Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.
КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Семейдің «Ес - аймақ»
ойын – сауық үйірмесі Әуезовтың
«Ел ағасы», «Бәйбіше - тоқал» пьесаларын
халық театрының сахнасына қояд
Ғылыми жұмыстар мен көші – қон мәселесінің соңында жүріп, 1929 – 1930 жылдары шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндігі болмайды. Оның үстіне осы кезеңде қазақ зиялыларын жазалау саясаты күшейіп, 1930 жылы 16 қыркүйек күні Әуезовте тұтқындалады. Оған:
1) Кеңес өкіметіне қарсы астыртыртыл ұйым құрып, қарулы көтеріліс арқылы оны құлатуға әрекет жасады;
2) ұлтшылдық – байшылдық
идеологияны қолдап, байларды тәркілеуге
және қосшы ұйымын құруға
3) ұлтшылдардың Кеңес өкіметі кеңесіне, жоғары оқу орындарына жасырын түрде қызметке кіруіне үндеу тастады;
4) жоғары оқу орындарына
арналған оқулықтары ұлтшыл –
феодалдық пиғылдағы ақын –
жазушылардың шығармаларын
5) ұлтшыл – буржуазияшыл «алқа» ұйымын құрды, қазақтың өткен тұрмысын мадақтайтын шығармалар жазды деген айыптар тағылады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. 1932 жылы 10 маусым күні «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Ашық хат» арқылы Әуезов өзінің қазақ әдебиеті тарихы және Абай туралы зерттеулерінің, «Қаракөз», «Еңлік - Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болады. Әуезов осы жылы түрмеден босатылады және драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, осы жылы «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды.
Жазушы 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көрді. 1919 жылы «Абай» романы үшін (алғашқы екі кітабына) М.Әуезовке бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық (кейінгі КСРО мемлекеттік сыйлығы) беріледі. 1955 жылдан бастап Әуезов өмірінің ең шуақты кезіңін басынан кешіреді. Сол жылы Қазақ КСРО жоғары Кеңесінің депутатығына сайланады. Тұңғыш рет шет сапарға шығып, ГДР жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды.
Ұлы Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу М.Әуезов шығармаларының негізі арнасына айналды. 30-жылдары Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым – қиғаш пікірлер айтыла бастағанда ұлы ақын мұрасын әр түрлі бұрмалаудан, солақай көзқарастан арашалау мақсатынды Әуезов іргелі зерттеу еңбектер жазумен қатар ондаған ғылыми мақалалар жариялады, абайтану пәнінің негізін қалады. Әуезов абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтерді, оны зерттеудің бағыт – бағдарларын, принциптерін анықтады, жүйелі, біртұтас ғылым тұжырымдамасын жасады.
Әуезов – ғалым – жазушы, көркем ойдың алыбы. Ғұлама ойшыл дүниетанымының тереңдігі, өзгеше ойлау стилі мен ойлау әдісі кейінгі ұрпақтарды да тәнті етеді. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы – тек көркем шығарма ғана емес, ұлтымыздың болмысы мен дәстүрлі тұрмысын көркем оймен кестелеген, дала тарихи мен философиясы тұнған далалық дастаны. Әуезов өмір бойы оны байытудың жолдарын қарастырып, театр, кино, музыка, сияқты басқа да қазақ кәсіби өнерінің барлық саласының дамуына тікелей өзі басшылық жасап отырды.
Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов дүниежүзілік аса маңызды мәселелерді шешуге, халықтардың рухани ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосты. Жиырмадан астам шет елдерде болып адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді.
Өз тарихын, оның ішінде этникалық мәдени тарихы мен әдебиетін, өнерін түп негізден зерттеп білу, оның із соқпағы көмескі тартқан тылсым сырларына үңілу, тарих пен мәдениеттің ортақ бастау кезеңдерін табу, сөйтіп өздерінің төл мәдениетінің көне дәуірден бастап бүгінгі күнге жалғасып жатқан біртұтас ортақ тарихын жасау – барлық мәдениетті халықтарға тән дәстүр.
Халақтардың мәдениеті, білімі арта түскен сайын олардың ізденуі мен тануы да күрделеніп, мазмұны кеңейе түскен. Мұндай мәдениетті халықтың білімді топтары өз этностарының мәдени – тарихи дамуы адамзат тарихының ұлы көшінде қай түрде, қандай дәрежеде болғанын, өзге халықтар мәдени тарихымен қатар қойғандағы олардың алатын орнын анықтауға күш салған. Оны іздену мен зерттеудің негізінде келіп өз халқының мәдениеті, жалпы өткені жайлы ғылым жасаған.
М.Әуезов бұл істе де даралық, даналық танытты. Сонау 20-шы жылдардан бастап, ұлт мәдениеті, ғылым тілі, фольклор тарихынан мақалалар мен тың зерттеу еңбектерін жазды. М.Әуезов өз халқының этникалық мәдениетін терең түсінудің бірден – бір жолы мәдени мұра мен мирастың мәселесі деп түсінген зерттеуші. Мәдениеттің әрбір қатпары, өркениеттің әрбір басқышы және жаңа ұрпақ бірімен бірі қол ұстаса, ілесе дамуы керек.
Демек, қазіргі этномәдениетіміздің, төл өнеріміз бен әдебиетіміздің дамуына, сөз жоқ ата – бабамыз қалдырып кеткен прогресшіл мұра мәселесін ғылыми да, практикалықта маңызды бар мәселе деп түсініп, өз еңбектерінде ұлттық мәдениет пен тарих ескерткілеріне зор мән беріп отырған. Өйткені, әрбір ұлт өз мәдени тарихнамасының маңызды беттерін, өзінің өткенінің мән – мағынасын құрайтын, өткен деген тарихты жасайтын барша асыл қызыналарын бүгінгі күннің игілігіне айналдыру арқылы ғана қазіргі жасап жатқан рухани дүниелерінің сыр – сипатын кеңінен танытпақ. Бұл мәселенің осы жағына тоқтала келіп, М.Әуезов тарих қойнауына үңілсек «бүкіл адамзаттық прогрестік жолмен дамуына баға жетпес зор үлес қосқан, дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалаған, шығыс халықтарының мәдени дамуынсыз әлемдік өркениетті көзге елестетудің өзі мүмкін емес» екендігін, ал қазақ халқының мәдениетін сан ғасырлық мәдени – тарихи даму жолы бар шығыс халықтарының мәдениетінен бөле қарауға болмайтындығын ескертеді. Олай болса қазақ халқы да өзінің сонау арғы дәуірлерден бермек қарай жасалып келген бай қазыналарын, мол мұрасын бүгінгі күннің әдебиетімен, өнерімен, мәдениетімен әсемдік әлемімен ұластырғанда ғана, өзге ұлыстармен және ұлттармен бірлесе отырып бүгінгі жаңа заман мәдениетінде де өзіндік қолтаңбасын қалдыра алады [1, 2-3 б.].
Жазушы әдебиет пен өнер саласындағы жалғастықтың ерекшеліктерін де ескеру қажеттігін жадымызға салады. Себебі, әрбір келер ұрпақ рухани мұраның ең қажеттісін толғап пайдаланады, жазушылар мен ақындар, суретшілер мен музыканттар қазіргі өмірдің шындығын бейнелегенде бұрынғы замандарда қалыптасқан озық дәстүрлерге сүйенеді. Егеменді еліміздің рухани мәдениетінің барлық саласы түптеп келгенде ұлттық сезімді алтын, сананы қалыптастыруға қызмет етуі керек.
Қандай өнерін болмасын, ол біздің білім өрісімізді, өмір қиындығы жайлы түсінігімізді молайтады,әдемілік сезіміне,биік адамгершілік қасиетке, идеялық сезімге, моральдық табандылыққа, ерлікке тәрбиелейді. Өнер дегеніміз – адамның болмасты бейнелеуінің барыншы формасы. Жазушы өнер түрлерінің ішінде көркем әдебиеттің рөлін ерекше атайды. Көркем әдебиет өнерді, кең қантып, оны әр қырынан көрсете алады. Ол адам өмірінің әр қилы саласын қамтиды, адам көңіл – күйіне, сезіміне ой жібере алады, адамның ең күрделі, ең нәзік толқу – толғанысын түсініп, баянды бере алады.
Мәдениетті жасаушы халық, кез – келген ұлы шығарма, мәдениет жетістіктері халық игілігіне айналмақ. М.Әуезов пікірінше, Абайдың халықтағы тарихи мағынасы зор өзіндік құбылыс және маңызды құбылыс болды. Абайдың халықтығы сол- - дейді зерттеуші, - ол өз халқының іске қосылмай жатқан рухани мүмкіндіктерін жарыққа шығарды. Оны байытып, дамытып, шығармашылықпен жетілдіріп отырды. Абайдың шығармашылары халықтың тарихын, сонымен қатар жалпы адамзаттық мәдениетті жаңа құнды заттармен байытты. Ол өз халқының рухани көзі болды және алысты болады, халықша ойлап, сезе отырып, халыққа оның келешегін көрсетті.
Ұлы Абайдың ұлтымыздың мәдени дәстүрін байытудағы, жаңашылдықпен жалғастырудағы зор рөлін кезінде М.Әуезов өзі жоғары бағалады. Сондықтан, М.Әуезовтің Абайдың саласы бойынша жазылған мол ғылыми мұрасының ішінен мен қозғаған мәселеге қатысты мынадай пікірлерді ерекше атап өткен жөн: «Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға ұмтылғандықтан Абай өз халқының ой – санасы өсу тарихында анық процесс жолын бастаушы болды. Өз заманының бөгеттерінің бәрінен аттап өтіп, елі – жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғысы болды сол талап тартысы арқылы, еңбек егісі арқылы, заман мешеулігін жеңіп, алдағы күндер күрес қайраткері болды».
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой – пікір саласында өлмес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқымыз тарихында биік шынар сияқты.
М.О.Әуезов – рухани өміріміздің жалпы этномәдениет мәселесіне қатысты жақтарын тұтас зерттеген кемел ғалым – жазушы М.Әуезов зерттеулерінде мәдениеттер жалғастығы өмір шындығымен, онда болып жатқан ағымдар мен өзгерістердің әсерімен тарихи тұрғыдан танылған. Өткенді тарихи тұрғыдан таразылау М.Әуезовке ұлттық көркем мәдениетіміздің бүгінгісін бұрынғысымен байланыстыруға мүмкіндіктер туғызды.
М.Әуезов қалдарған бай мұраны зерттеушілер, қазіргі уақытта оны тек жазушы ғана емес, белгілі қоғам қайраткері, қазақ мәдениетін дамытушы, білгір әдебиетші, ғалым – ұстаз, эстет, социолог, философ, гуманист – бір сөзбен айтқанда үлкен ойшыл деген қорытындылар жасап та жүр. Бұл заңды да. Себебі, М.Әуезов талантты жан – жақты, ал оның творчествосы жоғары дәрежедегі мұралар. Заманымыздың белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов бұл туралы кезінде орталық «Правда» газетінде: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов сондай әсер етті» - деп жазды. Ал кейінірек «Литературная газетаның» анкетасына берген жауабында: «Бұл күнде М.Әуезовсіз – Советтік Шығыс халықтары тағдырында болған әр – алуан өзгерістердің келешегі мен бүгінгісін, тарихы мен мәнін көз алдыңа елестету қиын. Әуезов шығармашылығы сондай эстетикалық әлем» де түйеді өз ойын.
Бұл пікірлер, біріншіден, ұлағатты тәлімгер ұстаздық үлгілі творчествосы мен дүниежүзі мәдениетінің дамуына сіңірген зор еңбегіне берілген әділ баға болса, екіншіден, өз шығармаларымен тарихи шындықты ашып берген үлкен сүреткер, асқан ойшыл екендігіне меңзейді.
Белгілі әдебиетші, профессор Б.Кенжебаевтың сөзімен айтқанда «Мұқаң теңіздей терең ойдың, асқақ ақылдық, тасқын таланттық, ұшқыр қиялдың иесі, ұлы ойшыл, адал азамат, көрнекті қоғам қайраткері».
Ойымды қорыта келе айтарым, халқымыздың біртуар ұлы М.Әуезовтің бай шығармашылық мұрасын танымдық, тәлімдік тұрғыдан мектептен бастап бүкіл өскелең ұрпаққа жан – жақты зерделеп жеткізу, олардың санасына сіңіре білу бүгінгі аға буынның адамгершілік борышы, адамдық парызы, адамзаттық қарызы. Сонда ғана келешек ұрпақтың М.Әуезов шығармалары мен ұлағатты пікірлеріне терең назар аударуы хақ және асыл мұраны қазіргі замандастарымыздан артық болмаса кем құрметтемейтіні даусыз.
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
Баршамызға белгілі Семей шаһары көптеген алып тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті жер. Семей десе біздің есімізге ең алдымен Абай, Шәкәрім, Мұхтар түседі. Көбіміз осы үш алыптың өнерін, қызметін жалғастырушы шәкірттерін біле білмейміз. Олардың бірі енді ғана танылып жатса, екіншілері мүлде ұмытылып кеткен. Бізге көп танымал емес Абайдың талантты ақын, әрі әнші шәкірттерінің бірі – Көкбай Жанатайұлы. Ол Абаймен 1880 жылдан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам.
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Көкбай он жасынан бастап, он бес жасына шейін, Төлетай деген молдадан оқып, кісінің мінез – құлқын, жағымсыз қаныған, ұнамсыз жүріс – тұрысын әзіл – қалжың етіп, қолма – қол суырып салып өлең шығаруға жас күшінен бейім болады. Көкбай Семей қаласындағы үш кластық уездік училищені бітіріп және медресе оқып, орысша, мұсылманша білім алған. Осы кезде Абай қалаға келген сайын Көкбай сияқты оқып жүрген жастарды жинап, қалай оқып жүргендерін сұрап, біліп, ақыл – кеңес берумен қатар, өздеріне де ән салғызып, өлең айтқызып, олардың өнер, талантарын мадақтап, көңілді, мағыналы мәжіліс жасап отыратын болған. Көкбайдың «Семейге Абай келсе, бізде думан» дейтіні де осы болатын.
Абай өзі жазған көп өлеңдерін бірнеше жыл бойы Көкбай атынан таратады. Көкбайдың аты Абай өлеңдері арқылы 1889 жылы, тіпті баспасөз жүзінде мәлім бола бастаған. 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінің №7 санында Абайдың «Жаз» атты белгілі өлеңі Көкбайдың атынан жарияланған. Өлеңнің басында былай деп түсінік берілген: «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы ИбраҺим Құнанбай аулының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі. Кісіден үйреніп жаздым: Көкбай Жанатайұлы» [21, 45 б.].
Көкбай Абайдың өле - өлгенше айырмас адал досы, ақын шәкірті болды. «Сол кезде Абай айналысындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай мұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие қып шығарды», - дейді Мұхтар Әуезов.
Көкбайдың ақындық қасиеті ғана емес сонымен қатар әншілік өнері де болды. 1964 жылы Қазақстан ғылым академигі, музыка зерттеуші ғылым, композитор – Ахмет Жұбанов тұңғыш рет «Әудемжер» әнін зерттеп, әннің авторы Көкбай екенін «қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының бірінші томында жазды. Енді А.Жұбановтың сөзін толық келтірейік. «Музыка дүниесінде елеусіз болып өтіп бара жатқан адамның бірі – Көкбай. Ол Абайдың айтуынша: «Өлең жағын тырбанып, ән үйренген ырғалып». «Әудемжер» - лирика толы, үлкен азаматтық әңге бар, қазақтың классикалы ән қорында ауыз толтырып атауға тұратын шығарма. Көкбайдың ақындығы көпке мәлім де, ал оның әншілігі, ән творчествосы – қаға берілте келе жатыр» [33, 188-189 б.]. Сөйтіп, музыка тілін терең түсінетін, сергек сезімді, ұшқыр қиялды, кең ойлы, зерттеуші ғалым – Ахмет Жұбанов Көкбайдың «Әудемжер» әнінің мән – мағынасын, сыр – сипатын, көркемдік, эстетикалық қасиетін айқындап, ашып көрсетіп, Көкбай Жанатайұлының сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі екенін дәлелдеп берді.
Абайдың келесі бір тәлім – тәрбиесін көрген талантты шәкірттерінің бірі, ақын, әнші, сазгер - Әсет Найманбайұлы. Ол жеті – сегіз жасында медреседе оқып – жүріп, сол кездің өзінде – ақ әншілігімен ауызға іліге бастады. Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Ырысжан сияқты бірқатар ақындармен айтысқан. Әсет Абайды өзінің ақындық жолында ұстаз тұтқан. Әсет мұраларының он бойында Абай өнегесі өріліп жатады. Оның лирикалық шығармаларында ақынның айналасында болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды Абайша қабылдау және оларды Абайша шыншылдықпен шынасты суреттеу қасиеті, шыншылдық дәстүр нышаны айқын аңғарылады. Ол, ең алдымен, өз заманының шындығын көре білді, әр құбылысқа шыншыл көзбен қарады. Бұл орайдағы ойтүйіндері қалық елі – қазағының қалын ойлап, шару ұрған Абайдың сезім – күйлерімен танырласып жатыр [38, 126 б.].
Суырып салма сөз шебері, айтыс өнерінің майталманы, еліміздің әйгілі халық поэзиясы өкілдерінің қатарындағы тұлғалы ақындардың бірі Сапарғали Әлімбетов өзінің өткір де отты, мазмұнды да көркем өлең – жырлары, толғау – дастандарымен, айтыстарымен соңына мол мұра қалдырған талант иесі.