Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

Талқылау барысында  айтылған ұсыныстар мен ескертпелердің басым көпшілігі ғылымды басқару мен ғылыми және ғылымитехникалық қызметті ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру мен қаржыландырудың жаңа технологияларын енгізу қағидаларын жетілдіруге қатысты болды. Ғылыми қызметкерердің мәртебесін көтеру және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты мәселелер де көтерілді. Сенат депутаттары тарапынан болған 60 ұсыныстың 50-і жобаға енгізіліп, заң қабылданды. Депутаттардың отырыста айтқан пікірлері бойынша, ғылым мен ғылыми техникалық қызметті уақытында қаржыландыру, жеке меншік ғылыми секторға мемлекеттік тұрғыда қолдау жасау құжаттағы көптеген жаңа ережелердің іске асуына тікелей байланысты болады. Өйткені, әлемдік тәжірибе бойынша зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың 70-90 пайызын солар атқарады[22.212].

 

 

    1.      2011 жылғы «Ғылым туралы» заң: мазмұны мен талаптары

 

2011 жылғы ақпанның 18-і күні Астана, Ақордада «Ғылым  туралы» заң қабылданғаннан кейін  бұл салада үлкен өзгерістер  болады. "Ғылым туралы" заң жобасында  қазіргі қолданыстағы заң баптарының шамамен 60 пайызы өзгертілді немесе толықтырылды. Білім беру мен ғылым саласы үшін басты мәселенің бірі - ол сәуір айынан бастап біздің қызметкерлер үшін жалақы көлемін арттыру, екінші мәселе Елбасы 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерді 100 пайызға қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Заң 8 тарау және 31 баптан тұрады [16].

1-тарау. Жалпы  ережелер (1-2-баптар)

2-тарау. Мемлекеттік органдардың  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық  қызмет саласындағы құзыреті (3-5-баптар)

3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (6-11-баптар)

4-тарау. Ғылыми қызметкерлерді  әлеуметтік қамсыздандыру (12-16-баптар)

5-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару  (17-23-баптар)

6-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру (24-27-баптар)

7-тарау. Ғылымды дамытуды  экономикалық ынталандыру және  халықаралық ынтымақтастық (28-29-баптар)

8-тарау. Қорытынды ережелер (30-31-баптар)

Мысалы, 4-тарауды қарастыратын болсақ (Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру. 12-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу):

«2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған мемлекеттік тапсырманы немесе мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік бюджеттен орындайтын ғылыми қызметкерлерге ғылыми дәрежесі үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторына екі айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде ай сайын қосымша ақы белгiленедi.

3. Ғылыми зерттеулерді  Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген ғылыми ұйымдармен немесе жоғары оқу орындарымен бірлесіп орындайтын шетелдік ғалымдарға, сондай-ақ өз қызметін шетелде жүзеге асыратын қазақстандық ғалымдарға еңбекақы төлеу олардың біліктілігі ескеріле отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады» делінген [16.52].

Ал, 6-тараудың (Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру) 24-бабында (Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру):

«1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті  мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру  мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) базалық қаржыландыру;

2) гранттық қаржыландыру;

3) бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру.

3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет  субъектілерін қаржыландыру ғылыми  және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті  базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру тәртібінде белгіленген ретпен және шарттармен бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін [16.72].

4. Ғылыми, ғылыми-техникалық  жобаларды немесе бағдарламаларды  іске асыруға арналған шартты  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасасады».

Еліміздің көптеген ғалымдары соңғы бірнеше жылдан бері «Ғылым туралы» жаңа заң қабылдау қажеттігі жайында айтып келеді. Бұл жайында 2011 жылдың ақпан айында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан болатын. Осы заңды өткенде ғана Парламент қабылдап, оған Елбасы қол қойды. Бірақ бұл заң отандық ғалымдарға не береді? Жаңа заңның ерекшеліктері жайында сөз қозғаудан бұрын, қазір ғылымға қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері мемлекет тұрғысынан қаншалықты маңызды? Өйткені отандық ғылымның «күйзеліске ұшырағаны» мен оны «тірілтудің» тым қиын екенін айтушылар жиілеп кетті... Қазақстандық ғылымның болашағынан не күтуге болады? Деген сұрақтарға көңіл бөліп көрейік.

Отандық ғылымның жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін тиісті заңнамалар қажет. Бұл - тіпті елдің дамуы тұрғысынан алғанда да өте маңызды іс. Біріншіден, индустриалдық дамудан кейінгі кезеңде алға жетелеуші күш - инновациялық ілгерілеу болады. Ал оның қайнар көзі - ғылымның жетістіктері. Бұл - аксиома. Сол үшін де ғылымды дамыту керек, оның заманауи, экономикалық және әлеуметтік жүйесін енгізу қажет. Бірінші    мақсат    -    осы.

Оның маңыздылығы  жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстан  халқына арналған Жолдауында ол «біз ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге тиіспіз» деп қадап  айтты.

Көптеген халықаралық  сарапшылардың пікірінше, соңғы бес жылдан бері бүкіл әлемде ғылымға деген қызығушылық төмендеп келеді екен. Осынау үрдісті есептен шығармаған біздің Президент ғылым саласын басқарудың жаңа үлгісін ұсынды. Бұл үлгі Қазақстанда қайталануы мүмкін жаңағы әлемдік тенденцияның орнын толтырып қана қоймай, ғылымды елдің даму жүйесіне қосудың озық шараларын қабылдауға бағытталған. Әрі бұл тек ғылымға ғана қатысты емес, Елбасының болашаққа негізделген стратегиялық бастамалары Қазақстан өмірінің барлық салаларына қатысты. Өкінішке қарай, ғылым саласындағы осы шараларды жүзеге асыруда біз екі жылға кешігіп қалдық, енді оның есесін қайтаруға тура келеді. Екіншіден, бізде ғылым ұзақ жылдар бойы жасанды түрде жоғары білім жүйесінен бөлініп келді. Бұл - кеңестік жүйенің жұрнағы. Бірақ енді бұған көніп отыруға болмайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, заманауи маман тәрбиелеп шығару үшін білім беру мен ғылым үдерістерін біріктіру керек. Шығармашылық ойлау қабілетін, жаңа білімді үйрену қабілетін арттыру үшін студенттер ғылыми зерттеулерге міндетті түрде қатысуы тиіс. Қазір Қазақстан ішкі ғана емес, сыртқы еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бетбұрыс жасап отырғандықтан, жоғары білімнің халықаралық сапасына ұмтылыс жасап отырғандықтан, ғылымды жоғары мектептегі білім беру ісімен біріктіру мәселесіне баса мән берілгені қажет. Бұл – екінші    міндетіміз.

Сонымен қатар  ғылымға өз жетістіктерін инновациялық үрдістер арқылы нарыққа шығара алатындай  мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл - үшінші міндет[16.92].

Осы үш міндет тың тетіктерді, ең алдымен заңнамалық тетіктерді қажетсінеді. Ғылым саласындағы заңдарды түбегейлі жетілдірудің маңыздылығы да осыған келіп тіреледі.

Ғылымның қазіргі  әлеуетіне келсек, ол басылымдардағы кейбір пікірлерде айтылатындай соншалықты төмен емес. Бізде математика, физика, химия, биология және өзге де бағыттарда өзін мойындатқан мықты ғылым мектептері бар. Шетелдерге танылған, ең беделді халықаралық сыйлықтарға қол жеткізген талантты ғалымдарымыз бар. Мысалы, сондай танымал сыйлықтардың бірі - америкалық математика    қоғамдастығының    сыйлығы.

Әлемдегі ең ірі университеттер мен ғылыми орталықтармен  ынтымақтасқан университеттердің құрылуы да жоғары білім, ғылым мен инновацияны біріктіру саласындағы батыл қадамдардың бірі болып отыр. Бұл – заман талабы.

Дүниежүзілік  банкпен бірлесе «Жобаларды коммерциялау»  жобасы іске қосылды. Өйткені әлемдік  деңгейдегі зерттеулер мен әлемдік  ғылым Қазақстанға келуі үшін бізге қайтсек те ғылыми ізденістерді коммерциялаудың тәжірибесі мен  тетіктерін меңгеруге тура келеді, мұндай тәжірибе бізде жоқ әзірге[11.52].

Елбасының бастамасымен еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарында  құрылған ашық үлгідегі ұлттық зертханалар  мен инженерлік зертханалар ғылыми инфрақұрылымның басты элементтерінің біріне айналуы тиіс. Біз оларды іске қостық, бірақ ол осы уақытқа дейін жөнді жұмыс істемей келді. Енді қабылданған «Ғылым туралы» заң олардың жұмысын ары қарай дөңгелетіп әкететін нақты тетіктер береді. Мұндай мүмкіндікті жібермеу керек. Бұл жауапкершілікті осындай зертханасы құрылған әрбір ЖОО-ның ректоры өзіне алуы тиіс. Білім және ғылым министрлігінің аталған зертханалар үшін базалық қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Бұл жақсы, әрине. Бірақ ректорлар да осы зертханаларды дамытуға мүдделі болуы тиіс, олар зертхананы ЖОО-ның бюджеттен тыс қаржысымен қамтамасыз етуге міндетті.

Отандық ғылымның қазіргі жай-күйі қандай екенін көрсету  үшін бірқатар    сандарды    келтіре    кетейін.

2009-2010 жылдар ішінде ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржыландырудың көлемі 16,9 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге немесе 18 пайызға өсті. 400-ден астам ғылыми ұйым жұмыс істейді, Ғылыми-зерттеу институттарында ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD философия докторы сияқты ғылыми дәрежелері бар 22 мың ғалым жұмыс істейді. 400-ден астам қазақстандық ғалым шетелдік ғылыми ұйымдарда тәжірибеден өтті. Ірі, халықаралық 27 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы біздің ғалымдар зияткерлік меншікке қатысты 1168 құжат алды, әскери техникаға арналған отандық мобильді компьютерлер мен ақпараттық-байланыс жүйелері құрастырылды, A/H1N1 «шошқа» тұмауына қарсы вакциналар табылды, жаңа дәрі-дәрмектер өндірі ұйымдастырылды, 6,5 мыңнан астам ғылыми еңбек жарық көрді. Рейтингтері аса жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған қазақстандық ғалымдардың жұмыстары көбейді. Сондықтан ғылымымыз әлі «тірі». Әрине, біздің жетістіктеріміз әзірге жекелеген салаларда ғана көрінуде. Жағымсыз факторлар да бар - қаржыландыру деңгейінің төмендігі, ізденістерді жүзеге асырудың жеткіліксіздігі, ғылыми кадрлардың қартаюы мен талантты жастардың саладан кетуі және өзге де себептер көп [11.112].

Бастысы, жоғарыда айтылған үш міндеттің шешімі әлі  бір жүйелі ізге түсе қойған жоқ. «Ғылым туралы» жаңа заң дәл осы үрдісті  қамтамасыз етуге бағытталған. Нәтижесінде, ғылым ел өміріндегі өзінің жаңа рөлін табуы тиіс.

Заң қабылдағаннан  кейін, қатты төмендеп кеткен ғалымдардың  өз рөлін, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін аянбай еңбек ету керек, біз де қолдан келгенімізше тырысуға дайынбыз. Өйткені жаңа заңға ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа үлгісі енгізілді. Оның басты негіздерін еліміздің Президенті 2009 жылдың 4-қыркүйегінде ұсынған болатын. Бұл модельдің екі басты құрамдас бөлігі бар[11.82].

Біріншіден, ғалымдардың  шешім қабылдаудағы рөлі артады.

Елбасы «ғылым жүйесіндегі барлық негізгі қатысушылардың функцияларын реттеу» қажеттігіне назар аударып, шамадан тыс бюрократиялық, артық нәрселерді алып тастады. Заңға енгізілген жаңалықтардың бірі - ғылымды басқарудағы стратегиялық, әкімшілік және эксперттік функциялар шектелді. Бұл үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның функциялары кеңейтілді. Бұл комиссияның құрамына еліміздің жетекші ғалымдары енгізіледі. Ғылымды дамытудағы басымдықтар, бағыттар, қаржыландыру және тағы сондай мәселелерді осы комиссия айқындайды [18.52].

Білім салалары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құру туралы шешім де басты жаңалықтардың  бірі болмақ. Мұндай кеңестер қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен құрылып, нақты жобалар мен бағдарламаларды  жүзеге асыруға қатысты соңғы  шешім қабылдауда шешуші орын алатын болады. Осылайша, біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдар жасалып отыр. Білім және ғылым министрлігі, ғылыми зерттеулерді үйлестіретін өзге де министрліктер - денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, т.б. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін орындауға міндетті болады. Біз өзіміз саналы түрде осындай шешімге барып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, бұрын мемлекеттік органдарға бюрократтығы үшін көп сын айтылатын. Өйткені ғылыми жобалардың тағдыры шенеуніктердің қолында болып келді, тіпті институт дирекциясынан бастап, министрліктерге дейін. Енді ғылыми кеңестің шешім қабылдаудағы рөлі күшейтіліп қана қоймай, оның шешімі ақырғы шешімге айналады [19.12].

Сондай-ақ жетекші  ғалымдардан тұратын ғылыми-техникалық сараптаманың рөлі де артады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы құрылуда. Ол өз жұмысының қорытындыларын бұрынғыдай министрлікке емес, тікелей Ұлттық ғылыми    кеңеске    ұсынады.

Басқарудың  жаңа жүйесі ғылыми жобалар мен бағдарламалардың өтуі мен қарастырылу процедурасын жеңілдетеді, ғылымды заң жүзінде мемлекеттік сатып алу туралы заңның аясынан шығарып, формализмді азайтып, бюрократизмді шектейді.

Осының бәрі түптеп келгенде, ғылыми жобаларды  іріктеудегі шынайылықты арттырады, зерттеулердің маңызы мен сапасын қамтамасыз етеді. Енді ғалымдар басты фигураға айналады. Менің ойымша, бұл ғылымды басқару ісін демократизациялау мен оның кәсіпқойлығын арттыру жолындағы өте үлкен қадам болғалы тұр.

Қазақстандық  ғылымның қаржыландырылуы қатты  дамыған АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерін айтпағанда, көптеген өзге де елдермен салыстырғанда көп төмен. Ал жаңа заңда қаржыландырудың көбейтілуі жазылмаған сияқты. Бұл мәселе заң жобасын талқылаудың барлық сатысында белсенді түрде талқыланған. Ал талқылау ісі ғылыми ұжымдар мен ғалымдар бірлестіктерінде, семинар мен конференцияларда екі жылға жуық уақытқа созылған. Бәрінің шешімі бір - ғылымның ел өміріндегі рөлін арттыру үшін қаржыландыруды өсіру керек [33.442].

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау