Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:15, автореферат

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

garif1 (1).doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

   Енді  “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде толағай сөзіне берілген түсінікке көңіл аударайық: “Сын. көне. Түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш” [24, 179 б.]. Р.Сыздық “Сөздер сөйлейдің атты еңбегінде толағай сөзіне былайша талдау жасайды: “Махамбеттің атақты “Ереуіл атқа ер салмай” деген өлеңіндегі Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай – деген тармақтарда кездесетін толағай сөзі ақын жинақтарында да, мектеп оқулықтарында да “бас” деп түсіндіріліп жүр. Бұл – біршама дұрыс түсінік. Толағай – таза түркі (қазақ) сөзі емес, ол не түркі-монғол тілдеріне ортақ, не тек монғол тілінде толгой – 1) “бас”, 2) “басшы, бастық, ие”, 3) “бастаушы” 4) “бір нәрсенің басы” (мысалы, тауды”), 5) “бір бөлік, бір дана”. Осы сөзден “басшы болу, басқару, жетекшілік ету” мағынасын беретін толгойло (х) (толағайлау) деген етістік жасалған. Ал қазақ тілінде бұл сөз қу толағай тіркесі түрінде жұмсалғанда, біздің байқауымызша, тек “бас” деген ұғымды емес, “тақыр бас, жалаңаш бас” дегенді білдіреді” [25, 152 б.]. Н.Ф.Катанов жинап бастырған қазақ мақал-мәтелдерінің ішінде “құдайдан тілегенім қолаң қара шашты еді, құдайдың өзі қосты қу толағай бастының деген мәтел кездеседі.

   Махамбет  жыр-толғауларындағы архаикалық (көне) сарынды бейнелейтін тіл деректеріне  бүгінгі ұрпақтың құлағына тосындау естілетін, әдеби тіліміздің күнделікті қолданысында кездесе бермейтін, мәтіндік (мәтіндік) мәнін аңғаруға болса да, жеке-дара дербес мағынасы айқын емес, күңгірт, бұлыңғыр болып келетін сөздер мен сөз тіркестерін енгізуге болады. Мысалы:

   Сайғақ: Саздауға біткен құба тал, Кімдерге сайғақ болмаған?

   Еңіреу:     Еңіреу ұлы емшек боз, Ер мінген күні берік болсын т.б.

   Бұл тәрізді қолданысы сирек, не шектелген, мағынасы күңгірттенген, тіпті түсіндірме (ҚТТС), диалектологиялық, сөздіктерде (ҚТДС, І том) ескерілмеген, мәселен, әрәйнә, адаған, мінкен ер, атайы жүйрік, үдірім, шөншік, талыс, сой, ителгі көз, көлемі, қара бұлт, желгір ақбөкен, қырқаланып өту, қарындас (бауыр, туыс мәнінде), дауысы аңқыған, күлісті сынды күрең, адырнасын ала өгіздей мөңіретіп, т.б. осы сияқты жеке сөздер мен сөз тіркестері Махамбет қолданысында көптеп кездеседі. Бұл фактілер Махамбет мұрасына көне (архаикалық) сарын тән деген пікірдің бір дәлелі болмақ.

   Ал  екі вариант түрінде қолданылып келе жетқан ерулі мен ереулі атаулары жөнінде екі ұдай пікірдің пайда болуы олардың тұлғалық ұқсастығына байланысты болса керек. Алайда бұларды бір түбірден тараған туынды түбір деп те қарауға болмайды, олар: ер- (біреудің артынан ерудің ілкі түбірі) және ер- (ерлік сөзінің ілкі түбірі) деген мүлдем екі басқа туынды түбірдің негізі болып тұрған гетерогенді (әр текті) омонимдер. Бұл арадағы шатасудың екінші себебі – сөзжасам моделі саналатын форманттардың – үлі және еуіл – айтылуында метафозаға ұшырауы. Демек, бұл сөздің шынайы төркіні – 1912 жылы шыққан “Шайыр”  жинағындағы нұсқасы, яғни ерулі.  

   ҚОРЫТЫНДЫ 

   Қорыта  келгенде, зерттеу жұмысы бойынша  мынадай тұжырымдар жасалды:

        Мәтін теориясы таратыла келе, қазіргі кезде бірнеше ірі-ірі салалаға, салалық бағыттарға бөлініп кеткендіктен, жазба мәтін мен ауызша мәтінннің тілдік талдауы үлкен екі арнаны құрайды.

        Мәтінталдау мәтінтудырушы тілдік тұлғадан бастап, көркем шығарманың өзін түзуші белгілерді, мәтінтүзілімге қажетті тілдік бірліктерді, мәтіннің типтері мен түрлерін анықтауды, мәтіндік бөліктерді талдаумен бірге, қабылдаушының тілдік құзіреті қарастырылатын, түрлі тілдік кеңістігі зерттелетін маңызды сала болса, мәтінтанулық зерттеулердің шығарма иесі мен ол дүниеге әкелген туындының  тілдік сипатын ашу, салыстырмалы және тарихи тұрғыдан талдау, сол арқылы тұтас бір тарихи кезеңге тән тілдік (лексика-грамматикалық, фонетикалық) және көркемдік-стильдік ерекшеліктерді анықтайтын әлеуеті болады, сонымен бірге мәтінтану да, мәтінді талдау да қай жағынан болмасын өзара бір-бірімен байланысты, тілдік бірліктердің қолданыстағы немесе әрекетті жағдайдағы мағынасы мен құрылымын тануда әлеуетті.

   Мәтінтану барысында ұстанатын принциптер жаңа және көне мәтіндерді тану барысында әртүрлі жолды ұстанудан туындайды, бірақ қазақ көне мәтінін зерттеу классикалық филолологияда ұстанымға айналған дәстүрлі мәтін зерттеу әдістемесіне сәйкеспейді.

   Осы орайда, қазақ филологиясына «ауызша-жазбаша  мәтін» деген жаңа әдістемелік бағдар алу керек.  Әрине, осы қос ұғымды атаудың соңғы «жазба» сыңарын анықтап, түсіндіретін классикалық ұғымдағы автографтар (қолжазба, тізбе немесе тізім, көшірме), әр жылдары жарық көрген басылымдар болады және басылым неғұрлым көне, жарық көрген уақыты әрірек болған сайын – соғұрлым мәтінтану тұрғысынан бағалырақ болмақ.

   Мәтін «бірігу, байланысу» деген ұғымда жұмсалатын әрі мағыналық, әрі грамматикалық  қатынас арқылы өзара байланысып жататын сөйлеу бірліктерінің, айтылымдардың, фразадан жоғары бірліктердің, фрагменттердің, т.б. бірізділенген тұтастығы, ал тұтастық менталды құрылым болғандықтан, мәтіннің функционалды түрінің кез келгені экстралингвистикалық, лингвистикалық, когнитивтік, семантикалық аспектіден қарастырылып, зерттелуі тиіс.

   Мәтіннің  коммуникативтік, функционалдық, прагматикалық, ақпараттық, кумулятивтік сипаттары оны қоғамнан, мәдениеттен тыс қарастырудың тиімсіздігін көрсетеді, сондықтан да мәтінді жазба тіл мен сөйлеу актісі ретінде ғана қарастыру жеткіліксіз.

   Қоғамның әртүрлі саласындағы коммуникацияны орнықтыру, жеңілдету, ұшқыр түсінуі үшін қолданылатын мәтіндердің түрлері болатындықтан, мәтін бірнеше типтерге бөлінеді. Мәтіннің әр типіне байланысты өзіне тән узуалды құрылымы, сөзқолданысы, синтаксистік құрылымдарының жүйесі болады. Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздердің қолданылу жиілігі, белігілі бір тақырыптық-семантикалық өріске қатысты сөздердің түрлі (парадигматикалық, синтагматикалық) байланыстары, ой қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің (дейктикалық элементтер, синонимдер, жалғаулықтар) барлық мәтіндерде ұқсастығы, мәтін бөліктерінің формалды құрылымындағы тұрақтылық мәтін түзу  заңдылықтарын сипаттауға мүмкіндік береді.

   Көркем  мәтін – динамикалық бірліктердің жиынтығы. Көркем мәтіннің элементтері  арасындағы қатынас типтері жекелеген  «жазушының» «идиолектісін» жасайды. Бұл қатынастарды белгілі бір жанрдың, әдеби мектептің, не белгілі бір кезеңге тән айрықша сипатты белгілерді айқындау үшін пайдалануға болады.

   Мәтін түрлері көп болғанмен, мәтіннің ерекше түрі болып саналатын көркем мәтінде адресант, хабарлама («сообщение»), адресат, кілт («код»), кодтау я болмаса кілттеу («кодирование»), қайтадан кодтау (бұл мәтінді толық ұғынып оқу деген сөз) («декодирование»), т.б. элементтер болады. Олардың көмегімен мәтіндегі астарлы ойды, мағынасы көмескі сөздерді, мәтін құрауға тірек болып тұрған негізгі сөздерді, сөз тіркестерін тануға болады және кез келген мәтін мәтінтанулық тұрғыдан жүйеленген әдістер жиынтығы  аркылы зерттеледі.

   Мәтіндегі тілдік бірліктердің мән-мағынасы кейде  кейінгі дәуірге түсініксіз болып  жатады, өйткені тіл тарих пен  мәдениетті сақтап, жеткізуші болса, тарих бір орнында тұрмайды, өзгеріп отырады. Ол өзгерген сайын тілдік бірліктер жаңаланады, реалийлер өзгереді, әрбір жаңа ұғым атауы тілде сөз арқылы таңбаланады, зерттеуші тарапынан олар интерпретацияланады.

   Мәтіндердегі  мағынасы күңгірт, көнерген сөздердің мағынасын ашу үшін бірнеше зерттеу принциптері қолданылады: фонетикалық, морфологиялық, семантикалық. Сонымен бірге, әртүрлі экстралингвистикалық факторларды, яғни тарихи фонды назарда ұстаған жөн. Мәтіндердегі мағынасы күнгірт тартқан сөздерде этимологиялық талдау осы тарихи фонды немесе заттық-оқиғалық фонды ескере отырып жасалады.

   Концептуалды  саралаудың  перспективті бағыттарының бірін көркем мәтіннің семантикалық саралауды жасаудан байқалады. Мәтінге семантикалық талдау жасау парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар бойынша жүзеге асады және талдау кезінде мәтіннің ішкімәтіндік синтагматикалық  табиғаты сақталады. Соның нәтижесінде түрлі концептілердің белгілерінің өзара араласуы, жақындасуы, бір-біріне сіңісуі арқылы мәтін концептосферасы тұтасып, бірігеді, мұндай кезде егізгі тірек концепт мәтіндік концептосфераның өзегі болып саналады. 

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

   1. Лингвистический энциклопедический словарь. – Москва:Советская энциклопедия, 1990. – 682 стр.

   2.Әділова  А. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы  интертекстуалдылықтың репрезентациясы,  семантикасы, құрылымы. филол. ғыл.  докт. дисс. – Алматы,2009. – 235 б.

   3. Әлісжанов С. Ғылыми прозаның  синтаксисі. – Алматы: Арыс,2007. – 296 б.

   4. Маслов Ю.С. Введение в языкознание.Учеб. для филол.спец. вузов. – Москва, 1997. – 250 стр.

   5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Кітапта: Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 462 б.

   6. Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті. –Алматы,2006. – 322 б.

   7. Е.Раушанов. Бозаңға біткен боз  жусан. – Алматы:Рарирет,2006. – 382 б.

   8. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 232 б.

   9. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар  мен типтік қатынастар. – Алматы. – 1998. – 116 б.

   10. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. – Алматы, ТОО «Триумф «Т». – 2007. – 149 б.

   11. Баранов А.Г. Функционально-прагматическая концепция текста. – Ростов н/Д., 1993. – 221 стр.

   12. Р.Сыздық. Қазақ тіліндегі ескіліктер  мен жаңалықтар. – Алматы:Арыс, 2009. – 272 б.

   13. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы:Ана тілі,1992. – 448 б.

   14. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі  зерттеулер. – Алматы:Ғылым, 1999. – 581 б.

   15. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 275 б.

   16. Проект. ҚК(б)П Орталық Комитетінің жанындағы Жаңа алфавит ұйымдастыру комитеті қабылдаған. – Алматы, 1940 // С. Аманжолов. Тіл және жазу. – Өскемен, 2005. – 403 б.

   17. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің  тарихы. – Алматы:Арыс, 2004. – 283 б.

   18. Благова Г.Ф. Чагатайский язык//Древние  и старые тюркские языки. – Изд-й дом «Кыргызстан», 1997. – 540 стр.

   19. Гак В.Г. О семантической организации  текста // Лингвистика текста: Материалы науч.конф. – М.,1974. – 345 стр.

   20. Купина Н.А. Смысл художественного  текста и аспекты лингвосмыслового  анализа. – Красноярск,1983. – 165 стр.

   21.Сорокин  Ю.А. Текст, цельность, связность,  эмотивность// Аспекты общей и  частной лингвистической теории текста. – Москва:Наука,1982. – 321 стр.

   22. Лихачев Д.С. Концептосфера русского  языка // Изв. АНСССР. Сер.лит. и яз. – 1993,Т.52,№1.

   23. Телия В.Н. Русская фразеология. – Москва: Школа «Язык русской культуры», 1996. – 288 стр.

   24. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:Ғылым, 1985. – 8-том. – 591 б.

   25. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). – Алматы: Ғылым,1994. – 272 б. 

   Диссертация бойынша жарияланған  ғылыми еңбектер:

   1. Мәтінжасамның тілдік тетіктері. – ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы: Қазақ университеті, 2004, №5 (77). Акад. Р.Сыздықтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары (2004, 20 мамыр). – 210 б. – 61-63 бб.

   2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ана тіліміздің ахуалын жақсартудағы рөлі. – Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азамат-тың парызы. – Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материал-дары. – 28-29 қазан, 2005 жыл. – Орал, 2006. – 208 б. – 51-59 бб.

   3. Ғылымдағы ғұмыр. – (Ө.Айтбайұлымен бірге). – //Қазақстанның ғылыми әлемі. - Халықаралық ғылыми журнал. – 2006 ж. – №5-6 (9-10). – қыркүйек-желтоқсан. – Шымкент, 2006. – 170-175 бб. 

     4. Түркі халықтарына ортақ атау (Алғысөз) – Кітапта: Сөзқоржын (Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген кірме сөздердің түркі-мұсылман әлеміндегі баламасы). – Жауапты редакторы әрі құрастырушысы (серіктес: Н.Уәлиұлы). - Алматы: Арыс, 2006. – 76 б. - 5,5 б.т.

     5. Мәтінтанулық зерттеулер жайында. - «Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы». – Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары-ның жинағы. – 27-28 қараша, 2008. 216 б. – 66-68 бб.

     6. Халықтың Халелі (Алғысөз). – Кітапта: Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы еңбектері. – Қазақ тарихы, әдебиеті мен тілі, сондай-ақ медицина, биология, табиғаттану салаларына қатысты ғылыми мақалалары және оқулықтарынан үзінділер. – Астана: Астана-Полиграфия. – 2008. – 396 б. – 5-24 бб.

     7. Многоаспектность понятия текста и лингвистика текста. – Язык  и меж-культурная коммуникация. – Материалы Международной научно-практической конференции. – Федеральное агенство по образованию. – Новгородский государственный университет им. Ярослава Мудрого. – Великий Новгород, 2009, 19-20 ноября. – 534 стр. – с. 290-291.

Информация о работе Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект