Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

Ә.С. Стамқұлұлы өзінің 1995 жылы жарық көрген "Қазақстан Республикасының экология құқығы" деген оқулығында: "республикамыздың аумағында 6000 жуық дәрілік қасиеті бар өсімдіктер өседі. Ал қызыл мия, эфедра, сабын тамыр, алтын тамыр, ермен сияқты өсімдіктердің дүниежүзінде теңдесі жоқ. Орманнан басқа табиғи өсімдіктердің алуан түрі бола тұрса да, өсімдіктерді қорғау, сақтау және пайдалану туралы арнайы қабылданған заң жоқ", - деп жазды [7, c. 34].

Біздің мемлекетте қорықтар мен заказниктер ұйымдастыру, құрып бара жатқан немесе сирек кездесетін жекелеген өсімдіктерді, жануарларды қорғау және сақтау мақсатында "Қызыл Кітапқа" енгізу туралы қаулылары, ұлттық парктер, ботаникалық, дендралогиялық парктерді ұйымдастыру және олар жөніндегі ережелер қабылдануына ерекше көңіл аударылады.

Республика аумағында  сирек кездесетін, саны азайып келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз ету үшін 1995 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1258 санды қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы" Ереже қабылданды. Қызыл кітап республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтерді, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шаралардың жиынтығы бар негізгі құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ерекше қорғалуға алынады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайда, бұл түрлерін аулауға, жинауға бүкіл республика аумағында тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылып кетуіне, сандарының азаюына және тіршілік ететін ортасының нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктер деп аталатын екі томнан тұрады. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сипаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі тиісінше зоологиялық және ботаникалық комиссиялар белгілейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі зоологиялық комиссияның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қыркүектегі №1258 қаулысымен бекітілді [8].

Еліміз   аумағында   сирек   кездесетін   жануарлар   мен   өсімдіктерді қорғауда "Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген міндеттемелерді орындауды ұйымдастыру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2009 жылғы 19 тамыздағы 918 санды қаулысының маңызы зор. Биологиялық сан алуандықты сақтаудағы және биологиялық ресурстарды тиімді пайдаланудағы жауапкершілікті, 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода өткен Біріккен Ұлттар құрамының қоршаған орта жөне даму жөніндегі Конференциясында Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан қол қойылған. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 2009 жылғы 19 тамыздағы қаулысына сай жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында осынау жануарлардың тіршілік ететін жерлері мен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлері мен сұраптарының саны мен ареалдарын сақтауға, қорғауға және қалпына келтіруге қатысты шараларды ұйымдастыру экология және биоресурстар министрлігіне жүктелді. Сондай-ақ экология және биоресурстар министрлігіне, облыстардың әкімдеріне, мүдделі министрліктер мен ведомстволарға республика аумағында биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында қорғалымдар, қорықтар, табиғи ұлттық парктер, генетикалық резерваттар және басқа да қорғалатын аумақтар мен объектілер желісін ұйымдастыру міндеттелді [9].

Сахипов М.С. орманның заңының түсінігін  былай деп анықтады: "белгіленген  тәртіпте шектелген аймақта өсетін және мемлекет меншігін құрайтын ағаш өсімдіктерінің жиынтығы орман деп аталады".

Тілешова Г.Ж. пікірі бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру және жүзеге асыру, орман ресурстарын тиімді, кешенді пайдалану, орман қорын ұлғайту өсіру, оны сақтаумен, қорғаумен байланысты орман қатынастары, қоғамдық қатынастардың ерекше кешенін құрайды және бұл қатынастар өз табиғаты жағынан біртұтас, өйткені олардың барлығының объектісі орман қоры, орман шаруашылығы [10].

Орман күрделі экологиялық кешен. Ондағы барлық организмдер             бір-бірімен тығыз байланысты және осындай байланыс олардың тіршілігіне қажет. Сондықтан, ормандарда ағаш-бұталарды ғана қорғап, ал басқа өсімдіктерді тиімді пайдаланбасақ, ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру мүмкін емес. Орманды ағаш және басқа да өсімдіктер мен организмдердің жиынтығы деп сипаттаған жөн. Заң әдебиетінде орманның жоғарыда айтылған сипаттамасына қоса, оның тағы мынандай ерекше белгілері бекітілген:

-  біріншіден, өзара тығыз әрекет ететін табиғи ресурстардың кешені болып табылатын ормандарда, ағаш түрлерінің көп болуы, оны қоршаған ортаға белсенді әсер ететін жүйеге айналдырды және бұл белгі орманның экологиялық белгісі;

- екіншіден,   ормандардың   орман   қорының   жерінде   өсуі,   оның аумақтық белгісі;

- үшіншіден, есеп құжаттарында міндетті түрде тіркелуі, есеп-тіркеу белгісі деп аталады.

Осы үш белгі ормандарды, орман  емес ағаш өсімдіктерінен айыруға негіз  болады.

2003 жылы қабылданған Қазақстан  Республикасының Орман кодексінде орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен деп анықталған. Автордың пікірінше, орманға берілген осы анықтамада орманның экологиялық белгісі көрсетіліп, ал оның аумақтық және есеп-тіркеу белгілері көрсетілмеген.

Ормандарды мемлекеттік меншіктің  объектісі ретінде анықтайтын, ормандардың  және орман емес өсімдіктердің құқықтық жағдайын реттейтін құқықтық нормаларда бұл белгілер басшылыққа алынуы керек [11,15б.б].

 

 1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері

Қазақстан Республикасы өз егемендігін  алғаннан кейін табиғи ресурстарды  пайдалану мен қорғау саласындағы  қатынастар жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Республикамыздың материалдық негізін құрайтын барлық табиғи ресурстарға 1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңымен, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен мемлекеттік меншік құқығы бекітілді.

2003 жылы 8 шілдеде орман саласындағы  қатынастарды реттеу мақсатымен  Қазақстан Республикасының Орман  кодексі қабылданды.

Кодекстің 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қоры құрайды.

Орман кодекстің жаңалығы орман  қорын екі топқа бөлу, яғни мемлекеттік  және жекеше орман қорларына. Кодексте олардың анықтамасы мен мазмұны көрсетілген.

Мемлекеттік орман қорына мыналар жатады:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар;                  

2) табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі   орман   шаруашылығының   қажеттері   үшін   берілген,   орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері.

3) Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі он метр және  одан  көбірек,  алаңы  0,05   гектардан  астам  қорғаныштық  екпелері жатады.

Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады [12].

"Орман қоры" және "орман қорының жері" деген ұғымдар өзара тығыз байланыста, сонымен қатар олардың бір бірінен айырмашылықтары бар. Орман кодексінің 8 бабына сай орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді. Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады. Орман қорына мыналар кірмейді:

1) мемлекеттік орман қорының  жерінен тыс орналасқан жекелеген  ағаштар және көлемі 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;

2) қала ормандары мен орманды   саябақтарды   қоспағанда,   елді мекендер шекарасы шегіндегі  жасыл желектер;

3)  үй маңындағы, саяжайлар  мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.

 Қазақстан Республикасындағы  барлық ормандар қорғалуға жатады. 44 бапқа сай Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егіс-топырақ қорғау, гендік, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.

Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттік  орман қоры:

- ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның ішінде: биосфералық түрлері мен қорық-сепортерлерді қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары; мемлекеттік табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік қорық аймақтары ормандары; табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері; орманның гендік резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелері; аса құнды орман алқаптары; жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары; орман-жеміс екпелері; аса биік тау ормандары;

-  мемлекеттік қорғаныштық орман  белдеулері;

-  қала ормандары мен орманды  саябақтар;

- елді мекендердің және емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары;

-  эрозияға қарсы ормандар;

-  өзендер,   көлдер,   су   қоймалары   мен   басқа   да   су   объектілері жағалауларындағы  тыйым салынған орман белдеулері;

- халықаралық және республикалық  маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желілік құрылыстардың бөліп берілген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер;

-  халықаралық      және      республикалық      маңызы      бар      ортақ пайдаланудағы  темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;

- егіс-топырақ қорғаныштық ормандар  санаттарына бөлінеді. Халықаралық  және республикалық маңызы бар  ортақ пайдаланудағы;

- темір жолдар мен автомобиль жолдары бойынша қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан темір жолдарға бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, темір жол төсемінен екі жаққа қарай бес жүз метр шегіндегі орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, жолдың ортасынан екі жаққа қарай екі жүз елу метр шегіндегі орман жатады.

Мемлекеттік  орман  қоры   санаттарында  орман   пайдалануды   шектеудің мынадай режимдері  белгіленеді:

-  қорық режимі - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман  пайдаланудың  барлық  түрлеріне,  оның  ішінде  ағаштарды  кесуге тыйым салынады;

- тапсырыс режимі - басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге,   шайыр   мен   ағаш   шырындарын,   қосалқы   сүрек   ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;

- шектеулі   шаруашылық   қызметінің   режимі   -   басты   мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге,    шайыр    мен    ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.

Орман қорының әлеуметтік-экологиялық, экономикалық құндылығы, оның қоршаған ортаның сапасын жақсартуға белсенді түрде қатысатын күрделі экологиялық кешен ретіндегі, су корғайтын, қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және басқа да көптеген пайдалы табиғи қасиеттерімен, экономиканың бірқатар салалары үшін негізгі шикізат көзі ретінде атқаратын рөлімен анықталады.

1 сәуір 2004 жылы 539 санды «Ормандарды  сақтау және ормандық аумақтарды  көбейту жобасындағы Қазақстан  Республикасы мен Халықаралық  қайта құру және даму банк ісінің арасындағы грант бөлу ратификациясы туралы» Қазақстан Републикасының заңы қабылданды. Бұл заң және Орман кодексінің 64 бабына сай Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға жатады.

Орман қорын корғау жалпы  мемлекеттік міндет және ол              жаратылыстану-ғылыми, биологиялық, орман-техникалық,                                орман-шаруашылық, химиялық, құқықтық және басқа да бірқатар әдістердің жүйесі арқылы іс жүзіне асырылады. Орман қорын қорғауды қамтамасыз етуде құқықтық-ұйымдастырушылық шаралардың әрдайым маңызы ерекше зор [13].

Орман қорын құқықтық қорғау - заңда бекітілген, орман қорын             талан - таражға салудан, заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан және басқа орман талаптарын бұзудан, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен қорғайтын, оның ұтымды, сарқылмастай пайдаланылуы мен ұлғайта өсірілуін қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру, техникалық және басқа да шаралар жүйесі.

Орман қоры күрделі экологиялық  кешен ретінде көптеген ұрпақтарға қызмет етті және қызмет етеді. Сондықтан әрекет етіп отырған орман заңдарында қарастырылған орман қорын қорғау, ең алдымен оны ұтымды, үздіксіз, сарқылмастай пайдалануды қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Қазіргі кезде әрекет етіп отырған орман зандарының нормалары осы саладағы қатынастарды реттеуге, орман заң бұзушылықты болдырмауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының  Орман кодексінде табиғат объектісі  және құқықтық қорғау объектісі болып табылатын орман қорын тек қорғау ғана емес, сонымен бірге сақтау мәселелері де бекітілген.

Ормандарды күзету мен сақтаудың  негізгі міндеттері мыналар жатады:      

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу