Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз елдегі саяси  өмірге қызығушылық білдіресіз бе?

№4 диаграмма

 

         Қазақ тілдің қолдану аясын кеңейту және қажеттілігін өтеу үшін не істеу қажет деген маңызды мәселе туындайды. Менің ойымша, төмендегі мәселелерді әрқашан есте сақтау қажет:

  • қазақ тілді ұлт арасындағы қатынас құралы тұрғысынан меңгерту;
  • «балабақшалар – мектептер – ЖОО-ы – мекемелер, ұйымдар» сатылары бойынша тілдік тәрбиелеудің іс-шараларын, бағдарлы аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеу қажет.
  • Іс-шаралар уақыт талабына жауап беруі тиіс және тиісті материалдық-техникалық база, кәсіби-кадрлық  қамтамасыз  етілу қажет.
  • Бүгінгі таңда көп жағдайда тек қана орыс тілі қолданылатын нақты ахуал қалыптасып отырғандықтан, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді айрықша бақылауға алу ұсынылады.
  • Қазақ тілін үйрету бойынша жұмыс, оқу орындарындағы оқыту курстарын, жекелеген курстарды ұйымдастырудың жай-күйіне ерекше көңіл  бөлу керек. Оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, оқытушылар құрамының білім деңгейін қайта қарап, қажет болған жағдайда оқытушылар құрамының, сондай-ақ оқыту курстарынан өткендердің мемлекеттік тілді білу деңгейін тестілеу мен аттестациялау әдістемесін әзірлеу және енгізу қажет.
  • Оқыту курстары жаңа үйренушілерден бастап, қазақ тілін терең үйрету курстарына дейінгі тілді меңгеру деңгейлерін қарастыру керек, бұл дегеніміз тілді тек қарым-қатынас дәрежесінде ғана емес, құжаттарды өз бетінше дайындауды білдіреді.
  • Халықты тіл үйрету курстары туралы мақсатты түрде кеңінен ақпараттандыру қажет.
  • Заңнамалық және нормативтік құжаттарды, көрнекті ақпаратты, теле-, радио хабарларды, баспа БАҚ материалдарын қазақ тілінде әзірлеудің сапасына айрықша назар аудару қажет.
  • Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін насихаттау және кеңейту мақсатында мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемін көрермендер қарайтын уақыт кезеңінде арттыру керек.
  • Сонымен бірге хабарлар өзекті, көпшілік үшін тартымды болуы тиіс
  • Мемлекеттік тілді үйренуіне, оқытылатын ақпаратты жеткізудің түрлері мен әдістеріне қатысты халықтың сұраныстары мен қажеттіліктерін зерделеу мақсатында қоғамдық пікірге зерттеу жүргізу керек.
  • Мемлекеттік органдардың тіл саясатын іске асыру барысындағы жұмыстарын үйлестіру, тенденцияларды, тілдердің қызметтік арақатынасын зерттеу, олардың қоғамдық, адамдар арасындағы қатынастарда қажеттілігін шынайы бағалау мақсатында жылына бір рет мерзімде ағымдағы тілдік ахуалға мониторинг және талдау жүргізу тиімді.

 

Сіз жеке өзіңіз облысымыздағы түрлі ұлттар өкілдерінің  арасындағы қарым-қатынастарды қалай  бағалар едіңіз?

№5 кесте

 

қазақтар

орыстар

өзбектер

жақсы, түрлі ұлттар өкілдері достық қарым қатынаста өмір сүруде

15℅

50℅

47,5℅

орта, түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым қатынас бірқалыпты

45℅

32,5℅

25℅

нашар, кейбір ұлт өкілдері арасында келіспеушіліктер бар 

35℅

10℅

25℅

жауап беруге қиналамын

 

5℅

 

басқа пікір 

5℅

2,5℅

2,5℅


 

 

Сіз жеке өзіңіз облысымыздағы түрлі ұлттар өкілдерінің  арасындағы қарым-қатынастарды қалай  бағалар едіңіз?

№5 диаграмма

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз жеке өзіңіз облысымыздағы түрлі  ұлттар өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастарды қалай бағалар едіңіз деген сауалға, қазақтардың жауаптарында орта, түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынас бірқалыпты (45℅) деген графа көп белгіленсе, екінші, пайыз жағынан көбі – нашар, кейбір ұлт өкілдері арасында келіспеушіліктер бар (35℅) деген. Жақсы, түрлі ұлт өкілдері достық қарым-қатынаста өмір сүруде деген пункт бойынша қазақтардың 15 пайызы жауап берген. Ал, орыстардың, өзбектердің жауаптарында қазақтарға керісінше, жақсы, түрлі ұлт өкілдері достық қарым-қатынаста өмір сүруде және орта, түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынас бірқалыпты деген графалар көп белгіленген. Нашар, кейбір ұлт өкілдері арасында келіспеушіліктер бар деген пункт бойынша орыстардан 10 пайыз, өзбектерден 25 пайыз айтылды. Басқа пікір және жауап беруге қиналамын деген пункт бойынша барлық ұлттарда пікірлер біркелкі орналасқан. Міне, саяси құндылықтардың маңыздылықтарын, басымдылықтарын анықтауда осындай этникалық ерекшеліктер де байқалып отырады. Дегенмен бұл пікірлер алуандығы бізді ыдырата қоймайды деген ойдамыз. Өйткені дәстүрлі ұлтаралық қатынастар өзінің тұрақтылығымен, өзара сыйластығымен сипатталады. 

           Осыған байланысты біздің мемлекеттік  институттар мен мемлекеттік  емес ұйымдардың, әсіресе жергілікті  деңгейде тізбекті түрде көптеген  қоғамдық үрдістерді, әсіресе ұлтаралық қатынастарды, сондай-ақ қазақстандық ұлттардың өзінде бақылау мен зерттеуді ғылыми түрде жасауға жарамсыздығын атауға болады. Осыған байланысты елімізде тұрақты түрде кешенді ғылыми зерттеу тәсілдерімен іс жүзінде келесі мәселелер қамтылмаған:

А) Қазақстандық қоғамда ұлттардың әлеуметтік-экономикалық ролі, сонымен қатар олардың еңбек нарығындағы кәсіптік-еңбекпен қамсыздандырылу дәрежесі, ұлттардың жалпы қоғамдық өнімді өндірудегі ұлттардың қатысу дәрежесі, Қазақстан ұлттарының ел экономикасының түрлі салаларына қатысу дәрежесі, ұлттардың белгілі кәсіби тіршілікке араласудың оңды және теріс жағы;

Б) жергілікті, өңірлік  және республикалық мәселелерді  іске асыру бойынша шешім қабылдау үрдістеріне ұлттардың ықпал  ету дәрежесі; түрлі қазақстандық ұлттардың ойшыл мәдени және ғылыми-техникалық даму дәрежесі.

       Осыған  байланысты бөлек әр ұлттың  өз ерекшелігімен белгілі әлеуметтік  бейнесінің, оның басқа ұлттармен  өзара байланыстығы әрекеттесуіндегі  тәуелділігі туралы нақты айқындалған  және көпшілікке мәлім ғылыми зерттеулердің жоқтығын, ұлттық менталитеттің ерекшеліктерін белгілейтін факторлардың зерттелмеуін, қазақстандық ұлттардың әрқайсысының құндылықтарының зерттелмеуін айтуға болады.

       Біздің  еліміз түрлі мәдени-цивилизациялық  ерекшеліктері бар елдердің арасында орналасқан болғандықтан, Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарына, ұлттық тәрбиесі мен тәртібіне әсер тигізетін сыртқы ортаның (шетелдік мемлекеттер, шетелдік ұйымдар, саяси қайраткерлер мен БАҚ-ы, халықаралық ұйымдар, ұлттық-диаспорлық байланыстар немесе олардың өзара әрекеттесуі) ерекшеліктері мен ықпал ету дәрежесін зерттеу қажет.  

         Ұлты әртүрлі , елдің әртүрлі  өңірлеріндегі қазақстандықтарды  олардың діни наным-сенімі немесе  саяси көзқарастарының айырмашылықтарына  қарамастан, мүдделерінің ортақ болуы жақындастырады. Өңірлік, континенттік, жаһандық және басқа да әлеуметтік-саяси проблемалардың өткірлігі олардың бір-бірінін алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Қазақстандықтардың терең рухани өзгерісі бейбітшілік үшін, қазіргі лаңкестікке, милитаризмге қарсы бұқаралық қозғалыстарда, жердегі бейбітшілікті сақтауды өзінің алдына мақсат етіп қойған басқа да қоғамдық-саяси қозғалыстарда байқалуда.

        Біздің көзқарасымыз бойынша,  татулық пен дамуды қамтамасыз  ететін саяси құндылық ретіндегі құқықты зерттеудің негізгі теориялық-методологиялық алғышарты оны қауіпсіздік проблемасы тұрғысынан қарау болып табылады. Қауіпсіздік проблемасы, егер, оны біржақты түсіну тоқтайтын болса, шешімін табады. Қазір қауіпсіздік проблемасы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, мемлекетаралық қатынастарға саяды.

        Қазақстандықтың құқығы тек тұлғаның  еркіндігі, дербестігі, оның саналы  түрде өзін өзі басқаруы жағдайында ғана ақиқат болып табылады. Қазақстанда жүріп жатқан реформалау, жаңғырту процестері еркіндіктің табиғи адам игілігі мәртебесін қайтарып берді, Қазақстан халқының  саяси құндылықтар мәртебесінің қалыптасуы біздің елімізде еркіндіктің прогресіне мүмкіндік береді.

        Құқық пен еркіндікті жүзеге  асыру үшін байыпты, көпжоспарлы  және ұзақ жұмыс қажет, заңның жүйеге келтірілуі, топтастырылуы бойынша қызметті, құқықтық ақпараттар іздеудің қол жетерлік автоматтандырылған жүйесін жасауды және халыққа жаппай заңдық білім берудің бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды өзіне қосып алатын тиісті құқықтық саясаттың жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонымен бірге бұл жұмыс, саясат тұлғалардың әлеуметтік топтардың және барлық Қазақстан халқының мүдделерінің бірлігінің, жалпықазақстандық мақтанышты қалыптастырудың қажетті алғышарты ретінде көріне алады.

         Президенттің жолдауындағы дәйектерге  сүйеніп айтар болсақ, адамдардың  жалпықазақстандық мақтанышы –  Қазақстан халықтарының саяси  құндылықтарының маңызды белгісі.  Сонымен бірге, бұл объективті  түрде өмір сүріп тұрған саяси  құбылыс. Адамдардың жалпықазақстандық мақтанышы саясаттану зерттеуінің күрделі, әрі көп қырлы объектісі болып саналады.

          Адамдардың жалпықазақстандық мақтанышы Қазақстанның әрбір халқының барлық жақсы жақтарын өзіне сіңіре отырып, өзінің мазмұны жағынан бай, кең саяси ұғым болып саналады. Біздің халқымыз еліміздегі тату-тәтті өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің экономикалық, саяси және мәдени өмірдегі табыстарын, өзінің жеке табыстары сияқты мақтан етеді.  Қазақстандықтардың мақтанышының тақырыбы республиканың барлық халықтарының жетістік құндылықтары болып табылады., өйткені, бұлар олардың ортақ материалдық және рухани қазыналарын байытады, себебі елдің жаңаруы, реформалануы, жаңғыруы үшін күрестегі ортақ іске олардың шығармашылық үлесінен барлық қазақстандық қоғамның тарихы және Қазақстан халқының саяси құндылықтары қалыптасады.

        Бүгінгі таңда адамдардың жалпықазақстандық  мақтанышының толғағы жеткен  проблемалары шешілуінің, тұтас  алғанда, әртүрлі ұлттарды тату-тәтті  отбасына біріктіруге және шоғырландыруға, сонымен қатар, оның Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси құндылықтарының нығаюына мүмкіндік беретіндігі өте маңызды болып саналады /62/.

        Біздің көзқарасымыз бойынша,  Қазақстан халқының саяси құндылықтарының  жаңа жүйесінің қалыптасуы қажет, әрі заңды да. Аталмыш міндет Қазақстанның жаңа мемлекеттік идеологиясының қалыптасуымен бірге шешіледі, ол Қазақстанның төмендегідей ерекшеліктерін ескеруі қажет: қазақстандық қоғамның полиэтникалығы, көп конфессиялылығы, Қазақстан халықтарының ортақ тағдырымен бірігуі, Отанға деген сүйіспеншілік дәстүріне құрмет, Отан алдындағы жауапкершілік, өзін әлемдік қоғамдастықтың бөлігі ретінде саналы ретінде ұғыну.              

          Көпұлтты қоғамымыздағы жаңғыру процестері азаматтардың бірнеше саяси құндылықтық басымдылықтарын байқатты. Оларға қазақтар, орыстар және басқа халықтардың респонденттері үшінде республикадағы ұлттық қауіпсіздікті нығайту мен Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтау жатады. Бұл жағдай Қазақстан халқының салыстырмалы түрдегі іштейгі саяси біртұтастығын білдіреді.  Әрине, ол дегеніңіз этносаралық қатынастарда, мемлекеттік тілді жетік пайдалануда проблемалар жоқ деген сөз емес. Дегенмен оңды саяси бағдар бар. Тәуелсіздігіміздің тірегі болатын саяси құндылықтар жүйесі бірте-бірте демократияланған сайын әрбір азаматтың саяси таңдауы, қатысуы, белсенділігі арта түседі. Бұл жалпы қоғамдағы адам өмірінің мәні мен мағынасының тереңдей түсуіне іргетас болады. Сондықтан саяси реформалардың ізгіліктене түсуі барлық азаматтарға ортақ қажеттілік.               

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

             Қазіргі Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін нығайту мақсатында қоғамдық дамудың әртүрлі салаларында өркениетті елдердің үлгілеріне сәйкес келетін іс-әрекеттерге, стратегиялық жолдарға көшу кезеңінен өтті. Болашақтағы даму бағыттарын саралап, өз стратегиясын белгіледі. Содан бері он жеті жылдың жүзі өтіп қазақ мемлекеті егеменді ел ретінде ХХІ-ғасырдың табалдырығын аттады. Осы орайда, саяси өмірде болып жатқан процестері азаматтардың елдегі ахуалға сай қызметін нарықтық қатынастарға бейімделу ерекшеліктері мен саяси бағдарларын зерттеп-зерделеу нақты заман талабы. Қоғамдағы этносаяси процестердің қалыпты дамып отыруы, олардың этносаралық қатынастар деңгейіндегі оңды көріністері саяси тұрақтылық пен бірлікте болып отыр.

Құндылықтар әлемі кеңінен  алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қоршаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың

еке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субъектіге сәйкес келетін қасиет – ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды.

Міне, осы құндылықтар жүйесінде саяси құндылықтардың орны ерекше. Өйткені, біздің еліміздің қазіргі кезеңі қоғамдағы саяси процестердің күрделене түскен, өмірдің барлық салаларының трансформациялану, өзгеру шағына сай келіп тұр. Бұл мәселе өткен кеңестік тарихымыздың ділдік ерекшеліктерінің әлі де өзінің әсерін тигізіп отыруымен, нақты демократиялық құндылықтарды бойына сіңіріп кетуге дайын еместігімен, саяси партияларымыздың әлсіздігімен, саяси элитаның басқару ісіндегі негізінен әкімшілік арқылы ұйымдастыру әдісіне сүйенуге бейімділігі мен сайлаудың нағыз демократияланудың үлгісі, тұтқасы бола алмай келе жатқандығымен астасып жатады /63/.   

Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)