Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

Бірақ ғылымға  бөлінетін қаражат көлемін көтеру мәселесі аталмыш заңның реттейтін саласына жатпайды. Бұл үшін республикалық бюджет туралы заң бар, мемлекеттік және салалық бағдарламалар бар. Ғылымның қаржылық мүмкіндіктерін күшейту мәселесі осы деңгейде    шешілуде.

Мәселен, Үкіметтің  өткен жылдың 30 қарашасында бекіткен 2010 - 2014 жылдарға арналған инновацияны дамыту мен технологиялық модернизацияға жол ашу бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға қарай ғылым мен инновацияға жұмсалатын мемлекеттік шығындарды Ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына дейін көтеру көзделген. Қазіргі уақытта ғылымды қаржыландыру Ішкі жалпы өнімнің бар-жоғы 0,24 пайызын құрайды. Қаржыландыру төрт еседен астамға    өседі[36.52].

Ал «Ғылым туралы»  жаңа заңға келсек, онда зерттеулерді қаржыландыру тетіктеріне қатысты  өте маңызды мәселелер өз шешімін  тапқан. Енді қаржыландырудың үш формасы болады - гранттық, базалық және бағдарламалық-мақсаттық. Бұл бізге не береді?

Грант жүйесін  енгізу - әлемдік ғылыми кеңістікке кірігуімізге жол ашады. Өйткені  әлемде қаржыландырудың осындай  жүйесі басымдыққа ие. Мұндағы жаңалық - грантты бұрынғыдай тек ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лар ғана емес, жекелеген ғалымдар немесе олардың ұжымдары ала алады. Бұл ғалымдардың өз жұмысындағы бағыттарын кеңейтуге әрі соған қажетті қаражат алуына мүмкіндік береді. Осылайша, ғалымның мәртебесі мен оның ғылыми еркіндігі артады.

Ал базалық  қаржыландыру мемлекеттік ғылыми ұйымдар  мен ЖОО-лардың инфрақұрылымдық  шығындарын, коммуналдық төлемдер, әкімшілік шығындар, қызметкерлерге ақы төлеу, ақпараттық қамтамасыз ету  сияқты шығындарын өтеу үшін қажет. Мұны ғылымға, нақты зерттеулерге жұмсалатын шығындармен шатастырмау керек. Бұл жоғарыда айтылған ашық үлгідегі ұлттық зертханалар мен инженерлік зертханалардың жұмысын жолға қою үшін пайдаланылады.

Ал қаржыландырудың  бағдарламалық-мақсаттық тетігі - мемлекеттік  бағдарламаларда көзделген немесе өзге де жоғары деңгейлі құжаттарда көрсетілген стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді    шешу    үшін    қалады.

Жаңа заңға  енгізілген «зерттеу университеттері» деген ұғым бар. Олардың кәдімгі университеттерден айырмашылығы қандай болады деген сұрақты талқылап көрейік.

Зерттеу университеттерінің негізгі міндеті - білім берудің  барлық деңгейінде ғылыми жұмыс пен  білім беру ісін біріктіру. Оның ерекшелігі де - осы. Өйткені кәдімгі ЖОО-ларда  зерттеу жұмыстары жүргізілмеуі де мүмкін. Дамыған елдерде осындай зерттеу университеттері жоғары білікті элита шығаратын құрылым болып табылады. Шын мәнінде, ғылым мен білім берудің интеграциясы шығармашылық ойы бар ең жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндік береді. Айтпақшы, әлемде мұндай университеттер аса көп емес. Әдетте бүкіл ЖОО-лар санының 5 пайызынан аспайды, бірақ ондағы оқытушылар мен студенттер ғылыми жұмыстарға 100 пайыз араласады.

Қазір осындай  университет құру ісі Ресей мен  Қытайда қолға алынып жатыр.

Қазақстанда мұндай университеттің негізі ретінде «Назарбаев университеті» қалануда. Алдағы уақытта тағы осындай 2-3 университет ашу жоспарланған. Өзінің зерттеу университеті бола алатынын дәлелдеген университеттер мемлекеттің қолдауымен өз дамуының мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігін алады. Аталған университеттерде кем дегенде 2-3 ғылыми бағыты айқындалуы тиіс. Бұл бағыттарда әлемдік деңгейдегі нәтижелерге таласа алатындай мықты ғылыми мектептері болуы шарт. Осылайша зерттеулер деңгейін көтерілгенін көріп қана қоймай, әлемдік стандарттар бойынша маман дайындауға бетбұрыс жасауға ұмтыламыз. Ғылыми кадрлардың қартаюы мәселесін де түбегейлі шешу заңда қарастырылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университеттердің инновациялық жұмысына баса мән беріп отыр. Осы мақсатта біз жұмысымыздың екінші кезеңінде тағы 10-20 жоғары оқу орнын іріктеп, олардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыратын боламыз [39.52].

 Елбасы айтқандай,  биылдан бастап «ғылым кандидаттары  мен докторларын қаптатып отырған»  диссертациялық кеңестер таратылды. Қазақстандағы ғылымды енді кім сүйрейді деген сұрақ та өз шешімін тауып келеді. Ең алдымен ғылым кандидаты мен докторы дәрежесінен бас тартып, PhD философия докторларын дайындауға көшуге не себеп деген мәселені анықтап алайық. Мұның екі факторы бар. Біріншіден, Елбасы қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге шығарып, білім берудің халықаралық жүйесіне кірігу міндетін жүктейді. Онсыз ғылым экономика мен инновациялық дамуда жетекші рөлге шыға алмайды.

Екіншіден, бұрынғы  дәрежелерді ұсыну соңғы онжылдық ішінде ғылымды жас таланттармен толықтыра алмады. Ғылыми дәрежелерді кейде ғылымнан алыс адамдар да ала бастады.

Қазақстанның  жетекші университеттерінде PhD дайындауға көшу осы міндетті шеше алады. Ал материалдық  ынталандыру керек. Сонда еңбек  ақысы да көтеріледі. Бірақ бұл адам ғылым саласында жүргені үшін ғана немесе пәленбай жыл бұрынғы жетістігі үшін жоғары айлық алады деген сөз емес. Грант жүйесі белсенді әрі тиімді жұмыс істейтін ғалымдар мен ұжымдарға қаражат бөлуді көздейді[39.177].

Біріншіден, толыққанды құқық аясы мен ғылымды басқарудың барлық тиімді тетіктерін іске қосу үшін әлі көптеген ішкі заңнамалық актілерді қабылдауымыз керек. Қазір министрлік бұл іске білек сыбана кірісіп кетті.

Екіншіден, бұл  тетіктерді іс жүзінде жолға қойып  алу керек. Бұл да оңай    шаруа    емес.

Үшіншіден, мемлекет бұл бағытта тек құқық аясын, ресурстар мен ұйымдастырушылық құрылымдарды ғана беретінін түсіну қажет. Қалғаны    біздің    ғалымдардың    қолында.

Тәуелсіздік алған  жылдардың ішінде еліміз ілгеріге үлкен  қадам жасап үлгерді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылыми жолмен айқындаған стратегиялық бағытын жүзеге сәтті асырып келеді. Алдымызда тұрған ұлы міндеттер көп, отандық ғылымның осы міндеттерді шешу жолындағы мықты құралға айнала алатынына сенемін. Олар Президент жүктеп отырған мақсаттарды орындай алады.

 

 

 

 

 

ІІІ     Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері

    1.    Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы

 

 

Елдiң ғылыми-техникалық жүйесiн дамыту оны экономика  салаларының қажеттiлiктерiне, шығыстардың теңгерiмдi құрылымына және жекеше сектор тарапынан сұранысқа бағдарлау бағытында жүзеге асырылуы тиiс.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру 2015 жылға  қарай ғылымға арналған шығындар үлесiн дамыған елдер деңгейiне дейiн (IЖӨ-нiң 2,5 %-i) жеткiзудi көздейдi[44.52].

Бұл ретте 2012 жылға  дейiн ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстардың  мынадай құрылымы қамтамасыз етiлетiн  болады:

  • зерттеу түрлерi бойынша: ғылымды дамытуға және қолдауға бағытталған барлық қаражаттан iргелi зерттеулерге - 20 %, қолданбалы зерттеулерге - 30 %, тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрленiмдерге - 50 %;
  • қаржыландыру көздерi бойынша: мемлекеттiк бюджет - 45-50 %, жекеше және кәсiпкерлiк секторлар - 45-50 % және шетелдiк инвестициялар - 5 % [43.112].

 Мұндай қағидаттар  ғылыми сала құрылымын экономикалық бiлiмдерi дамыған елдерге тән параметрлермен қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

 Мемлекеттiк  және жекеше секторлардың ғылыми-техникалық  саланы теңдестiрiлген қолдауының  тетiгi елдегi ғылыми-техникалық  қызметтi базалық және жобалық  қаржыландыру болады. Бұл ретте ғылыми-техникалық жүйенiң тұрақтылығы iргелi зерттеулердi базалық бюджеттiк қаржыландыру арқылы сөзсiз мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiлетiн болады.

 Мемлекеттiң  рөлi инфрақұрылымның жұмыс iстеуiн  (негiзгi құралдарды, оның iшiнде бiрегей зерттеу құрылғыларын ағымдағы ұстап тұру және күрделi жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу), кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, ғылыми-техникалық қызметтi ақпараттық және патенттiк қамтамасыз етудi, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды базалық қаржыландыруда болып табылады.

 Бұдан басқа,  мемлекет мемлекеттiк тапсырыс  шеңберiнде: математика, физика, жер  туралы ғылым, химия, медицина, биология саласындағы, сондай-ақ  қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар - тарих,  археология, тiлтану, әдебиет, экономика, шығыстану және философия (жалпыұлттық игiлiктiң бөлiнбес бөлiгi ретiнде) саласындағы iргелi зерттеулердi; мемлекеттiк маңызы бар бағдарламаларды (минералдық-шикiзаттық, тау-кен-өндiрiстiк, жылу-энергетикалық, су шаруашылығы кешендерi, сейсмикалық, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және т.б.) қаржыландыруға тиiс [39.52].

 ЖҒТК мақұлдаған  жаңа ғылыми бағдарламалар Республикалық  бюджеттiк комиссияның бекiтуiне  қосымша ұсынылады және осы Бағдарламада айқындалған қаржыландыру көлемiнен басқа, белгiленген тәртiппен қаржыландырылады.

 Өзiндiк жеткiлiктiлiк  принципi перспективалық жобаларды  бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру  және Бiлiм және ғылым министрлiгi (iргелi және қолданбалы зерттеулер) мен»"Ғылым қоры" АҚ (қолданбалы сипаттағы бастамашылық және тәуекелдiк ғылыми зерттеулер) арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен бәсекеге қабiлеттi ұжымдар мен жекелеген ғалымдарға iрiктеп қолдау көрсету жолымен орындалуға тиiс. Бұл ретте республикалық бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден ғылыми-техникалық қызметтiң барлық бағыттары бойынша қолданбалы сипаттағы бастамашылық және тәуекелдiк ғылыми зерттеулердi гранттық қаржыландыру көзделетiн болады[45.52].

 Ғылыми-техникалық  жүйенi әртараптандыру да сонымен  қатар ғылыми ұйымдарды жекеше  сектордың кәсiпорындарымен бiрлестiре  қаржыландыру принципiн енгiзу  жолымен қосымша қаржыландыру  тетiктерiн көздейтiн болады.»"Ғылым қоры" АҚ немесе Бiлiм және ғылым министрлiгi ғылым жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ретiнде бюджет қаражаты есебiнен ғылыми зерттеулер жүргiзуге мүдделi және оларға сұраныстары бар экономиканың нақты секторы кәсiпорындары арасында конкурс өткiзетiндей тетiк қосымша қаржыландыру тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. Республикалық қаражаттан (50%) бөлiнетiн жобаның бюджеттiк үлесiне конкурсты жеңiп алған кәсiпорын, өзi үшiн қажеттi ғылыми-техникалық жұмыстарды орындайтын ғылыми ұйымды өздiгiнен таңдайды. Мұндай принциптi енгiзу кәсiпкерлердiң отандық ғылыми әзiрлемелерге қызығушылығын қамтамасыз етуге, ғылыми ұйымдар арасындағы бәсекелестiктi күшейтуге, ғылыми зерттеулердiң бiр бөлiгiн кәсiпорындардың тапсырыстары бойынша нысаналы жүргiзуге және түпкi нәтижеде ғылыми өнiмге сұранысты күшейтуге мүмкiндiк бередi[46.112].

 Осы шаралармен  қатар, экономиканы ғылыми қамтамасыз  етудi қаржыландырудың өзiндiк жеткiлiктiлiгiне  қол жеткiзу үшiн салалардың  жекеше секторын ғылыми өнiмге  олардың тапсырысын дербес орналастыруы үшiн ынталандыру көзделетiн болады.

"Ғылым қоры" АҚ-ның негiзгi қызметi тәжiрибелiк-  конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды, сондай-ақ оларды жекеше инвесторлармен  тең қаржыландыруды көздейдi[47.222].

 Жобаларды  орындаушылар, мемлекеттiк мүдделер ескерiле отырып, нәтижелiлiк, тиiмдiлiк, өзектiлiк, бiлiктiлiк, жарақтану деңгейi өлшемдерi бойынша елдегi және шетелдегi ғылыми ұжымдар қатарынан iрiктелiп алынатын болады.

 Конкурс  жариялайтын, тәжiрибелiк-конструкторлық  жұмыстарды орындауға үмiткерлердi iрiктеп алатын»"Ғылым қоры" АҚ болады. Бұл ретте шетелдiк жетекшi ғалымдардың қатысуы да көзделуде. Бұдан басқа,»"Ғылым қоры" АҚ жобаларды iске асырудың тиiмдiлiгiне өз бетiнше мониторинг пен бағалау жүргiзетiн болады[48.12].

"Ғылым қоры" АҚ арқылы ТКЖ-ге арналған шығыстар үлесi мемлекеттiң ғылымға арнаған 2010 жылға дейiнгi жалпы шығыс көлемiнiң 25 %-не дейiн ұлғайтылатын болады. Бұл Қазақстандағы ғылымның негiзгi проблемаларының бiрi - ғылыми зерттеулердiң аяқталмай қалуын, олардың өндiрiстен алшақ қалуын шешедi, сондай-ақ басым, тәуекелдiк және бастамашылық ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын мемлекет қатысатын ұйымдардың инвестициялық мүмкiндiктерiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

"Ғылым қоры" АҚ 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру және дамыту бағдарламасына сәйкес»"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ,»"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ және "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ даму институттарымен тиiмдi ынтымақтастықты жолға қояды. Бұл институттар ғылымның нақты сектормен кiрiгуiне және салынған қаражаттардың нәтижелiлiгiн арттыруға ықпал етуге тиiс[49.12].

 Мемлекет  жекеше бизнес үшiн тәуекелдiгi бар ғылыми жобалардың бастапқы кезеңдерiн қаржыландыруды өзiне алады, Жеке бизнес мұндай»"белгi" ала отырып, жобаға»"қосылады" және оны мәреге дейiн өз күшiмен жеткiзедi. Бюджеттiк қаражаттарды бөлу мемлекет пен бизнестiң зерттеулер мен әзiрлемелердi тең қаржыландыруының икемдi тетiктерiмен толықтырылуға тиiс. Бұл мақсаттар үшiн Қазақстанның Даму Банкiнiң, Инвестициялық қордың, Ұлттық инновациялық қордың, жаңадан құрылатын холдингтер мен басқаларының мүмкiндiктерi пайдаланылатын болады. Бұл инновациялық циклдiң әзiрлемелерiн толассыз қаржыландыру тетiгiн жасауға мүмкiндiк бередi.

 Ғылыми-техникалық  қызмет нәтижелерiне құқықтың  туындауын және оның азаматтық  айналымға тартылуын, ол нәтижелердi өнеркәсiпке берудi қамтамасыз  ететiн инфрақұрылым құруды реттейтiн нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлетiн болады.

 Даму институттарының  жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар  мен инновациялық жобаны iске  асырушы отандық ғалымдар үшiн  екiншi деңгейлi банктер беретiн  несиелер үшiн проценттер төлеу  принципi көзделетiн болады, бұл кәсiпорындардың инновациялық дамудың қажеттiлiгiне мүдделiлiгiн арттыруға және екiншi деңгейдегi банктердi инновациялық қызметке қатысуға тартуға мүмкiндiк бередi[50.92].

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау