Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

 Елдiң Индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын iске асырудың әрекеттi шараларының бiрi ретiнде ғылымды дамытуға жекеше кәсiпкерлiктi тарту мыналарды көздейдi:

 а) зерттеулер  мен әзiрлемелердi бизнестiң тең  қаржыландыруын дамыту.

 Тең қаржыландыру  шарттары мен өлшемдерi нақты  сұранысты ескеруге және нәтиже  алуға бағдарланған зерттеулер мен әзiрлемелерге бағытталуға тиiс;

 б) серпiндi ғылыми-техникалық бағдарламаларды  ұлттық компанияларымен бiрлесiп  әзiрлеу және қаржыландыру.

 Бұл мақсаттар  үшiн»"Самұрық" мемлекеттiк  активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық  холдингi" АҚ,»"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ және "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ мүмкiндiктерi пайдаланылатын болады [51.32].

 Ғылыми-техникалық  жаңалықтардың талап етiлуiн арттырудың  басты факторларының бiрi меншiк  нысанына қарамастан ғылымды  қажетсiнетiн өндiрiстер кәсiпорындарын ынталандыру болып табылады.

 Салықтық  заңнамада ғылыми ұйымдарға жеңiлдетiлген  салық салумен қатар жоғары  технологиялық, оның iшiнде ғылымды  қажетсiнетiн өндiрiстер үшiн преференциялар  көзделген. Одан арғы мiндет  салықтық рәсiмдердi оңайлату мен ашықтығын арттыру мүмкiндiгiн қарастыру болып табылады.

 Сонымен  қатар, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының индустриялық-инновациялық  даму стратегиясына сәйкес тиiмдiлiгi  жоғары әзiрлемелердi жеделдетiп  өнеркәсiптiк игеру мен пайдалану, сондай-ақ олардың негiзiнде ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту мақсатында сырттан әкелiнетiн технологиялық және қосалқы құралдарға кедендiк баж салығының деңгейiн мезгiл-мезгiл қайта қарап отыру қажет[52.56].

 Сонымен  қатар ғылыми ұйымдар үшiн құрамына мыналар кiретiн жеңiлдiктер кешенiн көздеу қажет:

 ғылыми аспаптар  мен жабдықтарды әзiрлеумен, өндiрумен  және оларға қызмет көрсетумен  және осымен байланысты инвестициялармен  айналысатын кәсiпорындардың тәуекелдерiн  сақтандыру;

 ғылыми ұйымдардың  материалдық-техникалық базасы объектiлерiн  жеңiлдiкпен сақтандыру.

 Ғылыми-техникалық  қызметтi жүзеге асыру үшiн  Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген салықтық, кедендiк жеңiлдiктер  мен преференцияларға әкiмшiлiк  ету реттелетiн болады[53.152].

 Ғылыми-техникалық  саладағы уәкiлеттi орган ұсынылған  тауарларды, жұмыстар мен қызмет  көрсетулердi МГТС қорытындысы  негiзiнде ғылыми-техникалық салаға  жатқызудың орындылығы жөнiнде  шешiм қабылдайды [61.52].

Ғылыми-техникалық қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның елдiң ғылыми-техникалық саласындағы болған өзгерiстерге және ғылым саласындағы халықаралық нормаларға толықтай сәйкес келе бермеуiне байланысты, әзiрленiп жатқан "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарға қатысты ережелер заңнамалық түрде реттелетiн болады [54.72].

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын  ғылыми зерттеулер бағдарламаларына бiрыңғай әкiмшiлiк ету нормасы енгiзiлетiн болады. Бұл қаржылық құралдарды, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеттi ғылымның басым бағыттарында шоғырландыруға, ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру талаптарының бiрлiгiн қамтамасыз етуге, мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзуге, бағдарламалардың орындалу нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдап алуға мүмкiндiк бередi. Бiрыңғай әкiмшiнiң болуы сонымен қатар iргелi және қолданбалы зерттеулердi тиiмдi үйлестiруге, олардың салааралық үйлесуiн жүзеге асыруға, қайталанушылық пен ұсақ тақырыпшылықты жоюға мүмкiндiк бередi [55.81].

Инновациялық  қызметке қатысты қайталану сипатындағы  нормалардың ара жiгiн ажыратуды  көздеу қажет [65.52].

Зияткерлiк меншiк  құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар  қабылданатын болады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында зияткерлiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде ҒЗТКЖ жүргiзу нәтижесiнде құрылған объектiлердi қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық база бар. Алайда ғылыми-техникалық саладағы зияткерлiк меншiк объектiлерiн құру, бағалау мен пайдалануды ынталандыруға ықпал ететiндей қосымша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау қажеттiгi жоқ емес [56.52].

Осы бағыттағы  заңнаманы жетiлдiру мынадай принциптерге негiзделетiн болады:

  • республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерiн әзiрлеу, құру және одан әрi пайдалану жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк реттеу;
  • лицензиялық негiздегi зияткерлiк меншiк объектiлерiн құру жөнiндегi Жобаларды әзiрлеудi экономикалық ынталандыру;
  • патенттiк-ақпараттық ресурстар қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • қазақстандық зияткерлiк меншiк объектiлерiн шетелде патенттеу үшiн жасау;
  • ҒЗТКЖ жүргiзу нәтижесiнде жасалған зияткерлiк меншiк объектiлерiн сатып алу және (немесе) сату жөнiнде коммерциялық ұсыныстар дайындауды мемлекеттiк қолдау және қамтамасыз ету;
  • патенттiк қызмет көрсететiн нарықтың, осындай қызметтер көрсететiн тұлғалар мен ұйымдарға конкурстық негiзде мемлекеттiк тапсырыс бөлу жолымен дамуына жәрдемдесу[57.96].

Көрсетiлген принциптердi ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету қажет:

  • пайдаланушылардың кең ауқымы үшiн ғылыми-техникалық әзiрлемелер туралы мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстарға, деректер базасына қолжетiмдiлiк;
  • монографияларды, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды рецензиялауды, осы бағытта жұмыс iстейтiн шетелдiк зерттеу орталықтарымен қарым-қатынас орнатуды қоса алғанда, зияткерлiк меншiк саласындағы ғылыми қызмет мониторингi;
  • ҒЗТКЖ жүргiзу нәтижесiнде құрылған зияткерлiк меншiк объектiлерiн түгендеумен, экономикалық мақсатқа сай қолданумен байланысты мейлiнше өзектi проблемалар бойынша ұсынымдар дайындауды қоса отырып, талдау жүргiзу;
  • республикалық бюджет қаражатына құрылған зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықты бағалау мен тiркеу, заңдық тұрғыдан мәндi қызметтерге, оның iшiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстап тұруға ақы төлеу үшiн қажеттi қаржылық шығыстарды жоспарлау;
  • мемлекеттiң экономикалық мүдделерi мен ұлттық қауiпсiздiгiн ескере отырып, технологиялардың, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдар бiрлесiп қаржыландыратын ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесiнде жасалатын технологиялардың импорты мен экспорты процестерiне бақылауды күшейту;
  • ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының патенттiк бөлiмшелерiнiң жұмысын қалпына келтiру [57.52].

Ғылым саласында осындай өзгерістер әкелетін шаралардың орындалуына 2007-2012 жылдары республикалық бюджет қаражаты жұмсалатын болады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығыстары 43386,2 млн. теңгенi, оның iшiнде: 1-кезеңде 2007-2009 жылдары - 24133,7 млн. теңгенi, 2-кезеңде 2010-2012 жылдары 19252,5 млн. теңгенi құрайды [58.88].

      Республикалық бюджет қаражаты  есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар  бойынша шығыстар көлемдерi тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық  бюджеттi қалыптастыру кезiнде  нақтыланады [36.52].

 

 

3.2   Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және            мүмкіншіліктері

 

 

Қазақстан ғылымын  дамытуда елімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Тәуелсіздік жылдары алыс-жақын шетелдермен мәдени, ғылыми байланыс орнап, бірнеше оқу орындары ашылды. 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнату ниетін білдірген шетелдердің ішіндегі тұңғыш мемлекет – Түркия мемлекеті. Сондықтан 1990 жылдың бас кезінде жекелеген мәдени, ғылыми байланыстардан бастау алған осы қарым-қатынастар тәуелсіздік жылдары кең өріс алып, тұрақты сипатқа ие болды. 1991 жылы 16-маусымда  ҚР Президентінің №329 қаулысы бойынша Түркістан мемлекеттік университеті ашылып, 1992 жылы 1-мамырда ғылым, мәдениет, спорт және білім беру салалары бойынша қарым-қатынасты дамыту туралы Түркия мен Қазақстан арасында жасалған келісім, ҚР Білім министрлігі мен ТР ұлттық білім беру министрлігі арасындағы 1992 жылы 19-маусымдағы ынтымақтастық хаттамасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы 1992 ж. 31 қазанда қабылданып, қол қойылған «Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы» келісім-шарт негізінде 1993 жылы  аталған жоғары оқу орны ашылды[58.252]. 

Ұлттық ғылыми әлеуетті көтеруде Астананың арқалаған жүгі ерекше. Қазақстан Республикасының кеңейiп келе жатқан халықаралық байланыстарын, оның әлемдiк интеграциялық процестерге, Евразия одағы идеяларын жүзеге асыруға белсене қатысуын ескере отырып, ҚР Президентінің 1996 жылғы 23-мамырдағы  №2996 Жарлығымен  Ақмола университетi Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi болып қайта құрылды.

Бүгінгі таңда  Астана қаласында құрылымы, ұйымдастыру принциптері, оқыту әдістемесі және ғылыми зерттеулердің деңгейі жетекші шетел университеттер үлгісіне мейлінше жақындатылған Назарбаев атындағы халықаралық деңгейдегі  университет табысты жұмыс істеуде [59.124].

Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы Астана мен Алматы қалаларында 2000 жылы 11-14-мамыр  аралығында «Үшiншi мыңжылдық ғылымы” атты халықаралық конференция өткізіліп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу және алыс шетелдерден келген 200-ден астам ғалым мен  маман  қатысты, 2001 жылы 2-ақпанда Алматы қаласында бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң съезi өтiп, онда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев өз баяндамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы жолында отандық ғылымды қайта құрудың маңыздылығына аса мән берді. ҚР-ның 2001 жылы 12-шiлдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу үрдістерін ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды әлемдiк ғылыми қауымдастыққа интеграциялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым мен ғылыми-техникалық iс-шаралар саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестiруге бағыттала отырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың принциптерi мен негiзгi мақсаттарын,  оны  жүзеге  асыратын мемлекеттік     өкiлеттi   органдарды айқындайды және нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi. Ғылыми-зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, ғылыми зерттеулер үшiн бiрегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылыми мекемелердi қазiргi заманғы компьютерлiк техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттiк бағдарламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi [60.123].

Өтпелі кезеңде өмір сүріп, жаһандық даму үрдісімен тең қадам басу жолында еліміздің ғылымы мен білімін дамытып, ғалымдарға қолайлы жағдай туғызу үшін, Қазақстан ғылымының сара жолын салып кеткен ғалымдарымыздың ғылыми мұрасын жаңғыртып, әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтарға қол жеткізу аясында Президентіміз қиын кезеңді бастан  кешкен Қазақстан ғылымының есесін толтыруды қолға алды. 2004 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде «келешекте ғылымға бөлінетін қаржыны 25 есе көбейтетіндігін» айтты. Қазіргі уақытта ғылымды қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің бар-жоғы 0,24 пайызын құрайды [36.52].

Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғылыми зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бәсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталынып келедi. Тәуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми шығармашылық үрдісті басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзу, ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу, ғылыми кадрлардың жаңа буынын даярлау, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады [66.52].

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі кездесуде Елбасы ғылымға байланысты жұмыстарды қолға алып, ғылым туралы жаңа заңның қабылдануы керектігіне баса назар аударды. Бұл – ғылымға деген ерекше көзқарастың айқын көрінісі. Осы мәселе қолға алынып, Президент тапсырмасымен ғылым туралы жаңа Заңның жобасы қарастырылып, көптеген толықтырулар мен өзгертулер енгізілді [61.66].

2011 жылғы 28-ақпанда  Қазақстан Республикасының Парламенті мақұлдаған «Ғылым туралы» Заңын қабылдап, №408-ІУ шешімімен Елбасы қол қойды. Заңды құжат әлемдік және халықаралық талаптарға сай дайындалды. Жаңа «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ғылым саласында үлкен өзгерістер, дамудың түбегейлі жаңа бағытына бетбұрыс  болмақ. Жаңа Заңның ережелерінде ғылыми саланы басқарудың жаңа моделі қарастырылған. Шешім қабылдау кезінде ғалымдардың рөлі, зерттеулерді базалық және гранттық қаржыландыру, ғылым мен инновациялық қызметті  қолдаудың жаңа механизмдерін, ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа моделін енгізу туралы ережелер қабылданды. «Ғылым туралы» заңда ел дамуының экономикалық басымдықтарына сәйкес ғылым жөніндегі ұлттық басымдықтарды айқындайтын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды қалыптастыратын және ғылыми жобаларды (бағдарламаларды) іріктеу рәсімінде, оларды қаржыландыру туралы шешім қабылдауда тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғылым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын ұлттық ғылыми кеңестер құру, ғылымды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жүйесінде 3 нысанда іске асырылатын түбегейлі өзгерістер жүргізу қарастырылған. Білім және ғылым саласындағы бұл реформалар Президент ұсынған Қазақстанда интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру бағдарламасын іске асыру үшін жаңа жағдай жасайды. Бұл – елімізде адам капиталын дамытуға ерекше серпін береді. Ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде магистратура мен PhD докторантура шеңберінде даярлау халықаралық деңгейге көтеріледі. Отандық ғылымды дамыту үшін бұл қабылданған Заң – қажетті де, маңызды құжат болып табылады. Оның маңыздылығы жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «біз ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге тиіспіз» — деп атап айтты. Білім салалары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құру туралы шешім де басты жаңалықтардың бірі болды. Осының бәрі ғылыми жобаларды іріктеудегі шынайылықты арттырып, зерттеулердің маңызы мен сапасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қазақстандық ғылымды қаржыландыру, ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу, ғылыми құрал-жабдықтар алу, ғылыми іссапарларға қаржы бөлу, ғылыми қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету, зерттеушілердің еңбекақысы, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің демалыстары, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары мәселесі де басты назарға ілігіп отыр. Бұл мәселе заң жобасын талқылаудың барлық сатысында белсенді түрде талқыланған [62.183].

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау