Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56
Білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін елде қолданылып жүрген мемлекеттік - жеке меншік әріптестік тетіктері бойынша жеке салымдар тартылатылды.
Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік - жеке меншік әріптестік негізінде:
- облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында 16 энергоүнемдеу мектеп тағамы комбинатын салу, республика мектептерінің 50% - ның тамақ әзірлеу бөлімдерінің материалды - техникалық базасын жаңарту;
- жұмыс берушілермен
серіктестік есебінен
- жоғары оқу орындарының оқу - зертханалық базасын жаңарту;
- жоғары оқу
орындарының білім беру, ғылыми
және инновациялық қызметін
Қазiргi заманғы әлемдiк экономикада материалдық құндылықтардан гөрi зияткерлiк әлеуетке көбiрек назар аударылады. Ұлттың қазiргi заманғы және тиiмдi бiлiм беру жүйесiн қолдауға, оқыту арқылы жұмыс күшiнiң зияткерлiк әлеуетiн арттыруға қабiлеттiлiгi бәсекеге қабiлеттiлiктi қамтамасыз ету үшiн аса маңызды факторға айналуда[37.52].
Қазақстан қазiргi кезде экономиканы дамытудың индустриялық-инновациялық сатысына аяқ басты. Бұл кезең нарықтық шарттар талаптарына ғылым жүйесiн қазiргi заманғы экономикалық талаптарға қайта бағдарлануымен сипатталады, сөйтiп, тиiстi нормативтiк құқықтық базамен реттелетiн ғылымды дамытуды құрылымдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз етуде түбегейлi өзгерiстерге алып келуге тиiс[38.211].
Ғылыми-техникалық әлеуеттi дамыту экономиканың дәстүрлi секторларына тән болып табылмайтын iлеспелi фактор ретiнде қарастырылмауға тиiс. Ғылым саласы - бұл да басқа секторлар үшiн ортақ барлық ерекшелiктерге, ережелер мен реттеу тетiктерiне ие экономиканың бiр секторы.
Қазақстан экономикасының 80%-тен астамы жекеше сектордың қолында болып отырған жағдайда нарықтық талаптарға әлсiз бағдарлануды мұраланған ғылым жүйесiн реттеу принциптерi ескiрген әрi барабар болып табылмайды.
Жаңа технологиялар мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi әзiрлеу мен өндiрiске енгiзу iшкi және сыртқы нарықтарда бәсекелестiк басымдыққа қол жеткiзу мен оны сақтаудың маңызды факторы болып отырған кезде ғылыми-техникалық әлеуеттi дамытуға жекеше секторды тартудың тиiмсiз тетiгi, ҒЗТКЖ саласына қатысушылардың салыстырмалы түрде төмен белсендiлiгi Қазақстандағы барлық ғылыми-техникалық жүйенiң әлсiз буыны болып қалуда[38.12].
Сонымен, мысалға алатын болсақ, экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсiп кәсiпорындары ҒЗТКЖ-нi өзiн-өзi өтеу және өзiн-өзi қаржыландыру шартында жүзеге асырады және мемлекеттiк шығыстардың үлесiне орта есеппен 30% келсе, өнеркәсiп кәсiпорындары ҒЗТКЖ-ға арналған барлық ұлттық шығыстың 70%-iне дейiн игередi.
Ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер үлесi мен ғылымға арналған шығыстар IЖӨ-нiң жалпы көлемiнде экономиканың бiлiмдерге негiзделген негiзгi көрсеткiштерi болып табылады.
Өткен онжылдықтың соңында экономикасы дамыған елдердiң көбiнде зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған iшкi шығындар үлесi орта есеппен алғанда IЖӨ-нiң жалпы көлемiнде 3,0%-тi құрады (Швецияда - 3,8%; Финляндияда - 3,5%; Жапонияда - 3,04%; Швейцарияда - 2,73%; АҚШ-та -2,84%; Германияда - 2,44%, бұл ретте бұл шығыстардағы мемлекеттiң үлесi орта есеппен 25-34%-тi құрады) [36.52].
Экономикасы дамыған елдерде адам басына шаққанда ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар: АҚШ-та - 892, Швецияда - 875, Финляндияда - 726, Швейцарияда - 688, Исландияда - 613, Германияда - 580, Данияда - 541, Норвегияда - 479, Францияда - 478, Ресейде - 420 АҚШ долларын құрайды. ҒЗТКЖ-мен айналысатын бiр адамға жұмсалатын шығыс: АҚШ-та - 123 299, Жапонияда - 113 886, Германияда - 154 234, Ұлыбританияда - 146 422 АҚШ долларын құрайды[36.53].
Ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң әлемдiк нарығындағы көшбасшы елдерде IЖӨ-нiң жалпы көлемiндегi ғылымға арналған шығыстар үлесi, оның iшiнде салық салу жеңiлдiгi, кедендiк төмен баж салығы, бюджеттiк қолдау көрсету, инвестицияларды ынталандыру, ғылыми жабдықтар лизингi сияқты экономикалық тетiктер қолдану жолымен қатаң бақыланады.
Әлемдiк нарықтағы Ресейдiң ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер үлесi 0,3-0,5, Еуропалық Одақ елдерi - 35, АҚШ - 25, Жапония -11, Сингапур - 7, Оңтүстiк Корея - 4, Қытай - 2 %-тi құрайды [36.54].
Дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, жаңа бiлiмдерi немесе шешiмдерi бар жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялар, өнiмдер, жабдықтар үлесiне IЖӨ өсiмiнiң 70-тен 85%-iне дейiн келедi[36.54].
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамуға жүргiзiлген макро-экономикалық талдау IЖӨ-дегi жаңа ғылыми өнiм үлесiнiң соңғы жылдары 1,1%-тен, кәсiпорындардың ғылыми өнiмдер өндiру жөнiндегi белсендiлiгi - 2,3%-тен артпайтынын көрсеттi. Бұл ғылыми-техникалық қызметтiң елдiң экономикалық дамуына әлi де негiз бола қоймағанын көрсетедi. Бұл ретте мемлекеттiк кәсiпорындардың төмен белсендiлiгi кезiнде (0,6%), неғұрлым жоғары белсендiлiк шетел қатысатын (5%) және меншiктiң жекеше (3,7%) нысанындағы кәсiпорындарға тән екенiн атаған жөн[36.54].
Ғылым экономиканы реформалау процесiнен тыс қалды. Ол экономикалық және әлеуметтiк прогрестiң факторларын жандандыру және Қазақстанның дамыған елдерден артта қалуын еңсеру үшiн аса қажеттi ғылыми» "негiздiң" дәйектi жасалуын қамтамасыз етпедi.
Проблемаларды неғұрлым егжей-тегжейлi талдау Қазақстандағы ғылымның дамуын тежейтiн негiзгi факторларды айқындауға мүмкiндiк бередi.
Ғылым саласының ұйымдастырушылық құрылымында шешiмдер қабылдауда, жекеше сектор ресурстары мен әлеуетiн пайдалануда жүйе жоқ. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен орындалатын ғылыми зерттеулер бағдарламалары әкiмшiлерi санының көп болуы елде жүргiзiлетiн зерттеулерге бiрыңғай әкiмшiлiк ету мен үйлестiрудiң заңдық тұрғыдан бекiтiлген нормасын iске асыруды қиындатады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы құрылымдық сәйкессiздiк ҒЗТКЖ нәтижелерiне сұраныстың iс жүзiнде болмауына әкеп соқтырды. Мысалы, қазақстандық ғылымның өзiндiк сипаттарының бiрi қаржыландырудың негiзiнен (71%) қолданбалы зерттеулерге жұмсалатыны, ал тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ТКЖ) 8%-i ғана бөлiну фактiсi болып табылады. Iргелi ғылымға жұмсалатын шығыстар шамамен 21 %, бұл тұтастай алғанда жалпы әлемдiк орта деңгейге сәйкес келедi[36.52].
Жобалық-конструкторлық ұйымдар үлесi өте төмен: орташа алғанда 9 ғылыми ұйымға 1 ғана жобалық ұйымнан келедi. Бұл ұйымдардағы мамандар саны ҒЗТКЖ орындайтын қызметкерлердiң жалпы санының шамамен 5%-iн немесе өнеркәсiптiк-өндiрiстiк кешен қызметкерлерi санының 0,1%-iн құрайды[36.52].
2005 жылғы деректер бойынша ғылымның мемлекеттiк сектордағы ұйымдар үлесi зерттеулер мен әзiрлемелердi жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы санының 38,2%-iн (390-ның 149-ын) құрады. Ғылымдағы мемлекеттiк ұйымдар үлесiнiң өсу үрдiсi 2001 жылдан берi байқалуда.
2005 жылы ғылымның мемлекеттiк секторында зерттеулермен және әзiрлемелермен айналысатын 18,9 мың адамның 10,7 мыңы жұмыс iстедi, бұл олардың жалпы санының, 56,6%-iн құрады. Қазақстандағы ғылыми қызметкерлердiң жалпы саны 2005 жылы шамамен 54%-ке қысқарды, бұл ретте жекеше секторда жұмыс iстейтiндер үлесi 1,6%-тi құрайды. Шетел қатысатын кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн ғалымдар саны соңғы сегiз жыл iшiнде шамамен 2 есеге дейiн ұлғайды[36.52].
Соңғы онжылдықта отандық ғылыми әлеуетте кадрлық құрам неғұрлым күрделi өзгерiстерге ұшырады. Жоғары бiлiктi кадрлардың ғылым саласынан кетуiне байланысты кадрлық әлеуеттi қалпына келтiру жағдайы қиындады.
Мысалы, Қазақстанда зерттеулермен және әзiрлемелермен айналысатын қызметкерлер саны 1991 жылмен салыстырғанда 57,6%-ке кемiдi (яғни 2 еседен астам) және 2006 жылы 18,9 мың адамды құрады (қысқарудың өзiндiк»шыңы» 1991-2000 жылдар аралығына келедi - 26,1 мың адам). Маман-зерттеушiлер саны 60,2%-ке қысқарды және 2006 жылы 11,0 мың адамды құрады. Егер 1991-2000 жылдары Қазақстанда зерттеулермен және әзiрлемелермен айналысатын қызметкерлердiң барлық саны 2,8 есеге қысқарса, ғылымның мемлекеттiк секторындағы қысқартулар қарқыны едәуiр төмен болды [36.56].
Ел экономикасындағы өтпелi кезеңнiң қорытындысы ғылыммен қамтылу құрылымының бiршама өзгеруi болды. Ең көп қысқартуларға ғылыми процестерге тiкелей қатысушылар - зерттеушiлер (1991-2006 жылдары 56,9%-ке) мен техниктер (1997-2006 жылдары 14,1%-ке) ұшырады. Қосалқы персонал саны 68,4%-ке, шаруашылық персонал саны - 22%-ке қысқарды[36.56].
Ғылым докторларының орта жасы орташа алғанда 55-59 жасты құрайды. Оның үстiне ғалым мамандығы беделiнiң тұрақты түрде төмендеуi байқалуда. Қазақстанда, BISAM Central Asia 2005 жылы өткiзген сауалнаманың мәлiметтерi бойынша, ғалым мамандығын ел тұрғындарының 4,3%-i ғана беделдi деп санайды. Ал осы мезгiлде АҚШ-та мамандықтарды бiр ғана беделдiлiк дәрежесi бойынша жiктеуге бағытталған зерттеудiң (2004 жыл) нәтижелерi бойынша ел тұрғындарының көзқарасы тұрғысынан ең тартымдысы ғалым мамандығы болды - сауал алынғандардың 51%-i бұл мамандықты жоғары дәрежеде беделдi, 25%-i - мейлiнше тартымды және 20%-i - беделдi деп атады [36.52].
Жалпы алғанда, 2005 жылы 50 жастан және одан жоғары жастағы ғылыми қызметкерлердiң үлесi 32,9%-ке жеттi, ал 1997 жылы олардың үлесi, бағалау бойынша, 29,1%-тен аспаған (60 жастан және одан жоғары жастағылар тиiсiнше 10,9 және 8,8 процент) едi.
Отандық жоғары оқу орындарындағы ғылыми дәрежесi бар профессорлық-оқытушылық құрамның саны 2005 жылы 15642 адамды, оның iшiнде 2869-ы ғылым докторы және 12773-i ғылым кандидатын құрады.
Бұл ретте жоғары бiлiм секторының ғылыми зерттеулерге қатысуының төмен болуының негiзгi себебi оның негiзiнен бiлiм беру функциясына қайта бағдарлануы болып табылады. Бұл жоғары бiлiм саласын мемлекеттiк қаржыландырудың қысқаруына, ақылы бiлiм берудiң басым дамуына, жеке оқу орындарының пайда болуына, осы сектордағы тұрақты өсiп отырған бәсекелестiк аясында мемлекеттiк жоғары оқу орындарының акционерленуiне байланысты болды.
Қазақстандағы ғылыми дәрежесi бар зерттеушiлердiң жалпы саны (профессорлық-оқытушылық құрамды есептемегенде) 2006 жылы 4124 адамды, ҒЗТКЖ орындайтын ғылыми қызметкерлердiң саны - 18,9 мың адамды, оның iшiнде 1106 ғылым докторы мен 3018 ғылым кандидатын құрады [37.52].
Сонымен катар, ғылыми кадрларды даярлауда келеңсiз үрдiстер: ғылыми салада жұмыс iстемейтiн iзденушiлердiң диссертация қорғау үлесiнiң көбеюi; кадрлар даярлау жүйесiнiң икемдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi; ғылыми-бiлiм беру саласы қызметкерлерiнiң ғалым дәрежесiн алғаннан кейiн соған лайық материалдық қамтамасыз етiлмеуiнен одан әрi кәсiптiк өсуге ықыласының болмауы орын алып отырғанын атаған жөн.
Осының бәрi:
2005 жылы ҒЗЖ-ға жұмсалған мемлекеттiк шығын үлесi 59,7%-тi құрады, бұл 1997 жылмен салыстырғанда бiршама жоғары (44,0%). Оның iшiнде Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң барлық iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру үлесi 50,7%-тi, басқа салалық министрлiктердiң үлесi - 48,6%-тi құрады [36.49].
2005 жылы Қазақстанда адам басына шаққанда ҒЗТКЖ-ға арналған шығын 7 АҚШ долларын құрады. Ғылымға арналған шығындар деңгейi бойынша Қазақстан (IЖӨ-нiң 0,26%-i), Португалия (0,77%) және Греция (0,51%) секiлдi еуропалық елдерден артта қалып отыр[36.54].
Оның үстiне, бюджеттiк циклдiң бiр жылдан ғана тұруына байланысты үш жылдық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру жөнiндегi шешiм жыл сайын қабылданады. Бұл уақыттық та, әкiмшiлiк те шығыстардың артуына әкеп соғады.
Жыл басында ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстар жүргiзу нәтижесiнде қаржыландыруды бiрiншi тоқсанның соңында ашуға әкеледi, бұл ағымдағы жылдың аяғына дейiн жоспарланған ҒЗТКЖ нәтижелерiн алуға келеңсiз әсер етедi.
Зерттеулердi, ең алдымен iргелi сипаттағы зерттеулердi, сметалық қаржыландырудың басымдығы ғылыми ұйымдардың нәтижеге емес, ресурстарға бағдарлануын тудырады.
Ғылымның зертханалық және аспаптық базасының негiзiнен ғылымның мемлекеттiк секторында шоғырлану фактiсiн де атаған жөн. Негiзгi құралдарды құрайтын зертханалық жабдықтар мен машиналардың басым бөлiгi мемлекеттiк меншiктегi ғылыми ұйымдарда шоғырланған және құндық тұрғысынан айтқанда 2004 жылы 5104,7 млн. теңгенi құрады (барлық негiзгi құралдардың 41,2%-i). Бұл ретте жекеше ұйымдар мен бiрлескен кәсiпорындарға келетiн зерттеулер мен әзiрлемелердiң негiзгi қаражатының үлесi 2000-2004 жылдары тиiсiнше 2% және 17,6%-ке өстi [36.52].
Зерттеулер мен әзiрлемелердi орындайтын мемлекеттiк сектор ұйымдары орта есеппен алғанда меншiктiң жекеше нысанындағы кәсiпорындардан 3 еседей iрi. Соңғы бес жыл iшiнде жекеше секторда ұйымдарды iрiлендiрудiң аз да болса үрдiсi байқалуына қарамастан, зерттеулермен және әзiрлемелермен айналысатын қызметкерлердiң орташа саны 100 адамнан аспайды, ал бұл цифр мемлекеттiк секторда 150 адамды құрайды[36.52].
Соңғы онжылдықта отандық ғылым құрылымындағы мемлекеттiк сектордың жағдайы iс жүзiнде өзгере қойған жоқ: ғылыми ұйымдар, оларда жұмыс iстейтiн персонал және мемлекет меншiгiндегi материалдық-техникалық база Қазақстанның ғылыми-техникалық кешенiнiң негiзi болып табылады.
Тұтастай алғанда ескiрген материалдық-техникалық база және бөлек алғанда зертханалық жабдықтар тұтынушының сұранысына жауап беретiн ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Жобалық және конструкторлық бюролардың (институттардың) болмауы технологияларды өндiрiске беру процесiн тежейдi, бұл ғылымның өндiрiспен байланысының бұзылуына әкеп соғады.
Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау