Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым 

Министрлігі

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Шымкент институты

 

 

«Тарих» факультеті

 

«Саясаттану»  кафедрасы

 

 

 

Магистрлік  жұмыс

 

Саяси құндылықтар  жүйесі

(этникалық  аспектілер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясаттану кафедрасының

меңгерушісі с.ғ.к.

 Тәжітаева Р.С.

«___»________2008ж.

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2008ж.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

    1. Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары

 

    1. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ          (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)

 

 

    1. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық   аспектілері

 

    1. ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе         

     

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді. Солардың ішінде саяси процестердің ішкі құрылымы мен бағытын анықтайтын құбылысқа азаматтардың саяси құндылықтарының қалыптасу және өркендеу ерекшеліктері жатады.

           Еліміз өркенді дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын, қоғамдағы саяси  құндылықтарға көңіл бөлінуде. Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталуының өзі де көп жәйттан хабар берсе керек.

"Қандай қиын қыстау  жағдайда да адамдар үшін өзекті  болып қала беретін даусыз  құндылықтар әрдайым болған және  бола береді. Қоғамның адамгершілік  деңгейін анықтайтын рухани байлық  пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады /1/. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған іс-қимылдарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.

         Елбасы биылғы Жолдауында «Қазақстандықтардың,  Қазақстан қоғамының барлық жіктері  мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік  көңіл күйін ұдайы жақсарта  түсу мемлекет саясатының алдыңғы  сапасында болып келді және осылай болып қала береді» деп ерекше атап көрсетті /2/. Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін ондағы принциптерді жалпы қазақстандық, жалпы адамзаттық принциптер ретінде Қазақстан тарихының барлық субьектілері жете түсінуі қажет, олар шынымен де, ұлттық-саяси сана-сезімнің құрамдас бөлігіне айналуы керек, оларды іске асыруға Қазақстан халықтары қатысуы керек, проблеманы ғылыми-теориялық тұрғыдан жете зерттеу қажет, оның мақсаты - әрбір қазақстандықтың санасына олардың бүкіл қазақстандық және бүкіладамзаттық маңызын жеткізу және негіздеу. Сондықтан да, мұнда жалпықазақстандық ортақ үйдің жаңа принциптеріне – Қазақстан халқының жаңа саяси құндылықтарына саналық бағыну жөнінде болуы тиіс.   

         Қоғамның саяси өміріне қажетті  әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көпұлтты Қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске азаматтармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.

Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл азаматтардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.

         Қазақстан халқының саяси құндылықтар проблемасы қазіргі уақытта және келешекте ғылыми теориялық ойда да саясаттанулық ойда да көрнекті орын алмақ. Ол ұлттық, мемлекеттік саясаттың маңызды мәселесіне айналуы тиіс. Өкінішке орай, бұл проблеманы жан-жақты зерттеуге ғалымдардың, саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің қатысуы жеткіліксіз болып отыр. Өйткені, оның мәнін түсінудің сипаты қазақстандықтардың қызметінің бағыттылығымен, Қазақстан мемлекетімен, ең ақырында барлық Қазақстан халқының тағдырымен байланысты.

        Сондықтан да, Елбасының биылғы  Жолдауындағы «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз» деуінің сыры да тереңде жатыр /3/. Осы тұрғыда Қазақстан халқының саяси құндылықтары іргелі саяси маңыздылыққа ие, әрі субъект үшін пайдалы екендігін атап көрсету керек. Жалпықазақстандық болу үшін бұл құндылықтар жай жекелеген қазақстандықтар үшін ғана емес, барлық Қазақстан халқы үшін маңыздылыққа ие болуы тиіс. Субъективті компоненттердің тарапынан болатын оған деген қарым-қатынастардың айырмашылығына қарамастан, олардың объективті жағдайы Қазақстан тарихы субъектілерінің бәрі мойындаған, үстемдік етуші болуы тиіс /4/.

        Қазақстан халқының саяси құндылықтарын біз енді ғана жете түсініп және зерттей бастадық, біз өмір сүріп тұрған қоғамдық-саяси қатынастарды соларға сүйене отырып, қайта құра бастадық. Жаңа жалпықазақстандық принциптер мен нормалар енді қалыптаса бастады және олар объективті дүниені және оның даму тенденцияларын біздің ұғынуымызбен қалыптасуда.  

         Сонымен саяси құндылықтар мәселесіне  қазақстандық саясаттанушы ғалымдар  соңғы жылдары ғана көңіл бөле  бастады және бұл мәселенің  саяси ғылымдар тұрғысындағы  бірнеше аспектілері терең зерттеулерді қажет етуде. Мәселен, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық этникалық құндылықтар арасындағы өзара байланыстар саяси процестер деңгейінде қандай көріністерге ие болатыны, үш үлкен этникалық топ: қазақ, орыс, өзбек; екі конфессиялық айырмашылық: ислам және християн діндері жағдайындағы тұрғындардың саяси құндылықтарының бір-бірімен тоғысу үрдістерінің сипаты өзіндік мәселе болып табылатындығы жан-жақты сұрыптаудан өткен жоқ, жергілікті жерлердегі ерекшеліктер де арнаулы зерттеуді қажет етеді.

         Сондықтан Қазақстан азаматтарының  саяси құндылықтарын зерттеу  мәселесі тек теориялық жағынан  ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы  бар мәселе. Әрине, бұл мәселені  жан-жақты қарастыру үшін үлкен  ғылыми институттар мен мекемелер ауқымды зерттеулер жүргізгені абзал. Ал, бұл магистрлік диссертация жұмысы нақты саяси-теориялық ұстанымдарға сүйене отырып, этникалық аспектілерге байланысты жекелеген құндылықтық мәселелерге талдаулар өткізеді. Мәселен, саяси тұрақтылық, патриотизм, ұлттық қауіпсіздік және т.б. басымдылық танытатын құндылықтық бағыттар жөнінде.

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі  Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық  өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен  астасып жатады. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субьект ретінде қатысу бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты  мүмкіндіктер. Бұл басымдылық танытатын саяси бағдарлар мемлекетіміздің стратегиялық бағдарламаларында бекітілген. Мәселе осы жаңа саяси жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін факторлар, құбылыстар жүйесін анықтауда. Соның қатарына қоғамдағы прогрессивті саяси құндылықтар жүйесі жатады.

         Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құндылықтар мәселесі ғылыми обьект ретінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жан-жақты зерттеле басталды. Әртүрлі философиялық бағыттар құндылықтар жайлы әр қилы пікірлер білдіріп, өзіндік иерархияларын, жүйелерін қалыптастырған. Бұл зерттеушілердің көбісі негізінен құндылықтарға философиялық тұрғыдан келгендіктен саяси ғылымдардың мәселелері зерттеулердің көлеңкелі тұстарында қала берген. Кеңес дәуірінің тұтасқан идеологиясы саяси құндылықтардың әралуандығына жол ашпады /5/. Сондықтан ол кездегі еңбектер жалпы алғанда мәдениет пен құндылықтар қатынасына, рухани құндылықтар ерекшеліктеріне арналатын.

ТМД мемлекеттерінің  тәуелсіздігі кезеңінің басталуы саяси  процеске, саяси өмірге жаңа көзқарастарды  қалыптастыра бастады. Сондықтан соңғы  жылдарда Ресейде, Қазақстанда саяси  құндылықтардың табиғаты мен ерекшеліктері туралы жаңа концепциялық ұстанымдарға сүйенген біршама еңбектер баспадан шығып үлгерді /6/. Қазақстанның Даму институтында да біршама еңбектер саяси құндылықтардың өтпелі кезеңдегі кейбір өзекті ерекшеліктеріне арналады. Сонымен қатар ұлттық-этникалық ауқымдағы саяси процестердің көріністері Р.Б.Әбсаттаровтың, Н.Ж.Байтенованың, Л.К.Бакаевтың, А.Х.Бижановтың, Қ.Е.Көшербаевтың, Г.В.Малининнің, Н.Ә.Назарбаевтың, С.З.Нарматовтың, Т.С.Сәрсенбаевтың еңбектерінде қарастырылады.   

Қоғамдағы саяси процестердің демократиялық құндылықтарымен, әлеуметтік саясатпен, демографиялық мәселелермен Б.Г.Аяғанның, Л.Ә.Бәйдельдиновтың, А.С.Балғымбаевтың, К.Н.Бұрхановтың, Г.Ж.Ибраеваның, Ж.Х.Жүнісованың, К.Л.Сырожикиннің, М.Б.Тәтімовтың еңбектерінде байланыстырылды /7/.

Ал енді осы құндылықтар  мәселесіне философия пәні бойынша  К.Ж.Нұғманованың, Е.Н.Аубакированың, құндылықтық  және саяси бағдарларға М.М.Хан, Е.Б.Әбдірайымовтың, Р.С.Тәжітаеваның диссертациялары арналған /8/.

Диссертациялық жұмыста  әлемдік саяси аксиологиядағы қалыптасқан методологиялық және әдістемелік жетістіктер толық қолданылады.

         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – саяси құндылықтар жүйесін этникалық аспектілер тұрғысынан ашып көрсету, саяси зерттеулер арқылы Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтарды, олардың саяси  құндылықтық бағдарлары қалыптасуына ықпал ететін саяси құбылыстарды тұжырымдау.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:

    • қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық методологиялық негіздерін анықтау;
    • саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;
    • саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың түпкі бастауларын анықтау;
    • ОҚО азаматтарының саяси құндылықтар жүйесін социологиялық зерттеулер арқылы анықтау;
    • мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетінің өзекті рөлін арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени біртұтастық негізінде Қазақстан этностарын топтастыру жолымен қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру:
    • ұлтаралық қатынастар саласындағы келеңсіз үрдістердің алдын алу, этникалық факторды саясаттандыруға жол бермеу;
    • ұлтаралық қатынастар саласындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін жетілдіру және саяси құндылықтарды демократияландыру, қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін шешуде оның рөлін арттыру болып табылады.

  Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында тәуелсіз Қазақстан азаматтарының  саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

    • құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын теориялық ұстанымдар айқындалады;
    • Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері анықталынады;  
    • саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
    • ОҚО азаматтарының саяси құндылықтарындағы басымдылықтар анықталынады.

Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)