Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:16, магистерская работа

Описание

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Саяси құндылықтар жүйесі.DOC

— 494.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен ұсынылып отырған  саяси құндылықтар жүйесі (этникалық  аспектілері) атты магистрлік жұмыста  осындай игі ниет, өмір қажеттілігіне орай жазылып отыр.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының  өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, мақсатты мен міндеттері ғылыми жаңалығы, зерттеу  жұмысының теориялық және методологиялық негіздері көрсетілген. Магистрлік жұмыстың құрылымы негізгі екі тарауды қамтиды. Алғашқы тарауда саяси құндылықтарды зерттеудің теориялары мен концепциялары, сондай-ақ, саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы, яғни, ″саяси мәдениет″, ″саяси бағдар″, ″саяси мүдде″, ″саяси діл″ ұғымдарының мән-мазмұны тексеріліп, ұқсас ұғымдармен жақын жақтары, өзіне тән айырым белгілері анықталады. Саяси құбылыстардың әлеуметтік-мәдени астарын айқындамай, саяси процестердегі детерминациялардың табиғатын көрсетпей, азаматтардың саяси-мінез құлқындағы ерекшеліктерді анықтамай, әрбір этникалық мәдениеттің өзіндік ділін, дүниетанымын, санасын жете білмей қандай құндылықтардың өзгеру бағыттарын көрсетіп беру зерттеушілер үшін мүмкін емес. Міне, сондықтан саяси құндылықтарды зерттеу көптеген қосымша әлеуметтік және саяси құбылыстардың табиғатын қарастырулармен тығыз байланыста болады.

Ал магистрлік жұмыстың екінші тарауы «Тәуелсіз Қазақстан  азаматтарының саяси құндылықтарының  қалыптасу процесі (этникалық аспектілер)»  деп аталып, ол іштей бір-бірімен  сабақтасып жатқан екі бапқа бөлінген. Онда Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан азаматтарын заман талаптарына сай саяси бағдарларын қалыптастыру шарттары, жолдары ұсынылды.

Сонымен жинақтай айтқанда, Қазақстан азаматтарының саяси мәдениеті күрделі әлеуметтік-экономикалық және рухани жағдайларда қалыптасып келе жатыр. Осы процесті зерттеу барысында төмендегідей тұжырымдарды айқындадық:

      1. Әлеуметтік топтар субъект ретінде өздерінің құндылықтық бағыттарын білдіру арқылы бір-бірімен әлеуметтік, саяси, дүниетанымдық қашықтықта болады. Бұл қоғамдағы саяси құндылықтар бойынша жіктелудің көрінісі. Солардың басы бірігуі арқылы саяси жүйе дамиды.
      2. Көпұлтты қоғамда қазіргі кезде ұлтаралық күштенулерді  болдырмаудағы, орын алған ұлтаралық қақтығыстардың ашу-ызасын басудағы түрлі ұлттардың әлеуметтік тәрбиесіндегі діни ұстанымдарының ықпал ету дәрежесінің, діни қоғамдастықтар мүмкіндіктерінің пайдалануын зерттеу өте маңызды болып табылады. Әсіресе бір дінге қарасты азаматтар арасында қақтығыстар орын алған кезде мұның өзі өзекті.
      3. ХХ ғасырдың соңында әлемде этникалық факторға көңіл бөлу өзінің маңыздылығын күшейте түсті. Көптеген зерттеушілер ″этнос″, ″ұлт″, ″этникалық процестер″, ұлттық қауіпсіздік″ деген ұғымдар″ жөнінде пікірталастар жүргізуде. А.Глухованың пікірінше, этникалық жанжалдар субьектілердің әр қилы құндылықтары жүйесіндегі қайшылықтар мен қақтығыстардан туындайды. Қазіргі кезеңде этносаралық жанжалдар туралы гуманитарлы ғылымдар саласында үлкен ғылыми-зерттеу бағыты қалыптасқан. Оның атын жанжалтану (конфликтлогия) деп атайды. Бұл бағыт саяси аксиологияның негізгі принциптеріне сүйенетін, құндылықтық қатынастардың кейбір қырларын аша түсетін ілім болып табылады.
      4. Азаматтардың саяси мәдениеті жоғары болған сайын олардың саяси бағдары өркениетті, заңға сүйенген үрдістерге негізделеді. Ал төменгі деңгейдегі саяси мәдениетте құндылықтар жүйесі қоғамдағы әр түрлі стереотиптердің (этникалық та бар), БАҚ-тың кейбір келеңсіз қызметтеріне, субъектінің жеке психологиялық әлсіздіктеріне, тұлғалық жетілмегеніне негізделеді.
      5. Мемлекетіміздегі барлық этностар күнделікті болып жатқан күрделі мәселелерді біліп қоймай, оның жетістігін де шынайы жанашырлықпе6н сезінулері қажет. Сонда ғана қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, дамыту нәтижелі болмақ.
      6. Зиялы қауым, ғалымдар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар халық арасында ұлттық және жалпы қазақстандық құндылықтарды өмірде белсенді түрде таратушылар болуы қажет. Осы мәселелердің шешілуі үшін төмендегідей проблемаларды терең зерттеу қажет: жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіндегі, саяси сана мен идеологиядағы ұлттық, ұлттық және жалпықазақстандық; жалпықазақстандық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы; ұлттық, жалпықазақстандық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өлшемдері және т.б. Осы проблемаларды терең зерттеу Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру бағытындағы Қазақстанның прогресі мен саяси құндылықтарының жаңаруына мүмкіндік беретіндігі шүбәсіз.

          Қорытындылай келе айтарымыз, қоғамымыздағы саяси процестердің жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси құндылықтары барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуді талап етеді, адам жеке тұлға болып дамуына жағдайларды қалыптастыруды сұрайды. Мұның өзі саяси сананың жаңа ғасырға сай келетін қоғамдық сипатта қалыптасуымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет – қоғамның басты құндылықтары. //Егемен Қазақстан, 2000ж, 18 ақпан.
  2. Венера Баймұрзаева. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси құндылықтардың мәні //Ақиқат.-2008. №3.-26б. 
  3. Назарбаев Н.Ә. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы –Астана: "Елорда", 2008.-64б.
  4. Венера Баймұрзаева. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси құндылықтардың мәні //Ақиқат.-2008. №3.-26б. 
  5. Нурмуратов С.Е., Кадыржанов Р.К., Малинин Г.В., Матаев Г.М., Бисенбаев Ф.К. Система политических ценностей населения казахстана: этнический, регионалный, стратный анализ / научно-аналитический доклад/. Алматы: Издание Института философии МН-АН РК.- 1997.-51с.
  6. Тәжітаева Р.С. Қазақстан Азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі (этникалық аспектілер). Автореферат. Алматы. 2001.-5б.
  7. Тәжітаева Р.С. Қазақстан Азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі (этникалық аспектілер). Автореферат. Алматы. 2001.-5б.
  8. Тәжітаева Р.С. Қазақстан Азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі (этникалық аспектілер). Автореферат. Алматы. 2001.-5б.
  9. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -202б /179/.
  10. Ғабитов Т. Философия (жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық).- Алматы, Раритет, 2005ж.-400б-291б.
  11. Ғабитов Т. Философия (жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық).- Алматы, Раритет, 2005ж.-400б-291б.
  12. Тәжітаева Р.С. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері. //Саясат.- 2000.-№12.-34-37б.
  13. Тәжітаева Р.С. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері. //Саясат.- 2000.-№12.-34-37б.
  14. Ингартен Р. Исследования по эстетике. М., 1962
  15. Общеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. Алматы, 1997, 131-132б.
  16. Тәжітаева Р.С. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері. //Саясат.- 2000.-№12.-34-37б.
  17. Капустин Б.Г., Клямкин И.М. либеральные ценности в сознании россиян //Политические исследования. №4, 1994 (41-47).
  18. Тәжітаева Р.С. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері. //Саясат.- 2000.-№12.-34-37б.
  19. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -202б /179/.
  20. Венера Баймұрзаева. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси құндылықтардың мәні //Ақиқат.-2008. №3.-26б. 
  21. Венера Баймұрзаева. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси құндылықтардың мәні //Ақиқат.-2008. №3.-26б. 
  22. Фарукшин М.Х.Политическая культура общества // Социально-политические науки. –М., 1991, №4. –С 215.
  23. Политология. Учебник. //Под. Ред. А.Н.Нысанбаева, Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 367б. /212/
  24. Политология. (под. ред. А.Н. Нысанбаева) –С. 215б.
  25. Ядов В.А. Междисциплинарный подход изученю соотношения между ценностными ориетациями и наблюдаемым поведением //Международный конгресс в г. Варны. –Л., 1970. -340 с. (11-16)
  26. Алтаев Ж. және т.б. Философия және мәдениеттану – Алматы: Жеті жарғы. 1998. – 272б. /32/
  27. Хайек Ф. Пагубная самонадеянность. //Ошибка социализма. –М.: Новости. 1992. -304с.
  28. Этика юриста. (Под. ред. Габитова Т.Х.) –Алматы: Данекер, 1999. -127с.
  29. Вебер М. Избранные произведения. М.: Прогресс 1990. -804с. /689-706/
  30. Политология. Үчебная пособие. –М.: Высшая школа ()под. Ред. Клементьева Д. 1997. -384с. (167)
  31. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -202б /147/.
  32. Сонда /148/.
  33. Сонда /149/.
  34. Тәжітаева Р.С. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі. Автореферат. Алматы: 2001ж. 14б.
  35. Балгимбаев А.С. Институты гражданского общества и правового государства как механизмы борьбы с коррупцией. //Саясат. -1999. -№4. –23-24. 
  36. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. –Алматы: Қазэнциклопедия, 1998 -272б. /15/
  37. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Алматы:, 1998ж. 16б.
  38. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі: Қазақстанның этнодемографиялық жылнамасы. Алматы, 2006ж.
  39. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы. / редакциясын басқарған Ж.Ә. Әлиев. –Алматы: 2006. -212б.
  40. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 бет (122).
  41. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 бет (122).
  42. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 бет (122).
  43. Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының төртінші сессиясындағы баяндамасы). //Егемен Қазақстан, 1997жылғы 6 маусым
  44. Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының төртінші сессиясындағы баяндамасы). //Егемен Қазақстан, 1997жылғы 6 маусым
  45. Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.- 296б. (147-148).
  46. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 бет (110).
  47. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). – Астана: Елорда, 2005. – 440 бет (111).
  48. Ергешова Л., Таубаева М.Е. «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибесі, мәселелері, даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Шымкент: «нұрлы бейне», 2008ж. – 276 бет. (105)
  49. Сәрсенбаев Т. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. – Алматы 2000.
  50. Сарыбеков М.Н., Сыдыкназаров М. Официальные и неофициальные символы казахской государственности и их роль в формировании патриотизма: опыт и перспективы развития. Этнопедагогика, 2007. №1. С.14.
  51. Назарбаев Н.Ә. Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі. Алматы, 1997. 5б.
  52. Владимиров А.Н. О национально-государственной идее России. // Вестник МГУ серия: философия.- 2000.- №3 (48)
  53. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
  54. С.Әбдіманапов. Білім мен ғылым тіл арқылы игеріледі //Нұр-Астана, 14 наурыз, 2007. –Б. 5б.
  55. Жақсы қазақ болуға тырысу керек. Академик Ғ.Есім мен этнопсихолог Ж.Сейітнұрұлының әңгімесі //Ақиқат.-2007.-№5-Б.11-16б.
  56. Н.Ә.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан, 1-наурыз, 2007.
  57. Е.Ертысбаев. Жеті жобаның жаңалығы жеткілікті. //Егемен Қазақстан, 1-желтоқсан, 2007. – 3б.
  58. ОҚО әкімі Н.С.Әшімовтың баяндамасы. «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибесі, мәселелері, даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Шымкент: «нұрлы бейне», 2008ж. – 276 бет. (3-5).
  59. ОҚО әкімі Н.С.Әшімовтың баяндамасы. «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибесі, мәселелері, даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Шымкент: «нұрлы бейне», 2008ж. – 276 бет. (3-5).
  60. Д.К.Мыңбай. ОҚО әкімі Н.С.Әшімовтың баяндамасы. «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибесі, мәселелері, даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Шымкент: «нұрлы бейне», 2008ж. – 276 бет. (3-5).
  61. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы. / редакциясын басқарған Ж.Ә. Әлиев. –Алматы: 2006. -212б.
  62. Венера Баймұрзаева. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси құндылықтардың мәні //Ақиқат.-2008. №3.-26б. 
  63. Ертысбаев Е.К. Выборы и демократия: сущность и основное содержание. //Казахстан – спектр. -1999. №4 /10/. С.3-40. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)