Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.
КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Жетпіс жылға жуық ғұмырында майталман ақын ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында ел басындағы, халық өніріндегі әр алуан оқиғалардың, ұлы өзгерістердің куәсі болып, оларды өз жырларына өзек етті.
Сапарғалидің еңбек адамдарының жаңа замандағы қол жеткен табыстарын, шыққан биіктерін, жаңа тұлғалар бейнесін сондаған, әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елдің елдігін, ердің ерлігін ақсатата жырлаған азаматтық әуен мен отаншылдық сезімге толы өлең – толғаулары мен этикалық дастандары, айтыс арнаулары ұлттық поэзиямыздың айтарлықтай табысына айналды.
Сапарғали Әлімбетов 1883 жылы сәуір айында бұрынғы Семей қарасты Жарма ауданында дүниеге келген. Әкесі Әлімбет момын шаруа, ескіше хат танитын сауаты бар, өлең – жырға, әзіл – қалжыңға әуес, сергек ойлы, білімдар адам болған. Анасынан туа жетім қалып, жасы оннан асар – аспастан әкесінен айырылған Сапарғали немере ағасы Жақыпжанның қолында, жетімдік пен кедейліктің зардабын тартып, өмір тәлкеген көп көріп өседі. Алайда, көкірегі ояу, өр де асқақ сезім иесі тағдырдың қатаң сабағасына мойынай, қасқая қарсы тұрды. Әкесі тірі кезінде алғаш ескіше білімін өз бетінше жетілдірген олғыр бала, ел аузындағы қисса – дастандарды тез ұғып алып, жатқа айтып жүрген.
Езілген халықтың ауыр, азап өмірін көзімен көріп, сол өмірді өз басынан кешкен Сапарғалидың таптық сана – сезімі ерте оянып, алғашқы қадамынан бастап, жауыздықты даттайтын, әділетті жақтайтын, алған бетінен қайтпайтын шыншыл ақын болды [43, 15 б.].
Әсіресе, Абайдың тұңғыш шыққан жинаған Әріп ақыннан алып, қаталап келіп, мөлдір бастаудан құшарлана сімірген судай құшарта оқып, көп өлеңдерін жадында сақтап, ел арасына таратады. Бұл ретте ол: «балалық шағымнан менің сүйіп оқитыныным Абай шығармалары болды. Мен оны әрдайым өзіме ұстаз санадым. «Біржан - Сара», «Мәлике - Хасен», «Татьяна» сияқты ғашықтық жырларын кеше күндей астан, ұйқыдан қалып жаттаған күндерім болды. Менің мектебім осылар еді», - деп, өзінің Абайдың ақындық мектебінен нәр алған шәкірттерінің бірі екендігін айтып өтеді.
Жалпы, халық поэзиясы өкілдерінің шығармашылық әлемі кемелденіп, айрықша өсе түскен бір шағы – Ұлы Отан соғысы жылдары. Ел басына күн туған шақта ақын облыс, ақындарды тынбай аралап жүріп тыс еңбеккерлерінің рухын көтерер жігерлі жырларымен жұртты ауыртпашылыққа мойынай, еңселерін биік ұстап, алынбас қаналдай жауға тұруға шақырды.
Сапарғалидың айтыскерлік қырының да жарқындай көрінуі осы қаһарлы жылдармен сәйкес келді. Соғыс өрті лаулап тұрған шақта Қазақстан жазушылар одағының жанынан құрылған халық ақындар бөлімшесінің басшылығымен республика көлемінде өткізілген халық ақындары арасындағы жыр додасына түсіп, талай рет жүлделі орындардың иегері атанды. Ақынның Маясар, Қалқа, Есенсары, Қуат сынды ақындармен сөз жарыстары сол кезеңдегі айтыс әлемінен өзіндік орын алған дүниелер.
Ақынның сол тұста жеке басына ауыр соққы болған бір жай – жалғыз ұлы Маманның майданда қаза табуы, онсыз да денсаулығы нашар ол, қатты күйзеліске ұшырап, ұсына жан тебірентерлік бірнеше жоқтау өлеңдер арнайды.
Сапарғалидың ақындық ерел еңбегі сол кезде үкімет тарапынан жоғары бағаланып, екі рет құрмет грамотасымен марапатталса, 1946 жылы «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері атанады. Бұл сый – құрмет өмір тепкісін көп көрген ақынға күш – қуат бере рухтандырып, шығармашылық шабытын шарықтата түсті.
Ақын 1947 жылы «Ақжал» кенішінен өзінің туған жері «Еңбекші» колхозына қоныс аударып, елдің тұрмыс – тіршілігі, колхоз өмірі жайлы туындыларын өндірте жазды. Дегенмен, жастайынан өмірдің қатпар – қатпар қиыншылықтарына қақаталған, оның үстіне жалғыз ұлының қазасының қайғысы мен ауру меңдеген ақын 1956 жылы қазан айында өмірден өтеді.
Сапарғали Әлімбетовтың шығармашылық әлемі – поэзия халыққа қызмет етудің жарқын мысалы. Өз халқының өнер дариясынан еркін сусындап, бойындағы бар асылын жұртына жұмсаған, кезінде қоғамдық өмірдің зәру, көкейтесті мәселелеріне баса көңіл аударып, туындыларын халықтың ізгі ой – армандарымен астастырған Сапарғали жолы лайығымен бағалауды қажетсінетін жол.
Ұлы ақын Абай мұраларын ғылыми зерттеудің негізін салушылардың алғашқыларының бірі - Әбіш Жиреншин.
Мемлекеттік жауапты қызметкерді атқара жүріп ол ғылыми – зерттеу жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпай 150 таңдамалы мақалалар жазып, 8 көлемді монографиялар шығарған, ғылыми – экспедициялық, археологиялық зерттеулерге тікелей қатысқан, этнографиялық фильм түсірткізген [38, 4 б.].
Әбіш Жиреншиннің Абайтану саласында істеген еңбегі мұқият зерттеген адамға ұшан – теңіз. Менің негізгі айтпағым - Әбіш Жиреншиннің тікелей басшылығымен шыққан толық жинақ ұлы Абайдың өмірі мен қызметіне жаңа қырынан қарауға жетелейді. Оның адам болмысын тереңірек түсінуге жол ашады.
Әбіш Жиреншиннің жазған «ақынның өміріне» үңілсек, Абайдың өмірі мен творчествосы туралы көптеген адамдар қалам тербеген, солардың ішінде Мұхтар Әуезовтің монографиялық үлкен еңбегі ерекше орында екені және белгілі. Ал, Әбіш Жиреншиннің жұмыстарының ерекшелігі неде? Қандай жаңалықтар ашып, қосты?
Біріншіден, Әбіш Жиреншин Абайды туғызып, Абайды Абай еткен әлеуметтік – қоғамдық ортаны, тарихи себептерді тереңдетіп көрсеткен. Соның нәтижесінде кемеңгер адамның қалыптасып қана қоймай, адамзат ойының биігіне көтерілуін дұрыс түсінуге мүмкіндік ашады. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы динамикалық қозғалыста, үнемі даму үстінде көрсетіледі. Әсіресе, Абайдың өз алдына нақты да үлкен мақсат қоя алғандығын, шығармашылық бағытының түзу болғандығын, биіктен – биікке шығып отырғандығын айқын көрсетті. Яғни, зерттеуші жазбаларында логикалық жүйелілік ерекше басым.
Екіншіден, автор данышпан Абайдың орыс және сол арқылы әлем әдебиеті мен ғылымына батыл бет бұрып, олардан өзіне керегін барынша ала білгенін дәлелдейді.
Үшіншіден, Құнанбайдың Абайдай баласын дұрыс тәрбиелегеніне және адал, әділ, парасатты елбасшы болғанына әбден сендіреді.
Төртіншіден, Әбіш Жиреншин Абайдың ғалымдық – хакімдік дәрежесінде көтеріле алғанын айқанда «бұл қез ақынның орыс ғылымына ден қойып, мейлінше кемелденген уақыты еді», - деп түйіндейді.
Қазақ және орыс әдебиетімен өнер қайраткерлерінің Еуропалық ондаған зиялыларының риясыз адал еңбектерінің арқасында, халық пен ел азаматтарының тізе қосып, күш жұмсауының нәтижесінде ұлы Абай әділ бағасын, қазақ әдебиеті, мәдениеті және ғылымында өзіне лайықты орнын алып, алыс та жарқын болашаққа жол тартты.
Абайдың Абай екенін танытушы ғалымдардың арасында Әбіш Жиреншиннің отыр орны биік төр екеніне ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Ол Мұхтар Әуезовтың эстафета жалауын бірден іліп әкетіп, жерге түсірмеді. Әбіш Жиреншиннің артына қалдырған мұрасы мол. Ол энциклопедиялық білімді адам, абайтанушы, сыншы, этнограф, аудармашы, педагог, ақын. 100 жыл бұрын өткен Абай атамыздың лайықты мұрагер ізбасарындай. Әбіш Жиреншин «сүйінерлік ұл». Егер де ұлы державалық құрсау мен қатал да қатып қалған идеологиялық шырмау болмай, еркін еңбек пен жасампаз ой қызметіне анық жол ашылғанда Әбіш Жиреншин сияқты талай – талай саңлақ та тарлан қазақ азаматтары да даналық деңгейіне көтерілген болар еді деген ойға берілесің.
Біздің рухани, мәдени қазынамыздың қасиетті тай – қазандай тасытқан көне қалалардың бірі – Семей қаласы. Қазан төңкерілісінен кейін іле – шала «Алаш - орда» партиясы құрылып, осы жерде Алаш мемлекеті жарияланып, Семей қаласы оның орталығы аталды. Ұлтымыздың мақтаныштары - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов осы Семейде оқып, жігіттік шақтарын өткізген. Алаш туын осында көтеріп, алғаш рет тәуелсіздігімізді жариялаған. Соған қарамастан ұлтымыздың мақтаныштары – Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, С.Торайғыров сынды азаматтар Семейде білім алып, осы қалада тұрған.
Әдебиетіміздің үш алыбы – Абай, Шәкәрім, М.Әуезов осы Семей топырағында өшпес із қалдырды. Қазақ мәдениетіміздің мақтаныштары - Әміре Қашаубаев, З.Шашкин, кейінгілері Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, Е.Рахмадиев, Б.Жамақаев, М.Базарбаев, К.Сакиева, Ә.Өмірзақова, Т.Әбдірахманова, Қ.Мұхаметханов және т.б. көптеген ұл – қыздарымыз осы Семей өңірінің ұлағатты ұрпақтары. Тіпті ұлттық мақтанышымыз – Қажымұқан Мұнайтпасұлының да мұнда өшпес іздері қалған.
Сонымен, Ертіс бойын ұзына жайлаған Семей қаласы аттары әлемге жайылған асыл азаматтар мен даңқы шыққан қасиетті жер. Егер ресейліктер Санкт – Петербург қаласын Москвадан кейінгі өзінің рухани астанасы десе, біздің Қазақстанның рухани орталығы Семей қаласы болады деуге толық негіз бар.
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
Семейді еліміздің рухани орталықтарының бірі десек, ол негізсіз әңгіме емес. Айталық, алғашқы театрда, өлкетану мұражайы да, тұңғыш облыстық басылым да, баспахана да осында ашылып, тіпті футбол командасы да осында құрылған. Сондай – ақ Алматыдағы Жамбыл атындағы филармониядан кейін екінші филармония да осы Семейде ашылған. Өзінің рухани астана мәртебесін Семей қаласы Кеңес үкіметі кезінде де жоғалта қоймады. Оған дәлел оқу орындары мен студенттерінің көптігі жағынан Семей соңғы жылдарға дейін Алматы мен Қарағандыдан кейінгі үшінші орында тұрғандығын айту қажет, яғни сол кездің өзінде Семейден қазақтың иісі аңқып тұрды. Тоғыз жылдың торабында орналасқан, сонау патша заманынан губерния орталығы болып, келе жатқан Семей қаласын облысымен бірге жауып, оны Шығыс Қазақстан облысына қосып Өскеменді облыс орталығы ету де тегіннен – тегін емес шығар деп ойлаймын. Өйткені, Өскемен қазақ жері болса да, өндіріс қатты дамып, тым орыстанып кетіп еді. Енді оны «қазақтандырудың» жолы Семейді облысымен қосу деп шешкен болар үкімет басшылары. Әрине, бұл саясатта негіз бар, бірақ сол Өскеменге қазақтың тілін, дәстүрін дамытуда үлгі болар Семейіміздің өзінің жағдайы қандай? Енді аздап болса да осыған тоқталсам. Әрине, бұл мәселеде Өскеменге қарағанда біраз алға жылжу бар. Семей көшелері біртіндеп қазақшаланып келеді. Мысалы: Советская – Абай, проспект Комсомола – Б.Момышұлы, Маяковский – Шәкәрім даңғылы, М.Горький – Мамай батыр, Куйбышев – Қабанбай батыр көшесі т.б., бірақ рухани қала үшін бұл аз. Екі облыс қосылғанда да қасиетті топырақтағы көне де киелі қала Семейдің басынан бағы тайған жоқ. Әсіресе, соңғы бес – алты жылда қалаға әкім болып келген Қайрат Тұрлыханов, Амангелді Қажыбаев, Нұрлан Омаровтардың арқасында еңсесі көтеріліп, ілкімділікпен ілгерілеуге қадам басты. Облыс орталығы болмаса да, Семей тозбай, жыл санап құлпырып келеді, әсіресе жапондықтардың көмегімен салынған бір шақырымдық аспалы көпір Семейдің ең басты көзайымына айналды.
Семейдегі өнер ордаларының бірі филармония 1997 жылы облыстық концерттік – гастрольдік және бұқаралық ақпарат болып қайта құрылған. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарымен біріктірілген. Сол жылдары филармония құрамындағы ұлт аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбль жабылып тынған. Филармонияда қысқара – қысқара жиырма жақты ғана адам қалған.
Абырой болғанда, қазір оның бәрі өткен шақта айналып отыр. Соның айғағындай Бибігүл Төлегенова атындағы ұлт аспаптар оркестрі осыдан үш жыл бұрын, ал «Семей сазы» фольклорлық ансамблі өткен жылы қайтадан ашылды. Симфония оркестрі де қалпына келтірілген. Сөйтіп, бүгінгі таңда мұнда қызмет ететін жалпы өнерпаздардың саны 120-ға жетті.
Рухани байлықтың басқа бір саласы – алғашқы қазақ басылымы да Семейде шыққаны баршамызға мәлім. Бастауында Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов сынды ұлт мақтаныштары тұрған «Егемен Қазақстанмен» бірге бір жыл, бір айда шыға бастаған «Семей таңы» облыс таралып кетсе де қалалық басылым ретінде сақталып отыр. Осы Мұхаң мен Жүсекеңдер шығарған «Абай» журналы ұлы ақынның ұлы дүбірлі тойынан бері үзіліссіз шығып жатыр. Сондай – ақ Семей Мемлекеттік Педагогикалық институтының Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу орталығында тұңғыш рет «Шәкәрім» атты республикалық ғылыми педагогикалық журнал 2006 жылы қаңтар айында жарық көрді. Журнал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жылына төрт рет 1000 данамен шығады. Басты бағыты – ойшыл Шәкәрімнің көпқырлы шығармаларын жүйелі – кешенді зерттеу және насихаттау. Негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлт ойшылдық өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер жинақтап, жария ету.
Қазір Семей шаһарына келген әр адам алдымен Абайдың республикалық қорық – кешеніне, Достоевскийдің өлкетану мұражайына, Невзоровтардың көркем сурет галереясына бас сұқпай өте алмайды. Полковничий арасындағы атом сынағы құрбандарының ескерткіші, теміржол бекетіндегі Қабанбай батыр тұғыры, Абай көшесіндегі Абай ескерткіші, бірнеше тарихи үйлер бүгінгі Семейдің мәдени көркіне айырықша рең бере түсуде. Бүгінде қалада 80 орта мектеп, 14 колледж, 4 жоғары оқу орны мен институттарының бірнеше бөлімшелері жұмыс істейді. Ал жотасын ерке Ертіске төсеген ХХІ ғасырдың Аспалы көпірі шаһардың бүгінгі символы, елтаңбасына айналған. Олай болса киелі топырақта ізі, ұлы ұлдарымыздың сөзі қалған елдің қайта түлеуі заңды құбылыс. Әрбір қазақ Семейді қасиетті топырақ, ұлылардың мекені, мәдени – рухани Отанымыз ретінде бағалайды. Ендеше, сол бағаны бұрынғы қалпына келтіріп, халық ризашылығына бөленетін мезгіл жетті деп айтуға негіз бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда ғылым, өнер және білімнің рухани орталығы болып отырған ерке Ертістегі ежелгі Семей қаласының іргетасы 1718 жылы қаланып, тоғыз жылдың торабында тұрған сауда бекеті ретінде дами келе, кейінірек дала лық өлкенің әкімшілік орталығына айналды. Осы тұста білім беру жүйесі қалыптасып, 1833 жылы орыс және мұсылман оқу орындарының негізі болған алғашқы училище ашылды. Басты қоғамдық мекемелер ретінде халықтың оқулар, жексенбілік және бастауыш мектептер мен қалалық кітапханалардың негізі қаланды. Қаланың мәдени – рухани құндылықтары ретінде клубтар, кинотеатрлар, мәдениет үйлері, мұражайлар ашылған болатын. Осы атқарылған істердің нәтижесінде халықтың мәдени деңгейі артып, сауатсыздықтық біртіндеп жойыла бастады. Семей өңірінде ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Ресей қалаларымен деңгейлес медициналық, ауыл шаруашылық мекемелері мен археологиялық, геологиялық ғылыми қоғамдар қалыптасып, бұлардың барлығы келешек білім ордаларының негізі ретінде дамыды.