Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Саяси бағдарлардың құндылық
негіздерін қарастырғанда туындайтын
маңызды мәселе олардың басты
типтік түрлерін жіктеумен байланысты.
Қазіргі саясаттанулық
Әрине, бұл
саяси құндылықтар әр елде
өз ерекшелігімен байқалады.
Жоғарыда келтірілген
саяси аксиологиалық
Биліктің легитимділігінен
басқа оның шектері мен
Этатистік
бағдардан өзгеше либерализм
мемлекеттің билік аймағын
Саяси аксиологиялық келесі бір маңызды мәселе, саяси субъектінің ұйымдасу типі мен бөлінуіне байланысты қойылады. Ежелгі заманнан бері монархия, аристократия мен демократия (Платон, Аристотель), билеу формалары ретінде сарапталып келеді. Осы мемлекеттік ұйымдасу түрлеріне байланысты үш түрлі саяси бағдар мен ұстанымдарды атап өтуге болады: 1) авторитарлық; 2) элитарлық; 3) демократиялық.
Саяси субъектілердің құндылық
бағдарларын қарастыру тек
Саяси этос деп саяси субъектілердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне, қылықтарына тікелей әсер ететін, саяси мәдениеттің ішкі бөлігі болып табылатын - әдеп нормаларының тұтастығын айтамыз. Егер саяси идеология жалпы стратегиямен байланысты болса, онда саяси этос осы стратегияны жүзеге асырудағы нақтылы моральдық факторларды қолданумен қатысты.
Саяси этос мәселесін айқындап алмай саяси құндылықтардың табиғатын түсіну қиынға соғады. Қазіргі кезде бұрынғы қолданылып жүрген ″капитализм″ мен ″социализм″ сияқты терминдер өз мағынасын түбегейлі өзгерткен. Мысалы, белгілі ғалым Ф.Хайектің тұжырымдамасы бойынша қазіргі өркениетті елдерді капиталистік деп сипаттаудың еш негізі жоқ. Оларды ″адамдық ынтымақтастық пен келісімнің кеңейтілген тәртібі″ анықтайтын елдер деп атаған жөн /28/. Құндылық бағдарлары мен саяси этостың ішкі байланысы қазіргі құқықтық мемлекетті қалыптастыру мақсаттарынан да байқалады. Өйткен құқықтың нормалары моральмен тығыз байланысты.
Тек әдеп құптаған баптар құқық нормаларына айналады. Құқық дегеніміз зұлымдық пен жамандықтың белгілі бір мөлшеріне тыйм салудан туындайды /29/.
Бұқаралық санада саясаткер мораль талаптарынан тыс тұратын, есеппен ғана әрекет ететін тұлға деген түсінік кездеседі. Әрине саяси бағдарлар мен әдеп құндылықтарының арасында қайшылықтың болуы мүмкін. Айталық, таза мораль тұрғысынан кез келген күш жақсылықтан тыс тұрады. Себебі әдеп күнделікті өмірден гөрі мұрат – идеяға жақын. Алайда нақты әлеуметтік саяси қатынастарда заң шеңберінен шығатын тұлғалардың құқығын шектеуге тура келеді. Сонымен қоса саясаткерлер көптеген жағдайларда (негізінен саяси күресте) тиімділік және мақсатқа сәйкестілік принциптерін жиі басшылыққа алып отырады. Саяси мүдделер өз әрекеттерінде мүдделері қарама-қарсы топтарды өз жағына шығару үшін жиі ымыраға барады.
Саяси құндылықтар әдеп әлемімен қоса саяси мәдениетпен де тығыз байланысты. Саяси құндылықтар мен саяси мәдениеттің өзара байланысы саяси саланың саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл, сияқты құбылыстары негізінде талданады.
Саяси мәдениеттің категориялық
келбетін ғалымдар әр қилы тұжырымдармен
айқындау үстінде. Біздің ойымызша саяси
мәдениеттің ұғымдық мәнін
Саяси мәдениет ұлттың (халықтың) және әр түрлі топтардың тарихи қалыптасқан саяси санасындағы көптүрлі аспектілердің жиынтығы. Оған тарих пен саясатты субъект түрде қабылдау, саяси білім мен мінез-құлық жатады. Бұл жерде тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлар, жағдайлар және саяси мәдениет деңгейінің азаматтардың құндылықтық бағалауларын бір арнаға жинақтаудағы маңыздылығы анықталынады /31/.
Тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлардың бірі – азаматтардың жеке белсенділігі, қызығушылығы және біліктілігі. Бұл қызығушылықтың жойыла бастаған кезеңінде саяси аномия құбылысы пайда болады, яғни өмірлік мәнді құндылықтардың маңыздылығын жоя бастауы, дәстүрлі саяси құндылықтарға теріс көзқарастардың қалыптасуы жатады. Ол жағдай біздің елімізде посттоталитарлы кезеңде көрініс береді. Өйткені, ондаған жылдар бойы саяси сананың негізін құрап тұрған құндылықтар жүйесі, өзіндік тұрақтылығы бар экономикалық және әлеуметтік қатынастар қысқа мерзімде күйреп, талай адамдарға психологиялық тұрғыдан соққы болды. Тәуелсіздікпен қоса адамдарға жаңа дем беретін, рухтандыратын жаңа құндылықтар келді. Бірақ осымен орай азаматтардың саяси салаға сыни көзбен қарау дәстүрі де қалыптаса бастады. Бұқара халықтың бір бөлігі саяси енжарлық позициясына ауысып, нарық жағдайындағы қайшылыққа толы тіршіліктің ортасына қосылып кетті. Бұрынғы қоғамның мүдделері адамдардың дүниетанымында терең болғандықтан жаңа құндылықтар жүйесіне ауыса қою өте қиын әлеуметтік психологиялық феноменге айналады.
Өтпелі қоғамда нағыз конструктивті типтегі саяси құндылықтар әлеуметтік тұтастықты сақтауға, саяси, экономикалық, мәдени процестердің үйлесімді дамуына, азаматтардың бағалау жүйесінде жоғары үлгілердің қалыптасуына әсер етеді. Адамдар қоғамда өздерінің мақсаттарын саяси жүйенің талаптарына сай қоя білуді осы құндылықтар жүйесі арқылы үйренеді. өйткені, құндылықтар арқылы әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі құбылыстардың маңыздылықтарын анықтауға болады. Әлеуметтік мақсаттар саясат субъектілерінің іс-қимылының мотиві (ниеті) /32/.
Әлеуметтік және саяси құндылықтар саяси қалыптардың негізін құрайды. Ол екеуі де белгілі бір дүниетанымның ауқымында пайда болып, өмір сүреді. Саяси қалыптар – азаматтардың саяси мінез-құлқын білдіретін, саясат субъектілерінің іс-қимылын реттейтін, белгілі бір саяси мәдениет ауқымындағы саяси құндылықтарға сәйкес келетін саяси өмірдегі құбылыстар жиынтығы.
Қалыптармен салыстырғанда құндылықтар адамдардың шығармашылық бағалауы арқасында пайда болады, ол дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты. Ал, қалыптар болса қоғамдағы стандарттанған ереже, мінез-құлықтың орташа үлгісі ретінде дерективті түрде енгізіледі. Ол қоғамдағы белгілі бір өлшемде тұрақтандыратын құбылыс. Құндылықтар қалыптарға, мәдени-тарихи үлгілерге қарағанда өзгергіштеу келеді. Сондықтан саяси құндылықтарды абсолютті, салыстырмалы, қажетті, кездейсоқ деп жіктей аламыз. Бұл жіктеудің негізгі өлшемі адамдық басымдылықтар болып табылады. Құндылық ақиқатқа жақындаған сайын жоғары деңгейге көтеріле түседі.
Сөйтіп саяси құндылықтар саяси құбылыстарды қабылдау тәсілі ретінде саяси мәдениеттің рәміздік маңызды факторы болып саналады. Ал саяси мәдениет болса әлеуметтік қауымдастықтардың тарихи тәжірибесін, саясаттағы қайраткерлер іс-әрекеттерінің қоғамдағы азаматтарының саяси мінез-құлқына әсерін қамтиды /33/.
Саяси кеңістікте негізгі құбылыстардың бірі – саяси діл, ол - тұрақты геосаяси, тарихи-мәдени, әлеуметтік, саяси факторлардың әсерінен қалыптасады және ол саяси ойлаудың, саяси бағалаудың, басымдылықтар мен құндылықтардың, саяси мінез-құлық стереотиптерінің жүйесі. Саяси ділдің негізгі сипаттамасы – бұл құндылықтарды қабылдауға, ұстануға бейімділіктерін білдіру. Ал, саяси өмір болса кейде әртүрлі кедергілерден өтуге мәжбүр етеді. Міне, осыған орай саяси кеңістіктегі тұрақтылық пен өзгерістер бірін-бірі ауыстырып тұратын жағдайда саяси құндылықтардың бағыт-бағдары әрбір адамның жеке тағдырына өз ісін қалдырады /34/.
Елімізде саяси мәдениеттің демократиялық типін таңдап алуға – халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кең байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрі, көп мемлекеттердің қарым-қатынас жасауға ашықтық сияқты негіздері бар. Бірақ, Қазақстан үшін саяси мәдениет дамуы күрделі құрылымға ие, ол – патриархалданудың басымдық танытуы. Бұл кездейсоқ қалыптасқан жоқ, себебі социалистік даму принциптері этникалық-мәдени дамуда маңыздылығы бар құндылықтарға мән бермей келді. Міне, сол жүзеге аспаған мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтік кеңістікте қайшылықтарды тудырады, енді бұл заңды процестердің тиімді шешімін тауып қана жылжудың реті келеді. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуі саяси жүйенің халықтан оқшау тұруына, демократиялық құндылықтарды қабылдау мен дамыту тарихи діліне сәйкес жүргізілмеуіне байланысты /35/.
Саяси құндылықтар, ұстанымдар және мәдениет туралы жалпы саясаттанулық қағидалармен танысып өткеннен кейін, олардың Қазақстан республикасы жағдайындағы ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Адамзат тарихында авторитарлық немесе тоталитарлық кейіптегі биліктің түрлері басымдық танытқаны белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігіне жеткенше социалистік типтегі тоталитарлық биліктің қыспағында болып келді. Сол заманға сай азаматтардың саяси мәдениетінің деңгейі болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде демократиялық принциптер пайда бола бастады.
Қазақстанның жалпы саяси бағдарына көшсек, мемлекеттің негізгі заңында ол құқықтық мемлекет құру және қоғамдағы демократияландыру деп атап көрсетілген. Конституция бойынша ″Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады″ /36/. Тарихи құбылыстардың нәтижесінде Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қалыптасты. Осы ұлт өкілдері өздерін Қазақстанның толыққанды азаматымын деп есептеуі елдегі саяси тұрақтылық үшін өте маңызды болып табылады, яғни әртүрлі этностар саяси ымыраға келуі тиіс. Оны күшпен емес, демократиялық саяси келісім арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Қандай да болмасын аз ұлттық азаматтың құқығын шектеу біз орнатып жатқан құқықтық демократиялық мемлекет мұратымен мүлдем сыйыспайды. Бүгінгі демократиялық жағдайда негізгі қазақ халқы мен басқа ұлт өкілдері арасындағы кез-келген ұлтаралық шиеленіс ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне кері әсерін тигізеді. ″Сондықтан да ұлттық мемлекет құру мүддесін көздеген қазақ халқы өз қамын ойлаумен қатар, ең алдымен барлық құқылы жағдайларды пайдалана отырып, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы тиіс″ /37/. Бұл білгір саясат пен өркениеттілік реформалар дәйекті жүргізуді талап етеді, ал ол үшін елдегі құндылықтар бағдарларын да біліп отырған жөн.
Сонымен, жалпы бағдармен
ел ерекшелігін ескеру қажеттігі
анық болғанымен, Қазақстандағы құндылықтар
бағдарларының нақтылы
Жалпы азаматтарымыздың бағдарларына төмендегідей ерекшеліктер тән:
Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)