Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекет басшысы Н.Ә.
Бұл тұрғыдағы Қазақстанның тәжірибесі расында да бірегей және таратуға тұрарлықтай. Елде өзінің діни жұмысын жүзеге асырып жүрген барлық конфессиялар мен олардың басшыларының әрекетінің арқасында қоғамда конфессияаралық шиеленіс жоқ, қоғамда бейбітшілік пен тыныштық билік етуде.
Қоғамның тұрақты дамуы және барлық халықтардың әл-ауқатының жақсаруының негізгі факторлардың бірі – бейбіт конфессияаралық диалог болып табылады. 2002 жылғы күздегі Қазақстанға сапары барысында БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан соңғы жылдары жиі-жиі «өркениеттер арасындағы жікшілдік» деп аталып келген әртүрлі мемлекеттер арасындағы қатынастардағы шиеленістіктің орын алуын, сонымен бірге осындай қатынастардың шиеленісуінің себептері ретінде діни сипаттағы проблемалар аталғанын ескере отырып, сондай-ақ төзімділік пен келісімнің бірегей қазақстандық тәжірибесін назарға алып отырып, біздің елді ұлтаралық тұрақтылық пен рухани төзімділіктің үлгісі деп атады.
2001 жылғы қыркүйекте
болып өткен Рим католик
2003 жылы Қазақстанның
астанасында әлемдік және
Діндердің бейбіт қатар
өмір сүруі, діни экстремизмнің таралуына
жол бермеу қазіргі дүниенің ең өзекті
проблемаларының бірі болып табылады.Діни
және Этносаралық негіздегі
Қазақстанның Конституциясы олардың ұлтына қарамастан елдің барлық азаматтарының теңдігін орнықтырады. Біздің елде барлық ұлттардың, ұлыстар мен Этносаралық топтардың мәдениеті жалпыұлттық игілік ретінде қаралады. Барлық азаматтарға өздерінің этномәдени мүдделерін қорғау мен іске асыруда тең құқықтарға конституциялық кепілдік беріледі. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес республикада дінге сенушілердің саны өсуде – қазіргі таңда қазақстандықтардың шамамен 62%-і өздерін дінге сенуші деп санайды.
Орталық Азия мемлекеттері қашанда саяси және экономикалық оқиғалардың ортасында болатын. Қазіргі таңда бұл өңір экономикасы әлсіз әрі ішкі саяси процестері оңай емес, күрделі жағдайда. Оның үстіне, ол ірі өзгерістер орын алып отырған жаһандық әлем саясатының ортасына да айналды. Осыған байланысты, Қазақстан үшін басым міндет осы өңірдің бей-берекетшілік пен қатерлердің, терроршылдық пен күш көрсетудің, біздің елдегі этникаралық және конфессияаралық келісімнің шырқын бұзудың қауіпті көзіне айналмауына жол бермеу болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі Қазақстанда Этносаралық топтасу, конфессияаралық келісімнің моделі мен Этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынас процестері арасында белгілі бір алшақтық орын алуда.
Этносаралық және конфессияаралық
өзара қарым-қатынас саласындағ
Діни өркендеу процестеріне байланысты діни ұстамдылық постулаттары мен нормалары, конфессияаралық келісімге, діни ұйымдардың жанжалсыз өмір сүруіне қол жеткізу және оны нығайту қазіргі заманғы Қазақстан үшін ерекше өзекті сипат алып отыр.
Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің әртүрлі қырына діни фактордың әсері күшейе түскені айқын. Оның серпіні мен ерекшеліктері мынадай негізгі нысандарда көрініс табуда:
1) дәстүрлі діни институттардың ықпал ету саласы кеңейді;
2) халықтың қалың топтарының діни ықпалға бейімділігі арта бастады;
3) діни бірлестіктердің әлеуметтік функциялары кеңейді;
4) діни білім беру
аясы кеңеюде, оның қаржылық
және материалдық базасы
5) Таяу Шығыс елдерінің,
сондай-ақ Еуропа елдерінің
Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуалдың ерекшелігі қоғамдық пікірде ұлт пен конфессияның бір-бірімен теңдестірілетіні. Сондықтан, конфессияаралық қатынастардың кез келген түрде күрделенуі, әсіресе шиеленісуі ұлтаралық салаға көшетінін болжау әбден қисынды.
Осындай жағдайда жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мүдделерінде Этносаралық мәдениеттерді, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық жағдайлар кешенін қамтамасыз ету міндеттерінің маңызы ерекше зор. Саяси радикализмнің, конфессиялық және Этносаралық төзбеушіліктің алдын алу, азаматтарға сана мен мінез-құлық төзімділігін сіңіру, саяси және құқықтық мәдениетті дамыту, әлеуметтік әріптестікті кеңейту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, экстремизмнің әр түрінің алдын алу жөнінде пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігі өктем талап етілуде. Сондықтан, Этносаралық және конфессиялық келісімді жетілдіру кідіріссіз әрі пәрменді шаралар қабылдауды талап ететін өзекті мәселе болып табылады.
КөпЭтносаралық және
сан алуан мәдени қоғамдастық
топтастырудың, конфессиялық және Этносаралық
келісімді нығайту модельдері мен
тетіктері осы әртүрлі
Жаңа ақапараттық және коммуникациялық технологиялар туындатқан сәйкестендіру дағдарысына жауап ретінде қауымдық сәйкестендіру, яғни белгілі бір Этносаралық топқа, дінге, аумаққа жататынын бас көресету үрдісі пайда болды. Сонымен бір мезгілде, қазіргі заман жағдайларында дәстүрлі Этносаралық байланыстардың үзілуі, Этносаралық қауымдасудың томаға-тұйықтығын еңсеру, адамдардың өзге мәдени құндылықтар мен нормаларды сіңіруі ырықсыз жүруде.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі-мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 5.61-қарарымен бекітілген Төзімділік қағидаттары декларациясын қолдайды. Діни төзімділік пен бейбітшілік қағидаттары біздің мемлекетіміздің саясатында негіз қалаушы қағидаттар болып табылады.
Сонымен бірге, Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қазіргі ахуалды талдау бұл мәселеге кешенді көзқарас қажет ететінін көрсетеді. Бұл процестің барлық аспектілерін көрсететін Қазақстандағы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлесімді ету проблемасына арналған арнайы бағдарламалық құжатты қабылдау үшін жағдай жасалған.
Ұлттық саясат
Қазақстанда тұратын
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды /53/.
Этносаралық және конфессиялық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімов бекіткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығы бойынша ұйымдастыру-насихаттау жұмыстары жоспарының 1.2-тармағын іске асыру мақсатында (Мемлекет басшысының 2004 жылғы 31 тамыздағы тапсырмасына сәйкес), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауын іске асыру мақсатында Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі үйлестіру, сана төзімділігі мен мінез - құлық нормаларын қалыптастыру және әлеуметтік тәжірибеге енгізу бойынша кешенді және мақсатқа сай саясатты әзірлеу және жүргізу қажеттігіне байланысты әзірленді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында республикада қоғамның ішінде тікелей қайшылықтарға жол берілмейтіндігі белгіленген: «Біздің стратегиялық міндетіміз – халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерді салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі».
Халқының құрамының
көпэтникалылығы әрі
Мұндай көптүрлілік рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі бола отырып, нақты мәселелерді туындатады. Үйлесімді Этносаралық өзара қарым-қатынастар мен конфессияаралық келісімді дамыту мемлекеттік және қоғамдық болжау мен реттеудің кешенді көзқарасын және тиімді тетіктерін талап етеді.
Қазақстан Республикасы өзін ар-ождан бостандығы мен діни наным бостандығы қағидаттары, әртүрлі конфессияға жататын азаматтардың өз діни бірлестіктерін құруға тең құқықтары, мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпау қағидаты және халықаралық қоғамдастықта қабылданған діннің негізін қалаушы нормалары заң жүзінде бекітілген демократиялық, зайырлық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруда.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның дамуындағы ерекше сипаттың бірі қоғамдық өмірдегі діннің рөлінің өскелең артуы болып табылады. Оның беделі мен мәртебесі артып, әлеуметтік функциялары кеңейіп келеді, дінге сенушілер мен діни бірлестіктердің саны өсе түсуде.
Республикада құрамына Қазақстан үшін дәстүрлі діни ілімдердің (ислам, христиан) барлық діни бірлестіктері және дәстүрлі емес, бұрын Қазақстанда болмаған діни қозғалыстардың жаңа ұйымдары енген көпконфессиялы кеңістік қалыптасты. Сондай-ақ діни экстремизмнің Қазақстанға енуіне ықпал ететін діни сымақ құралымдар пайда болды.
Осындай жағдайлар аясында барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни дамуына бірдей мүмкіндіктер нақты қамтамасыз етілетін көпұлтты, мәдениеті сан алуан және көпконфессиялы қоғам құру ісіндегі Қазақстанның жетістіктері айқын көрінеді, ұлтаралық келісім, Қазақстан халқының біртұтастығы, адамгершілік, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттары іс жүзінде көрініс табуда.
Көпэтникалы және көпмәдениетті
қоғамдастық құрудың
Елдегі ұлттық және діни қатынастарды одан әрі үйлесімді ету, төзімді сананы қалыптастыру және Қазақстандық қоғамда экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімді жүйесін әзірлеу және іске асыру, шешімі ұлттық-мәдени, діни және үкіметтік емес бірлестіктердің кең қолдауына сүйенген мемлекеттік және жергілікті органдардың үйлестірілген күш-жігерін талап ететін кешенді міндет болып табылады.
Осы Бағдарламада Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру, елдегі Этносаралық ахуалды үйлесімді ету, төзімді сана мен мінез-құлықты қалыптастыру және әлеуметтік практикаға енгізу, ұлттық және діни экстремизмнің алдын алу мақсаттары мен міндеттері айқындалды, сондай-ақ оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері белгіленді, қаржыландыру көздері көрсетілді.
Көпұлтты және көпконфессиялы
Қазақстан қоғамында
Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту туралы қамқорлық мемлекеттік саясат дәрежесіне көтеріліп, ұлттық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге қол жеткізу бойынша шарттардың бірі қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту, мұның өзінде ұлтаралық және мәдениаралық келісімді, Қазақстанның біртұтас халқының ілгерілеушілігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда тілдердің нақты әркелкілігі орын алуда, жүзден астамы функционалдық мақсаттарда пайдаланылуда .
Қазіргі Қазақстанда діни және Этносаралық төзімділік дәстүрлі түрде жоғары. Республикадағы ұлтаралық қатынастар жеткілікті түрде тұрақты дамып отыр, ал туындап жатқан мәселелер өркениетті нысанда шешілуде. Қазақстандықтардың мәдениетаралық диалог пен Этносаралық топтасудың жалпы адами құндылықтарына бейімділігі экономиканы реформалаудың, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың, әлеуметтік қорғау тетіктерін құрудың, әлеуметтік проблемаларды демократиялық жолмен шешудің байыпты әрі ақиқатты бағытын жүргізудің рухани-адамгершілік негізі болып табылады. Өз ұлтының мүддесін күйттеу емес, ұлтаралық қатынастардың адамгершілік, құқықтық негіздерін нығайту бұлардың игіліктері екенін неғұрлым жіті түсінушілік үрдісі байқалуда.
Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)