Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.
КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Бүгінгі таңда институтта
9 ғылым докторы және профессор, 8
академик, 100-ден аса ғылым
Білім ордасы Ресейдің Алтай өлкесіндегі Қосағаш ауданы мектептерімен тығыз байланыс орнатқан. Бүгінде тарихи зерттеулер орталығының ғалымдары Ресей мұрағаттарындағы қазақстан тарихына қатысты материалдарды жинақтап, көптеген ғылыми, монографиялық еңбектер шығаруда.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстардың нәтижесінде қазір институт ғалымдары 10-ға жуық көне қолжазбаларды, сондай – ақ 70-тей ескілікті әдеби, тарихи кітаптарды іздестіріп табуға қол жеткізді. Қазақтың ғұлама ақыны, ойшысы Шәкәрім өміріне, әдеби шығармашылығына қатыстыда тың деректер табылуда.
Институт археологтары 1999 жылдан бастап ғылым Академиясының Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясымен бірлесе Шыңғыстау, Абыралы, Қатон – Қарағай, Шілікті елді – мекемелерінде қазба жұмыстарын жүргізуде.
Институтта ғылымды дамыту жолға қатысқан. Институтта жыл сайын «Шәкәрім оқулары», «Қоршаған ортадағы ауыр металдар, радионуклидтер және биофия - элементтер» сияқты халықаралық, республикалық ғылыми – теориялық, ғылыми – практикалық конференциялар тұрақты өтіп тұрады.
Институтта педагогикалық
білімдер халықаралық ғылым
Институт республика және жақын, алыс шетелдердің жетекші университеттері, ғылыми орталықтары, халықаралық ұйымдары мен қорларымен ұзақ мерзімдік ынтымақтастық орнатқан. Олардың ішінде Қазақстан Республикалық Ұлттық ядролық орталығы, Томск мемлекеттік университеті, Томск политехникалық институты, В.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік қолданбалы технология университеті, Ресей академиясының Сібір бөлімшесі, ДААД және GOETHE – INSTITUT, ACCEIC, USIS, INTAS, IREX, TEMPUS, «Еуразия», «Сенім» американдық компаниясы, Британ кеңесі сияқты ірі мекемелер бар.
Жоғары оқу орнының
қызметкерлері Қазақстан
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Садықовтың басшылығымен институт кафедралары облыс, қала және осы өңірдегі аудан, ауыл мектептерінде кафедра филиалдары, әдістемелік алаңдар ашылған. Институт оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері құрылған. Институт оқытушылары «Дарын» ҒПО жұмысына, оқушылардың әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларын өткізуге тұрақты ат салысады.
Келесі бір білімнің қайнар көзі болып табылатын жоғары оқу орындарының бірі – Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университеті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 1995 жылы құрылған. Түрлі кезеңдерде оның құрамына төрт ірі институттар енді.
Университеттің негізін тарих ғылымдарының докторы Ерлан Батташұлы Садықов қалады. Жоғары оқу орнының қарқынды дамуы оның білім беру саласының нарығында қысқа мерзім ішінде алдыңғы қатарға шығуына жол ашты. Қазіргі кезде ол еліміздің ең ірі жоғары оқу орындарының бірі.
Университеттің құрылымына 58 мамандық бойынша дайындайтын сегіз бөлім (гуманитарлық, инженер – технологиялық, физика – математикалық, қаржы – несие, есеп – экономикалық, ветеринарлық және агроменеджмент, жаратылыстану ғылымдары, дистанттық оқыту, біліктілікті жетілдіру) және үш ғылыми – зерттеу институты кіреді. Диссертация жөніндегі екі Кеңес, магистратура, аспирантура, докторантура, жетекші ғылыми – орталықтары және оқу орындарының кең халықаралық байланысты, университет ғалымдарына үнемі өздерінің кәсіптік білім мен дағданы беруге кепіл бола алады.
Университет білім беріп қана қоймай, сонымен бірге болашақ мамандардың жеке басының қалыптасуымен де айналысады. Ол үшін жоғары оқу орнында студенттердің адамгершілік – этикалық тәрбиесіне, мәдени – эстетикалық дамуына, дене мәдениеті мен спортқа көп көңіл бөлінеді.
Мұнда жай білім беріп қана қоймай, студент – жастарды саналы өмірге шындап дайындап, жоғары сапалы білікті мамандар даярлап шығарады.
Қазіргі техника мен оқытудың жаңа технологиясы негізінде жоғары медициналық білімі бар сапалы мамандар даярлап шығаруға қабілетті профессорлар мен оқытушылардан тұратын үлкен ұжым – Семей Мемлекеттік Медициналық Академиясы.
Семейдің мемлекеттік медициналық институты өзінің алғашқы 320 түлегін 1993 жылы қабылдады. Жаңадан ашылған жоғарғы оқу орны өз жұмысын оқу үйіне бейімделген екі қабатты ғимаратта бастады. Мұнда бірінші курстың студенттері ғана емес, сондай – ақ әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, кітапхана және оқу залы орналасты. Алғашқы жылдары кафедраларда жабдықтар жеткіліксіз, профессорлық – оқытушылардың штат құрамы толық емес болатын. Соған қарамастан жаңадан ұйымдастырылған кафедра оқытушыларының орасан құлшынысы мен шығармашылық жолына оқу процесінің алғашқы қадамынан бастап жоғары әдістемелік деңгейде өтуіне жағдай жасады [28, 113 б.].
Семей мемлекеттік медициналық институтының алғашқы директоры болып Қаз ССР-не еңбегі сіңген дәрігер Василий Сергеевич Бобов тағайындалды, ол осы қызметте 1952 жылдан 1956 жылға дейін болды.
1956 жылдан бастап 1963 жылға дейін Семей мемлекеттік медициналық институтының ректоры болып доцент К.Ч.Чуваков қызмет атқарды, ол клиникалық кафедраларды ұйымдастыруда, Алматы және т.б. Жоғарғы оқу орындарынан түлектерін педагогикалық жұмысқа тартуда орасан зор қызмет жасады, бұл түлектер кейіннен клиникалық – теориялық кафедралар штатының негізін құрады.
1957 жылы СССР-дің жоғары және арнайы орта оқу орындары министрлігінің шешімімен институт ІІ дәрежедегі Жоғарғы оқу орны қатарына жатқызылды.
Аппаратура мен жабдықтар
алуға қаржылық үздіксіз бөлінуі
институттың материалдық –
Институт тарихында 1959 жыл ерекше орын алады, бұл жылы емдеу факультеті алғаш рет өз түлектерін ұшырды, 275 түлек дәрігерлік диплом алды.
1963 жылы 100 студент қабылдауға
жоспарланған педиатриялық
Оқытушылар құрамының даярлық сапасын көтеру және оларды тұрақтандыру мақсатында Мәскеу, Харьков, Алматы, Ленинград қалаларының Жоғарғы оқу орындарының мақсатты аспирантураларына институтты үздік аяқтаған түлектерді, әсіресе жергілікті ұлт өкілдерін оқуға жіберу мүмкіндігі кеңінен пайдаланды.
1968 жылы студенттердің
құрылыс отрядтары жұмысын
1974 жылдан 1976 жылдар аралығында
институтты доцент Д.В.Усов
1976 жылдан 1984 жылға дейін
институтты профессор,
1985 – 1987 жылдарда институттың
ректоры болып Е.С.Белозеров
1987 жылдан 2001 оқу жылдар
аралығында институттың,
Т.Қ. Раисов қызмет еткен жылдарда қазақ бөлімі (1989ж.), стоматологиялық факультет (1991ж.), шетел студенттерінің факультеті (1995ж.), Қазақстан Республикасының Медициналық Ғылым Академиясының Шығыс бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ашылды. Кейінгі жылдарда (1998 – 2001жж.) бөлімдер, қызмет бөлімдері және аяқтаушы кафедралар компьютермен жабдықталды, 4 компьютерлік сынып ашылды, соның ішінде 37 компьютері бар бір сынып «Интернет» жүйесіне қосылды. Қазақстан Республикасында шетел студенттері ағылшын тілінде оқытыла бастады. Осы жылы академия өзінің клиникалық базасын құруға қолы жетті. 150 төсектік көп – салалы аурухана, стоматологиялық емхана, 10 мың тұрғынға қызмет көрсететін №12 тренингтік – жанұялық амбулатория.
Т.К.Раисов Жоғары оқы орнын басқарған жылдарда қызметкерлері 30 докторлық және 80 кандидаттық диссертация қорғады. Бес студент және жас аспиранттар «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстардың жңімпаздары атанып, өз білімдерін АҚШ және Ұлыбритания университеттерінде жетілдіруге мүмкіндік алды.
Академияда 1994 жылдан бастап мамандық бойынша 2 Диссертациялық Кеңес жұмыс істейді. 1999 жылдан бастап Республикалық «Жанұялық дәрігер» және «Медицина – бәрі үшін» газеті шығарыла бастады. Осы жылдарда Халықаралық байланыстар да нығая түсті, академия АҚШ-тың Хьюстон (1995ж.), Тулс (1998ж.) қалаларының медициналық орталықтарымен, Нагасаки (Жапония, 1997ж.), Антверпен (Бельгия, 1999ж.) қалаларының, Ұлыбритания (2001ж.) университеттерімен байланыс жасау жөнінде келісім – шарт жасады.
Екі мәрте «Экология. Радиация. Денсаулық»
тақырыбы бойынша Халықаралық
2000 жылы Семей мемлекеттік
2001 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін академияның ректоры болып медицина ғылымдарының докторы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов қызмет атқаруда. Осы аз уақыт ішінде көптеген істер тындырылды. Оқытудың студенттер білімін бақылау бойынша жаңа озық технологиясы енгізілді. Барлық кафедралардың материалдық – техникалық базасы біршама жақсарды.
2002 жылы Семейдің мемлекеттік
медициналық академиясына 50 жыл
толды. Осы жарты ғасыр ішінде
академия ҚР беделді Жоғарғы
оқу орны қатарында өз орнын
алу жолында қалыптасу мен
дамудың үлкен белестерінен
Академия қызмет істегеннен бері 20 мыңнан астам жоғары білікті дәрігер – мамандарды даярлап шығарды, олар бүгінде ҚР ғана емес, ТМД елдерінде, сондай – ақ алыс шетелдерде АҚШ, Германия, Австрия, Израил және т.б. еңбек етуде. Олар қай жерде қызмет етсе де Семей Мемлекеттік Медициналық Академияның түлектері екенін абыроймен ақтап жүр.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы
оқу орнының алдыңғы қатарлы
оқу мекемелерінің бірі болып
табылатын Семей мемлекеттік
медициналық академиясының
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын – сауық кештері сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Ұлттық мәдениеттің жаңа түрі, негізінен ағартушылық бағытта дамыды. Олардың репертуарындағы шығармалар халықты өнер – білімге, ілгері кеткен елдердің мәдениетін үйренуге, үлгі алуға, ескіліктің шырлауынан шығуға үндеді. Алғашқы ойын – сауықтар тәжірибелері драматургияның тууына, алғашқы пьесалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр жеріндегі осындай талпыныстар алғашқы сахналық қадамдар қазан төңкерісімен ілесе келіп, ұлттық драматургия мен театр өмірінің дүниеге келуіне негіз болды. Сол кездегі қазақ өлкесінің Семей тәрізді рухани орталықтарында қазақ жастарының әртүрлі драмалық үйірмелері жемісті еңбек етті. Оларда С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, Ж.Аймауытов пьесалары қойылып жүрді. Қазақтың ұлттық мәдениетіне өзіндік үлес қосқан, алғашқы үйірмелердің бірі болған «Ес-аймақ» труппасы еді. Төңкеріске дейін Семейдегі «Ес-аймақ» труппасы театрымен бірігіп, «Шығыс кештерін» өткізіп тұрды. Онда ұлттық мәдениетті дамыту міндеттері айтылып, Шығыстың классик ақындарының шығармалары насихатталды. Шағын пьесалар қойылып, тұрмыс – салттық ойындар өткізілді. Қазақ ақын – жазушыларының жаңа туындыларымен таныстырып, халықтық өнерді дамытты [29, 7 б.].
1920 жылы Семейде «Ес-аймақ» деген атпен қаладағы қызметкерлер, мұғалімдер, педтехникумның жоғары оқитын студент жастар ұйымдастырған драмалық труппа қайтадан құрылды. Труппа сахнаға бейім, дарынды жастардың, әнші – күйшілердің басын қосып, театр өнерін дамытуда белгілі рөл атқарды. Кезінде оған республикалық саяси – ағарту бас басқармасының театр бөлімшесі басшылық жасады. «Ес - аймақ» ресми түрде «Қазақтың мәдени –ағарту үйірмесі» деп аталды. Труппаны ұйымдастырушы, көркемдік жетекшісі С.Тоқымбаев, мүшелері: Ұ.Тұрлыбеков, Қ.Құлғарин, Ж.Сәлменов, А.Жаулықбаев т.б. өнерпаздар болды. Кейін жетекші Ғ.Төребаев болды. Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұнат Шанин, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержановтар алғашқы өнер сапарларын осы труппадан бастады.