Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

1) аккредиттеу  – нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері  өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім;

2) ғалым –  ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын  әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық  қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін  жеке адам;

3) ғылым –  функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы;

4) ғылым жөніндегі  ұлттық баяндама – әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылымды дамытудың басым бағыттарын негіздеуді қамтитын жыл сайынғы есеп;

5) ғылыми-білім беру консорциумы – ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және басқа да заңды тұлғалар, оның ішінде өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, технологиялық инновацияларды әзірлеу және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін бірлескен шаруашылық және ғылыми қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты уақытша бірлестік; 

6) ғылыми, ғылыми-техникалық  бағдарлама бойынша бас ұйым  –нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

7) ғылыми, ғылыми-техникалық  жоба мен бағдарлама – болжанған  ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын  қамтитын, жоспарланған жұмыстарды  жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат;

8) ғылым және  ғылыми-техникалық қызмет саласындағы  мемлекеттік саясат – мемлекеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатынасын білдіретін, ғылым мен техника саласындағы әртүрлі ұйымдар қызметінің, ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асырудың, жаңа технологиялар жасаудың, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі басымдықтарын, мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттарын, нысандары мен әдістерін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; 

9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет  есебі – ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат;

10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің  нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау  барысында алынған және кез  келген ақпарат жеткізгіште тіркелген  жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

11) ғылыми-зерттеу  жұмысы – бар білімді кеңейту  және жаңа білім алу, ғылыми  гипотезаларды тексеру, табиғат  пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

12) ғылыми зерттеулер  – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық  қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

13) ғылыми инфрақұрылым  – ғылыми ұйымның балансындағы  ғылыми зертханалық және инженерлік  жабдық, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс,  бірегей объектілер, сондай-ақ өзге  де жылжымалы және жылжымайтын  мүлік; 
14) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер; 

15) ғылыми қызмет  – зерделенетін объектiлерге,  құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді,  ерекшелiктер мен заңдылықтарды  анықтау мақсатында қоршаған  болмысты зерделеуге және алынған  білімдi практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

16) ғылыми қызметкер  – ғылыми ұйымда, жоғары оқу  орнында немесе ұйымның ғылыми  бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары  білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне  қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке адам;

17) ғылыми-техникалық  ақпарат – ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік  қызмет барысында алынатын, ғылымның, техниканың, технологиялардың ұлттық  және шетелдік жетістіктері туралы  мәліметтерді қамтитын ақпарат;

18) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

19) ғылым саласындағы  уәкілетті орган (бұдан әрі  – уәкілетті орган) – ғылым  және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

20) зияткерлік  меншік – азаматтың немесе  заңды тұлғаның ғылыми-зерттеу,  тәжірибелік-конструкторлық және  технологиялық жұмыстардың нәтижесінде  алынған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарына айрықша құқығы;

21) инженерлік-техникалық  қызметкер – ғылыми ұйымда  немесе жоғары оқу орнында  жұмыс істейтін, кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізуге және оны іске асыруға жәрдемдесетін жеке адам;

22) қауымдастырылған  профессор (доцент), профессор –  ғылыми ұйымның немесе жоғары  оқу орнының қолдаухаты бойынша уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;

23) қолданбалы  зерттеу – практикалық мақсаттарға  қол жеткізу және нақты міндеттерді  шешу үшін жаңа білім алуға  және оны қолдануға бағытталған  қызмет; 
24) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

25) стратегиялық  зерттеулер – стратегиялық міндеттерді  шешуге бағытталған іргелі не қолданбалы зерттеулер;

26) тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстар – өнімді жасау немесе  жаңғырту кезінде орындалатын  жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге  арналған конструкторлық және  технологиялық құжаттаманы әзірлеу,  тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;

27) тәжірибелік  өндіріс – негізгі қызметі  тәжірибелік үлгілер мен пайдалы  модельдерді, жаңа өнімдер мен  технологиялық процестерді дайындау  және байқаудан өткізу болып  табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары  оқу орындарының құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға; 

28) философия  докторы (РһD), бейіні бойынша доктор  – тиісті мамандықтар бойынша  докторантураның кәсіптік білім  беру бағдарламаларын меңгерген  және диссертация қорғаған адамдарға  берілетін ғылыми дәреже;

29) іргелі зерттеу – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу.

 

Ғылыми  мекемелер

Қала

1

Қ.И. Сәтбаев  атындағы геология ғылымдары Институтының Алтай бөлімі

Өскемен

2

Түсті металдардың  шығыс ғылыми зерттеу тау кен  металлургиясының институты

Өскемен

3

В. Фесенкова атындағы Астрофизика институты

Алматы

4

эксперименталды биология Институты, ЖАҚ

Алматы

5

Қонаев атындағы тау кен институты

Алматы

6

Ә. Марғұлан атындағы археология институты

Алматы

7

Биология зерттеу  орталығының Ботаника және фитоинтродукция (ДГП) Институты

Алматы

8

Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Алматы

9

География институты

Алматы

10

Қ.И. Cәтбаев атындағы геология ғылымдарының институты

Алматы

11

Академик Чөкин  атындағы энергетика ғылыми зерттеу  институты

Алматы

12

У. Ахмедсафина атындағы гидрогеология және гидрофизика Институты

Алматы

13

Зоология институты

Алматы

14

Ионосфера институты

Алматы

15

Ш. Уәлиханов атндағы тарих және этнология институты

Алматы

16

Академик У.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыш зерттеу институты

Алматы

17

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

Алматы

18

Математика институты

Алматы

19

Кен қорыту институты

Алматы

20

Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты

Алматы

21

Микробиологиия және вирусология институты

Алматы

22

М.А. Айтқожин атындағы молекулярлы биология және биохимия институты

Алматы

23

Жалпы генетика және цитология институты

Алматы

24

Д. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты

Алматы

25

Органикалық синтез және көмір химиясы институты

Қарағанды

26

Тамақтандыру  институты

Алматы

27

Қолданбалы математика институты

Қарағанды

28

Жану институты

Алматы

29

информатика және басқару институты

Алматы

30

Жер қыртысын кешенді  игеру институты

Қарағанды

31

Сейсмология институты

Алматы

32

А.Бектұров атындағы химия ғылымының институты

Алматы

33

Өндірістік биотехнология институты

Степногорск

34

Адам және жануарлар физиологиясының институты

Алматы

35

Өсімдік биологиясы және биотехнологиясы институты

Алматы

36

Философия и политология институты

Алматы

37

Халықаралық ғылыми өндірістік холдинг "Фитохимия", АҚ

Қарағанды

38

Экономика институты

Алматы

39

А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты

Алматы

40

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы

Алматы

41

Қазақ мемлекеттік  ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты (КазгосИНТИ)

Алматы

42

Қазақстан Рсепубликасының  ғылыми-техникалық ақпаратының ұлттық орталығы

Алматы

43

Механика және математиканың ғылыми  зерттеу институты

Алматы

44

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Экология мәселесінің ғылыми  зерттеу институты

Алматы

45

Биологиялық қауіпсіздік мәселесінің ғылыми-зерттеу институты

Гвардейский

46

Қаржы-банк менеджментінің ғылыми-зерттеу институты

Алматы

47

Химия технологиясы және материалының ғылыми-зерттеу институты

Алматы

48

Эксперименталды және теоретикалық физиканың ғылыми-зерттеу институты

Алматы

49

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты

Алматы

50

Қазақстан Республикасы биотехнология ұлттық ортылығы

Астана,Степногорск,

51

Тестілеу және білім беруді мемлекеттік стандарттаудың ұлттық орталығы

Астана

52

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы

Алматы

53

Республиканская ғылыми-техникалық кітапхана

Алматы

54

Республикалық ғылыми-әдістемелік білімді ақпараттандырудың орталығы

Алматы

55

Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедиция

Алматы

56

Физико-техника институты

Алматы

57

ҚР ядерлік  физика Институты

Алматы

58

 Ж. Әбішев атындағы химико-металлургия институты

Қарағанды

59

Физико-химиялық әдіс анализы орталығы

Алматы

60

Емдік байланыстарды  биологиялық зерттеудің орталық  зертханасы

Астана

61

ҚР Орталық  ғылыми кітапханасы 

Алматы




 

 

 


Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау