Семей-қазақстанның рухани астанасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:54, курсовая работа

Описание

Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Кеңес өкіметіне дейінгі Семей өңіріндегі мәдени мұралардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Семей - өнер мен білімнің қайнар бұлағы
2 СЕМЕЙ – АЛЫПТАР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҚАСИЕТТІ ТОПЫРАҚ
2.1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар
2.2 Ұрпақтар сабақтастығы
2.3 Семей өңірінің бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

диплом Семей.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

Семей өңірінде дүниеге  келген ұлттық мерзімді басылымдар қазақ  халқының азаттығы мен тәуелсіздігін, қоғамды демократияландыру, оқу  – ағарту ісін жақсарту сынды ұлттық мүддені мақсат тұтты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы басылымдарда жарияланған мақалалар, үндеулер, саяси талдаулар сол кездегі тарихи оқиғалардың айғағы. Бұл материалдар дерек көзі ретінде құнды.

ХХ ғасыр басында  ірі мәдениет ошағына айналған Семей  қаласында шыққан газет – журналдардың баспасөз тарихында олар орны ерекше. Басылымдардың қалыптасу тарихында Семей өңірінің газет – журналдары сан – салалы болғанымен ерекшеленеді. Әр түрлі саяси топтардың, кәсіподақтардың, статистикалық басқарманың үн қағаздары құнды, баға жетпес мәдени мұраның бір айғағы болып табылады.

 

1.2 Семей - өнер мен  білімнің қайнар бұлағы

 

Семей қаласы осылайша тоғыз жолдаң торабында тұрған сауда бекеті ретінде дами келе, кейінірек далалық өлкенің рухани – мәдени орталығына айналды. Осындай дәрежеге жету үшін ең алдымен өнер мен білімді дамыту қажеттілігі туындады. Бастапқы кезде Семей қаласының білім сапасы жоғары деңгейде болмады. Халықтың біраз бөлігінің ғана білім алуға, сауатын ашуға мүмкіндіктері болды. Білім беру тікелей халықтың әлеуметтік жағдайымен байланысты болып, сол бағытта мектептер мен училищелер құрыла бастады. Мектеп пен училище жоғары тап өкіліне, ал медресе жергілікті қарапайым халыққа білім беретін ошаққа айналды.

1883 жылы қалада алғашқы  училище ашылып, онда тек бай  – ауқатты адамдар балалары  оқытыла бастады. Бұл училищеде білім өте төмен, минимальді дәрежеде болды. Училищені қалалық бюджет қаржыландырып, әрбір адамға 1,9 рубль бөлініп отырды.

Елде капитализмнің  өріс алуы қалалардың дамуына әсер етті. Осы кезде сауатты, көзі ашық адамдарға деген мұқтаждық пен сұраныс күн санап өсе түсті ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап Семей қаласында бірнеше мектептер ашылып, 1863 жылдан бастап екі білім беру мекемесі жұмысын бастаса, оның ішінде маңызды оқу орны қасында әйелдерге арналған мектеп орналасқан уездік училище болды. Онда барлық жиыны 917 адам білім алды. Осы мектеп 1864 жылы екінші дәрежелі училище ретінде танылса, 1871 жылы гимназия деңгейіне жетті.

ХІХ ғасырдың 90 жылдарына  таман Семейде төрт сыныпты ерлер гимназиясы, ауыл шаруашылық мектебі және әйелдерге арналған прогимназия өз тұсауын кесті. Бірақ та бұл оқу орындарында тек қана ауқатты адамдардың балалары білім алды, себебі оқу ақысы өте жоғары деңгейде болды. Ерлер гимназиясында жылдық оқу ақысы 3 рубль 36 тиын тұрса, ал әйелдер гимназиясында оқу бағасы 9 рубль 3 тиынға жетті.

1882 жылы санақ бойынша  Семейде сауаттысыздық деңгейі ерлер арасында 24%-ы, ал әйелдерде 10% құрады. Бұл, әрине, өте төмен көрсеткіш. Осындай мәселенің туындауы қала мен облыстық рухани әрі мәдени дамуына кері ықпал етті. Осы тығырықтан шығу үшін қалада сауатсыздықты жою қоғамы дүниеге келген болатын.

1861 жылдан бастап өндірістің  өріс алуы және сауда, ауыл  шаруашылығы мен халық шаруашылығының  дамуы сауатты адамдарға деген  сұранысты өсірді. Мектеп жасындағы  балалардың көбінің білім алуға мүмкіншілігі болмады. Оған біріншіден, оқу мекемелерінің аздығы, екіншіден оқушылардың киім – кешектері мен оқу құралдарының жетіспеушілігі себеп болды. Осындай білімді дамытудағы қиыншылықтарды жою үшін Семей қаласында Бастауыш білімді жетілдіру қоғамы дүниеге келді. 1887 жылы 21 сәуірде бастауыш білімді жетілдіру қоғамының жарғысы қабылданды. Ол 35 бөлімнен тұрды. Ал 21 қарашада қоғамның ашылу салтанаты өтті. Бастауыш білімді жетілдіру қоғамының негізгі мақсаты: сауатсыздықты жою үшін мектеп ішілік және мектептен тыс іс – шаралар мен тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қоғамдық оқу, курс жұмыстарын жүргізу, жексенбілік мектептер ашу сияқты істер атқарыла бастады. Кез келген қала тұрғыны қоғамға мүшелікке кіре алатын болды. Мүшелікке 18 жастан асқан, қоғам қассасына белгілі мөлшердегі (1 рубльден кем емес) төлемақы төлеген адамдар ғана қабылданатын болды [57, 2-3 б.]. 1887 – 1888 жылдары Семей қаласының халықтық ағарту қоғамына 209 адам мүше болды. Алайда қаржылық мүмкінділігі мен қоғам мүшелерінің санының шектеулігіне қарамастан, қаладағы Бастауыш білімді жетілдіру қоғамы білім алуға мұқтаж жастардың оқуы үшін өте үлкен істер атқарды деуге болады. Мысалы, қоғам 1888 – 1889 жылғы оқу жылында әйелдер гимназиясының 28, бес сыныпты қалалық училищенің 24 оқушыларына дұрыс білім алуға жағдай жасалып, олар жылы киімдер, аяқ киім мен оқулықтармен қамтамасыз етіліп отырды. Осы шаралардың өзі қаладағы білім жүйесінің дұрыс бағытта дамуына оң ықпал етті.

ХІХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап Мәскеу университеттерінде халықтың оқулар кең етек жая бастады. 1876 жылы 24 желтоқсанда губерниялық қалаларда халықтың оқулар құрылымының тәртібі қабылдалса, 1894 жылы 11 қазанда патша үкіметі уездік қалалар мен ауылдарда халықтық оқуларды ұйымдастыруға рұқсат берді [35, 37 б.]. Осы тұста Семей қаласында да халықтың оқулар ұйымдастыру қажеттілігі туды. 1903 жылы 29 қыркүйекте Семейде халықтың оқу жүйесінің жоспары қабылданды. 20 қазанда халықтық оқу құрылысының 6 адамнан тұратын комиссиясы сайланды. Олар: В.А.Морозов, Н.Я.Руньянович, Б.Г.Герасимов, З.Д.Сорокин, И.А.Бич, И.П.Горбачев. Комиссия төрағасы болып В.А.Морозов сайланды.

1903 жылы 26 қазанда Семей  қаласында өтетін халықтық оқулардың бағдарламалары қабылданды. Ол төмендегідей бөлімдерден тұрды:

І бөлім – табиғаттану:

1) аспан;

2) жер;

3) ауа;

4) өсімдік; 

5) жануарлар;

6) табиғат күштері;

7)адам.

ІІ бөлім – халықтану:

    1. алғашқы адамдар;

2) жаңа кезең тарихы;

3) орыс халқының тарихы.

ІІІ бөлім – атақты орыс жазушыларының биографиясы, шығармалары, діни – нанымдық мақалалары мен әңгімелеріне арналды.

Семейдегі халықтық оқулар 1903 жылдың 26 қазанынан 28 желтоқсанына дейін созылды. Осы уақыт ішінде 8 халықтық оқу болды: біреуі – қазанда, бесеуі – қарашада, екеуі – желтоқсанда  өтті. Оқуға қатысқандар – ерлер: үлкендер – 840, жасөспірімдер – 190, балалар – 115 адам. Жалпы саны – 1145 адам; әйелдер: үлкендер – 675, жасөспірімдер – 144, балалар – 71 адам. Жалпы саны – 890 адам. Халықтық оқуларға жиыны 2035 адам қатысса, оның ішінде 133 төменгі шенді әскери адамдар мен 22 мұсылмандар қатысты. Әрбір халықтық оқуға шамамен 254 адамнан қатысып отырды [58,277 б.]. Семей қаласындағы халықтық оқуларда 22 дәріскер қызмет етті. Олар: Бастауыш білімді жетілдіру қоғамының басшысы В.П.Арефьев, оның орынбасары В.А.Морозов, мектеп және училищелер оқытушылары, т.б. Осы аталған дәріскерлер қараңғылықта отырған халыққа білім нәрімен күш – қуат беріп, интеллигенцияның прогрессивті бағытта дамып келе жатқанын дәлелдеп бақты.

ХХ ғасырдағы Семей  қаласының рухани өміріндегі ең басты шара – Бастауыш білімді жетілдіру қоғамының ұйымдастыруымен ашылған жексенбілік мектептер болды. 1902 жылы 6 қазанда әйелдер мен ерлерге арналған ақылы жексенбілік мектептер ашылды (ол кезде аралас жексенбілік мектептерге заң бойынша жол берілмейтін). Жексенбілік мектептер негізінен Александро – Невский шіркеуінің ғимаратында орналасты. Әрбір жексенбілік мектеп шіркеубасының қатаң бақылауында болды. Семейлік жексенбілік мектептерді шіркеубасы Иоанн Никольский басқарды. Мектепке оқушыларды қабылдау жыл бойы жүргізіліп жатты. Мектепке қабылданушылардан ешқандай құжат талап етілмеді. Олардың аты, тегі, жасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, тұрғылықты жері туралы мәліметтері ғана жазылып алынды [59, 7 б.].

Семейлік жексенбілік  мектепке қабылданған оқушылардың барлығы төмендегідей топтарға бөлінді: сауаттылар – 31, жартылай сауаттылар – 21, сауатсыздар – 43 адам. Оқушылар жас мөлшерлеріне байланысты екі топқа бөлінді: 14 жастан төмен – 44 адам, 14 жастан жоғары – 51 адам.

Семей қаласы тұрғындарының сауаттандыру ісін дамыту үрдісінде жексенбілік мектептердің алатын үлесі төмен деңгейде болды. Оны Семей қаласындағы Бастауыш білімді жетілдіру қоғамы шығаратын газеттің 1918 жылы №1 санында жарық көрген «Ни одного неграмотного» деген мақаладағы кестеден көре аламыз.

Кесте 1.2.1 Мақала «Ни одного неграмотного»

 

әйелдер

ерлер

ортақ мөлшері

Сауаттылар (оқи –  жаза білетіндер)

10

28

20

Орташа сауаттылар (тек  оқи алатындар)

3

7

5

Сауатсыздар

87

65

75


 

Сонымен, осы кестеден ХХ ғаксырдың бірінші ширегінде Семей облысы тұрғындарының 20% -ы ғана оқып жаза білетін сауаттылар қатарына жататынын көре аламыз.

1920 жылдан бастап   сауатсыздықты жою мақсатында  ұстаздар даярлайтын үш жылдық, он айлық, үш айлық және бір  айлық курстар ашыла бастады.  Өте қысқа мерзім ішінде 420 адам дайындық курсынан өтіп, жер – жерге барып ұстаздық қызмет атқарды. Бұл сауатсыздықты жою шаралары лениндік мәдени революцияның бір бөлігі ғана болды. 1925 жылы қалада бірінші дәрежелі 23 мектеп қызмет етіп, онда 3298 оқушы білім алып, 65 оқытушы қызмет жасаса, екінші деңгейлі 7 мектепте 1307 балалар білім алды.

Мектептерде білім беретін  ұстаз – кадрлардың жетіспеушілігі болашақ ұстаздар даярлайтын оқу  орындарының ашылуына негіз болды. Оның алғашқысы 1920 жылы 6 қарашада ашылған  бірінші деңгейлі мектептерге арналған қазақ және орыс ұстаздарын даярлайтын Институт болды. 30-жылдардың өзінде – ақ халық шаруашылығының әр салаларына мамандар даярлайтын бірнеше техникумдар ашылып, қызмет етті. Мысалы: автожол техникумы, педагогикалық техникум (қазақ, орыс бөлімдері болды), қаржы және мал дәрігерлік техникумдар, т.б. Осы жылы акушерлік техникумның базасы негізінде В.Куйбышев атындағы фармацевтикалық техникум ұйымдастырылды. Бұл техникум түлектерінің 60% -ы фармацевт – маман ретінде бүкіл Қазақстанның аудандық және қалалық дәріханаларын басқарып отырды.

1934 жылы бұрынғы ерлер  гиназиясының екі қабатты үлкен  ғимаратында Семей қаласындағы  алғашқы жоғары оқу орны – Мұғалімдер Институты ашылды. Ол 1937 жылы Н.К.Крупский атындағы Педагогикалық институт болып қайта құрылды. Осы жылы мұғалімдер институтынан кешкі бөлім ашылып, онда тарих, физика, математика, химия және биология пәндерінен дәріс беретін мұғалімдер даярланып, шығып жатты.

Облыс пен қала үшін квалификациялық  мамандарды Н.К.Крупский атындағы Семей  педагогикалық институты даярлап шығарып отырды. 1955 жылы қаңтарда институт өзінің 20 жылдығын тойлады. Осы кезеңге дейін институт педагогикалық училище, техникумдар мен орта мектепте қызмет ететін екі жарым мың ұстазды өз қолынан ұшырып шығарды. Институттың физика – математикалық, жаратылыстану және тарихи – филологиялық факультеттерінде шамамен 800 студент білім алса, институттағы 13 кафедрада 86 оқытушы қызмет етті. 16 оқытушылардың ғылыми атақ – дәрежелері болды.

Елдегі  ғылыми – техникалық прогресс пен халық шаруашылығының дамуы квалификациялы мамандарға деген қажеттілікті арттырды. Осы мақсатта Семей қаласында 1952 жылы Малдәрігерлік, зоотехникалық институт ашылып, республикамыздың ауыл шаруашылығында еңбек ететін алғашқы 256 мамандарын 1957 жылы даярлап шығарды. 1953 жылы күзде медициналық институт өзінің тұңғыш 300 студентін қабылдады. 50 жылдардың орта шегінде Семей қаласында 30000 астам халық білім алған 72 оқу мекемелері болды: 36 жалпы білім беретін мектеп, 14 техникум, 3 жоғары оқу орны, 4 қолөнерлік училище.

Бүгінгі таңда жас  тәуелсіз Қазақстан жаңадан құрылған педагогикалық институттардың аяқ  алысына, даярланатын мұғалімдердің  сапасына ерекше көңіл бөліп отыр. Осындай мемлекет жүктеп отырған  зор міндетті абыроймен ақтап  жүрген оқу орындар Семей қаласында орын тепкен. Олардың негізгі базалары ХХ ғасырдың басында қаланғанын жоғарыда атап өткен болатынмын. Бүгінгі таңдағы Семейдегі білімнің қайнар бұлағы – Семей мемлекеттік педагогикалық институты болып табылады. Семей мемлекеттік педагогикалық институты 2004 жылдың 1 сәуірінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен жеке жоғары оқы орны ретінде бөлініп шықты. Ол 1934 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан өңіріндегі алғашқы жоғары оқу орны мұғалімдер институты ретінде құрылып, Қазақстандағы ҚазПИ, ҚазМУ және Орыс педагогика институтынан кейінгі кезектегі төртінші жоғарғы оқу орны болатын. Осы мұғалімдер институты кейіннен (1937ж.) педагогикалық институттың жасақталуына негіз болды. Содан 1996 жылға дейін, Семей қаласындағы төрт жоғары оқу орнының (педагогикалық институт, технологиялық институт, зооветеринарлық институт және қаржы – несие институттары) басы біріктіріліп көп салалы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылғанға дейін жеке жоғары оқу орны ретінде қызмет етіп келді. Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру, жаңа сатыдағы педагог мамандарды даярлау мақсатында ашылып отырған институттардың бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институты. 70 жылдың тарихында институт  40 мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп, түлетіп ұшырды, үлкен өмірге жолдама берді. Олардың ішінде қатардағы мұғалімдерден бастап, республикаға, өңірімізге танымал болған, ел мақтанышына, институт мақтанышына айналған талай тұлғалар бар: олар – ғылым мен білім, өнер мен мәдениет және қоғам қайраткерлері. Атап айтсақ, атақшы абайтанушы ғалым, осы институт қабырғасында жарты ғасыр ұстаз болып қызмет еткен, Қазақ КСР ән – ұраның авторы Қайыр Мұхамежханұлы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Қанипа Бітібаева, белгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхаметжанов т.б. осы институт түлектері.

Информация о работе Семей-қазақстанның рухани астанасы