Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: қазіргі  таңда кәсіпрындардың ұзақ және қысқа  мерзімді стратегияларын жасауда, өздерінің  мақсаттары мен жоғары табыстылыққа жету үшін қаржылық жоспарлану мен  болжамдаудың маңызы артып отыр. Сондықтан  да кәсіпорын қазіргі нарықтық жағдайға тәне қаржылық жоспар мен болжамдар  жүйесін әзірлеу керек.

Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын  жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа  кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет.

Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық  экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады.

Нарықтық  экономика жағдайында айрықша ерекшелігі бойынша бірінші кезекте жоспарлау  субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілетті қызметкер  жоспарды қабылдап бекітеді. Сондықтан  ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптасқан баға қажет.

Бұл мәнін  әлі жоғалтпаған нарықтық экономика  жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық  мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалық серпіліс және өндірістік-техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс  факторлары бойынша жоспарлау және т.б.). Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау қызметін қайта құру жүйелік кемшіліктерін  еңсеру үшін де керек.

Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі  өнеркәсіптіқ кәсіпорындарда олардың  және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі  бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын тандауда, қойылған мақсат пен міндеттерді  орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда  жүзеге асырылады.

Ресурстарды дұрыс жоспарламай, сол кәсіпорынның қызметін табысты жүргізу мүмкін емес. Ресурстарды жоспарлаудың бірінші  сатысына жоспарланған кезеңнің әрбір  жылына қажетті ресурстар көлемі мен түрі бекітіледі, әрі қарай  жабдықтаушылардың мүмкіндігімен  салыстырылатын қажеттіліктерге талдау жүргізіледі. Жоспарлаудың екінші сатысында  артық немесе жетіспейтін ресурстар  бойынша шешімдер қабылданады. Соңғы  сатысында мақсатты бағдарлама бойынша  ресурстарды бөлінуі және ресурстар  теңдестігі бағаланады.

Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық  тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған  шаралар кешені жасалады (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске өндіруге, өткізуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдайының болашағын, тұтынушылық сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.

Жоспарлы  қызмет - қазіргі менеджменттің негізгі  функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған  жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім  және кәсіпорындағы бухгалтерияға  бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу  функциясын орындайды. Нарықтық экономика  жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау  болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде  және оны нақтылап, орындау кезінде  негізі болып табылады.

Ұсынылып  отырған жұмыстың мақсаты – іс-тәжірибе  барысында алынған  шаруашылық жайлы  материалды  жүйелі   түрде  талдау, осы мәліметтерді өңдеу, кәсіпорында  қаржылық жоспарлау және өндірістік-шаруашылық қызметін талдау және кәсіпорында қаржылық жоспарлауды жетілдіру бойынша  ұсыныстарды өңдеу болып табылады.

Бұл мақсаттарға  жету үшін келесі міндеттер атқарылады:

  1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
  2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
  3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Зерттеу жұмысының пәні ретінде қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесі, ал объектісі ретінде «Восток» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайы алынып отыр.

Жұмыстың  құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 

 

 

  1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері

 

    1. Қаржылық жоспарлау түсінігі және кәсіпорын қызметін басқарудағы рөлі

 

Нарықтық  жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен  сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде  кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси  және басқа да өзгерістердің ықпалын  анықтауға ұмтылу керек.

Мемлекеттік органдардың бұрынғы функциялары  кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын  деңгейінде өз бетінше дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі  туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың қағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы жоспарлаудың шеңбері санаулы  болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары  стратегиялық мақсатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың  негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің  жылдық нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ  жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау  қағидасы қолданылады.

Барлық  басқару  функциясының  ішінде  жоспарлау  ең  елеулісі  болып  табылады, өйткені   мұның  өзі  кез-келген  балама  әрекеттерді  таңдап  алуға  байланысты. Жоспарлау  кәсіпорын  басшылығындағы  негізгі  функциялардың  бірі  ғана  емес,  оның  өзі  жеке  төрт  функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен  жұмыс  істек, басшылық, жетекшілік  және  бақылау)  көрініс  табады. Сонымен, басшы  ұйымдастырады,  кадрлармен  жұмыс  істейді,  бағыттайды  және  басшылық  етеді, сондай-ақ  жоспарға  сәйкес  көзделген  мақсатқа  жету  үшін бақылайды.

«Жоспарлау»   ұғымына мақсатты  айқындау  және  оған   жету  жолдары  енеді: батыста  кәсіпорынның  әрекетін  жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс  және  сатып  алу   секілді  маңызды  бағыттар бойынша  жүзеге  асырылады. Мұндайда, әрине, барлық  жоспарлар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.

Жоспарлау  процесінің  өзі  төрт  кезеңінен  тұрады:

  • жалпы  мақсатты  ойластыру;
  • белгіленген  біршама  уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылғаарналған нақтылы  мақсатты  айқындау;
  • оған жетудің  жолдары  мен  амалдарын  айқындау;
  • жоспарлы  көрсеткіштерді  нақты  көрсеткіштермен  салыстыру  арқылы   қойылған  мақсатқа  жетуді   бақылау.

Жоспарлау  әрқашанда бұрынғы деректерге  сүйенеді,  алайда  кәсіпорынның  болашақтағы  дамуын  айқындауға  және  бақылауға  тырысады. Сондықтан  да, жоспарлаудың  сенімділігі  бұрынғы  нақты  көрсеткіштердің  дәлдігіне тәуелді. Мұндай  сенімділікті  қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз  және  ауқымды  статистикалық  қажетті базаға  ие  болмай  мүмкін  еместігі  айқын. Кәсіпорын  әрқашанда  жалпы  рыноктың  шағын  бөлігі  ғана  болып саналатындықтан,  ел  экономикасын дәл  жоспарлау  үшін  дәл  ақпаратты   мүмкіндігінше  көбірек  алу  қажет. [1]

Егер  кәсіпорынның дамуы  нақты  елдегі  жалпы  экономикалық  дамуымен  қатар  өтуі  міндетті болмаса,  онда  рынок  көрсеткіші  кәсіпорынды  жоспарлаудың  бастапқы  деректері  болып саналады. Кәсіпорын  неғұрлым ірі  болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым  оңайырақ  болады. Дегенмен, ірі  кәсіпорындарға  қарағанда, ұсақ  кәсіпорындарда  басшылар  үшін  кейбір  факторлар  едәуір  айқынырақ  болады.

Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық  болмағандықтан, ал  кейбіреуі  мүлдем белгісіз  болғандықтан, кейбір  деректер  жетіспейтіндіктен, жоспарлау  сатысы  көбінесе  қызметкерлердің  өз  ісін  қаншалықты  жетік  білетіндігіне байланысты.

Осыған  орай, жоспар  жасаған  кезде  барлық көрсеткіштер  толық   пайдалануы, сонымен  қоса  жоспар  жасағанда  өзгеріс  енгізетіндігі   ойластырылуы, ал жоспардың  өзі  жоспардың  өзгеруіне  қарай  үйлестіріліп отыруы  тиіс. Сондықтан  да, жоспарда  резервтер  ескеріледі. Алайда, резервтің  көп  болуы  жоспардың  көптігіне  нұқсан  келтіреді,  ал шамалы   резервтер  жоспарды  жиі-жиі  өзгертуге  мәжбүр  етеді. Жоспар  көрсеткіштерін  нақты  басшының билігінде,  оның  орындалуын  үйлестіру  мен   бақылау  да  соның  игілігінде.

Жоспардың  екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері  өндірісінің нақты  бағыттары  бойынша  жоспар  жасау. Онда  жекелеген  міндеттер  қойылып, ақша, сондай –  ақ  сандық көрсеткіштері  айқындалады. Мұнда жоспарлау  кезінде  осал  орындар, басқаша  айтқанда, кәсіпорын  қызметінің маневрлігін, демек  істің  даму  мүмкіндігін шектейтін  салалар  қатыстырылмауы  тиіс.

Барлық  жоспардың  табыс  және  шығын  бөліктерінің сальдосы (актив  пен  пассив  жиынтығы)  бюджетке, яғни шығын  мен  табыс  жоспарына  енгізіледі, өйткені  мұндайда  негізгі  бағыт  өтімділігі – кәсіпорынның   төлем  қабілетін  сақтау болып  саналады. Әдетте, жекелеген  жоспарлар  тек  сандық  көрсеткіштер бойынша  жасалады, оларды  өзара  байланыстырғаннан  кейін ғана  ақша  көрсеткіштерін  есептейді.

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау