.
Мәтінтанушы белгілі бір мәтіннің жарыққа шыққанға дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір автографтағы өзгерістердің пайда болу себебін ашады, өзгерістер мен жапсырмалардың, қоспалардың мәтінге енген кезі мен көмескі сөздердің, тіркестердің шыққан тегін анықтағанда, ұлт тілінің әр дәуірдегі ерекшелігімен сабақтастықта, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерімен ұштастыра келіп, қолжазбаны көшірушінің ұстанған мақсатын жадында тұта отырып, қарастыруға міндетті. 2009 жылы жарыққа шыққан академик Р.Сыздықтың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» (Алматы:Арыс,2009) еңбегі де осы салаға тыңнан қосылған еңбекке жатады, мәтінтануға қатысты қазақ тіл біліміндегі бірнеше проблеманы көрсетеді: 1) текстологиялық зерттеулердің жолға қойылмауы; 2) мәтінге қалай болса, солай қарау: а) тарихи мәтіндерді, ә) кейінгі жаңа жазба мәтіндерді да жариялану барысында кемшіліктердің жіберілуі, б) мәтіндер қазына іспетті, көне мен ескіліктердің топтастырылған орын екені, в) ескілер мен көнеліктердің мән-мағынасын ашуда да мәтіндердің көмегі көптігін ескерусіз қалып отыруы [12, 11 б.].
Қолда бар кез келген ескерткіш-мұраның екі түрлі жарияланымы, нұсқасы: 1.лингвистикалық басылым (Орхон жазбалары, «Хан жарғылықтары», «Қадырғали Жалаири т.б.» және 2.әдебиленген («қазіргіленген») басылым (Қ.Халиди «Тауарих Хамса» т.б.) болады. Мұраны «лингвистикалық қалыпта» (яғни таңбасын нақты беріп) жариялаудың да көптеген даулы мәселелері бар. Қазақ филологиясындағы мұра атаулы о баста жазба күйге (қолжазба, кітап түрінде) араб қарпімен, оның ішінде қадим жазулы нұсқалар түрінде түскендіктен, оны қайта оқудың, қазігі әріпке түсіріп таңбалаудың толық әдістемесі жасалмаған. Сол себепті де тілші ғалымдар кез келген мәтінді қайта жарияларда өз принциптерін, жазу қалыбын қайталап түсіндіруге мәжбүр болады. Мәселен,А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» (Алматы, 1993) атты еңбегі араға 70 жыл салып қайта жарық көрген тұста академик Р.Сыздық оған мынадай түсінік жазды: «Ауыспалы шақтық есімшенің жұрнағы көбінесе тұн, түн (баратұн, келетүн) түрінде жазылғанмен, түпнұсқадағы орфограмма сақталмай, қазіргі нормасымен тын, тін болып жазылды. А.Байтұрсынов грамматикасында жіктік жалғаудың ІІ жағының тұлғасы қазіргідей –сың емес, -сын түрінде берілген (сен барасын, сен не сұрап тұрсын дегендерде), бұл өзгешелік сақталды». Сол принциппен көне мұраларды мәтінтанулық тұрғыдан зерттеу олардың тұтастығын қалпына келтіруден, өзгешелігін сақтаудан басталатынын сызба түрінде көрсетуге болады (Махамбет өлеңдері негізінде).
«Жәңгірге айтқаны»
1925 ж. | 1939 ж. | 1948 ж. | 1974 ж. | 1989 ж. |
- | «Махамбеттің Жәңгірге айт -қаны» деп аталған. Шумақ арасы үзіксіз, біртұтас өлең болып берілген. Ылаң сөзіне: Лан деген сөзден шыққан. Қазақ сиырды қарғағанда ылаң тигір дейді,-деген түсінік берілген. Аян «анық, айқын» деген түсінік алған. | 1939 жылғы басы- лыммен бірдей. Тақырыбы да бір- дей, бірақ ылаң сөзін: «Лаң – аң. Еліктің бір түрі» деп түсіндерді. | Бұл өлең жоқ. | 1989 ж. «Жәң- гірге айтқаны» деп аталады, түсінік жоқ, екі шумақтан тұра- тын сегіз жол, шумақ аралары үзікпен бөлінген. |
Сызба
1.
Қазақ мұралары мәтіндік те, қолжазбалық та функция атқарады. Ал факсимиле орнына мұра айтыла бастаған немесе оның авторы өмір сүрген уақытқа жақын жарық көрген басылым жатады. Кейде мұны канондық мәтін деуге тура келеді. Ал осы канондық және факсимилелік мәтіндердің тізімдері ретінде кейінгі жарық көрген басылымдар есептеледі. Мәтінтану факсимиле, тізім (список), канондық мәтін, т.б. ұғымдар арқылы жүзеге асады.
Информация о работе Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект