Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.
КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Рухани өрлеудің күші мен мәнері – көпқырлы. Рухани байлыққа жетер өлшем жоқ, ал әрбір халықтың абыройы мен беделі, бұл мәдениет сарайлары мен үйлері, театрлар, кітапханалар, бірақ мұндағы басты тұлға – адамдар. Семей қаласы бұл тұрғыдан да ғажайып тамашаларға толы. Еуразияның нақ жүрегінде, оның географиялық кіндігінде орналасқан, аса бай тарихы мен дәстүрлері бар қасиетті Семей қаласы шын мәнінде рухани және мәдени орталық болып есептеледі.
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті. Осындай оңды іс – шаралардың ықпалымен көптеген қыздар мен жігіттер Семейдегі гимназия мен мектептерді тәмамдап, өз білімдерін Қазан, Томск, Петербург, Мәскеу сынды ірі қалаларда жетілдіре жүріп, Семей ордасының білім мен ғылым шаһарына айналғанын дәлелдеп берді.
Мәдени – ағартушылық және рухани іс – шаралардың кең етек жаюы тарихи үрдіс болып табылады. Қоғамның даму кезеңдері өзгерген сайын мәдени – ағарту шаралары да дамып,өркендейді. Мұның өзі білім беру және мәдени мекемелердің пайда болуына әкеледі. Ол кезде қоғамдық ойлар мен мүдделер халықтық оқулар арқылы таратылып, киелі Семей жерінде училище, мектеп, кітапхана, мұражайлар ашыла бастады.
Семей барлық кезеңде де Қазақстанның рухани орталығы болып келеді. Ол әдебиет, өнер және ғылымдағы аса көрнекті ұлы тұлғалардың Отаны болып саналады. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды даналар тек ұлт қана емес, адамзат мақтанышы. Ал көне Семейде олардың жүріп өткен табанының ізі күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Сонымен бірге Семей екі ұлттық алыбы – Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің ұлағатты достығына куә болған қала. Сондай – ақ мұнда өлкеміздің рухани өміріне үлкен үлес қосқан Михаэлис, Долгополов, Гросс, Лобановский сынды саяси жер аударылушылар тұрды, міне өз кезінде ұлы Абай олармен жиі қарым – қатынаста болды. Осыдан - ақ біз семей - халқымыздың мәдени – рухани байлығының алтын бесігі екенін көре аламыз.
Тақырытпың өзектілігі.
Зайырлы, өркениетті даму үрдісіне бет
бұрған қазақ қоғамының өткен
тарихын саралау тарихы әр қилы.
Бүгінде тарих тағылымының
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев елдің іргесі түзуленген кезеңнен бастап өткен әр тарихи жылды атап өту дәстүрін жалғастырып, 2001 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялануының қазақ халқының тағдырында, ұлттық болашағының іріктелуінде олар орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда мәдениеттің әлеуметтік салмағы мен бағыт – бағдарын пайымдайтын, қазіргі қоғамға лайық ұлттық рухтың беріктігі мен биіктігін анықтайтын, оған ғылыми талдау жасайтын, сараптайтын уақыттың дұрыс келгенін ұғыну қажет.
Қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің руханияты және елдік мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты тарихы бар. Семей қаласының өткені әртүрлі кезеңдерді зерттеудегі нысаныға арқау бола алады. Семей қаласының рухани – мәдениетінің даму шегі ХVIII ғасырдың 50-ші жылдарынан басталғанымен, кеңестік кезең мәдениет пен өнерді, ұлттардың өткен мұраларын, олардың тарихын топтық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай – ақ осы ұстанымға сай мәдениет жасауға бет бұрды.
Соғыстан кейінгі жылдар идеологиясындағы қала өміріне қатысты тұста оның мәдениетінде ұлттық салт – сана, дәстүрлі, оның табиғылығын өркендету мүддесі болмағанымен, бұл жағдай кеңестік мәдениеттің әмбеге ортақ жүйесін қалыптастырып үлгерді. Осының нәтижесінде қала өмірінде бірнеше ұлттар мәдениетінің аралас калориді тұрақтанып, қазіргі түзеуі қиын келеңсіз құбылыстарға алғышарттар негізін туындатты.
Қазақстанның қазіргі
болашағының айқымдалу
Алайда, біраз жылдың көлемінде жаппай жабылу құрбанына тап болған қала өмірінің мәдени орталықтары кітапхана, киноүйлері, мәдени үйлерінің сол кездегі тағдыры анағұрлым жанданған өмір салтында жұмыс жүргізгенін де бүге кетуге болмайды. Жұмысшылар мен қала еңбеккерлері, жастар, студенттер мен тұрғындардың рухани өмірінің бірыңғай бет – белесінің тіршілігін құраған мұндай мәдени ошақтар жұмысы «кеңес құрылысшыларының» «коммунизмге» деген жарқын болашағын жігерлендіру мақсатында жоспарлы түрде үздіксіз жұмыс жүргізіп тұрған еді. Кеңестік салт – сананы сіңірудің бұл мәдени құралы іспетті орталықтарда ұлттық мүддеге салт қылаң берген шара болған болса ол «тап жауларының пиғыл әрекеті» ретінде «кемелденген социализм» тұсында да ашық айыпқа ұрынды.
Сондықтан Семейдің рухани орталық ретіндегі тарихына қатысты мәселенің негізі – оның нендей шаралар жағдайымен ұштастырылғандығын, қоғамда қалыптасу ортасының деңгейілігін, даму ерекшеліктеріндегі жетістіктер мен кереғарлықтардың бөлу сипаттылығын анықтаумен сабақтаспақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданған, Шоқан Уәлихановтың досы Николай Абрамов 1860 жылы «Областной город Семипалатинск» деген еңбек жазып, баспаханаға тапсырады, ол Санкт – Петербург қаласында 1861 жылы жарық көрді. Н.Абрамов қаланың рухани өрлеуіне ат салысып, Ш.Уәлихановтың орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылдануына жәрдем береді.
Петр Петрович Семенов Тянь – Шаньскийдің бірнеше томдардан тұратын географиялық суреттеме жазбалары Санкт – Петербург қаласында 1903 жылы жарық көрген. Еңбектің 18 – ші томы қазақтарға арналған. Ішінде Семей де бар.
Ағылшын саяхатшысы, Кембридж университетінің түлегі Томас Уильям Аткинсон (1799 – 1861жж.) Семейде болған Оны бұл жерге ертіп әкелуші Нұралы ханның ұлы, Ресей патша үкіметінің полковнигі, ұлы жүздің аға сұлтаны Тезек Нұралин мырза еді. 1867 жылы Лондон қаласында И.У.Аткинсонның «Саяхат» атты кітабы шығады. Мұнда Семей туралы жазылып, Семей қазақтарының тұрмыс – тіршілігі мен салт – дәстүрі, мәдениетіне өте жақсы баға берілген [27,3 б.].
1875 – 1882 жылдар аралығында Е.П.Михаэлис облыстық әкімшіліктің құрылу жобасы мен аймақтың жағдайы туралы жыл сайын берілетін есептің жобасын құрастырды. Е.П.Михаэлис жергілікті қазақ халқына үлкен бір сүйіспеншілікпен қарап, олардың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, өмірін зерттеді. Қызмет бабымен Семей ауылдарын аралап, қазақ билері мен старшындарының съездеріне қатысып, өзіне көптеген қазақ достарын тауып, қазақтың руханияты мен мәдениетіне қатысты мақалалары «Записки Семипалатинского подотдела Русского географического общества» деген ғылыми академиялық еңбекте жарық көріп отырды 10,13б.].
Қазақстанда мәдени – ағартушылық тарихына байланысты еңбектер өте аз. Республикада алғаш рет осы тақырыпты ғалым – педагог Т.Т.Тәжібаев «Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века» (1962ж.) деген еңбегінде қарастырады. 1975 жылы Е.Н. Шмелев пен Н.К.Дәулетовтың «Из истории библиотечного дела в Казахстане» атты брошюрасы жарыққа шықты. Мұнда революцияға дейінгі Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жайлы сөз қозғалады. Қазақстандық тарихшы В.З.Галиев өзінің «Ссыльные революционеры в Казахстане» атты монографиясында мәдени ағартушылық мекемелердің іс - әрекеттеріне тоқталса, А.М.Кимасов өзінің «Деятельность статистических комитетов Казахстана и их роль в изучении края. 1877 – 1917гг.» атты кандидаттық диссертациялық жұмысында Семей қаласындағы статистикалық комитетінің жұмысына сараптама жасап, баға береді.
Революцияға дейінгі рухани – мәдени орталықтардың (мұражай, кітапхана, қалалық статистикалық комитет т.б.) қалыптасуы мен дамуын зерттеуде ерекше орынды Ж.Қ.Қасымбаевтың төмендегі монографиялық зерттеулері алады: Семипалатинск в канун Октябрьской революции. Алма – Ата, 1984; Семипалатинская крепость. – В кн.: Семипалатинск. История городов Казахстана. Алма – Ата, 1984; Под надежную защиту России. Алма – Ата, 1986; Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение. Алматы, 1995[34,7-8б.].
Ел өткенін жан – жақты өзекті мәселелерде зерттеп, ғылымға саналы үлес қосып жүрген атақты ғалым және Отанымыздың бірқатар марапаттарына иегер Ж.Қ.Қасымбаевтың қалалар тарихына қатысты зерттеулерінің көтерген мәселелері, ондағы жасалынған тұжырымдар, сондай – ақ олардағы деректік қисын ауқымды деуге болады. Оның зерттеулерінде Семей қаласының қазан төңкерілісіне дейінгі кезеңдегі тарихы, қазақстан қалаларының ішіндегі Семейдің рухани – мәдени орталық ретіндегі рөлі, қаланың бекеніс ретінде салынуының саяси астары сияқты мәселелер дерегі жеке талдау арқылы беріледі.
Семей қаласының 250 жылдығына арналған С.Анисимов пен Г.Бутлердің қосалқы авторлығымен жарияланған «Семипалатинску 250 лет» атты еңбек ауқымды кезеңдегі қаланың іргетасы қаланғаннан бастап әр-түрлі саясат үстем болған тұстардағы қоғам өзгерістеріне тоқталу, қала тарихына қатысты мәдени ескерткіштерге баға беру кеңестік дәрежелеу көзқарасында болса да қарастырады.
Республикалық ғылыми журнал мен газет беттеріндегі мақалаларда қаланың мәдени тарихының өзекті мәселелерін қамтитын бірқатар жәйттар қарастырылады. Д.Сейсенұлының «Егемен Қазақстан» газетінде 2000 жылы 1 қаңтарда жарық көрген «Көне ғимараттарға тіл бітсе» атты мақаласында Семей қаласындағы көне ғимараттарға журналистік зерттеу жүргізу арқылы оларға қамқорлық көрсетуге қатысты өзекті мәселелер тілеген ағытады [16, 7-8б.].
Бұл тоқталған монографиялық деңгейдегі зерттеу жұмыстар мен ғылыми мақалалар қалалар тарихының өткенін жаңғыртып, болашақтағы келелі мәдени – рухани мәселелерін шешуде арқау боларына бұлардың нақты тұжырымдар екендігіне сенім білдіруге болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері көтерілген мәселенің өзектігі мен қарастырылу дәрежесіне тікелей қатысты туындайды. Тақарыпты ашу барысында оған қатысты жүйеленген, айтар ойға арқау болған құжат деректерімен айналысқа енген мәселелік бағдарға сүйене отырып, осы кезеңдегі қаланың рухани – мәдени тарихындағы бұрын – соңды жарыққа шықпай қалтарыста қалып келген аспектілерді ғылыми талдауда қарастырып, зерттеу мақсатының нысанасымен ұштастырылмақ. Осы мақсатты нысананы жүзеге асыруда бірқатар міндеттер туындайды. Бұл міндеттер былайша түзеледі:
- Қазақстанның ірі орталығы – Семейдің қазіргі кезеңдегі пікір қайшылығын тудыратын кейбір тарихи, мәдени және рухани мәселелерін ғылыми аспектіде табиғи тұрғыда бағымдау;
- XVIII ғасырдың 50-ші жылдарынан бастау алатын мәдениет ошақтарының даму қарқынын жүйелеу;
- «кемелдеген социализм» дәуіріндегі қалалықтар өміріндегі рухани мәдениеттің кембағалдануын нақты дәлелдермен көрсету;
- Қала мәдениетіне қатысты
- Семей қаласының мәдени –
рухани жағдайын объективті
- Қасиетті Семей елінен шыққан алып тұлғаларды зерделеп, олардың қала мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесін, анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының методологиясы. Тарих ғылымының ұлттық рухын танып білуге дейінгі кезеңде қатып қалған нысана, жалпы танымдық тәсіл – марксизм – ленинизм «ғұламаларының» қандай қарастырылатын мәселеге болмасын қатысты жүзеге асқаны белгілі. Бұл алдыңғы үстем болған қоғамдық жүйедегі қандай ғылымдағы жаңалықтың болмасын анықтаушы ұстаным тәсілі болатын. Ал қазір ел өткенінің тарихын жаңартуға және мәдени – рухани шынайылықты қалыптастыруға қажет тәсіл және оның жаңа айналысқа енуші деректік қорын қарастыруда орын алатын түзу методологиялық негіздің қажет екендігі нақты. Қазіргі өркениетті елдер ғылымын жетістікке жеткізіп, көпшілік сұранысымен қанағаттандырылып жатқан еркін ойлау қабілеттілігіне сүйенген ғалымдар еңбегіндегі және отандық тарихшылардың шынайы көзқарас, табиғи болмысқа сүйенген зерттеулеріндегі үлгі методологиясы басшылыққа алынды. Қазір сондай – ақ тарихи деректі сұрыптауға сүйенетін контент – анализ тәсілі мәселеге жүйелілік әкелері сөзсіз.
Зерттеудің деректік негізін бірқатар құжаттар мен материалдар жинағы, сондай – ақ мұрағат қорларындағы бұрын айналысқа енбеген мәселеге қатысты деректер құрайды. Әрине бұл мәліметтердің тақырыпты ашуда берері мол. Бұрынғы Семей облыстық мемлекеттік және партия мұрағаты қазір Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарих құжаттарының орталығы деген атаумен өзгертілген. Бұл орталықтан алынған мұрағаттық құжаттар жиынтығы Семей өңірінің мәдени – рухани орталық ретіндегі дәрежесін анықтауда және зерттеу жұмысының негізгі деректік қорын жасауда құжаттар жиынтығын құрайды.
Ресей империясы құрамында және Қазақ КСР-і болған тұстағы біршама халыққа білім беру, оқу орындары және мәдени орталықтардың ашылуына байланысты мәліметтерді құжаттық және материалдық жинақтардан қарастыруға болады.