Семей-қазақстанның рухани астанасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа

Описание

Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

диплом Семей.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

Ресей империясынан қашықтығы, қытымыр ауа – райы, халық аз қоныстанған бұл аймақты патша өкіметіне жер аударатын орынға айналдырды. Желтоқсаншылыр,  поляк көтерілісшілері, патша көңілінен шықпаған ақын – жазушылар, әскери адамдар бұл жерде көп жылдар бойы өлкенің интеллектуалды тобы ретінде қалыптасты. Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис, халықшылар Н.Долгополов, С.Гросс, А.Блек, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин қаланың рухани мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал етті.

1854 – 1859 жылдар аралығында  Семейде болған Федор Достоевский  онда өзінің әйгілі «Записки  из мертвого дома», «Дядушкин  сон», «Село Степанчиково и его  обитатели» атты шығармаларын  жазды. Сол жылдары ол қазақ  халқының талантты ұланы Шоқан  Уәлихановпен танысып, ұлы Ресей мен ұлы даланың перзенттері шын достықтың символы болып тарихта қалды. Бүгінгі күні Достоевскийдің мұражай – мемориалының  алдында тұрған  мүсін сол достықтың мәңгілік ескерткішіндей.

1855 жылы Ахмет Риза  медресінің табалдырығын жасөспірім  Абай аттады. Бұл оның әлемдік кеңестікке қанат қаққан қасиетті тұғыры іспетті. 1904 жылы Қазақстандағы тұңғыш мұғалімдер семинариясы ашылып,онда 1914 – 1919 жылдар аралығында дүниежүзі таныған «Абай жолы» эпопеясын жазушысы Мұхтар Әуезов дәріс алды.

Қаланың рухани орталық болып қалыптасуына қосқан алдыңғы қатарлы зиялы қауымның үлесі үлкен. Солардың қолымен уақыттың баға жетпес құндылықтары жасалды. Атап айтқанда М.И.Суворцев, А.Н.Белослюдов, Н.Я.Коншин т.б. көптеген кітап қоры мен тарихи дүниелер жинады, 1883 жылы мұражай мен кітапхана ашты.

Рухани байлық жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жалғасып пайда болады. Мәселен, бүгінде бір жарым ғасырға жуық тарихы бар өлкетану мұражайының іргетасын қолауға ұлы Абайдың өзі тікелей бас болып үлес қосқан. Ал сол Абайдың өзіне Семейде ғұлама Мұхаңның бастамасымен ашылған мұражайға да алпыс жылдан астам уақыт өтті. Оның қала ішіндегі ақшаңқан қалашыққа айналғаны күні кеше ғана. Мұнан кейін ұлылар еліне Елбасының бастама – қолдауымен М.Әуезовтың 100 – жылдық тойы ЮНЕСКО шеңберінде дүркіреп өтті. Онда «Алаш арыстары» атты мұражай салынып, қатарға қосылды. Бұл бір ғана семейліктерге ғана емес, жалпы ұлтымызға қажетті баға жетпес құндылық деп білеміз. Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу мұражайының қызметі өнер сүйгіш семейлік азаматтардың арқасында мүмкін болған шаруа. Қазірде «Семей Третьяковкасы» деп аталатын бұл мұражай байлығы бүкіл еліміздің рухани ортақ игілігіне айналуда. Өткен жылы мұражайдың көшпелі көрмесі еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіндегі екі астанада өнер сапарымен болып қайтты. 2002 жылы қаламыздың рухани өмірі тағы бір жақсы жаңалықпен толығып, мұнда республикамыздағы тұңғыш баспахана мұражайы ашылды.

Орыс халқына Пушкин, неміс халқына Гете қандай қымбат болса, мың өліп, мың тірілген қазақ халқына өз зиялылары да сондай қымбат. Солардың қатарында Абай есімі тым ерекше, тым айрықша. Мысалы, орыс халқы Толстойдың Ясная Полянасын көздерінің қарашағындай сақтап келеді. Ендеше, қазақ халқының тағдыры, болашағының жанымен қам жеген Абай жері, ақын елі, қазақтың қаймақтай ұйып тұрған кең даласы мен Абайдың қабірі, қасиетті аруағы жатқан топырақ та Ясная Полянадай мәртебе алуға тиіс.

Алаш астанасы аталған  Семей шаһарының өткеніне, тарихи дамуы мен бүгінгі өміріне  зер салып, талдау жасайтын болсақ, оның өсу жолына,  мәдени  дамуына сүбелі үлес қосқан  азаматтар да, азаматшалар да аз емес. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатқан бүгінгі тәуелсіз, егеменді еліміз сол боздақтарымыздың есімін биік шыңға көтеріп, ардақтарын қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді – ау деген пікірді айтқым келеді. Күні кеше ғана ортамыздан кеткен, бірақ артына өлмес сөз, өшпес із қалдырған Екейбай Қашағанов, Жақия Шайжүнісов, Тамара Назарова тәрізді ұрпақ тәрбиесіне, ұлт болашағына үлкен қамқоршы болған ардақты азаматтарға құрмет ретінде қаламыздың көрнекті көшелерінің бірін солардың атымен неге атамасқа?! Оқу  орындарына сол кісілердің есімдерін берсек, ұлтымыздың ұлттық қасиетін, бауырмалдық жүрегін ұмытпағанымыз  жөн болар деп ойлаймын.

Кейінгі жылдарға дейін  ұлан – ғайыр бір облыстың орталығы болған Семей қаласының мән – маңызы мен қадір – қасиеті екі облыс қосылғаннан кейін де кеміген жоқ. Керісінше, Семей күннен – күнге құлпырып, дами түсуде. Жапон жобасы бойынша салынған аспалы көпір өте сирек кездесетін құбылыс. Ол тек Ертіс жағалауларын жалғап тұрған жоқ, жаңа ғасырға салынған жол іспеттес. Осыдан рухани байлығы ортаймаған елдің болашаққа деген толық сенімділігін көре аламыз.

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Әуезов М. Абай Құнанбаев: монографиялық зерттеулер мен мақалалар /М.Әуезов.-Алматы: Санат, 1995.-320 бет.

2.Бисенов Х. Из истории  развития науки в Советском  Казахстане /Х.Бисенов.-Известия: АН КазССР, Сер.История, археология, этнография, 1961,-вып.3.-86с.

3. Дәдебаева Ж. Қазіргі  қазақ әдебиеті /Ж.Дәдебаева.- Алматы: Қазақ университеті,  2003.-284 бет.

4.Долженко З.И. Годы огневые: [годы гражданской войны в Семипалатинской области] /З.И.Долженко.-Алматы: Рауан, 1987.-80с.

5. Дүкенбаева З.О. Қазақстандағы  ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы шығармашылық  интеллигенцияның қалыптасу тарихынан /З.О.Дүкенбаева.-Алматы: Ғылым, 2001.-96 бет.

6.Ерсәлімұлы Б. Көргенім, көңілдегім /Б.Ерсәлімұлы.-Алматы: Рауан, 1997.-208 бет.

7.Жанайдаров О. Моя  страна Казахстан /О.Жанайдаров.-Алматы: Балауса, 2002.-160с.

8. Жаны мен жады  халықтың: Шығыс Қазақстан мәдениеті. У-К: ИЦ «Светоч», 2003.-304с.

9. Зырянов И.С. Верхний  Иртыш / Н.С.Зырянов.-Новосибирск:  М-во транспорта РФ, 2003.-214с.

10.Касымбаев Ж. Старший  султан Кунанбай Оскенбаев и  его окружение /Ж.Касымбаев.-Алматы: ТОО Из-во – «Кітап», 2004.-208с.

11.Касымбаев Ж. История  города Семипалатинска (1718-1917гг.) /Ж.Касымбаев.-Алматы: Рауан, 1988.-211с.

12.Қамзин К. Е.П.Михаэлистің  журналистік қызметі /К.Қамзин.-Алматы: Қазақ униваерситеті, 2002.-204 бет.

13. Қазақ театрының  тарихы. ІІ том. Алматы: Ғылым, 1978.-431 бет.

14. Қозыбаев М. Өркениет  және ұлт /М.Қозыбаев.-Алматы: Сөздік  – словарь, 2001.-369 бет.

15. Қонаев Д. Әлемнің  Әуезові /Д.Қонаев.-Алматы: Санат,1997.-144 бет.

16.Қырықбаева Э. Семей  қаласының тарихы: әлеуметтік –  экономикалық және мәдени аспектісі (1946-1990жж.) /Э.Қырықбаева.-Алматы: Қазақ университеті. 2000.-29 бет.

17.Маданов Х. Қазақ  мәдениетінің тарихы /Х.Маданова.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.-336 бет.

18.Майтанов Б. Абай: тарих, тұлға, уақыт /Б.Майтанов.-Алматы: Аруана, 2004.-92 бет.

19.Мырзахметов М.М.  Абайтану тарихы /М.Мырзахметов.-Алматы: Ана тілі, 1994.-942 бет.

20. Мұхамеджанұлы Қ.  Абайдың туған жері, өскен ортасы /Қ.Мұхамеджанұлы.-Алматы: Санат, 1971.-234 бет.

21. Мұхамеджанұлы Қ.  Абайдың ақын шәкірттері /Қ.Мұхамеджанұлы.-Алматы: Дәуір, 1994.-336 бет.

22. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира /Н.А.Назарбаев.-Алматы: Атамұра, 2003.-256с.

23.Оралбеков О. Қазақстан  өнері /О.Оралбеков.-Алматы: Өнер, 1987.-80 бет.

24. Өзбекұлы С. Абай  және адам құқы /С.Өзбекұлы.-Алматы: Жеті Жарғы, 1995.-112 бет.

25.Сатершинов Б.М. Қазақстан  мәдениетінің тарихы мен теориясының  кейбір мәселелері /Б.М.Сатеринов.-Алматы: Сөздік – словарь, 2001.-160 бет.

26.Сатпаева Ш. Шәкәрім  Құдайбердиев /Ш.Сатпаева.-Алматы: Рауан, 1991.-84 бет.

27.Сборник научных трудов научно-практической конференции [Усть-Каменогорск, 8-9 июня, 1995г.],-Усть-Каменогорск, 1995.-198с.

28.Семей Мемлекеттік  Медициналық Академиясы. Семей: СММА, 2002.-112 бет.

29.Семей Мемлекеттік  Педагогикалық Институтына 70 жыл.  Семей: Шәкәрімтану ғылыми зерттеу  орталығы, 2004.-192 бет.

30.Сулейменов О. Собрание  сочинений: в 7 томах /О.Сулейменов.-Алматы: Атамұра, 2004.-432 бет.

31.Тайжанов А. Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық баспа кабинеті, 1995.-190 бет.

32.Тусупбаев Т.Т. Листая  страницы истории /Т.Тусупбаев. –Алматы: Атамұра, 1997.-152с.

33.Тілеков Ж. Тарих  және әдебиет (ХІХ-ХХ ғасыр  басындағы қазақ әдебиетінің  тарихы) / Ж.Тілеков. –Алматы: Ғылым, 2001.-376 бет.

34.Урашев С.А. Родники  просвещения /С.А.Урашев.-Алматы: Ғылым, 1997. - 64 с.

35.Чернявский Г. Внешкольное образование в России в переформенный период (1861-1895гг.) /Г.Чернявский.-Харьков.-1962.-113с.

36.Шмелева Е.Н. Из  истории библиотечного дела в  Казахстане /Е.Н.Шмелева.-Алматы:Санат, 1985.-234с.

37. Асанқызы Р. Семей  – халқымыздың мәдени – рухани бесігі /Р.Асанқызы//Семей таңы.-1998.-2 мамыр.-2бет

38.Асылжан П. Өлмейтұғын  артына сөз қалдырған /П.Асылжан //Семей таңы.-2005.- 27 шілде.-3 бет.

39.Әліпбаев Қ. Облысқа  облыс қосылған соң /Қ.Әліпбаев //Дидар.-1997.-3 маусым.-4 бет.

40.Әбділдин Ж. Шәкәрімді қалай ақтап алдық? /Ж.Әбділдин //Семей таңы.-2003.-10 тамыз.-6 бет.

41.Байқадиұлы Е. Семей  облыс бола ма? /С.Байқадиұлы //Ертіс  өңірі.-2002.-17 наурыз.-25 бет.

42.Байқадиұлы Е. Семей  қайта түледі /Е.Байқадиұлы //Қазақстан – заман.-2005.-17 сәуір.-4 бет.

43. Ғалымжанов Т. Анадан  шыншыл туған Сапарғали /Т.Ғалымжанов //Семей таңы.-2003.-20 қыркүйек.-15 бет.

44. Қазбалинов Т. Ең  алғашқы баспахана /Т.Қазбалинов //Семей таңы.-2004.- 8 шілде.-14 бет.

45.Қазбалинов Т. Шаһар хикаясы /Т.Қазбалинов //Семей таңы.-2003.-19 ақпан.-8 бет.

46. Қарасаев Ғ. Шығыс Қазақстанның шытырлан тарихы (Ғ.Қарасаев //Қазақ тарихы.-2004.-№1.-99-103 бб.

47.Карчак В. Первая  Казахстанская газета /В.Корчак //Труд.-2003.-20 март.-17 стр.

48.Какімов Е. Семей – руханият орталығы /Е.Какімов //Ертіс өңірі.-2004.-16 наурыз.-27 бет.

49. Матаев Х. Шәкәрім  есімінің жаңғырту тарихы /Х.Матаев //Семей таңы.-2004.-15 шілде.-4  бет.

50.Молдашева Р. Семей  баспасөзінің қалыптасуы /Р.Молдашева  //Семей таңы.-2004.-8 шілде.-5 бет.

51.Омаров Н. Семей  еліміздің рухани – мәдени орталығы деген жоғары мәртебеге лайық болуы керек /Н.Омаров //Семей таңы.-2004.-5 ақпан.-1-2 бет.

52.Омаров Н. Мақсат  – рухани байлықты ортайтпау  /Н.Омаров //Егемен Қазақстан.-2001.-21 шілде.-4 бет.

53.Сейсенұлы Д. Рухани  дүние өрістесін десек /Д.Сейсенұлы //Егемен Қазақстан.-2006.-12 қаңтар.-8 бет.

54.Сыдықов Е. Өткен  көз жібермей, болашақта болжау  жоқ /Е.Сыдықов //Семей таңы.-2004.-19 маусым.-3 бет.

55.Топорков В. Семь  палат /В.Топорков //Рудный Алтай.-2003.-30 сентябрь -7 с.

56.Шубина В. Федор Михайлович Достоевский на земле /В.Шубина //История Казахстана в школе и вузах.-2002.-№12.-20-27с.

57.Государственный архив  Омской области. Ф.86.Оп.1.Д.25.Л.2-3

58.ҚРОММ 504-қор, 1-тізбе, 16-іс, 277-п.

59.ҚРОММ 504-қор, 1-тізбе, 14-іс, 7-п.

 

 

ҚОСЫМША А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША В

 

 


Информация о работе Семей-қазақстанның рухани астанасы