Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекеттік тіл
Кеңес дәуірі кезеңінде болашағы бұлыңғыр саналған қазақ тілі егемендік алғаннан бері өз орнын тапты. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлеушілер көбейіп, өз тілімізде мәжілістер мен жиындар өткізілетін болды. Бұл қоғамдағы қазақ тілінің болашағына деген сенімділіктің нығаюы, талаптың күшеюі.
Қазақстан Республикасының
Кеңестік жүйенің ыдырауы,
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әр жанұяда тілдік ортаны қалыптастыру мәселесі маңызды орын алады. Көпшілік арасында қазақ тілін оқып үйренудің қажеттілігін, оның қолданысын бүгінгі күннің талабы екендігін, қазақстандық әр азаматтың өз отанына деген сүйіспеншілігін ояту, дамыту мақсатында кеңінен насихаттау маңызды. Қазақ халқының ғасырлар бойына осы жерді мекендеп, осы жерді иемденгенін ертеңгі күні Атамекеннен басқа жаққа барар жердің жоқтығына қазақ халқының санасына енгізу, қазақ тілін қастерлеу және қазақ ұлтына деген сүйіспеншілікті, мақтанышты ояту, қазақ халқынан шыққан ұлылар мен батырларын қастерлеу әрбір Қазақстан азаматтарының міндеті.
Ұлттық тілдің күші – ұлттық санада. Өз ана тілін білмеген, білем деп талаптанбаған Қазақстан ешқандай ұлтжанды азамат күту мүмкін емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл» деп айтқан нақылдары әр қазақтың, әр қазақстандықтардың жүрегіне жол тапса, нұр үстіне нұр болады.
Мемлекеттік тіл мен қазақ
ғылым тілі ара-жігі
«Түптеп келгенде, қазіргі мемлекеттік тіл, ғылым тілі, қоғамдағы қатынас тілі деген осы уақытқа дейін қалыптасқан түсініктерді бір ғана қазақ тілі деген атаудың аясына топтастырудың кезі келді»/54/.
Академик Ғарифолла Есімнің «
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы
Әрине, саяси құндылықтардың
2.2. ОҚО азаматтарының саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы жаңа бір этностық қауымдастық ретінде қаралады»,- дейді. Біздің қауымдастықтың осы кезеңде мәселені нақ осылай қоюы бірден-бір шынайы көзқарас болмақ. Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар қалыптасып келе жатқан қандай да бір елдерде болмасын патриотизмнің іргетасын экономикалық көзқарастар құрайтыны белгілі. Ал, еліміздегі әрбір бесінші бала және әрбір төртінші қазақ Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетінін мақтан тұтуға болады. Десек те, 108 ұлт өкілдерінің татулықта өмір сүріп, өз Отанының патриоты болуына барлық жағдай жасау абыройлы парызымыз екенін естен шығарған емеспіз. Республикалық маңыздылығына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасу жағдайын, қуатты өндіріс орындарын, орасан еңбек және табиғи ресурстарын, стратегиялық нысандарын айтпағанның өзінде 2 миллионнан астам халқы бар. Соның 60 пайызынан астамы ауылдық жерде тұрады. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2003-2005 жылдар «Ауылды өркендету жылдары» деп жарияланғаны табан тірер текті жеріміз бен туған ауылға шын жанашырлық танытуға мүмкіндік беріп отыр. Ортақ Отанға деген сүйіспеншілік этноұлттық сана-сезімді тұтас алғанда қоғамдық пікірді, ғылыми және көркем ойды, мәдени-ұлттық орталықтардың қызметін қалыптастыруға тығыз байланысты.
Ұлтаралық
келісімді, төзімділікті
Қазақстандық тәжірибе ең жоғарғы халықаралық деңгейде танылады. Ол жөнінде БҰҰ Бас хатшысы және ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесінің аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары, әлемнің көптеген елдерінің саяси және дін басшылары, қоғам қайраткерлері атап өтті. Елімізде әзірленіп, жүзеге асырылған этникааралық келісім үлгісі көпұлтты қоғамдағы іс жүзінде іске асырылған азаматтық бітімгершілік формуласы ретінде планета мемлекеттеріне ұсынылған.
Гаагадағы бейбітшілік
Осы сөздердің өзі қызмет
Көші-қон процесінің динамикасы көрсеткендей, тек қана 2006 жылы облысымызға ТМД елдерінен 8682 адам көшіп келген, алыс шет елдерден – 8745 адам. Бұл деген біздің еліміздің, оның ішінде біздің облысымыздың тұрақты қоныстануға тартымды екенін көрсетеді /58/.
Ұлттық-мәдени орталықтар
Оңтүстік
қазақстанның барлық
Ұлттық мәдени орталықтар қызметінің басты бағыттарының бірі жастармен жұмыс болып табылады. Барлық ұлттық мәдени орталықтар жанынан жастар секциясы құрылған, дербес қоғамдық бірлестік ретінде ұлттық мәдени орталықтардың Жастар одағы белсенді жұмыс істеуде. 2003 жылдан бері «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті халықтарының студенттік ассамблеясы» жұмыс істеп келеді, ол өз қатарына 29 ұлт өкілдерін біріктіріп, 10 мыңдай студенттер контингентін қамтып отыр.
Көп
тілділік салты жоғарғы мектеп
және мектеп алды білім
Осы уақытта облыста ұлттық-мәдени орталығының жанында 15 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда 400 бала білім алады, оның мақсаты ұлттық мәдениеттің бөлінбейтін бөлігі ретінде – ана тілі оқытылады. Сонымен қатар мұнда тәрбиелеушілер өз ұлтының халқының әдебиетін, салт-дәстүрін, тарихын, өлкетану т.б. оқиды.
Мұндай оқу орнының аса ірісі болып – неміс ұлттық-мәдени орталығы ″Возрождение″ - ″Қайта өрлеу″ - жексенбілік мектебі жатады, онда 90 бала оқиды.
Қазіргі
таңда қазақ тілін, яғни
Соңғы
есеп мәліметтері бойынша 65℅
-тен көп мемлекеттік тілді
біледі. Ал 18 ұлттың өкілдері қазақ
тілін 60℅- тен 80℅-ке дейін
біледі. Қазақстанда тұратын 45 ұлттың
мемлекеттік тілді білу
Жастар тілдерді үйрену жағында болумен қатар, тіл мәселесі іс-шараларының ұйымдастырушы санатында. Мысалы, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар мен студенттердің арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білімін байқау - ″Мен көп тілді білемін″ және ″Полиглот″ - облыстық байқау ұйымдастырылып, өткізіледі.
Бірнеше
тілді меңгеру мәдениетіне
Саны
мен потенциялы бойынша бұл
оқырманға кез-келген
Ұлттық-мәдени
орталықтардың жексенбілік
Шымкент
қаласында және Мақтаарал
Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)