Семей-қазақстанның рухани астанасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа

Описание

Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

диплом Семей.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

1922 жылы саяси –  ағарту Бас бөлімінің шешімі  бойынша «Ес - аймақ» мемлекеттік  бюджетке көшіріліп, Семей губерниялық  қазақ драма театрына айналды.  Оның сахнасында сол кезде  жарық көрген (1922 – 1924жж.) М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пен «Қаракөзі», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» пьесалары қойылған. «Қызыл Керуен» және «Ес - аймақ» труппалары 1924 жылға дейін жұмыс істеді. Олар ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсетті. Осындай сапарларда труппаға жаңа мүшелер қосылып, олар қазақтың ұлттық театрында сахна шеберлері аталды: Қалибек Қуанышбаев, Фарида Оңғырсынова және т.б. [5, 70-71 б.].

Күн санап театрдың бұқараға мәдени және эстетикалық тәрбие берудегі орны ерекшелене түсіп, басқа ұлт өкілдерінің де труппалары ашылып жатты. Свердлов атындағы клубта орыс группасы қызмет етті. 1921 жылы осы театрлар 140 ақылы спектакльдер өткізсе, ондағы қойылымдарды 126000 адамдар тамашалады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде цирк өнері де дамып, цирк айына 13 ақылы және 13 тегін қойылымдар өткізіп, ел қошеметіне бөлініп отырды. Осы мезетте Семей қаласында «Мәдениет» атты татар театрлық қоғамы да өзінің мәдени іс – шараларымен елге таныла бастады. Көркемөнершілер үйірмесі құрамына кіретін жұмысшылар клубы қатарынан табылатын С.М.Киров атындағы затон клубы, тері және ет комбинатшылары клубы мен темір жолшылар клубында да көптеген талапты өнерпаз жастар қызмет етті. Жұмысшылар клубының ішінде ең танымалы әрі пролетарлық өнердің жаңа формасы ретінде дами бастаған «Синяя блуза» клубы болды. Ал 1930 жылы қазақ, орыс, татар көркемөнерпаздар ұжымының басын қосатын жұмысшы жастар театры құрылған болатын.

1934 жылы Семей қаласында  Қазақ музыкалық  драма театры  ұйымдастырылды. Театр шымылдығы 1934 жылы 6 шілдеде Ілияс Жансүгіровтің «Кек» пьесасымен ашылды. Театр репертуарына Бейімбет Майлиннің «Шұға», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесалары кірді. Театрдың көркемдік жетекшісі әйгілі композитор Латиф Хамиди болды. Композитордың қоластында өз тағдырын тікелей театр өміріне арнаған Атаханов, Гатаулин, Сакенова сынды дарынды әртістер қызмет етті.

30 жылдары театрдың  шығармашылық ұжымы арнайы театрлық  оқу орындарын тәмамдаған жас  әртістермен толысты. Соғыстан  кейінгі жылдары театрда «Амангелді»,  «Түнгі Сарын», «Жалбыр», «Қозы   Көрпеш – Баян сұлу» сынды спектакльдер қойылды.

Жылдар өткен сайын  театр өнері дамып, гүлдене түсті. Театрдың шетелдерге және Қазақстанның басқа аймақтарына гастрольдік  сапарларға шығу мүмкіндіктері болды. 1937 жылы 28 тамызда «Прииртышская  правда» газетінде Шығыс Қазақстан  облыстық атқарушы Комитетінің Президиумының қаулысы бойынша 1937 жылы 31 шілдеден бастап Семей қалалық жұмысшы жастар театры облыстық орыс драма театры болып қайта құрылды деген хабарлама жарияланды.

Қаланың партиялық, кеңестік және кәсіподақтық органдары мәдени – ағарту мекемелерінің жұмысын дамытуға және материалдық базасын жақсартуға көп көңіл бөлді. Нәтижесінде 50 – жылдардың екінші жартысында театрдың даму деңгейі арта түсіп, осы жылы қалада 10 клуб пен 2 мәдениет үйі қызмет етті.

1958 жылы Семейде қалалық мәдениет үйі салынды. Онда көптеген көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істесе, мәдениет үйінде жүріп жатқан театр қойылымдары қала тұрғындарының ғана емес, ауыл еңбекшілерінің де көңілінен шығып отырды.

Семей қаласындағы кәсіби театрлық өнер орталықтарының бірі –  Абай атындағы облыстық драма театры. Ұлы Отан соғысы жылдары театр әртістері өздерінің Отан алдындағы борыштарын өтеп, театр ұжымы Кеңес Армиясының әскери бөлімшелерінде, госпитальдағы жаралы әскерлер мен офицерлер алдында 700 астам шефтік концерттік қойылымдар қойды. Осы бір сұрапыл жылдары ел қорғанысы мен жауынгерлер балаларына арналған көмек қорына театр ұжымы өз қалталарынан 100000 рубльден астам қаражат бөлді. Бұл театр республикадағы алдыңғы қатарлы театр ұжымы болып табылады.

Театрдың осындай деңгейге жетуіне Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің 1949 жылғы 18 қазандағы «Республикадағы театр өнері одан әрі дамыту жөніндегі» қаулысы тікелей әсер етті [29, 4 б.].

1954 жылы қалалық театр  қоғамы театрдың 20 жылдық мерейтойын  атап өтті. Театр алғашқы күндерден бастап жоғары оқу орындарының ұжымы мен және кәсіпорын мекемелерімен достық қарым – қатынаста болды. Сондықтанда бүкіл семейліктер театрды «Біздің театр» деп атап кеткен болатын.

Қала өміріндегі маңызда  мәдени саладағы іс – шаралардың бірі – 1950 жылдардың аяғында ашылған қуыршақ театры болды. Театрдың ең алғашқы «Теремок», «Веселая Аленка» сынды қойылымдары кішкентай көрермендердің көңілінен үнемі шығып отырды.

2000 жылы Республикамыздың  мәдени өмірінде бір елеулі  оқиға болды. Алматыда, Республика  Сарайының қасында «Жұлдыздар алаңы» деп аталатын мемориалдың алғашқы кірпіші қаланды. Онда республиканың 6 өнер саңлақтарының аты жазылған еді. Солардың ішінде қасиетті Семей жерінің тумасы, Социалистік еңбек Ері «Қазақтың бұлбұлы» атанған Бибигүл Төлегенова болса, Семей өңірінен ұшқан бұлбұлдың бірі – «Золотой Орфейде» гран – при жеңіп алған Роза Рымбаева болып табылады. Осыдан – ақ Семей елінің тек ғана жер асты қазбаларына ғана бай емес, мәдениетті көркейтіп, өнерді жетілдірген, құшағынан бірнеше өнер майталмандарын ұшырып шығарып қасиетті жер екеніне айқын көзіміз жетеді.

 

 

2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ

2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар

 

Қасиетті Шығыс жері тұма таланттардың жері. Семей өңірі байлықтарға ғана емес, сонымен қатар тылсым табиғат, тау мен дала көрінісі – бәрі де дарынды адамдардың ашылуына себеп болды. Бұл киелі жер өз бауырынан қаншама дарынды өнер иелері мен сөз шеберлерін өсіріп шығарды.

Олардың әрқайсысы асыл тастай өзінше ерекше. Семей елінің үш шынары – Абай, Шәкәрім, Мұхтар болып танылады.

Абай - әлем тарихында  белгілі орын алған келеңгер ойшыл, адам баласын игі іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Болашақ ақын сабырлы мінезіне кең пейілі сай ел анасы аталған «кәрі әжесі» Зеренің мол қазынадай аңыз – ертегілерін естіп, абысын – ажынға жайлы, әзіл – қалжыңға шебер, жөн – жобағи жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Абай бала кезінде  ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез  ұғып алатын зеректілігімен, ынталығымен  ерекшеленген. Құнанбай қажы «Ескітам» деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол «Ескітам» медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Азмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы кезде Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науан, Физули жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, М.Е.Салтыков – Щедрин, Н.А.Некрасов, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, Ф.И.Достоевский, И.С.Тургенев, И.Г.Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж.Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған.

Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеріктігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай  қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік – билік жұмыстарына араласады. Ол әке қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан – жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған қарсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлық жүйесінің бел алып, елдің құрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның оярсығын түсінбей қым – қиғаш айтыс – тартысқа түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады.

1875 – 1878 жылдар аралығында  Қоңыркөкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті  пайдаланып, әділдік таразысын тең  ұстауға күш салды. Абай кейіннен, 1886 жылы Е.П.Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И.Долгополов, А.А.Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым – қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өсті.

1885 жылы мамыр айында  Шар өзенінің бойындағы Қарамола  деген жерде Семей генерал  – губернаторлығының Уеклинскийдің  басқаруымен Семей губерниясына  қарайтын 5 уездік 100-ден астам би  – болыстары бас қосқан төтенше  съезі өткізілді. Осы съезде  төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық – зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мәселеріне арналған баптары ерекше құнды. Мұнда қазақ ойшылының әдеттегі құқықтың жүйелі реформалық және ислам діні бекіткен шариғат шарттарын заман талабына сай бейімдеу мұраттары айқын көрінеді. Ойшыл барлық реформаторлық зейінін тұрмыстық неке, қылмыстық, азаматтық және басқа салаларында ықылым заманнан бері қолданылып келе жатқан әдеттегі құқық шарттарына аударып, оларды толықтырып, жетілдіріп, өмір талабына тұрмыс – тіршілікке сай келетін мұраттарды құқық шарттарына енгізіп, әйел бостандығының, жалпы тең құқықтылықтың нағыз жаршысы ретінде танылды. Міне, бұл Абайдың тағы бір ашылмаған, бұрын – соңды зерттелмеген рухани қазынасына сәуле түсірген іс – шараларының бірі. Абай әлемі, оның ғақлиялық мәнде қағазға түскен ойлары, жан дауысы қазақ халқына қашан да болса – сабақ, үлгі, өсиет. Оның заңгерлік қасиеттері мен құқықтық көзқарастары қазіргі құқықтық мемлекет құру кезеңінде мән – мағынасын жойған жоқ. Керісінше, оның мән – маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Ұлттық негізімізді шегелеу үшін тарихтан сабақ алу – елдің басшысының парызы болып табылады [24, 60 б.].

Абай өлең жазуды 10 жасында  бастаған. Одан ертеректе жазылған өлеңдері – «Йузи – рәумен», екіншісі – «Физули, Шәнси». Өлеңдерін қағаз бетіне 80 жылдардың ортасында түсіре бастайды. «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жаусылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 – 1880 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882 жылы жазылған. Бастан – аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой – иірімдері терең. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қайнауына да жаңа сипат дарытқан ақын.

Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде  жаңа, дарасыз стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді  қайталамайды. Осының өзі – ақ оның поэзиясына жаңашылдық сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық  ауқынын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік құралдарын жетілдірді, ақындық тілдің образдылық – бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой оранымен байытты.

Абай  - мысал өлеңдерінің  де шебері. Қазақ халқының сол дәуірдегі өмірін шыншылдықпен суреттеуге, әртүрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс - әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан асқан көркемдік құрал жоқ.

Абай - әлемге көзқарасы  қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның  рухани, даналық мұрасы терең мағынасы философиялық идеяларға толы. Ол киелі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын «жетілген адамды» өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принцептерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Даналықтың өлшемі бола білген философ – ақынның рухани – мұрасы шын мәнінде қазақ  халқының зерделі ойы мен өмірі  тұрғысындағы энциклопедия секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени – тарихи, моральдық хал – жағдайынан айқын даталық мағлұматтар алуға болады.

Абай мұрасының тәрбиелік  мәні, танымдық бағыт – бағдары тұрасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын Абайдың өз басының адамгершілігі, Абай өлеңдерінен туындайтын өзекті ойлар, қара сөздерінен туындайтын философиялық толғаныстар, сонымен қатар көркем шығарма – М.Әуезов қаламынан тұлғаланып шыққан Абай бейнесі. Абай  - қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл еліміздің өміріндегі жер бетінде қазақ дейтін ұлт, қарапайым халық бар екенін дүние жүзіне паш еткен адам таңданарлық құбылыс. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатының, құштарлығының бірінде күн санап артқандай болса, ал мынау парақтық экономика қыспағында қосылып жүрген жағдайда ақын шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған ойтұжырымдамаларына деген қажеттілік одан да артық. Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл – қуат беретін, жанға жайлы, ыстық леп ескендей [27, 145 б.].

Информация о работе Семей-қазақстанның рухани астанасы