Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56
2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі — ғылым мен ғылылми-техникалық саладағы iс-әрекеттердi жүзеге асыратын, республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғылылми-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемлекет өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм және ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемлекет саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемлекет оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғылылми және педагог кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында әр түрлi бағыттағы 130 ғылылми мекеме бар. Ғылылми зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылылми-техникалық мәселелерге байланысты өзектi мәселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғылылми-техникалық потенциалды дамыту, ғылылми-техникалық саланы мемлекет басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғылылми орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғылылми потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғылылми зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемлекет қолдау, халықар. ынтымақтастықты дамыту мәселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi [9.102].
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғылылми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғылылми-техникалық бағдарламаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тәртiбi айқындалды. Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемлекет бюджеттен қаржыландырылатын ғылылми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет ғылылми-техникалық сараптау енгiзiлдi. Республикада өткiзiлетiн ашық тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалық-технологиялық жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемлекет тiркеудiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осылай, ҒТТКЖ-дi қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты әдiске көшiрудiң нормативтiк-құқықтық негiзi жасалды [10.29].
Республика ғылылми-техникалық саласы жүргiзген жұмыстардың қорытындылары 1998 ж. ақпанда Астана қ-ндағы көрмеде көрсетiлдi. Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мемлекет бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенiн дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлi мақсаттағы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезiнде алынатын синтет. мұнай мен оны өңдейтiн шағын з-ттар жобалары жасалды. Астық пен күрiштiң жаңа сорттары шығарылды. Түрлi пайдалы қазбаларды iздеу мен өндiрудiң және ұтымды пайдаланудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерi мен тәсiлдерi анықталды. Әр түрлi үлгiдегi аспаптар — жылу және электр есептегiштер, жылу энергиясын, ыстық және суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлердi жедел мед. куәландыру, т.б. аппараттары өндiрiске енгiзiлдi. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бiрқатар өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейiн 30 шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемлекет басқару процестерiн қамтамасыз етуге белсендi үлес қосты: көне дәуiрлерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мәдениетi ықпалдасуы контексiнде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестiң дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демогр. даму болжамы жасалды. Каспий т-нiң құқықтық мәртебесi, аймақтардың өндiрiстiк күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тiршiлiктiк қамтамасыз ету жүйесi, М.Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғылылми-зерттеу жұмыстары атқарылды[11.79].
ҚР Үкiметi
жанынан iргелi және қолданбалы
ғылым мен техниканы дамытудың
Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы Астана мен Алматы қ-нда 2000 ж. 11 — 14 мамыр аралығында “Үшiншi мыңжылдық ғылымы” атты халықар. конференция өткiзiлдi. Түркiстан қ-ның 1500 жылдығын тойлау шеңберiнде 20 — 21 қазанда “Қазақстан мен Түркi әлемiнiң рухани тарихындағы Түркiстан және Қожа Ахмет Иасауи” халықар. ғылылми-практик. конференциясы өткiзiлiп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу және алыс шет елдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ЮНЕСКО шеңберiнде атап өтiлген бұл шараның соңы Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде Қазақстан делегациясының қатысуы арқылы өткiзiлген “Түркiстанға 1500 жыл” деп аталатын дөңгелек столмен аяқталды. 2001 ж. 2 ақпанда Алматы қ-нда бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң съезi өтiп, онда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев баяндама жасады. Президент өз баяндамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн атап көрсеттi. ҚР-ның 2001 ж. 12 шiлдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды әлемдiк ғылылми қауымдастыққа интеграциялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым және ғылылми-техникалық iс-әрекеттер саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестiруге бағыттала отырып, мемлекет ғылылми-техникалық саясаттың принциптерi мен негiзгi мақсаттарын, оны жүзеге асыратын мемлекет өкiлеттi органдарды айқындайды және нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi. Ғылылми-зерттеу ин-ттарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, ғылылми зерттеулер үшiн бiрегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылылми мекемелердi қазiргi заманғы компьютерлiк техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттiк бағдарламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi [14.15].
Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғылыми зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бәсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталып келедi. Ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстердiң қалыптасуы үшiн ғылыми базалардың құрылуы табиғи және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен тиiмдiлiгiн көтеру, молекулалық және клеткалық биология нәтижелерiн биотехнологияда, медицинада, ауыл шаруашылығында қолдану, денсаулық және тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазiргi заманғы жүйесiн құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажеттi шаралардан тұрады [16.77].
Жаңа отандық технологияны пайдалану негiзiнде кеңейтілген және жаңартылған химия және мұнай химиясы өндiрiстерi жылына ондаған млрд.теңгеден астам өнiм бередi.
Тәуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми шығармашылық процесiн басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзумен, ғалымдар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызумен, ғылыми кадрлардың жаңа буынын даярлаумен, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады.
2010 жылы әлемдік
стандарттарға сай келетін
Жетекші жоғары оқу орындарында инженерлік бейіндегі 15 зертхана жұмыс істейді.
6 инновациялық-білім беру, оның ішінде 2 халықаралық консорциум құрылған[11.12].
Биотехнология саласында:
- ветеринария үшін Н5N1 құс тұмауына қарсы вакцина;
- денсаулық сақтау саласы үшін үшін A/H5N1 тұмауына қарсы рекомбинантты штаммы, A/H5N1 тұмауына қарсы «Kazfluvac» отандық препаратының 3 эксперименттік үлгісі;
- «A/H1N1 инфлюэнца» доңыз тұмауына қарсы “Refluvac” отандық препарат жасалынды (Қазақстан –АҚШ, Ресей, Қытай және ЕвроОдақ мемлекеттерімен қатар осы вакцинаны әзірлеп шыққан 5-ші мемлекет)
Әлемде баламасы
жоқ жайылым кадастрының
Қоғамдық ғылымдар саласында:
- қазақтардың этникалық аумағын қалыптастыру және қазақ мемлекеттілігінің тарихы және т.б. мәселелер зерттелді;
Физика-математика саласында:
- өнеркәсіптік қалалар атмосферасының ластануын болжаудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді;
- күрделі айқындалған және стохастикалық технологиялық процестерді басқарудың көп мақсатты жүйесінің теориясы құрылды;
- жаңа ұрпақтың көп функциялы материалдарын компьютерлік құрастырудың негізгі принциптері әзірленді;
- шешуші қабілеттілігі жоғары электростатикалық энергоанализатор және бұзылудың жоғары қабатын талдау үшін арнайы құрарастырылған спектрометр әзірленді;
- қашықтықтан зондпен тексеру және жерден бақылау жер серіктік түсіру базасында астық дақылдарының түсімін болжау әдістемесі әзірленді;
- Қазақстан
аумағын агроклиматтық аудандар
- Каспий маңы
мен Арал маңы өңірлерінде
экологиялық дағдарыстардың
Жер туралы ғылым саласында:
- металлогендік және кенқалыптастыру талдауларының жаңа іргелі негіздемесі әзірленді;
- болжау элементтерімен геологиялық-экономикалық картаның сериясы құрылды;
- республиканың мұнай және газ түсіндірмесінің болжау картасы басып шығарылды;
- жаңа ілгерілемелі гидрогеологиялық жүйелер мен деректердің гидрогеологиялық базалары әзірленді;
- күшті жел сілкіну ошақтары қалыптасуының физикалық және динамикалық үлгісі жасалды;
Химия-технологиялық ғылымдар саласында:
- казақстандық мұнайды қайта өңдеу үшін жаңа тиімділігі жоғары катализаторлар мен каталитикалық үрдістер әзірленді;
- негізінде беріктігі жоғары композициялық материалдар, суда еритін полимерлі препараттар алынатын бірқатар мономерлер мен полимерлер синтезделді;
Фармацевтика саласында әртүрлі ықпалы бар жаңа дәрілік препараттар әзірленіп енгізілді. Оның ішінде:
- «Арглабин» атты ісікке қарсы бірегей отанндық препарат;
- Қазақ кардиология және ішкі аурулар институтына жеткізілетін жүрек-тамыр ауруларын емдеу үшін әзірленген отандық бірегей фитопрепарат (осы және басқа да бірегей препараттарды өндіру үшін қуаттылығы жылына 2 млн.ампула, 150 млн. капсула және таблетка болатын фарматевтикалық кешен құрылды. Шетелдерде қазақстандық бірегей фитопрепараттарды тіркеуден өткізу жұмыстары жалғасуда) [11.52].
Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қабылданылуда. 2007 жылдан бастап ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың мәртебесі өсті, сонымен қатар материалдық мазмұны өзгерді (ҚР Президентінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 451 Жарлығы). Тек соңғы 10 жылда ғылым, техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 24 жұмысқа берілді, 137 автор Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын иеленді.
Ғылым саласының әртүрлі саласында жеткен жетістіктері үшін 2002 жылдан бастап теоретикалық және практикалық маңызы бар, мазмұны жағынан терең мағыналы, қойылған ғылыми мәселелері мәселелерді шешуде тың шешімдер тапқан атаулы сыйлықтар беріледі. Тағайындалған уақыттан бері бұл атаулы сыйлықтар 108 жұмысқа берілді, 167 автор лауреат атанды [11.66].
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар еліміздің 2925 жетекші ғалымға, оның ішінде 1950 жас ғалымға берілді.
Анықтама:
Атаулы сыйлықтар:
Қ.Сәтпаев атындағы
– жаратылыстану ғылымдары
Ш. Уәлиханов атындағы – гуманитарлы ғылым саласындағы ең үздік ғылыми зерттеулер үшін;
Ы. Алтынсарин атындағы – педагогика саласындағы ең үздік ғылыми жұмыстар мен зерттеулерлер үшін; жас ғалымдар үшін;
Д. Қонаев атындағы
– жаратылыстану ғылымдары
М. Әуезов атындағы – гуманитарлық ғылым саласындағы ең үздік жұмыстар үшін;
Күлтегін атындағы – түркітану саласындағы ең үздік жұмыстар үшін.
1980-90 жылдары
жалпыға бірдей білім беру
саласына реформа жүргізілді. 6 жастан
оқыту жүйесі енгізілді. Ауыл
мектептеріне, мемлекеттік стандарттарға
сәйкес бағдарламалардың
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер.
1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.
2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144.
Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде – 1 млн. 683 мың 700 адам, орыс тілінде – 1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде – 87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 адам[25.52].
«Дарын» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептері және арнайы мектебі бар «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірбиелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.
1997 жылы республика
мектептерін компьютерлік
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда «Білім туралы» Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. «Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы» бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады.
Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау