Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ

 

2.1. Қазақстан  азаматтарының саяси құндылықтар  жүйесінің этникалық аспектілері

 

         Тәуелсіз Қазақстанды бүгінгі  күні бүкіл әлем бай тарихи  және мәдени мұрасы бар, тәуелсіз  мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ  көпұлтты және көпконфессиялы  достастықтың ерекше үлгісі ретінде  таниды.

         Республиканың үшінші мыңжылдыққа қадам басуы тек әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйенің жаһандық жаңарумен ғана емес, сонымен қатар отандық тарихымызға белгілі бір дәрежеде саналы ой жүгіртумен, қазақстандық сәйкестік мәселесіне баса назар аударумен тарих бетінде өз таңбасын қалдырып отыр.

          «Қазақстан Республикасында тарихи  сана-сезімді қалыптастыру тұжырымдамасында»  былай деп жазылады: «Егер ілгеріде  Қазақстан тарихы КСРО біртұтас  тарихының құрамдас бөліктерінің  бірі ретінде берілсе, содан  берірек келе оны бірте-бірте  әлемдік тарихпен, Еуразия тарихымен, көшпелі өркениетпен, түркі халықтарының, Орталық Азия елдерінің тарихымен біргелікте қарауды ұғыну қалыптасып келді. Осындай жағдайларда өткен күндердің нақты бейнесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы жалпыұлттық бірлігін, саяси құндылықтарын қалыптастырудың, егемендігін нығайтудың, азаматтылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеудің басты факторларының біріне айналуда».

          Тарих таспасы түрлі себептермен Қазақстанның аумағына қоныс аударған көптеген халық өкілдері үшін қазақ жерінің туған үйіндей болып кеткендігін көрсетеді. Сондықтан, Қазақстан тарихы бұл тек қазақ халқының ғана емес,  тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында бұрыннан тұрып келе жатқан және қазіргі уақытта тұрып жатқан халықтардың да тарихы.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2001 жылғы қаңтарда өткен жұртшылықпен өткен кездесуінде Қазақстанның ұлттық идеясын тұжырымдап, оның бес қағидасын атап өтті: республиканың көпұлтты халқының теңдігі; мемлекет құрушы этнос – қазақ халқының жауапкершілігі;  діни сенім бостандығы; қоғам мен өз отбасына еңбек етуге қабілетті әрбір адамның өз-өзін жеткілікті қамтамасыз етуі және заңды құрметтеуі.

        Осы қағидалардың барлығы Қазақстанда тұратын барлық халықтар мен этникалық топтардың тарих тағдырларының ортақтығына негізделеді. Мемлекеттік тәуелсіздік миллиондаған қазақстандықтардың ұлттық қауіпсіздігі мен рухани игілігінің кепілі болды. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша республикада 130 ұлт, ұлыстар мен этникалық топтарды құрайтын 15219 мың адам тұрады, оның ішінде: қазақтар 8913315 адам (59℅) ; орыстар 3979322 адам (27℅); украиндер 448807 адам; ұйғырлар 228904  адам; немістер 229644 адам; басқа этностар 766807 адам /38/.

        Елдегі азаматтық бітімгершілік  пен келісім, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы ұлтаралық саясатының, мемлекеттің бүкіл тәуелсіздік жылдары бойында азаматтық қоғам институттары қолдауымен тынымсыз жұмыс жасауының нәтижесі. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының тең құқығын қамтамасыз ету, ұлтаралық, дінаралық негізде адам құқығын шектеудің кез-келген көріністерінің жолын кесу, елді әлеуметтік-экономикалық және саяси дамытудың басымдықтарын белгілеу кезінде түрлі этностардың мүдделерін барынша ескеру мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.

        ″Қазақстан өз дамуындағы жаңа  серпіліс жасау қарсаңында″ атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ″Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз″ деп ерекше айтылған.

        Этносаралық қатынастардың үйлесімділігі  тақырыбының маңыздылығы Президент Н.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауына айрықша атап көрсетілген: «біз ұлтына және діни сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз» /39/.

       Президент  бұдан әрі қарайғы негізгі  күш азаматтық қоғамды сатылап  қалыптастыруға, қазақ халқының, республикада  тұратын барлық этностардың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз  етуге, саяси құндылықтарын дамытуға  бағытталуы тиіс екендігін мәлімдеді.

        Мұндай міндеттерді шешу үшін  алдымен берік іргетас, ұйымдастыру  және идеялық негіздер құру  керек, өйткені, адамзат ХХІ ғасырдың басты проблемаларының бірі ұлтаралық келісімнің әмбебап формуласын әлі күнге жасаған емес, бұл проблеманың астарында зор күйретушілік потенциал бар, оның негізінде әлемге көптеген жаһандық қауіп пен қатер туындайды. Осындай іргетасты қалауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы зор үлес қосты.

        Қазақстан халықтарының Ассамблеясы шын мәнінде Н.Назарбаевтың төл бастамасы, оның қызметінің басты бағыты республикадағы барлық халықтардың проблемалары шиеленіссіз, жария түрде, әрі көп ұлтты мүдделерді есепке ала отырып шешуге бағытталған. Республикамыз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыт ішінде этносаралық келісімді сақтау тәжірибесі біздің еліміздің халықаралық беделінің өсуіне, шетелдерде абырой беделінің арта түсуіне ықпал етті.      

        Ұлтаралық келісімді, төзімділікті  қолдаудағы басты роль елімізде  құрылған бірегей қоғамдық институт Қазақстан халықтарының Ассамблеясына берілген. Ассамблея ұлттық саясатқа үйлесімді кірді, оны құру технологиялық тұрғыдан оңтайлы әрі тиімді болып қана қойған жоқ, ол барлық қазақстандықтардың мүдделеріне жауап береді. Бұл институт тоталитарлық қоғам жағдайында мүмкін емес, әр турасын айтсақ керексіз еді. Өйткені ол кезде ұлттық саясат өзгеше құралдармен және өзгеше нысандарда жүзеге асырылғанын білеміз.

       Ассамблея қызметінің нәтижелері тек Қазақстанда ғана танылып қойған жоқ. Бүкіл әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды жарасымды ету тәжірибесін зерделей келіп, оның зейін қоюға лайық екенін атап көрсетті.

         Мәселен, Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымының үш конференциясына қатысушылар осы ұйымның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Вандер Стул мырза бас болып осындай қорытындыға келді. ЕҚЫҰ-да таратылған төрағаның ресми мәлімдемесі ″Қазақстан Республикасының басшылығы елдегі барлық этностық топтардың мүдделерін іске асыру және ұлысаралық қатынастарды одан әрі жарасымды ету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету саясатын дәйекті түрде жүргізіп отыр. Азаматтық институттар мен азаматтардың көпшілігінің қолдауы және ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық қоғамдастықтың жәрдем жасауы жағдайында осындай саясатқа адалдық елде ұлысаралық қатынастарды әрі қарай тұрақтандыру үшін берік негіз болып табылады″,- деп жариялады /40/.

        Қазақстан халықтарының Ассамблеясы  құрылған кезеңде оның алдына  қойылған міндеттер бүгінгі таңда тұтастай алғанда орындалды. Елде күллі этностардың теңдігі, олардың тілдері мен мәдениетін қайта түлету мен дамыту қамтамасыз етілді.

         Қазіргі уақытта Қазақстан халықтары  Ассамблеясының қоғам мен мемлекеттегі  орны мен рөліне, біздің ішкі дамуымыздың, сол сияқты сыртқы факторлар әсерінің де нәтижесі болып табылатын міндеттерді шешуге жаңа көзқарас қажет.

        Мемлекеттік ауқымды әрі маңызды  кез келген мәселені шешу геосаяси  даму перспективаларын алдын  ала болжауды, мемлекеттің тәуелсіз даму жолының мүддесінде тарихи маңыздылық мен ғылыми негізділікті ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етеді.

        Басым бағыттарын айқындай келе, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы  өзінің алдына мынандай жауапты  мақсаттар мен міндеттер қояды: қайта түлеген мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын, халық пен мемлекет мүдделерін қорғау, өркениетті әлемдік қоғамдастықтың талаптарына жауап беретін дамудың сапалық жаңа деңгейіне өту.

        Жоғарыда аталған факторларды және қоғамдағы өз рөлінің маңыздылығын ескере отырып Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға белсене қатысуға тиіс. Бұл ретте Ассамблеяның жаңа мақсаттары мен міндеттері мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық басымдықтарына сәйкес айқындалады және Ассамблеяның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктейді. 

         Мұның ішінде ұлттық саясат саласында жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптама жасауға қатысу да бар. Мұның ішінде ұлт тілдерін, мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын жаңғыртудың басты тетіктері ретінде республикалық және аймақтық мәдени орталықтармен жүргізілетін ауқымды жұмыс та бар. Мұның ішінде ұлыстардың съездерін, фестивальдерін өткізу де, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру да, Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиет шығару да бар. Мұның ішінде шетелдегі қазақ диаспорларымен және біздің этностық топтарымыз өкілдерінің тарихи отанымен байланыстарын  нығайту жөніндегі жұмыс та бар.

        Жаңа қазақстандық  азаматтықты қалыптастыру біздің  мемлекетіміздің негіздеріне қатысы бар көкейкесті саяси проблемалардың біріне айналып отыр. Біз саяси, азаматтық бірлікке ұмтылып отырмыз және де Қазақстан халқы қайдағы бір жаңа этностық қауымдастық ретінде емес, түрлі ұлттар азаматтарының қауымдастығы ретінде көрінуі тиіс /41/.

       Ең алдымен  мемлекет құрушы этнос ретіндегі  қазақтардың рөлін ұмытпауымыз  керек. Қазақстанның тәуелсіздігі  – қазақтарға тағдырдың тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қолы жеткен өз мемлекеттігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз тарихи және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс /42/.

         Бұрынғы  КСРО-да қазақтар саны жағынан  бесінші ұлт болғанына қарамастан, олар туған жерінде аз ұлтқа  айналды, олардың ана тілі де  жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды Мұның өзі де сол баяғы жүйенің кінәсі. Қазақ ұлтының өз мәдениеті мен тарихын, ұлттық төлтума болмысын жаңғыртуға деген ұмтылысына қазақстанның басқа ұлттары азаматтарының тарапынан құрметпен қарау елдегі тұрақтылықтың стратегиялық негізгі және адамдар арасындағы сенімнің факторы болып табылады.  

          Біріншіден, Қазақстанның қазіргі аумағы – қазақ халқының осы шекарада өз мемлекеттігі жөніндегі сан ғасырлық арманын іске асыруына тарихи және саяси тұрғыда шынайы мүмкіндік беретін планетамыздағы бірден бір кеңістік.

        Екіншіден,  осы мемлекеттікті құра отырып, қазақтар өздеріне тән даналық пен әділеттілікті тағы да паш етуде. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте ғана емес, біздің көзіміз жетіп отырғандай, ұлттық мемлекеттіліктің түлеуіне байланысты өзгерістер кезеңін басынан кешіп отырған барлық мемлекеттердің ішінде бүкіл қоғамда татулық пен ауызбіршілікке алып келетін салиқалы да дәйекті мұндай ұлттық саясат мысалдары некен-саяқ. Бұл ретте аталған осы санаттағы елдер арасында халқының этностық құрылымының күрделілігі жөнінен Қазақстанмен салыстыруға келетіндер бірен саран ғана.

        Үшіншіден,  өзгеге талап қою үшін ең  алдымен өзіңе нақ сондай талап  қоюың керек. Мыңдаған жылдар  өресінде адамдар арасында қалыптасқан  мынадай алтын қағида бар: ″Өзіңе  тілеместі өзгеге істеме″ /43/. Мұндай қағиданың кез келген мәдениетті адамға да, сондай-ақ тұтас халыққа да қатысы бар. Әсіресе мұның көпұлтты қоғам халықтарына қатысы ерекше.

          Қазақстан  тарихының едәуір бөлігі –  оны мекендейтін халықтардың  этностық және мәдени өзара  іс-қимылдарының тарихы, ол барлық салада дерлік – тілімізде, мінез құлық дағдымызда, дүниетанымымызда терең тамыр жайды. Қазір де біздің мемлекетіміз тоталитаризмнің жалған принциптерін лақтырып тастап, шын мәніндегі бірегей функцияны атқаруда – барлық ұлттық мәдениеттердің жаңа сапасын айқындайды. Басым рөлі өзін толық ауқымында әрі ең алдымен мемлекеттік тілді жаңғырту жөніндегі тарихи міндетпен айқындалатын қазақ мәдениеті біздің еліміздің барлық халықтарының мәдениетінің дамуына ешқандай кедергі келтірмейді.

        Мәдениетті қоғамның қазақстандық үлгісі бір жағынан - өз жағдайымызға сәйкес келуіне, екінші жағынан – қазіргі дәуірдің едәуір күрделі талаптарына сай келуіне ұмтылды. Яғни мемлекет шығармашылық процестерге қысым жасаудың кез келген идеологиялық нысандарынан бас тартады. Мәдениеттің дамуы ендігі жерде әлемдік мәдениеттің даму заңдылықтары жүйесіне кірігуімен, бүгінгі әлемнің жаңа мағыналық және сезімдік –пайымдық астарларына бойлап енуімен айқындалады.

          Біздің  мәдениетімізді әлемдік мәдениетпен  оқшаулап тұрған ″темір перде″ енді жоқ. Қазіргі ахуалдың принципті жаңа тұрпаты Қазақстанның барлық этностық топтары мәдениеттерінің мазмұндық өлшеулерінің сапалық өзгерісімен айқындалады. Шығармашылық біте қайнасу, принципті түрдегі ашықтық, басқа да дүниежүзілік мәдениет үрдістеріне үндесу бағыты олардың негізгі сипаттамаларының біріне айналды. Диаспорлар мәдениеттің құрлықтың аймақтарының бөліктері ретінде ғана көрініп қоймайды, сайып келгенде, бүкіл көп ұлыстың қазақстандық мәдени өркениет кешенінің ″өкілетті өкілдері″ болып шығады. Яғни олар біздің басқа ұлттық-ұлыстық жүйелермен өзара қимылымыздың бір арнасы мен тетігіне айналды.

         Осылайша  Қазақстанның ұлттық мәдениетінің  бірлігі кіндіктік Азия кеңістігінде  қалыптасып келе жатқан жаңа  мәдени құбылыстың негізі және Еуразия құрлығының осы заманғы мәдениетінің төлтума және сүбелі болып табылады.

           Кез  келген елдің саяси тәуелсіздігі  және соған сәйкес келетін  құқықтық негізімен бірге рухани  тәуелсіздігі де болуы керек. Ал бұл өз кезегінде осы мемлекет азаматтарының өзінің мәдени- өркениет саласымен сәйкестігін сақтау мен дамыту талаптарының күрделі қосындысын қамтиды.                                      

Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)