Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

       Ақпараттық  кешенде өзбек тілінде 11 мерзімді  баспа жұмыс істейді, неміс  қауымдастығы ай сайын ″Unsere Zeit″ (″″Наше время)″, еврей мәдени орталығы «Хайом» («Сегодня») газетін шығарып отырды.

       Үш  тілді білу мәселесі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі -  бұл практикалық мақсаттылық пен қатар (үш тілде сөйлей білумен), әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру жағынан да өте өзекті, маңызды.   

        Қазақстан – Ортаазиялық елдердің  бірі, әр халықты біріктіруші,  бірлікке шақырушы мемлекет. Қазақстан діни астары бар дау-жанжалдарды айналып өте білді. Бұл қазақ елінің өзіндік тарихи дәстүрлерімен  ″Халықтық Исламмен″ түсіндіріледі.

           Қазақстанда төрт мыңнан астам дін түрлері бірлік пен бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Бүгінде дін еліміздің моральдық, мәдени және рухани негізін жоғалтпаулары үшін маңызды күш болып есептеледі. Мұның дәлелі ретінде қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізуі мен ұйымдарын және Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім үйінің құрылысын айтуға болады.

       Әлемдік  мәдениеттің көптеген белді қайраткерлерінің ойынша  еліміздің астанасы – Астана қаласы әлемнің рухани астанасы ретінде саналады.

       Облыс  деңгейінде 17 конфессияға кіретін  732 діни бірлестіктер анықталды. Бұдан басқа 74 кішігірім, заңды белгілері жоқ діни бірлестіктер тіркелген /60/.

      Біздің  облыс діни бірлестіктер саны  бойынша республикада бірінші  орын алады.

       Оңтүстік  Қазақстан облыстық кіші ассамблеясының  ұлттық-мәдени орталықтармен бірігіп белсенді түрде ұлтаралық қатынасты нығайтып, тілді дамыту, салт-дәстүрлерді ұстануға кіріседі.

       Көпұлтты  еліміздің басқа да аумақтары  секілді халықтық мерекелерге  бүкіл облыс тұрғындары қатысады. Олар: мәдени орталықтардың онкүндіктері, Этностар күндері, Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнері фестивалі, Славян жазуы мен мәдениеті күні, Түрлі ұлттар отбасы күні, Қазақстан халықтары тілдері күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Мұсылмандардың Құрбан айт, Наурыз мейрамы, христиандық Рождество, Масленница және Пасха, иудейлік Пурим, Ханука және Раша-о-Шана, татарлардың Сабантойы, кәрістердің Чосон және Сэри ұлттық мерекелері жыл сайын өткізіледі.

        Жыл барысында ерекше аталып  өтетін мерекелер, бұлар:

  • ″Халықтар достығы″ фестивалі
  • ″Қазақ романсиадасы″ халықаралық конкурсы
  • ″Гармонь ойна″ конкурсы
  • ″Офарин″ жас әншілер байқауы
  • Облыс аудандары мен қала ішіндегі мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен ″Мемлекттік тіл –менің тілім!″ байқауы
  • өзбек мектебінің түлектері арасында өткен ″мемлекеттік тілді білу -  парызың″ атты республикалық байқауы 

       Мұның  бәрі Қазақстан халықтары ассамблеясының, сонымен қатар Қазақстан халықтарының  Оңтүстік Қазақстан облыстық  кіші ассамблеясының барлық этностардың  мүдделерінбіріктірген Қазақстанның  саяси жүйесінің маңызды элементі болып табылады.  

        Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев еліміздің этносаясаттық жағдай нәтижесі негізінде Қазақстанның тек әлемдік экономикалық, саяси және мәдени дамуы дамуы ғана емес, сонымен қатар бәсекелестікке түсе алатындай ұлт болуы үшін жақын болашаққа бірнеше мәселе қойды:

  • Бірінші патриотизмге тәрбиелеу. Яғни, отансүйгіштік, тарихымыз бен мәдениетімізді сыйлау, өз күшімізге сену және еліміздің болашағына жауаптылық сезімі.
  • Екінші – мемлекеттік тіліміздің мәртебесі. Мемлекеттік тіліміздің де мемлекеттік рәміздеріміз – ту, елтаңба, әнұран сияқты маңызы бар.
  • Үшінші– алдағы уақыттағы саяси өзгеруде билік құрылымындағы әртүрлі ұлттық топтардың саяси өкілділік механизмін табу қажеттілігі.

       Елбасымыз  өз баяндамасында ″Біз бәсекелестікке лайық, қадірлі ел болуымыз үшін біз бірлігі мол, болашаққа аса ұмтылған ел болуымыз шарт″ екенін баса айтады.

        Егер облысымыздағы шешілуі тиіс  мәселелерді талдасақ, онда бізде  табыстарымызбен қатар, шешілмеген, көңіл аудару керек проблемаларымыз да бар екенін байқауға болады.

       Тәуелсіздікке  қолымыз жеткеннен бері қазақстандық  қоғамда ішкі тұрақтылық көбіне  байырғы ұлттың менталитетіне  тән бейбітшілікті сүю, қонақ  жайлылық, жаңалықты тез қабылдау, сондай-ақ көп ұлт арасында өскен адамдардың сиымдылығымен, бітімге келумен қамтамасыз етілген.  

              2008 жылдың ақпан айында Шымкент қаласындағы ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау мақсатында социологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты азаматтардың саяси құндылықтарындағы басымдылықтарын анықтау. Таңдау арқылы сауалнамаға Қазақстандағы 3 этникалық топ қазақтар, орыстар, өзбектер арасындағы, 18 бен 49 жас аралығындағы азаматтардың түрлі әлеуметтік топтарынан 120 респондент қатысты.

       Зерттеу барысында азаматтардың саяси құндылықтарын анықтауға бағытталған 5 сауал қойылды. Енді мен аталмыш сауалдармен оларға білдірген жауаптарын ұсынбақпын.

          Тәуелсіздік жылдары айтарлықтай қол жеткен нәтижелердің қатарына республикадағы сыртқа көшу процесін тоқтатуды жатқызуға болады. Егер бұрын адамдар елден негізінен экономикалық себептер бойынша кеткен болса, енді эмигранттардың мыңдаған отбасылары Қазақстанды өзінің отаны, сенімді де қолайлы үйі көріп, оған қайта оралуда /61/. Олай дейтінім, менің Отаным Қазақстан Республикасы деген пункт бойынша респонденттердің көпшілігі, яғни қазақтардың 95,5 пайызы, орыстардың 78 пайызы, өзбектердің 90 пайызы жауап берген. Бұл орайда Президентіміздің ұстанған салиқалы саясаты бірден байқалады. Ал оның негізгі арқауы Қазақстан халықтарының достығында жатыр.

 

Қай ел сіздің Отаныңыз болып табылады?

№1 кесте

 

қазақтар

орыстар

өзбектер

Қазақстан Республикасы

97,5℅

78℅

90℅

КСРО

-

5℅

-

Қазақ КСР

2,5

2,5

2,5

Ресей Федерациясы

-

17,5℅

5℅

басқа пікір

-

5℅

2,5℅


 

 

 

Қай ел сіздің Отаныңыз болып табылады?

1 диаграмма

 

 

 

 

 

       ″Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі  мемлекеттік бағдарламада″: ″Қазақстандық патриотизм - әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеу, мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау, туған жерге деген махаббаты, қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі″, - деген тұжырымдар патриотизмнің кең ұғым екендігін, оның мазмұнында қоғам дамуына қызмет ететін ұлттық, жалпы адамзаттық идеялар жатқандығын аңғартады.

        Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 2006-2008 жылдарға патриоттық тәрбие жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

       Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек нәтижелеріне жүгінсек, Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба деген сұраққа: қазақтардың – 80℅, орыстардың – 60℅, өзбектердің – 70℅-і өздерін Қазақстанның патриотымын деп санайды екен. Алайда, респонденттер арасында Қазақстанның патриоты емеспін деген азаматтарда болғанын байқауға болады.

        Патриотизм дегенде тек бір ерлік жасау деп түсінбеуіміз керек. Ол бірінші кезекте отанымыздың болашағына сеніп, мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, сыйлап отанымызды шын беріле сүйіп, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтаумен көрінеді. Бұған қарап тәрбиені бірінші өзімізден, мектепке дейінгі, мектепте, жоғарғы оқу орындарында бастау керек екенін түсінеміз. Болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет. Менің ойымша, әрбір домалақ столдың, кездесу конференциялардың тек мазмұнды емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні де болу керек. Облыстық білім департаментіне, мәдениетті басқару ісіне, ішкі саяси департаментпен бірге қосыла отырып, айтылған тәрбие мәселелеріне белсене атсалысу керек сияқты.

 

Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

№2 кесте

 

қазақтар

орыстар

өзбектер

ия, өзімді патриотпын деп  санаймын

80℅

60℅

70℅

жоқ, өзімді патриотпын деп  санамаймын

5℅

25℅

27,5℅

бұл сауал жөнінде  ойланбадым

10℅

10℅

2,5℅

басқа пікір

5℅

5℅

0


 

 

 

Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

 

 

№2диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз елдегі саяси  өмірге қызығушылық білдіресіз бе?

№3 кесте

 

қазақтар

орыстар

өзбектер

ия, мен елдегі саяси  оқиғаларды мұқият қадағалап отырамын

60℅

55℅

50℅

саяси өмірге кейбір кезде  қызығамын

37,5℅

32,5℅

42,5℅

жоқ, мен елдегі саяси  өмірге мүлде қызықпаймын

2,5℅

10℅

7,5℅

Жауап беруге қиналамын

 

2,5

 

      

Бұл жауаптардан азаматтардың елдегі саяси өмірге деген қызығушылықтарының артып жатқанын байқауға болады. Яғни азаматтардың 55 пайызы ия, мен елдегі саяси оқиғаларды қадағалап отырамын деп жауап берген. Екінші пайыз жағынан көп (37,5℅) саяси өмірге кейбір кезде қызығамын деген сауалға үш этникалық топтың азаматтары да екінші пунктті белгілеген. Жоқ, мен елдегі саяси өмірге мүлде қызықпаймын деген сауалға қазақтардан – 2,5 пайыз, орыстардан – 10 пайыз, өзбектерден – 7,5 пайыз жауап берген.

Егер бүгінгі Қазақстанды  осы көрсеткіштер тұрғысынан бағаласақ, азаматтардың саяси белсенділігінің, саяси өмірге деген қызығушылығының  біршама артқанын байқауға болады. Ол ең алдымен, елдің экономикалық әлеуметтік жағдайына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына, азаматтардың бұрынғы тоталитарлық құрсаудан арылып, жаңа демократиялық құндылықтарға бет бұруына қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуына бірқатар факторларға байланысты.      

 

 

 

 

Сіз елдегі саяси  өмірге қызығушылық білдіресіз бе?

 
№3 диаграмма

 

Сіз қоғамдық қатынастардың барлық саласында қазақ тілдің қолданылуын қатаң түрде талап етсе, мұны Сіз қалайша бағалар едіңіз?

№4 кете

 

қазақтар

орыстар

өзбектер

Қазақстан халықтарынан қолдау табатын қажеттілік деп бағалар  едім

80℅

57,5℅

52,5℅

өзге ұлт өкілдерінің  құқығы мен бостандығын шектеу деп  білер едім

 

2,5℅

5℅

Бұл шешімді тек қазақ  тілді тұрғындар қолдайды

17,5℅

37,5℅

37,5℅

басқа пікір

2,5℅

2,5℅

5℅


        Елімізде қазіргі заманға лайықты қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Бірде – бір ұлт, бірде – бір халық, бірде – бір тіл жойылмақ емес. Бұл елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлтаралық татулықты еліміздің саясатына сай жүргізуінің бірден бір көрегендік ұлы ісі деп санауға болады. Тек қана осылай жариялы, әрі үйлесімді қоғам құру мүмкін. «Осындай бірлік пен мызғымас ынтымақты ұстап тұру үшін не істеу керек?» деген сұраққа Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекеттік тілді меңгеру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын жете біліп, жергілікті халыққа лайықты құрмет көрсетуі және соның негізінде тату-тәтті өмір сүруі қажет деп жауап беруге болады.

         Зерттеу барысында респонденттерге «Егер қоғамдық қатынастардың барлық саласында қазақ тілдің қолданылуын қатаң түрде талап етсе, мұны сіз қалайша бағалар едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

       Қоғамдық қатынастардың барлық саласында  қазақ тілін меңгеру деңгейі нақты көңіл бөлуді талап етеді. Респонденттердің пікірлері бойынша соңғы жылдары қоғамдық қатынастардың барлық  салаларында қазақ тілдің қолдану аясының кеңейгендігі аңғарылады.

         Этникалық топтардың бөлігінде қазақтардың 80%, орыстардың 57.5 %, өзбектердің 52,5% «қазақ тілінің қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолдануы Қазақстан халықтарынан қолдау табатын қажеттілік деп бағалар едім» деген пунктті белгілеуі ерекше атап өтуге болатын жағымды жағдай.

Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)