Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

Ел Президенті ғылымды дамытуда жастардың алатын орнына ерекше көңіл бөліп, мектеп табалдырығынан бастап балаға терең ой, зерделі сана қалыптастыру, жоғары оқу орнында білім беру мен ғылыми жұмысты бірге алып жүріп, шетелдер тәжірибесін пайдалана отырып,  университет қабырғасынан білікті маман дайындау мәселесіне, университеттердің инновациялық жұмысына баса мән беріп отыр. Бұл – еліміздің ертеңіне жауапты жастарды ғылымға тартудың бірден-бір тура жолы. Жоғары оқу орындарында білім беру үрдісі жастарды ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу арқылы жүргізілуі еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған 50  мемлекеттің қатарына кіру жолындағы сатысы. Ғылым мен білім беруді ұштастыру жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндік береді. Осы ретте «Заң жобасындағы тағы бір жаңалық, қолданыстағы заңда мүлде қозғалмаған ғылым мен инновациялық қызметті қолдаудың жаңа механизмдері болып отырған болашақта «зерттеу университеттері» деген жаңа ұғым енгізілетіні. Мұндай университеттің негізі ретінде «Назарбаев университетінің тәжірибесін кеңінен қолданып, мемлекеттің қолдауымен басқа да университеттерді дамытуды жүзеге асыруға мүмкіншілік туады. Тәуелсіздік жылдары еліміз алға қарай үлкен қадам жасап, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылыми жолмен айқындаған стратегиялық бағытын жүзеге сәтті асырып келеді [63.152].

Қазақстан ғылымы бүгіннің өзінде Елбасы Жолдауындағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» атап өтілген мақсатына сай деуге болады. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, 2011 жыл 22-ақпанда «Жаңа заң бізге жаңа бағыт береді деген «Айқын» газетіне берген сұқбатында: «Біздің Президент ғылым саласын басқарудың жаңа үлгісін ұсынды. Бұл үлгі Қазақстанда қайталануы мүмкін жаңағы әлемдік тенденцияның орнын толтырып қана қоймай, ғылымды елдің даму жүйесіне қосудың озық шараларын қабылдауға бағытталған. Әрі бұл тек ғылымға ғана қатысты емес, Елбасының болашаққа негізделген стратегиялық бастамалары Қазақстан өмірінің барлық салаларына қатысты» деп ерекше атап өтті [65.52].

2007-2010 жылдар  ішінде ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржыландырудың көлемі 16,9 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге немесе 18 пайызға өсті. 400-ден астам ғылыми ұйым жұмыс істейді, Ғылыми-зерттеу институттарында ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD философия докторы сияқты ғылыми дәрежелері бар 22 мың ғалым жұмыс істейді. 400-ден астам қазақстандық ғалым шетелдік ғылыми ұйымдарда тәжірибеден өтті. Ірі, халықаралық 27 жоба жүзеге асырылуда» – деген тұжырымдама жасаған болатын [66.12].

2011 жылғы 27-мамырда  60 жылдан астам тарихы бар,  алғаш Президенті ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаев бастаған  сан-салалы ғылымның бастауында тұрған академиктер мен  ғылым  қайраткерлері қызмет істеген Ғылым Академиясының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, Ғылым ордасы атауымен ашылды.  Осыған орай өткізілген «Ғылымның дамуы – еліміздің болашағы!» атты форумда  ғылымды басқарудың жаңа жүйелері талқыланды. Еліміздің Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Ғылымның дамуы – елiмiздiң болашағы» атты негiзгi баяндаманы жасап, өзектi мәселелердi талқылап, нақты ойлар айтты. Ғылым саласының жаңа жүйеге көшкендігі, біздің ғалымдарға қолдау, олардың ғалым ретінде өсуіне жақсы жағдай туғызылатыны туралы мәселелерге баса назар аударды. Сонымен қатар орта бiлiм беру сапасына мемлекеттiк бақылаудың орталықтандырылған вертикалiн енгiзу, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң жаңа моделiнiң iске асып жатқанын айтып, ендiгi жерде орта буын мамандарын даярлау сапасының, бәсекеге қабiлеттiліктiң төмен болу мәселелерi шешiлетiнiн жеткiздi. Форум жұмысын қорытындылай келе, министр Б.Жұмағұлов он екi академикке «Үлкен Алтын» медалiн табыс еттi [66.52].

ҚР Ұлттық Ғылым  академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, академик ғалымдар сөз сөйлеп,   Ғылым туралы Заңның ережелеріне сәйкес өз пікірлерін білдірді. Ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізуге талаптар жыл санап күшейіп келеді, қаржыландыру көлемі де ұлғаюда, тек биылдың өзіне 29,3 млрд. теңге бөлінді. Ал, интеллектуалды ұлт қалыптастырамыз десек, ғылым саласы осының негізгі қозғаушы күшіне айналуы керек, – десті академик ғалымдар [69.52].

Міне, сондықтан  білім және ғылым саласында әлі де болса алар асу алда, жүзеге асырар іс-шаралар көп деуімізге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Елбасы  «ғылым  жүйесіндегі  барлық  негізгі  қатысушылардың  функцияларын  реттеу»  қажеттігіне  назар  аударып,  шамадан  тыс  бюрократиялық,  артық  нәрселерді  алып  тастады.  Заңға  енгізілген  жаңалықтардың  бірі  -  ғылымды  басқарудағы  стратегиялық,  әкімшілік және  эксперттік  функциялар  шектелді.  Бұл  үшін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссияның  функциялары  кеңейтілді.  Бұл  комиссияның  құрамына  еліміздің  жетекші  ғалымдары  енгізіледі.  Ғылымды  дамытудағы  басымдықтар,  бағыттар,  қаржыландыру  және  тағы  сондай  мәселелерді  осы  комиссия  айқындайды

Соңғы  жылдардағы  ғалымдар  жүргiзген  ғылыми  зерттеулер  отандық  ғылым  мен  технологияның  бәсекелестiк  мүмкiндiктерiн  жоғары  көтеретiн  жаңа  iргелi  бiлiмге  бағытталып  келедi.  Ғылыммен  тығыз  байланысты  өндiрiстердiң  қалыптасуы  үшiн  ғылыми  базалардың  құрылуы  табиғи  және  минералды  ресурстарды  ұтымды  пайдалану,  жаңа  материалдар  мен  препараттар  жасау,  техногендiк  қалдықтарды  қайта  өңдеуге  тарту,  тау-кен  металлургиясы  кешенiнiң  тұрақты  жұмыс  iстеуi  мен  тиiмдiлiгiн  көтеру,  молекулалық  және  клеткалық  биология  нәтижелерiн  биотехнологияда,  медицинада,  ауыл  шаруашылығында  қолдану,  денсаулық  және  тамақтану  сапасы,  телекоммуникация  мен  байланыстың  қазiргi  заманғы  жүйесiн  құру,  атом  энергетикасын  дамыту  сияқты  қажеттi  шаралардан  тұрады.

Отандық  ғылымның  жаңа  мүмкіндіктерін  ашу  үшін  тиісті  заңнамалар  қажет.  Бұл  -  тіпті  елдің  дамуы  тұрғысынан  алғанда  да  өте  маңызды  іс.  Біріншіден,  индустриалдық  дамудан  кейінгі  кезеңде  алға  жетелеуші  күш  -  инновациялық  ілгерілеу  болады.  Ал  оның  қайнар  көзі  -  ғылымның  жетістіктері.  Бұл  -  аксиома.  Сол  үшін  де  ғылымды  дамыту  керек,  оның  заманауи,  экономикалық  және  әлеуметтік  жүйесін  енгізу  қажет.  Бірінші        мақсат        -        осы. 

Оның  маңыздылығы  жайында  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  бірнеше  рет  айтқан  болатын.  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  ол  «біз  ғылымды  дамытудың  жаңа  деңгейін  қамтамасыз  етуге  тиіспіз»  деп  қадап  айтты.

Көптеген  халықаралық  сарапшылардың  пікірінше,  соңғы  бес  жылдан  бері  бүкіл  әлемде  ғылымға  деген  қызығушылық  төмендеп  келеді  екен.  Осынау  үрдісті  есептен  шығармаған  біздің  Президент  ғылым  саласын  басқарудың  жаңа  үлгісін  ұсынды.  Бұл  үлгі  Қазақстанда  қайталануы  мүмкін  жаңағы  әлемдік  тенденцияның  орнын  толтырып  қана  қоймай,  ғылымды  елдің  даму  жүйесіне  қосудың  озық  шараларын  қабылдауға  бағытталған.  Әрі  бұл  тек  ғылымға  ғана  қатысты  емес,  Елбасының  болашаққа  негізделген  стратегиялық  бастамалары  Қазақстан  өмірінің  барлық  салаларына  қатысты.  Өкінішке  қарай,  ғылым  саласындағы  осы  шараларды  жүзеге  асыруда  біз  екі  жылға  кешігіп  қалдық,  енді  оның  есесін  қайтаруға  тура  келеді.  Екіншіден,  бізде  ғылым  ұзақ  жылдар  бойы  жасанды  түрде  жоғары  білім  жүйесінен  бөлініп  келді.  Бұл  -  кеңестік  жүйенің  жұрнағы.  Бірақ  енді  бұған  көніп  отыруға  болмайды.  Дамыған  елдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  заманауи  маман  тәрбиелеп  шығару  үшін  білім  беру  мен  ғылым  үдерістерін  біріктіру  керек.  Шығармашылық  ойлау  қабілетін,  жаңа  білімді  үйрену  қабілетін  арттыру  үшін  студенттер  ғылыми  зерттеулерге  міндетті  түрде  қатысуы  тиіс.  Қазір  Қазақстан  ішкі  ғана  емес,  сыртқы  еңбек  нарығында  да  бәсекеге  қабілетті  мамандар  дайындауға  бетбұрыс  жасап  отырғандықтан,  жоғары  білімнің  халықаралық  сапасына  ұмтылыс  жасап  отырғандықтан,  ғылымды  жоғары  мектептегі  білім  беру  ісімен  біріктіру  мәселесіне  баса  мән  берілгені  қажет.  Бұл  –  екінші        міндетіміз.

Сонымен  қатар  ғылымға  өз  жетістіктерін  инновациялық  үрдістер  арқылы  нарыққа  шығара  алатындай  мүмкіндік  туғызуымыз  керек.  Бұл  -  үшінші  міндет[16.92].

Осы  үш  міндет  тың  тетіктерді,  ең  алдымен  заңнамалық  тетіктерді  қажетсінеді.  Ғылым  саласындағы  заңдарды  түбегейлі  жетілдірудің  маңыздылығы  да  осыған  келіп  тіреледі.

Ғылымның  қазіргі  әлеуетіне  келсек,  ол  басылымдардағы  кейбір  пікірлерде  айтылатындай  соншалықты  төмен  емес.  Бізде  математика,  физика,  химия,  биология  және  өзге  де  бағыттарда  өзін  мойындатқан  мықты  ғылым  мектептері  бар.  Шетелдерге  танылған,  ең  беделді  халықаралық  сыйлықтарға  қол  жеткізген  талантты  ғалымдарымыз  бар.  Мысалы,  сондай  танымал  сыйлықтардың  бірі  -  америкалық  математика        қоғамдастығының        сыйлығы.

Әлемдегі  ең  ірі  университеттер  мен  ғылыми  орталықтармен  ынтымақтасқан  университеттердің  құрылуы  да  жоғары  білім,  ғылым  мен  инновацияны  біріктіру  саласындағы  батыл  қадамдардың  бірі  болып  отыр.  Бұл  –  заман  талабы.

Дүниежүзілік  банкпен  бірлесе  «Жобаларды  коммерциялау»  жобасы  іске  қосылды.  Өйткені  әлемдік  деңгейдегі  зерттеулер  мен  әлемдік  ғылым  Қазақстанға  келуі  үшін  бізге  қайтсек  те  ғылыми  ізденістерді  коммерциялаудың  тәжірибесі  мен  тетіктерін  меңгеруге  тура  келеді,  мұндай  тәжірибе  бізде  жоқ  әзірге.

Елбасының  бастамасымен  еліміздегі  жетекші  жоғары  оқу  орындарында  құрылған  ашық  үлгідегі  ұлттық  зертханалар  мен  инженерлік  зертханалар  ғылыми  инфрақұрылымның  басты  элементтерінің  біріне  айналуы  тиіс.  Біз  оларды  іске  қостық,  бірақ  ол  осы  уақытқа  дейін  жөнді  жұмыс  істемей  келді.  Енді  қабылданған  «Ғылым  туралы»  заң  олардың  жұмысын  ары  қарай  дөңгелетіп  әкететін  нақты  тетіктер  береді.  Мұндай  мүмкіндікті  жібермеу  керек.  Бұл  жауапкершілікті  осындай  зертханасы  құрылған  әрбір  ЖОО-ның  ректоры  өзіне  алуы  тиіс.  Білім  және  ғылым  министрлігінің  аталған  зертханалар  үшін  базалық  қаржыландыруды  пайдалану  мүмкіндігі  пайда  болады.  Бұл  жақсы,  әрине.  Бірақ  ректорлар  да  осы  зертханаларды  дамытуға  мүдделі  болуы  тиіс,  олар  зертхананы  ЖОО-ның  бюджеттен  тыс  қаржысымен  қамтамасыз  етуге  міндетті. 

Орта  ғасырдағы  шығыс  ойшылдарының  пайымдауынша,  ғылымның  екі  қаруы  бар  көрінеді.  Біріншісі  –  пікір  аламасу,  яғни  пікірталас  болса,  келесісі  –  қорғаныс,  яғни  сол  пікірталаста  қорғану  әрі  құтқару  құралы  екен.

Тәуелсіздік  алған  жылдардың  ішінде  еліміз  ілгеріге  үлкен  қадам  жасап  үлгерді.  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ғылыми  жолмен  айқындаған  стратегиялық  бағытын  жүзеге  сәтті  асырып  келеді.  Алдымызда  тұрған  ұлы  міндеттер  көп,  отандық  ғылымның  осы  міндеттерді  шешу  жолындағы  мықты  құралға  айнала  алатынына  сенемін.  Олар  Президент  жүктеп  отырған  мақсаттарды  орындай  алады.

Біздің  ойымызша,  қазақстандық  ақпараттық  киберкеңістіктегі  ғылым  жайлы  дебаттардың  өрбуіне,  өріс  алуына  тағы  бір  мүмкіндік  туып  отыр  және  де  Сіз  сол  пікірлердің  алмағайып  түсіп,  ой  мен  пікір  алаңында  ғылым  жайлы  дебаттың  шыңдала  түсуіне  үлес  қосады  деп  сенеміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ:

 

  1. "Приоритетные  направления развития образования и науки на ближайший период". К.Е.Кушербаев, министр Образования и науки РК. Из выступления на расширенном заседании Коллегии Министерства. //"Актуальные  проблемы высшей школы" 2000 год. №1,4. с.15-23.
  2. "Закон об образовании РК". Глава 6 (Экономика образования) Статья  43,44,45.
  3. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996; Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы: Қазақстан, 1996; Назарбаев Н. Ә. Тарих тағылымдары жөне қазіргі заман. Алматы: Қазакстан, 1997. Тарих толқынында. Алматы; Атамұра, 1998.
  4. Өскенбаева Г. Президент және Қазақстан ғылымы. 4-Шілде, 2011 жыл.       
  5. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Казахстана до 2030 года: Послание Президента народу Казахстана. – Алматы, 1997.
  6. Журнал "Высшая школа Казахстана", № 1, 1999 г., стр. 15-24
  7. Г.Мутанов. Инновации: создание и развитие. Алматы, Қазақ университеті. 2012 ж.
  8. Смайлов К. Қазақстан ғылымы. XXI ғасыр //Егемен Қазақстан, 1996, 21 мамыр.
  9. Тангян С.А., Хейнеман С.П. Образование на пороге XXI века; образование в странах восточной Европы и Средней Азии //Педагогака, 1995, №1.
  10. Сарбасова Т.С. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. – Алматы, 2006. 87б.
  11. Жумагулов Б.Т. Закон дает науке новые ориентиры //«Литер» от 22.02.2011 г.
  12. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 24. Алматы: Рауан, 2000, 306 б.
  13. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 1995.
  14. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2001 жыл.
  15. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 18-і.  № 407-IV //http://www.scedu.kz/zakon-o-nauke/.
  16. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы заңы.
  17. Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.
  18. ҚР Конституциясы, «Юрист», 2008 ж.
  19. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдаулары.
  20. ҚР Азаматтық кодексі, «Юрист», 2004 ж.
  21. ҚР Азаматтығы туралы Заңы, «Юрист», 2004 ж.
  22. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2001 жыл.
  23. Экономикалық теория және экономика (Я. Әубәкіров, А. Қошанов т.б.) //Ақиқат, 1995, №12, 3-7 б.
  24. Г.Мутанов. «Образование. Наука. Инновации». ВКГТУ, 2010. с.226
  25. Журнал "Поиск" N 52(554) 31 декабря 1999 г.
  26. "Бизнес-образование в Республике  Казахстан: Проблемы и стратегические ориентиры на  XXI век". С.Сатубалдин, исполнительный директор КИМЭП  при  Президенте Республики  Казахстан, академик, доктор экономических наук, профессор. //"Актуальные  проблемы высшей школы" 2000 год. №1,4
  27. Н.А. Назарбаев. "Казахстан 2030". Издательство "Бiлiм".
  28. "Учитель Казахстана" № 31-32, 1 сентября 2001.
  29. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003.
  30. Назарбаев Н.Ә. Қоғамды түрлендіру стратегиясы және еуразиялық өркениеттің жандануы. – М., 2002.
  31. Роман Василенко. ҚР әлемдік қоғамдастықпен халықаралық байланыстары. //Дипломатия жаршысы. 5(27) 2010 жыл.
  32. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 – барлық қазақстандықтардың хал-ахуалының гүлденуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. – Алматы, 1998.
  33. Дағдарыстан – дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2009 жылғы 6 наурыз.
  34. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. А., 1999. 509-б.
  35. Статистический ежегодник Казахстана 2007-2008. – Стат. сборник /Под ред. А.А.Смаилова. – Алматы, 2008.-155-156 б.
  36. Гершунский Б. С. Философия образования: научный статус и задачи //Советская педагогика, 1991, №4.
  37. Гершунский Б. С. Общечеловеческие ценности в образовании //Советская педагогика, 1992, №5, 6.
  38. Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. Москва: Педагогика, 1999.
  39. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы: Егемен Қазақстан, 1994, 25 тамыз.
  40. Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан, 1996, 7 тамыз.
  41. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы: РБ кабинеті, 1995.
  42. Леднев В. С. Содержание образования: сущность, структура, перспективы. Москва: Высшая школа, 1991.
  43. Нұрахметов Н.Н. Мемлекеттік білім стандартының оқу сапасын жаңарту мен жақсартуға әсері. "Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары" жинағын қараңыз. Алматы: РБК, 1996.
  44. Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 1997. 48-с.
  45. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Активные методы и формы обучения в высшей школе. – Алматы, 2005.
  46. Әбдіманапов С. Білім мен ғылымға жаңа серпіліс. //Егемен Қазақстан. 5-қараша. 2006.
  47. Балықбаев Т. Тест тапсыруды түсініп болдық па? //Егемен Қазақстан. 1-маусым. 2004.
  48. Айғамұлы Е. Білім саласына ұлттық бағдарламаның қажеттігі.// Ана тілі. 1-сәуір. 2004.
  49. Атутов П.Р. Технология и современное образование //Педагогика.-1996.-№2.
  50. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.
  51. Инновационные технологии  в учебно-педагогическом процессе школы и вуза.- Волгоград: Перемена, 1993 г
  52. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2010 жыл.
  53. Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қаңтар, 2011 жыл.
  54. Назарбаева Г. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. – Алматы: 2004. - 344 б.
  55. Салқынұлы С. Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасының тарихы: ғылыми монография. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2007. – 240 б.
  56. Государственная программа развития науки в Республике Казахстан на 2005-2010 годы. Астана 2004.;
  57. Жумадилова А.С. Международное сотрудничество Республики Казахстан в сфере образования. 1991-2001. Автореферат кандидатской дисс. Алматы 2004.;
  58. Ирсалиев С. Этапы становления международного сотрудничества в области образования. //Вестник высшей школы. 1998. №6.;
  59. Мұхамедов М. Тең дәрежедегі ынтымақтастық. //Ақиқат. 1997.5 №5.;
  60. Бордовский К.И. Исследование стратегий развития зарубежной системы высшего педагогического образования. М., 1996.;
  61. Аллак ж. Вклад в будущее: приоритет образования. — М.: Педагогика-Пресс, 1993.  Нив Г. Европа перемен: проблемы исследования высшего образования: Высшее образование в Европе. Т ХVI. 1991. № 3. С. 6-34.;
  62. Педагогическое образование и подготовка учителя по многоуровневой системе в Европе и США: Материалы международной конференции. М.: ГКШВ, 1993.;
  63. Тарихи сана қалыптастыру туралы мемлекеттік бағдарлама. -Алматы, 1995.;
  64. Бордовский К.И. Исследование стратегий развития зарубежной системы высшего педагогического образования. М.,1996.
  65. Аллак ж. Вклад в будущее: приоритет образования. - М.: Педагогика-Пресс, 1993.; 
  66. Нив Г. Европа перемен: проблемы исследования высшего образования: Высшее образование в Европе. Т ХVI. 1991. № 3. С. 6-34.  Педагогическое образование и подготовка учителя по многоуровневой системе в Европе и США: Материалы международной конференции. -М.: ГКШВ, 1993.

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау