Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

мемлекеттік орман  қоры учаскелерін мәдени–сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану сияқты түрлерін ғана жүзеге асыруға болады.

Мемлекеттік орман  қоры учаскелерінде орман ресурстарын  ұзақ мерзімді орман пайдалануға  беру жөнінде тендерлерді өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Орман қорына меншiк құқығы:

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.

2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

Орман қорының жерлерi :

1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.

2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.

3. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады.

4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.

5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.

6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады.

Орман пайдаланушылардың құқықтары  мен міндеттері.

Орман пайдаланушылардың:

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде ғана жүзеге асыруға;

өздеріне орман пайдалануда  берілген орман ресурстары туралы ақпарат  алуға;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орман пайдалану мерзіміне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректі және мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға байланысты басқа да орман өнімдерін өңдеу үшін жабдықтар орнатуға;

мемлекеттік орман қорының санаттарының өзгеруі, сондай–ақ мемлекеттік орман қоры жерін мемлекет қажеттіліктері үшін алып қою салдарынан келтірілген шығындарға өтем алуға құқығы бар.

Орман пайдаланушылардың құқықтары  бұзылған жағдайда оларды қорғау сот  тәртібімен жүзеге асырылады.

Орман пайдаланушылар:

ұзақ мерзімді орман пайдалану  шартының талаптарын, сондай–ақ ағаш кесу билетімен, орман билетімен  белгіленген талаптарды сақтауға;

тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуге;

мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, өртке қарсы          іс–шараларды жүргізуге, ал орман өрті пайда болған жағдайда оны сөндіруді қамтамасыз етуге;

ұзақ мерзімді орман пайдалану  кезінде мемлекеттік орман иеленушілермен келісе отырып өртке қарсы іс–шаралар жоспарын әзірлеуге және бекітуге, сондай–ақ оларды белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға;

мемлекеттік орман қоры аумағында  өздері мәдени–сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс–шаралар мен жұмыстарды өткізетін жерлерде уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен нормаларға сәйкес өрт сөндіретін құралдары болуына;

мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін бөлінген учаскелерінде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  жұмыс аяқталғаннан кейін оларды мемлекеттік орман иеленушілерге  табыс етуге;

ағашы кесілген жерлерде және өздерінің  қызметі салдарынан өскіндер жойылған, ағаш пен бұта өсімдіктері құрып  кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебінен жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орман шаруашылығы  шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орманды  пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгізуге;

ормандардың санитарлық жай-күйін  қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі  ережелерді сақтауға;

өзге орман пайдаланушылардың  құқықтарын бұзбауға міндетті.

Орман пайдаланушылардың өзге де бірқатар міндеттері ормандарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар бөлімінде баяндалған.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  орман пайдалануды жүзеге асыруға  рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.

Тендер нәтижелері туралы хаттама, ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты ағаш  кесу билетін беру үшін негіздеме болып табылады.

Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға  сүрек, шайыр, ағаш шырындыларын және қосалқы  сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін  құжат болып табылады.

Ағаш кесу билеті орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшері, жұмыстар жүргізудің мерзімі, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәліметтерді, ағаш кесу билетінің қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.

Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға  жыл сайын, оны беру үшін негіздеме  болған құжаттарда көрсетілген орман  пайдалану түрлерін ғана жүзеге асыруға, белгіленген көлемде және мемлекеттік  орман қорының нақты учаскесіне арнап беріледі. 

Шайыр және ағаш шырындыларын дайындауға арналған ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға  сөл ағызудың бүкіл мерзіміне  беріледі. 

Мемлекеттік орман иеленуші аралық пайдалану мақсатында кесуді және өзгедей мақсатта кесуді, жанама орман пайдалануды жүргізген кезде ағаш кесу билеті мен (немесе) орман билеті орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда – аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргізуге жауапты лауазымды адамға жазылады. 

Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы, ғылыми–зерттеу,                         мәдени–сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар қажеттігі үшін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.

Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, климатты реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.

Орман қоршаған ортаны жүйесінде экологиялық  қызметтер жүзеге асырады. Онымен қатар, орман бірқатар экономикалық қызметтер атқарады. Ол қоғамның материалдық қажетін қамтамасыз ететін, соның ішінде ағаш өнімдерінің, дәрілік өсімдіктердің аса маңызды қайнар көзі.

Ал енді орманның мәдени-сауықтыру  қызметтеріне тоқталатын болсақ, орман қоры адамның денсаулығын сауықтыру мақсатында, демалыс орны ретінде, халықтың эстетикалық қажетін өтеу үшін пайдаланылады. Орман қорының осындай қызметтері, оның негізгі ағаш өнімдерінің қайнар көзі ретіндегі және басқа да экономикалық қызметтерінен еш кем емес, қайта орман қорының экологиялық-қорғаныш қызметтері оның экономикалық қызметтерінен әлдеқайда маңызды екені ғалымдармен дәлелденіп отыр.

Алғашқы орман отырғызу біздің елімізде өткен ғасырдың аяғында басталды. Орман шаруашылығының кешенді дамуы, республикамызда, әсіресе, соғыстан кейінгі  жылдары, яғни Совет Үкіметінің тұсында шапшаң күшейді. Орман шаруашылық кәсіпорындарының еңбеккерлерімен 1,3 млн. га орман ағаштары отырғызылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізілген орман шаруашылығы саласындағы еңбектің нәтижесінде республикамыздың орман қоры қалыптасты.

1991 жылы республикамыз өз егемендігін алғаннан кейін орман саласындағы қатынастарды реттеу мақсатымен 1993 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Орман Кодексі қабылданды [4,4-6,31-33-35-36 б.б].

Қазақстан Республикасы орман заңдарының міндеттері орман қорының экологиялық  және ресурс қуатын арттыру, орман қоры ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етіп пайдалану, оны сақтау, қорғау және ұлғайта өсіру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орман қорын иелену, пайдалану, жұмсау жөніндегі қатынастарды реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. Қазіргі кезде республикамызда орман шаруашылығы саласында бірқатар кәсіпорындар қызмет жасап жатыр. Олар: Қазақ орман орналастыру кәсіпорны, Қазақ мемлекеттік жобалау-зерттеу институты, "Казгипролес, орман қорғау авиациялық базасы, Қазақстан Республикасының орман-тұқым станциясы, екі аумақтық орман селекциялық орталықтары. Орман шаруашылығын басқарудың республикалық         органдары - Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі мен Орман және аң шаруашылық Комитеті. Бұл саланы ғылыми қамтамасыз етуді ұлттық академияның агромелиорация және орман шаруашылық ғылыми зерттеу институты жүзеге асырады.

Қазақстан экологиялық дағдарыстары ерекше шиелініске, орман сирек аумақ, сондықтан біздің республикамызда орман қорын қорғау ісіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Бірақ бұл міндет бүгін ойдағыдай орындалмай отыр. Соңғы сегіз ай ішінде елімізде 714 ірі табиғи өрттер тіркелген, олардың 673 орман қорында болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,4% көп. Ең көп орман өрттері Шығыс Қазақстан облысында 161 оқиға (2198 га жерді қамтыған), Қостанай облысында 102 оқиға (1725 га жерді қамтыған) , Ақмола облысында 84 оқиға тіркелген. Бұрын сонды көрмеген өрттер биыл сондай-ақ Жамбыл облысында болып өтті. Алдымен Қосқұдық ауданының 3200 га, одан кейін Мойынқұм ауданының 1000 га сексеуіл ормандары өртке шалдықты [5].

Мемлекеттік орман қоры - орман құқығы мен орман заңдарының негізі, ол құқықтық қорғаудың объектісі. Сондықтан оның түсінігін кеңінен ашып қарастырудың маңызы ерекше зор. Мемлекеттік орман қорының құрамдас бөліктерінің құқықтық жағдайын анықтауда 1968 жылы 13 желтоқсанда қабылданған ССРО және Одақтас республикалардың жер заңдарының Негізінің маңызы үлкен болды. Негіздердің 4 бабына сай барлық жерлер біртұтас мемлекеттік жер қорын құрады. Мемлекеттік жер қоры:

- ауылшаруашылық мақсатына арналған жер;

- елді-мекендер жері;

- өнеркәсіп,    көлік,    байланыс,    қорғаныс    және    өзге    де    ауыл шаруашылығына арналмаған жер;

- мемлекеттік су қорының жері;

- мемлекеттік орман қорының жері;

- босалқы жер деп бөлінді.

Жоғарыда жазылғаннан көріп  отырғанымыз, орман мен орман  қоры бір түсінік емес, ал осы  екі ұғымның қайсысы тар, қайсысы кең ұғым екені де заң әдебиетінде ұзақ уақыт бойы талас туғызып келген мәселе. Л.И. Дембо "орман, орман қорына қарағанда кең ұғым, өйткені орман қорын ормандардың тек белгілі тәртіппен бекітілген бөлігі ғана құрайды", - деді, ал О.К. Гусев: "Заң тұрғысынан алғанда орман дегеніміз белгіленген тәртіппен орман деп танылған, ағаш өсімдіктерінің жиынтығы. ССРОдағы барлық ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар біртұтас мемлекеттік орман қорын құрайды, яғни орман қоры ормандардан құралады, олай болса орман қоры орманға қарағанда кең ұғым" - деп жазды [6]. Соңғы көзқарасты көптеген ғалымдар қолдайды.

Өсімдіктер жиынтығы деген табиғи-ғылыми түсінікпен өзара тығыз байланысты орманның заңдық түсінігін зерттегенде, оны "флора", "өсімдіктер", "орман емес табиғи өсімдіктер" деген терминдермен арақатынасын анықтау қажет.

"Флора" - белгілі географиялық  кеңістікте өсетін, табиғи қалыптасқан өсімдік түрлерінің жиынтығы. Әдебиетте кеңінен кездесетін "өсімдіктер" түсінігінен "флора" түсінігін айыра білу керек. Бүгінгі таңда заң әдебиетінде флора түсінігі қолданылмай, ол өсімдік түрлері деп жазылып жүр. Осыған орай бір топ ғалымдар заңда "флора" терминін қолдануды және оның заңдық түсінігін анықтап, бекітуді ұсынып отыр. Әсіресе, соңғы жылдары, шаруашылық қызметтің табиғи ортаға әсерінің өсуінен өсімдіктердің түрлері мен формалары едәуір азайып кетті, сондықтан генетика мен селекцияның негізін құрайтын өсімдіктердің генетикалық қорын қорғауды күшейту қажет болып отыр. Әдебиетте флораға төмендегідей заңдық түсінік берілген: белгілі аумақта өсетін, құқықтық режімі анықталған, өсімдіктердің табиғи формалары мен түрлерінің жиынтығы флора деп аталады.

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу