Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Ғылыми зерттеу жұмысы саяси аксиологияның жүйелік, салыстырмалы, құрылымдық-функционалды, нақты тарихи, себеп салдарлық принциптеріне сүйенеді.
Саяси құндылықтарды негізінен үш бағытта қарастыру дәстүрге айналған- страттық, яғни әлеуметтік қабаттар деңгейінде, аймақтық (региональді) және этникалық. Бұл жұмыс негізінен этникалық талдау тұрғысынан азаматтардың саяси құндылықтарын сараптайды.
Социологиялық зерттеулердің негізгі әдістемесі – сапалы сараптаулық сауалнамалар зерттеу тәсілі болып табылады.
Зерттеу обьектісі ретінде ОҚО азаматтарының саяси саяси құндылықтарындағы басымдылықтарын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани-практикалық игеру үрдісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үрдістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Құндылықтар адам болмысының әртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады.
Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет – ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды /9/.
Құндылықтар дүниетаным ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында әр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу үрдісі әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеялар жаңа мәнге ие болады. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар, рәміздер, стандарттар қоры бар. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады.
Заттар мен құбылыстар сипаттамалары
табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер
бүтіндігі мен үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның
өз өмірлік әлеміне деген
Бұл мәселені құндылықтар теориясы емесе аксиология (грек тілінде «ахіа» - құндылық және «Logos» - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология – құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтар мәселесі ХІХ ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес обьектісіне айналмағаның айта кетуіміз керек. Антик философиясында ғана емес, онан кейінгі ортағасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыс шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйінде қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әр түрлі талап пен ұмтылыстар обьектісі ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты – болмыстың жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды компоненті ретіндегі, адамның шындықты рухани-практикалық игеруінің негізгі және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы саясаттанулық ой тарихында әртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттар арасында мынадай типтерді атап өтуге болады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм және социологизм.
Натуралистік психологизм
Персоналистік онтологизмнің
құндылық концепциясының негізі діни
этика принциптері болып
Құндылықтар концепциясындағы социологизм негізін қалаушы М.Вебер болып табылады. Ол жаңа кантшылдардың норма ретіндегі құндылықтар туралы көзқарасын қабылдап, оны әлеуметтік әрекетпен әлеуметтік білімді түсіндіруге қолданды. Ол құндылықты әлеуметтік субьект үшін маңызды норма, болмыс тәсілі ретінде қарастырады. Онан әрі қарай құрылымдық-функционалдық талдау мектебінде «құндылық» ұғымы әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды анықтаудың ұралы ретінде методологиялық мәнге ие болады
ХХ ғасырдың басында саяси ғылымдар толық мағынада қалыптаса бастады. Ал оған дейін құндылықтар детерминистік мағынадағы тұжырымдамалар түрінде әлеуметтік ғылымдар ауқымында қарастырылып келді. Позитивистік бағыттағы ағымдардың басымдық таныта бастауы (ХХғ. 20-30-жылдары) философиялық концепцияларды екінші қатарға ығыстыра бастаған болатын. Бұл құндылықтық тұрғының уақытша әлсіреп, көбінесе дерекке сүйенетін жаратылыстану мен нақты ғылымдардың беделін үстем еткен еді. Бұл үрдістер құндылықтардың шынайы да тұтас табиғатын түсінудегі қиындықтарға әкеліп тіреді. Г.Алмонд пен С.Джинкоудың пікірлерінше, көптеген тәжірибелердің нәтижесі тек формаларды қамтыды., зерттеуге тиісті тақырыптың мәні көлеңкеде қалып қойды.
Марксизм классиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған, дегенмен әлеуметтік-экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшін ең маңызды болған құндылықтар ″теңдік″, ″еркіндік″, ″әділеттік″, ″еңбек″ жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарының қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қатерлі болғанын тарих дәлелдеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары шыққан еңбектердің кейбірінде саясатты құндылықтардан босату керек, ол тек идеологиямен ғана тығыз байланыста болу керек деген қағида көрініс бере бастады. Ал, кейбір зерттеушілер (Дж.Роулс, Н.Нозик) қоғамдық өмірдің жылдам техникалануымен қатар реидеологизациялануы да бірге жүреді деген пікірді білдірді /12/.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған және, шындығында, кез келген құндылық өзінің нақты тарихи пайымдалуы мен іске асуында салыстырмалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмір сүретін адамдар мен әлеуметтік топтар қажеттіліктері мен мүдделерін өтейтін игіліктер ғана құнды және барлық өзге құндылықтар өлшемі болып табылатындай, адам алдында категориялық талап ретінде қойылатын құндылықтар – мақсаттар жоқ деген пікір туындамайды.
Қазіргі кезеңдегі дамыған
елдердегі саяси құндылықтарға
мән берушіліктің демократиялық
сипатта болуы – азаматтардың
билік пен беделдің, мемлекет пен
олардың қызметтерінің
Еліміздің саясаттану ілімінде соңғы үш-төрт жылдарға дейін де әзірге саяси құндылықтар құбылысы ғылыми зерттеу объектісі ретінде толық мағынада қарастырылмай келді. Оған, бір жағынан, кешегі кеңес үкіметінің мұраға қалдырған қоғамдық өмірді идеологияландыруы, саяси санадағы инерттіліктер мен стереотиптер кедергілерін жасап келсе, екінші жағынан, саяси ғылымдар гуманитарлық пәндер ішінде өзінің еншісін соңғы жылдары ғана толық ала бастады. Міне, осындай объективті процестер жағдайында құндылықтар негізіне философиялық, психологиялық зерттеулердің ауқымында қарастырылып келді /13/.
Әрине, құндылықтар теориясын дамытуда барлық концепциялардың қосқан үлестері назар аударарлық. Мәселен, трансцендентті аксиология тұлғадан жоғары тұратын нормалық сана болуын айтса, натуралистік психологизм адам қажеттіліктерінің маңыздылығын басшылыққа алады. Персоналистік онтологизм әрбір құндылық Құдайға жақындаған сайын мәңгіге айнала бастайды дегенді айтса, социологиялық концепция әрбір әлеуметтік субъектіге маңыздылығы бар норма түрінде қабылдап, мәдени-тарихи релятивизмге жақын түрде анықтайды және көп мәселелерді үндестікпен талқылайды.
Әр түрлі аксиологиялық
теориялар адамдардың құндылықтық
қатынастары тәжірибелерін
ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының 1996 жылғы мәліметі бойынша республика тұрғындары үшін ең басты құндылықтарды былайша үш топқа біріктіруге болады /15/:
1.Өмірдің тұрақты және
қалыпты деңгейі,
2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік.
3. Қос азаматтылық,
Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік,
үшін жағдай жасалуы,
Саяси социологияның пайда болуы саясатты, саяси өмірді, адамдардың саяси дүниетанымын нормативтік тұрғыдан қарастыруға жол ашты. Бұл өз кезегінде қоғамда кездесетін нақты саяси өмірдегі құндылықтар жүйесінің сан алуан түрлілігін жіктеуге, сұрыптауға, қайшылықтарын айқындауға түрткі болады. Сөйтіп, нормативті тұрғының кейбір артықшылықтарын айта келе, бұл методологиялық өлшемнің қоғамдағы өзіндік құпиялықта, жасырынуда қалған құндылықтарды заңдастыруға, айқындауға көмектесетінін атап көрсете аламыз.
Саяси құндылықтарды
зерттеудің тағы бір ұтымды қыры – саяси-мәдени
тұрғыдан қарастыру. Бұл негізінен әлеуметтік-мәдени
өлшемдерге сүйенген зерттеу тәсілі. Саяси,
мәдени тұрғыдан қарастыру социологияның,
мәдениеттанудың,
Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)