Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

         Мемлекетіміздің  саясаты болып жатқан өзгерістерді ескерген және алдағы ғасыр құндылықтарының алға қояр алаптарының аясында сенімді стратегия сомдауға тиіс. Ал мұндағы ең бастысы - өзінің сәйкестілігін сақтау. Ендігі жерде біздің бәріміз қазақстандықтар екенімізді, бір әлеуметтік-саяси, құқықтық және сайып келгенде, бір мәдени кеңістікте тұрғанымызды түсінуіміз қажет. Қазақстан елдегі кез келген ұлттық мәдениет үшін жалпы мемлекеттік, азаматтық-саяси ″үй″ ғана емес, дәл сондай дәрежеде мәдениет ″үйі″ де /44/.

        Қазіргі кезеңдегі  Қазақстан қоғамының нақты этномәдени, этнодемографиялық құрылымы, ондағы әртүрлі діни ағымдардың түйісуі елімізге жаңа мағынадағы ұлттық жалпымемлекеттік идеяның қажеттілігін туындатады. Бұл идея жалпықазақстандық мағынадағы әмбебап сипатты идея болғаны дұрыс деген ойлар айтылып жүр /45/. Бұл пікірдің астарында әлеуметтік әділдікке демократиялық принциптерді өрбіту арқылы, ұлттық қауіпсіздікті ұлтаралық қатынастардағы татулықты нығайту арқылы жету мақсаты көзделген.  Осыған қоса айтарымыз, біздің еліміздің жағдайының ерекшеліктері (геосаяси, діни, рухани, тарихи, ділдік және т.б.) ешқандай әлемдік үлгіні көшіре салуға көнбейді, тек стратегиялық кейбір жалпылама қағидаларға сүйенуді қажет етеді.

        Барлық азаматтардың құқтарын қамтамасыз ететін тәуелсіздік пен қуатты мемлекетті сақтап қалу ұлттық татулықты сақтап қалу арқылы ғана мүмкін болатынын біз айдай ақиқат деп тануға тиіспіз. ″Ұлттық келісім – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі″. Бұл әлдебір тылсым формула немесе саяси қалып емес, бұл шын мәнінде біздің ішкі саясатымыздың өзегі. Бірақ ол күн сайын нақты да көрнекі әрекеттермен толығып отыруы тиіс /46/.

         Ең алдымен,  Қазақстанда тұратын барлық халықтың  парасат-пайымынан арна тартқан  ұлттық саясатымызды сақтай білсек, олай  болуға тиіс емес. Сайып  келгенде, бізде қақтығыстардың  болмауының басты себебі – біз тәуелсіз даму жолына түскен алғашқы күннен-ақ адамдарды затына қарай өлудің қаншалықты қауіпті екенін бірден аңдадық. Мемлекеттік құрылыстың түп тамыры ретінде тұтастық принципін жария етіп, іске асыру арқылы біз тұрақсыздықтың аса қатерлі өткелдерінен абыроймен өте білдік.

         Көптеген  халықтар мен мемлекеттердің  өткен жылдар ішінде нақ осынау  себептен опық жегені белгілі.  Дәл осы негізде тайталасты  ушықтырудың талай сойқан түрлерінің  де әлемде көрініс бергені  аян.

        Біртұтас мемлекеттердің де ұлттық саясатты сан тұрғыдан топшылағаны белгілі. Бір мемлекеттер кірме жұрттарды тақсыру бағытын ұстанса, келесілері бұл мәселені тіпті көзге ілмеуге тырысты. Қақтығыстар есебінде мұндай елдер де аз емес. Біздің бағытымыз – табысар тұстарымызды табу, келісер мен сенісер кеңістігімізді кеңейту, ұлттық саясатымызды қазақстанның ұлттық құрамын ескере келе қалыптастыру /47/.

        Қазақстан  дегеніміз – этностардың жаңа  қауымдастығы емес, алуан ұлттар  азаматтарының қауымдастығы. Халықтарымыздың қауышуы еліміздің этникалық төлтума табиғатын сақтауға негізделіп отыр.

         Қазақстанда  көп этносты қоғам тұрақтылығының  жаңа қағидасы қалыптасты деуге  болады. Бұл – барлық этностардың  мүддесін үйлестіру нәтижесінде  қол жеткен тұрақтылық.    

         Бүгінгі  таңда мемлекетіміздің қарышты  қадам мен алға басуының басты саяси құндылықтарының бірі болып табылатын қазақстандық отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, жалпыхалықтық тұрақтылық пен бірлікті сақтау туралы қағидаттар Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында дәйекті түрде баян етіліп келеді. Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер тасқыны жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары ретінде атап көрсетілді. Бұл жолдың басты белгілері – жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалау; барша көпұлтты конфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне мақтаныш пен сенімділікті туындатады.

         Қоғамның  рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделіп жасалған, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – азаматтардың бойында жоғарғы патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу.

          Бүгінгі біз өмір сүріп отырған ағым – ХХІ ғасырдың есігін ашып, қоғамдық-саяси өмірдің өзгеріп, қоғамдағы барынша пәрменді жаңғырулар мен әлеуметтік дүниеде күрделі ауысулар ретінде жаңарып, содан бері бастау алып келе жатқан кезең. Осы күнде адамзат әлемі өзінің сапалы жаңа кезеңге ауысу үстінде десек те болады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының аясында қалыптасып келе жатқан этносаяси ойлар жүйесіндегі демократиялық процестердің өзі халықтың алдына ұлттық сана-сезімді және ақыл-парасаттың өрісін өрге сүйреп, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілу міндетін қояды.

         Кез-келген қоғамда жеке тұлғаның  негізгі қалпының қалыптасуы  отаншылдық сезіміне байланысты  болады. Қазақстандық патриотизмнің тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақстан азаматтары арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, сонымен қатар бөтен жұртты және дәстүрлерді жатырқамайтын қазақ ұлтының табиғи жаратылысына, мейірімділігіне негізделген. Сондықтан біздің егеменді Республикамызда әртүрлі ұлттарда және ұлт өкілдерінде жалпы қазақстандық патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен мән көңіл бөлінуде. Ол ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігін, адамдардың этноұлттық және жалпыазаматтық тағдырларының біте қайнасқандығын ұштастыра сезінуден құралады, яғни, әртүрлі ұлттардың мүдделері мен қадір-қасиетіне қайшы келмейді. Негізінде бұл бүкіл адамдардың жалпы азаматтық борышы болып табылады. Бірақ бұл жағдай бірден алға басып кете алмайды, өйткені бұл жолда объективті және субъективті кедергілер кездеседі. Мысалы, оған біріншіден, Республиканың әлеуметтік және этностық ерекшелігін, сонымен қатар Республикада 130- дан астам ұлыстың өкілдері тұратының ескеретін болсақ, жедел қарқынмен дамып келе жатқанын көруге болады.  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі пікірін келтіретін болсақ, онда: «...қайсібір мәселелердің қатар өмір сүріп отырғаны әбден табиғи жағдай», - деп атап көрсетіледі /48/. Бірақ бұл жағдайлар қазақстандағы патриоттық сезімнің туындауына кедергі келтіре алмайды.

        Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарға достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Республика тәуелсіздік алғанға дейін ″Қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу″ деген сөз тіркестері қолданылған жоқ. Кеңес Одағы елдегі барлық халықтардың Отаны, яғни КСРО – біздің Отанымыз деп үйретілді. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың өкілдері мекендейді. Осы тәуелсіз мемлекеттің ойдағыдай дамып, гүлденуі үшін барлық халықтардың бір – бірімен тату-тәтті, сыйластық ынтымақтастық қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет.        

          Жалпы алғанда, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің көрінісі ретінде жалпы қазақстандық патриоттық сезімнің қалыптасуы ең алдымен, этносаралық қатынастарға қатысты мемлекеттің конституциялық қағидаларымен шартталған. Мұнда әртүрлі ұлттардың даму жолының бірігуі тұжырымдалды. Мұнда әртүрлі ұлттардың даму жолының бірігуі тұжырымдалды, ол қысқаша былай аталады: «Біз-                                                                            Қазақстан халқымыз». Біздің мемлекет болуымыз тек қазақ ұлтына емес, бүкіл халыққа тікелей байланысты болады. Сонымен қатар «Қазақстан халқы» деген ұғым көпұлтты қауымдастықты біріктіреді. Мұның басты ерекшелігі – қоғамда бірде-бір этноұлттық топ үстемдік құра алмайды. Әрине, Қазақстан Республикасының негізгі Ата Заңында ұлттық, таптық, әлеуметтік, рулық араздықты қоздыруға, шыққан тегіне, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, сеніміне және басқа да жағдайларына  қарай кемсітуге тыйым салу туралы баптар кеңінен орын алады. Ал екіншіден, мұндай отаншылдық сезім барлық деңгейдегі мемлекеттің ұлттық саясатының ынтымақтастырушы сипатына байланысты болып келеді. Үшінші жағдайда, әртүрлі салалардағы этноұлттық мәселелерге: мәдениетке, тілге, әлеуметтік-экономикалық өмірге ұлттық кадрларды дайындап, іріктеу тәрбиелеуге қатысты мәселелерді құқықтық тұрғыдан шешіп алмайынша мүмкін болмайды. Осы мәселелерді онан әрі қарай өрбітетін болсақ, бірқатар ғалымдардың пікіріне тоқталайық. Мысалы, ғалым А.Бижанов қазіргі қазақстандық патриотизмнің даму тарихын екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңіне оның 1991-1993 жылдар аралығындағы, ал екінші кезеңіне 1994-1997 жылдар аралығындағы тарихи даму жолы мен себептерін анықтап көрсетеді. Ал белгілі саясаттанушы ғалымдар Т.Сәрсенбаев, Ә.Қалмырзаев, А.Айталы, Р.Әбсаттаров және т.б. осы тақырып туралы отаншылдық сана деңгейін және оның ерекшеліктерін талдап береді. Сонымен қатар оларды жылдарға бөлмей, өтпелі кезеңнің патриотизм тарихы деп қорытындылауды жөн көреді. Осы пікірге байланысты саясаттанушы ғалымдар А.Чеботарев пен Б.Темірболатовтың ойлары бір түйінге келіп отыр десек те болады. Олар қазақстандық патриотизмді үш кезеңге бөліп қарастырады: алғашқы кезең: 1991-1994 жылдар аралығындағы тәуелсіздік идеясын, екінші кезең 1995-1998 жылдардағы мемлекеттің нарықтық экономика заңдылықтарына өтуін, сонымен қатар дағдарыс сәттерін сипаттайды. Үшінші кезең 1999-2001 жылдар аралығындағы қазақстандық патриотизмді, ел ішіндегі бірлікті, қоғамдық келісімді және саяси тұрақтылықты, қауіпсіздікті белгілейді /49/.              

        Еліміздің өркендеуінің оң бағытта өрістеуі қоғамдық сананың  дұрыс қалыптасуына да қатысты. Қоғамдық сананы тәрбиелеуде негізгі рөл атқаратын – ұлттық идеология. Қазақстандықтарды идеялық бірлікке бастайтын ұлттық идеологияның мақсаты – егеменді еліміздің күш-қуатын және қоғамдық өмірдің барлық салаларын арттыруға жұмылдыру болып табылады. Сонымен қатар қазақстандықтарды өркениетті халықтар ұстанатын өмір принциптерін іске асыруға шақырып, үйретуі тиіс.

        Ұлттық идеология өзінің көкейкесті міндетін шешу барысында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды және орнықтыруды мақсат тұтады. Қандай болмасын, ел, мемлекет үшін патриоттың қажет екендігін өзінен-өзі белгілі Себебі, көне Грек мемлекетінде қалыптасқан бұл ұғым, өз елін сүю, өз халқына берілген, елі, жұрты үшін қандай да болсын қиындыққа төзуге дайындықты аңғартады. Сондықтан да патриотизм ұғымының интернационалдық табиғаты бар. Әр елде азаматтар бұл ұғымға өзінше мағына береді. Түрлі елдердің азаматтарының патриоттылығы әр деңгейде болғанымен, барлық жерде патриоттар Отанының бүгінгі дұрыс өмірі және жарқын болашағы жолында күрескерлер болып қала береді.     

         Қазақ жастарын отаншылдыққа  тәрбиелеуге үлкен міндеттер  жүктеледі. Өйткені Қазақстанның  байырғы тұрақты халқы – қазақтар, жердің де, елдің де негізгі,  түпкі иесі солар. Қазір олар республикадағы барлық халықтың 59℅, орыс ұлты 27℅, ал қалған ұлттардың ең көбі- 8,6 ℅ ғана /50/.

         Сондықтан алдымен қазақ жастарын  отаншылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу  ерекше маңызды. Қазақ халқы  ұлттар арасындағы ынтымақтастықтың ұйытқысы бола білсе, тыныштық та, береке де, қалыпты даму да болмақ. Сонымен қатар елде қазақ халқының өркениетті идеологиясы, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы басымдық алғаны қажеттілік. Оның бір алғышарты – қазақ азаматтарының ұлттық және адамгершілікті намысының қалыптасуы.     

         Кеңестік дәуірде ″халықтар достығының  лабораториясына″ айналған Қазақстанда  бүгінгі таңда 130-дан астам  ұлттар мен ұлыстардың тұрып  жатқандығы белгілі. Олардың барлығының  басын біріктіру, достық қарым-қатынастарының  тұрақтылығын қамтамасыз ету, шиеленісті мәселелерді төзімділікпен, ымырашылдықпен шешуге қол жеткізу оңай емес. Демократиялық мемлекетті дамытып жатқан елімізде қазақстандық тұрақтылықты қалыптастыруға апаратын жолда айқындала түсуде. Себебі, мемлекет дегеніміз аумақ пен қоғамдық құрылыс, заңдар мен экономикалық құрылым ғана емес, өздерін оның азаматымыз деп сезінген адамдардың белгілі бір саяси одақтастығы да.

        Қазақстан халықтары Ассамблеясының  үшінші сессиясында ″қоғамдық  келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі″ деген тақырыпта жасаған баяндамасында Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетеді: ″Егер мемлекеттіліктің саяси, құқықтық және экономикалық негіздерін қалыптастырумен байланысты мәселелерді жеткілікті түрде өз алдына келтіруге болатын болса, ал азаматтың өзін-өзі айқындауы азаматтық тұрғыдан саралануы өте күрделі, әрі елеулі бір уақытты талап ететін дүние. Азамат осы мемлекетке деген өзінің қатыстылығын саналы түрде сезініп, өз тағдырының ел тағдырынан ажырағысыз екенін ұдайы түсінуге тиіс. Нақ осының өзі әр адамның игілігі бүкіл елдің игілігімен тығыз байланысты екеніне көз жеткізуге тиіс″/51/.  Сондықтан саяси құндылықтарды жан-жақты уағыздау, еліміздің әлеуметтік топтарының ой-санасының, дүниетанымының құрамдас бөлшегіне айналдыру, әр азаматтың әлеуметтік – саяси позициясы ету – ұлттық идеологияның ең түйінді міндеттерінің бірі.

        Ұлттық идеяны іздеген ел - өзінің  ізгілікті құндылықтарын сақтап  қалуды ойлайды, ұлттық діліндегі,  санасындағы, мінез-құлқындағы кемшіліктерді  жеңудің құралын іздейді, басқа халықтармен ынтымақтастықта болуды мақсат етеді. Ұлттық идеяның кейде теріс құбылыстарға жұмылдырғаны тарихтан белгілі. Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу, демократиялық, құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатпен қайшылыққа келеді. Сондықтан елбасымыз Қазақстан үшін үш саяси құндылықтың басымдық танытқанын қалайды. Олар Бірлік, Тұтастық, Тәуелсіздік. Міне, осы біріктіруші ұғымдардың саяси процестерде жетекші рөл атқаруы ұлт өкілдері үшін тиімді деген ойдамыз. Өйткені өзінің мәдениетін, тілін, дарынын жарыққа шығарам, дамытам деген әрбір этностық топ үшін нағыз қолайлы жағдай жоғарыда аталған құбылыстар болған кезде ғана мүмкіндікке ие болады.     

         Ұлттық идея мәселесі ТМД елдерінің көбісінде теориялық талқылаудан өтуде, Мәселен, ресейлік ғалымдар бұл идея адамдардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің, биліктің әртүрлі формасының практикалық қызметіне негіз болатындай базалық қасиеті болуы қажеттігін тұжырымдайды. /52/. Бұл жерде мемлекеттің жеке адамға не бере алатындығы, оның құқықтарын қалай қорғайтындығы басымдылық танытады. Шыныменде мемлекет адамдар мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет ететін механизмге айналуы тиіс, яғни ол әлеуметтік мемлекет деңгейіне дейін көтеріліп, нағыз азаматтардың қорғанына айналғанда оның құндылығы да арта түседі, мәртебесі нығаяды.

        Кез келген елде тұратын әрбір  ұлттың рухани және мәдени  өмірі үшін үш негізгі саяси құндылық қажет: бейбітшілік, келісім мен жасампаз еңбек. Мұнсыз демократиялық қайта құрулар да, мәдениет те, өрлеу де мүмкін емес.

Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)