Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ОРМАН ҚОРЫН
ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ...................
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың
объектісі ретінде.......................
1.2 Орман қорының құрамы және
ормандардың түрлері.......................
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ......................
2.1 Орман қорын қорғау
саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
мен ерекшелілігі..................
2.2 Орман қорын қорғау
саласындағы мемлекеттік басқару органдарының
жүйесі және олардың құзыреті......................
2.3 Орман заңдарын бұзғаны
үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
және түрлері.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің "Қазақстан-2030" деп аталатын бағдарламасында: "Қазақстан 2030 жылы мөлдір суы және таза ауасы бар, жасыл мемлекет болуы керек",- деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2030 жылға дейінгі республикамыздың орман қорының тұрақты даму Стратегиясы және 1998-2000 ж.ж. арналған жоспар қабылданды. Стратегияның негізгі міндеті еліміздің аумағындағы ормандарды 5,1% арттыру [1].
Бүгінгі күні республикамыздьң 11439,8 мыңға немесе жалпы аумақтың 4,2% ормандар алып жатыр, оньң 50% шөлді далаларды эрозиядан сақтайтын сексеуіл ормандар құрайды [2].
Орман қоры жерінің жалпы көлемі 26216,4 мың га. Табиғи орман алқаптары 12427,8 мың га, ал жасанды орман алқаптары 901,1 мың га. Орманды өңірі Қазақстан аумағының 4,6 % құрайды [3].
Орман қоры өзіне тән табиғи қасиеттеріне байланысты, адамдардың өмірлік мүдделері мен тығыз байланысты экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру қызметтерін атқарады.
Ол қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға белсенді түрде қатысатын табиғи объект.
Орман қорының өсімдік, жануарлар дүниесінің, жер және су ресурстарын бір бүтін табиғи кешен етіп біріктіруі, оның экологиялық қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады. Қорғаныш ормандар жел жылдамдығын 35-40% кемітеді, ыстық күні ауа температурасын 6-8 градусқа төмендетіп, оның ылғалдылығын 9-10 есе арттырады, сондай-ақ қорғаныш ормандар қоршаған ортаны құм мен шаңнан сақтайды. Су қорғайтын ормандар өзен, көл, өзендердің су режимін реттейді. Ормандар құрғақшылықпен күресудің анағұрлым тиімді, ал кейбір жағдайда жалғыз мүмкіндік болып табылады.
Орман қорының жағдайының күрт нашарлауына, сондай-ақ кеткен уақыттың қателіктері: табиғат пайдалану саясатының кемшіліктері, шапшаң қарқынды шаруашылық жүргізу, табиғат ресурстарын пайдалануда ғылыми негіздерді ескермеу, себеп болып отыр. Көп жылдар бойы елімізде орман қорының көп нысаналы мақсатына қарамастан, ол ең алдымен ағаш шикізатының негігі қайнар көзі ретінде пайдаланылып келді. Орман қорының экологиялық мақсаты дұрыс бағаланбай, оны бір жақты пайдалану нәтижесінде, орман қорына орны толмас зиян келді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Орман қорын құқықтық қорғау саласындағы теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселелері зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С.Б. Байсаловтың, Д.Л. Байдельдиновтың, Ә.Е. Бектұрғановтың, Ә.Е. Ереновтың, Абдраймовтың, А.С. Стамқұловтың, Н.Б. Мухидиновтың, Ж.Т. Холмуминовтың, Н.С. Баймбетовтың, Г. Тілешованың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты құнды ұсыныстар мен қорытындылар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы және басқа да заңдарды, Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар бұрынғы Кеңес одағының нормативтік құқықтық актілері енгізілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін зерттеу кезінде заң әдебиеттерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерді пайдалана отырып тақырыпты толық ашу және меңгеру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға көшу, кейбір табиғи ресурстарға жеке меншік құқығын енгізу жағдайындағы орман қорын құқықтық қорғауды кешенді түрде зерттеу және осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік, теориялық ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
• Орман, орман қоры, орман санаттары, мемлекеттік орман қоры, жеке орман қоры және басқа да терминдермен анықтамалардың бір-бірімен байланысы, қарым - қатынасы мен айырмашылықтарын анықтау ;
• Орман қатынастарын реттейтін
заңдарына жалпы сипаттама
• Орман қорын қорғауды ұтымды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың объектісі . Қазақстан Республикасының орман қорын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде: Орман қорын құқықтық қорғаудың объектісі, орман қорының құрамы және ормандардың түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімінде: Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі, орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті, орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері көрсетілген.
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Орман қорын құқықтық қорғаудың объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланысы.
Адам өмірінде орманның табиғи орта мен экологиялық кешеннің бір бөлігі ретіндегі мәні оның бірқатар ерекшеліктерінде болса керек.
Орман қорғау-сауықтыру, сақтау мен
өндірістік-эксплуатациялық
а) Жер атмосферасындағы оттегі қорының маңызды толықтырушы көзі, тірі организмдердің өмір сүруіне теріс әсер ететін ауа бассейніндегі қоспалар мен зиянды заттарды тазартушы құрал ретінде;
б) климатты реттейді: суық желдердің әсерін жұмсартады, құрғақшылықтың алдын алады, температураның күрт өзгеруін тежейді, жануарлар мен өсімдіктердің дамуына және адам өміріне жағымды микроклимат жасайды;
в) топырақ қабатына жағымды әсер етеді: су мен желден болатын топырақ эрозиясының тарауына кедергі келтіреді, көшпелі құмдарды қатайтады, жыралардың түзілуі мен өсуінің алдын алады;
г) су сақтау функциясын атқарады: өзендердің су жүйесін реттейді, су қоймаларын таязданудан сақтайды;
д) халық пен экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ағашпен және өзге де орман өнімдерімен қамтамасыз етеді;
е) аңдар мен құстардың мекені, жабайы өсімдіктер мен дәрілік шөптердің, жемістердің, жаңғақтардың, саңырауқұлақтар мен жидектердің өсіп, көбейетін мекен болып табылады.
ё) орманның табиғи жемдік өнімдері – қоғамдық мал шаруашылығы үшін маңызды база саналады;
ж) халықтың эстетикалық қажеттіліктерін өтеу мен демалысын ұйымдастыруда және денсаулығын сақтауда маңызды орын алады.
Орманның ерекшелігі ондағы жыныстардың ұзақ өсуімен байланысты. Мысалы, ағаштардың негізгі жыныстарын өсірудің қарапайым мерзімі адам өмірінің орташа жас деңгейінен де асып кетеді.
Өзін-өзі қалпына келтіру
Көпжақты маңызы, орман өсімдіктерінің өсу ұзақтығы мен орманды ұтымды пайдалану мүмкіндігі (қажетті талаптарды сақтаған жағдайда) орман мен адамның өзара байланысының негізін құрайды.
Сексеуіл мен шоқбұталар өскен алқаптарды қоса есептегенде Қазақстанның ормандылығы 4,6 % (11,5 млн. га) құрайды. Қазақстандағы ормандар Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақтан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрі орман қоры) құрайды.
Орман Кодексінің 4 бабында орманға – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен деген анықтама берілген.
Мұндай түсінік аталмыш табиғи обьектінің жанды табиғаттың өзге де компоненттерімен, жермен, орман өсімдіктерімен, бунақденелілермен, құстармен, жануарлармен және қоршаған ортаның басқа да компоненттерімен экологиялық өзара байланысынан туындаса керек.
Орман қорына:
мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;
қала ормандары
мен орманды саябақтарды
үй маңындағы, саяжайлар мен бау–бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік обьектілеріне жатады және республикалық меншікте болады.
Жекеше орман қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану мен оған билік етуді, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануға тендер хаттамасы негізінде және кейін қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелері бар уәкілетті орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен рәсімделе отырып беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті біліктілікке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Орман ресурстарын сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесінде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек расурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етіп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етіп беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделері ескеріле отырып, жария жүзеге асырылуға тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзімі өткен соң орман пайдаланушының меншігіне ауыспауға тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік орман қоры
учаскелеріндегі орман
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың:
жанама орман пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми–зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;