Семей-қазақстанның рухани астанасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа

Описание

Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

диплом Семей.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

«Жәрдем» баспаханасының кітаптарын тым арзан бағаға сатқан ағайынды Ниғматуллиндар шығын көбейген соң осы баспахананы 1915 жылы Омбыдағы бір орыс көпесіне сатпақ болады. Мұны естіген Семей қазақтары баспахананың осы шаһарда қалуын тілейді. Бұл Семейдің шылқыған байы, бірінші гильдиялы көпес Қаражан Үкібаевтың құлағына шалынды. Сонымен бұл миллионер көпес айтылған «Жәрдем» баспаханасын 11 мың сомға сатып алады. Сол заманда үш сомға көп саудаласпай – ақ базардан екі еліден қазысы бар семіз жылқы сатып алуға әбден болатын. Қаражан ылғи алтынға  баламалы валюта ұстайтын. Сол кезде баспахананың бағасы қаншаға бағаланғанын енді өзімізде шамалай аламыз.

Семейде ең алғаш 1917 жылы Совет үкіметі орнағанда «Жәрдем» баспаханасының меңгерушісі етіп революциялық комитет марксист және қызыл большевик комиссар, жоғары білімді мұғалім Нұрғали Құлжановты тағайындады. Кейін шабуылға шыққан ақ банда Колчак Семейді басып алды. Қызылдар шегінді. Осындай жағдайда баспахана қызметкерлері жабдықтарды буып – түйіп Ертіске лақтырып жіберудің қамына кірісті. Бірақ мұндай іске баруға Нұрғали Құлжанов тыйым салды. 1917 жылдан бастап «Жәрдем» алашордашыл бағыттағы «Сары Арқа» газетін басып шығара бастады.

Атақты ғалым, тарих  ғылымдарының кандидаты Әбусағит Мұсылманқұлұлы Жиреншин (1913 – 1975жж.) Колчак үкіметі құларда Семейде Нұрғали Құлжановты 1919 жылы ақтар атып өлтірді деді. Оны көрсеткен кісі Семей алашордасының мүшесі болып шықты. Сөйтіп, «Жәрдем» баспаханасының меңгерушісі 53 жасар Нұрғали жау қолынан қаза тапты.

Ал енді «Жәрдем» баспаханасын ұйымдастырушылардың тағдыры қалай болды дейтін сұрақ туындайды. Баспахананы алғаш ұйымдастырушы басшысы Сыдық Ниғматуллин 1920 жылы аяқ астынан көз жұмды. Юнус Ниғматуллин Қазақстанда тұңғыш рет «Ярыш» атаулы футбол командасын 1913 жылы ұйымдастырған. Өзі Мұхтар Әуезовтан бір жас кіші болса даонымен дос болып, футбол командасында бірге ойнаған. Юнус Ниғматуллин Омбы кадет корпусын оқып бітірген офицер, әрі Алаш Орданың мүшесі болған. 1920 жылы алашордалықтар құғындала бастағанда Юнус Ниғматуллин Қытайға өтіп кетпек болып, Шәуешек қаласының тұсында шекарашылар атқан оқтан қаза тапты. Зираты да әлі белгісіз. Ұлының қаза тапқанын естіген Садық Ниғматуллин жүрек қан қысымы көтеріліп көз жұмды.

Сұлтан Ниғматуллинді  бай болса да Совет үкіметі түрмеден босатты. Оған себеп – Семей жұмысшылары «оны тұтқындаңдар біз көтеріліске шығамыз» деді. Сұлтан кедей – кепшікке өте көп қарасып ешқашан ақша алмаған, қолы ашық, ақкөңіл кісі болды. 1947 жылы 63 жасында Сұлтан ауырып, дүние салды. Ал Хасан Ниғматуллин 1936 жылы 60 жасында ұзақ ауырып, содан қайтыс болды.

Ал енді апалы –  сіңлілі әріп теруші Легиналарға келсек, Клавдия Герасимовна Арғын елінің бір қазағына күйеуге шығып, оған бес ұл тауып беріп, мұсылман дінін қабылдады дейтін дерек бар. Ал Евдокия Герасимовна егделеп қалғанда бір қазақтың ақсақалына күйеуге кеткен.

Ең алғашқы «Қазақ тілі» газетінің номерлері «Жәрдем» баспаханасында басылып шықты. 1924 жылдан бастап Семейде айтылған баспаханада «Таң» деп аталатын журнал, 1913 жылы Баймағамбет Айтқожаұлының «Шын мақсұттар» атты өлеңдер жинағы шағын тиражбен жарық көрді. «Жәрдем» баспаханасынан шыққан кітаптар Семейдің ірі сауда дүкен ұстаған байлары ағайынды Көпбай, Бесбай Байсовтардың дүкендерінде саудаланды.

«Жәрдем» типографиясын Үкібаев сатып алған соң баспахана ғимараты Михаил Илларионович Малышев дейтін екінші гильдиялы көпестің үйіне көшірілді. Айтылған ғимарат әлі бар. Ол Семейдің шұлық фабрикасы. Мұнда көпестің өзі тұрды әрі азық – түлік сататын дүкені болды. Ішіндегі бос бөлмелерде газет, журнал басып шығару ісі қолға алынды. «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газеті осы ғимаратта басылды. Журнал беттерін және жайып қойып жалпағынан басатын «американка» дейтін баспа машинасы болды. Содан кейін журнал беттері номерленген саны бойынша желімделіп, түптеленетін болды.

1931 жылы Семейдің 1850 жылы  ұйымдасқан баспаханасына қаладағы  барлық баспаханалардың жабдықтары  берілді. «Жәрдем» баспаханасының  жабдықтары да соның ішінде  кетті. Қызмет штаттары қысқарды. Енді кез – келген газетті  Семей облыстық №16 баспаханасы басып шығаратын болды. Кейіннен әр облыстардың облыстың газет шығаруға деген қажеттіліктері туындайды. Осы кезден бастап Семей қаласы олардың баспаханаларын толық жабдықтап, енші бөлып беруге міндеттелді. Яғни, бұдан шығатын қорытынды біздің өлкемізде баспаханалардың даму тарихы Семей қаласындағы алғашқы баспахана – «Жәрдем» баспаханасынан бастау алады. Бұл іс  ойдағыдай орындалғанымен Семей облысына жөнді үлес тимей, жүген ұстап қалды. Сол бір жылдары елді аштық жайлап берекесі кете бастаған кезең туған. Осы себепті біздің қаламыздың баспаханашылары үкіметтен көмек сұраған жоқ. Есі шыққан семейліктер ешкі жинап, бұрыннан игерген ата кәсібі – темекі егуді қолға алды. Сөйтіп, оны Қызыл Армияға махоркаға өткізді. Осыдан түскен қаражатқа облысқа деп жаңа баспахана жабдықтарын сатып алды. Бүгінде біздің қаламызда «Жәрдем» баспаханасының үлкен іс жүргізу қағаздарының сыртқы қорабы ғана қалды. Ал ішіндегі құжаттарды баспахана сатылғанда салық инспекциясы алып кеткен. Осындай тағдырды басынан кешірген «Жәрдем» баспаханасы тарих беттерінде қазақ елінің тұңғыш баспаханасы ретінде қалды.

Семей қаласында баспахана  ісімен қатар жергілікті баспасөз құралдарының қалыптасуы қаладағы мәдени мұралардың өркендеуіне өз үлесін қосты. Баспасөз – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани – мәдени өмірінің айнасы. Бұл жайында заманымыздың кемеңгері, ел қамы үшін күрескен қазақ зиялыларының бірі, көрнекті публицист Ахмет Байтұрсынов: «Әуелі, газет халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ сықылды», - деп айтқан болатын [50, 5 б.].

ХІХ ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың басында Семей қаласында  шыққан газет – журналдарда басылған материалдар Семей өңірінің революцияға дейінгі тарихын, шаруашылық жайларын, саяси, әдеби – мәдени тіршілігін кеңінен қамтитын дерек көздері.

ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың 1919 жылдарына дейінгі аралықта Семей өңіріндегі мерзімді баспасөз тарихын төрт кезеңге бөлеміз:

Бірінші кезең – ХІХ  ғасырдың 1860 жылдарынан 1904 жылға дейінгі  аралық;

Екінші кезең – 1905 – 1907 жылдар аралығы. Ресей империясындағы саяси өзгерістерге байланысты Семейде  төрт баспахана жұмыс істеген, осы  баспаханалардың дүниеге келуі мен жабылуы;

Үшінші кезең – 1908 – 1917 жылдар аралығын қамтиды.

Төртінші кезең – 1917 – 1918 жылдар арасы. Түрлі таптың, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен жергілікті саяси оқиғаларға байланысты басылымдардың пайда болуы.

Семей өңіріндегі алғашқы басылымдарды жарыққа шығару тарихы жоғарыда аталған «Жәрдем» баспаханасы кезеңінен бастау алады. Аталған облыстық баспаханада 1863 жылы 3-ші қаңтарда «Публикации о Семипалатинской области» атты алғашқы басылым жарық көрді. Мұнда үкіметтің жарлықтары, губернатордың бұйрықтары тұрақты жарияланып тұрды.

Келесі ресми «Семипалатинские областные ведомости» басылымы 1870 жылы ресми және бейресми екі бөлімде, аптасына бір рет, облыстық басқару  бөлімінің органы болып шығады. Бұл  басылымда өлкетану тақырыбына арналған материалдар мен Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семейдегі жұмыстары жөнінде деректер жарияланып тұрған.

Ф.Тремеров, К.Коншин атты адамдар редакторлық қызметін атқарған «Семипалатинские областные ведомости» газетінің шығу кестесінде 1918 жылы ақпан – шілде айларында ғана үзіліс болып, 1919 жылдың соңына дейін шығып тұрғанын аңғаруға болады. Бұл газет 1890 жылы «Акмолинские областные ведомости», «Семиреченские областные ведомости» газеттерімен бірлесе жұмыс істеп, қосымшасы осы аталған аймақтарға тараған.

1897 жылдан бастап «Памятная книжка Семипалатинской области» атты басылым облыстық статистикалық комитеттің басшылығымен жыл сайын шығып тұрған. Аталған басылым сол тұстағы елдегі әр түрлі қоғамдық – саяси, экономикалық, мәдени жаңалықтардың хабаршысы болды.

ХХ ғасырдың басындағы  қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардың  көпшілігі Семей өңірінде жарық  көрген. Себебі, Семей қаласы Ресей  империясы кезеңдегі саяси - әкімшілік, мәдени – экономикалық орталықтардың  бірі болды. Сондай – ақ бұл аймақ озық ойлы зиялы қауымның шоғырланып, шыңдалған ортасы болғанын да айта кету керек.

1906 жылдан бастап «Памятная  книжка», «Адрес - календарь» бірігіп,  ортақ «Памятная книжка и адрес  - календарь» деген атпен 1915 жылға  дейін жарық көрді. Аталған басылым сол кездегі қоғамдық – саяси, шаруашылық жайындағы мәселелерге, насихаттық жұмыстарға араласпай, тарих үшін аса қажетті деген мағлұматтарды жариялап отырған.

1906 жылы желтоқсан  айында Семей өңірінде «Семипалатинская  жизнь» деп аталған тағы бір  жаңа басылым С.А.Косаревтің редакторлығымен дүниеге келді. Басылым еліміздің қоғамдық – саяси өмірінен жұртшылықты хабардар етуді негізгі бағдар етіп ұстай отырып, халықты сауаттандыруды, жалпы ағартушылық жұмыстарды жүргізуді қолға алды. Газет өзінің алға қойған негізгі мақсаты туралы газеттің алғашқы санында былай деп көрсетеді. «Примерение интересов всех народностей, населяющих область, обеспечение кочевому население возможности приобщения к общечеловеческой культуре с наименьшим потрясениям своеобразно сложившегося уклада его жизни, широкое просвещение всего населения и обеспечения ему на равных основаниях участия в организации местного самоуправления» - деп жазылған [50, 6 б.].

1907 жылы «Семипалатинская  жизнь» басылымы шығуын тоқтатып, сәуір айында К.М.Рычковтың редакторлығымен «Прииртышский край» газеті жарық көрді. Бірақ та газеттің өмірі бір айға ғана жетті. Осылайша ұлт мүддесін қолдаған газет жабылып, өз мақсаттарына жете алмады.

Өлкеде орыс тілінде  шығып тұрған революциялық бағыттағы  басылымдардың бірі – Қазақстандағы тұңғыш кәсіподақтардың органы - «Трудовая жизнь» апталық журналы болды. Оның бірінші саны 1907 жылы 25 наурызда Семейде шықты. Алғашқы санындағы бас мақаласында редакция өзінің алға қойған мақсатын: «Ең алдымен еңбекші халықтың хал – жағдайын анықтау және мүддесін қорғау болды» - деп мәлімдеді [50, 6б.].

1908 – 1912 жылдар аралығында  «Областные ведомости» газеті  шықса, 1913 жылдың басында халық  арасына хабарлар таратумен Санкт  – Петербург телеграфтық Агентігінің  органы ретінде күнделікті «листоктар» шығарылған.

Мерзімді басылымдардың  тағы бір тобы 1915 жылы 1 шілдеде «Семипалатинский край», ал 1916 жылы 11 қыркүйекте Сафроневскийдің  басқаруымен шыққан «Семипалатинский голос» газеттері.

Ақпан төңкерісінен кейін  Семей қаласында дүниеге келген «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналы ұлт қамын ойлап, қазақ халқының саяси белсенділігінің артуына өзіндік үлес қосады. Бұл қазақ зиялыларының демократиялық жолмен өзін - өзі басқаруға құлшынысының жарқын көрінісі еді.

«Сарыарқа» газеті 1917 – 1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған. «Сарыарқа» газетінде ерекше мәні бар, елдің тұрмыс – тіршілігін, елде болып жатқан жағдайларды көрсететін мақалалар көптен жарияланды.

«Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ  зиялыларының арасында 1914 жылдың өзінде – ақ қабыл алынып, ұлы ақынның қазасының он жылдығына байланысты Семей қаласында өткізілген үлкен жиын үстінде көтерілген болатын. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және патшалық Ресей тарихынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуіне орай журнал шығару жұмысы кейінге қалған.

Бұл армандарына қазақ  зиялыларының қолы тек 1918 жылы жетті. Осы  жылдың ақпан айының 4 жұлдызынан бастап «Абай» атты ғылыми, әдеби, шаруашылық журнал белгілі жазушы Ж.Аймауытовтың редакторлығымен Семей қаласында шыға бастады. «Абай» журналының небәрі 11 саны шықса да, мол дерек, ақпараттар, субелі де жүйелі ой – пікірлер жарияланып үлгерген. «Абай» - Семей қаласында оқып жүрген қазақ жастарының бірлескен «Уақ қарыз» серіктестігі қаражатымен шығарылған әдеби журнал.

1917 жылы маусымда «Мәдениет» қоғамы татар тілінде «Халық сөзі» газетін шығарады. Газеттің редакторлық қызметін Ғариф Мусин атқарған. Аталған басылым Кеңес үкіметіне қарсы бағыттағы газет делініп, 1919 жылдың қараша айында жабылды.

Ресей империясы кезіндегі жергілікті әкімшілік органдарының ресми органдары болып табылатын газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік – шаруашылық және мәдени – ағарту мақсатын ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық – жарлықтарын, ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеген.

Дегенмен, Семей өңірінде мәдениеттің дамуына қаладағы газет  – журналдарының пайда болуы  елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап және оның редакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздап отырған басылым беттерінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, жаңадан ашылған мектептер туралы мәселелерде көтерілген. Қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына арналған мақалалар да басылып тұрды.

Информация о работе Семей-қазақстанның рухани астанасы