Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

Комбинат  ешқашан өз жұмысын тоқтатқан  емес, әрдайым жаңа цехтар, өгдірістік пен қоймалық бөлмелер салынып тұрды. Компания тарихында үлкен өзгерістер 2009 жылы болды. Компанияның басшылығына  жас талантты мамандар келіп, комбинаттың  бәсекеге қабілеттілігін мына жағдайларға байланысты жоғарылатып жіберді:

  • Өндірістің жаңа техникалық деңгейінің енгізілуі;
  • Шикізат көздерін дұрыс таңдау.

Қазіргі таңда өнімдерді жаңа қазіргі  заманға сай, шетелдік қаптамалардан  кем емес  қаптамаларда шығаруға көп көңіл бөлініп жатыр. Ал серіктестер үшін бизнес себеп болып компания шығаратын өнімдердің халықтың әр түрлі деңгейіне негізделген ассортименттің кеңдігі мен әмбебептылығын атап кетуге болады.

 

2.2 «Восток»  ЖШС-тің қаржылық көрсеткіштерін  бағалау

 

Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қарылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардыі  тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестертіктер және де басқа контрагенттер алдында  өзінің өндірістік-коммерциялық қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуына байланысты. 

«Восток»  ЖШС нан комбинатының өндірістік көрсеткіштерін 1-кестеден көруге болады.  Жалпы өнім көлемінің  жоспары 25056 мың теңге немесе 15,8 %-ға артығымен орындалған, оның ішінде:

а) жұмыскерлер  санының 24 адамға (12 %) жоғарылауынан, жалпы  өнім көлемі 19008 мың теңгеге өсті;

ә) жылдық еңбек  өнімділігінің 27 мың теңгеге (34 %) жоғарылауынан  жалпы өнім көлемі 6048 мың теңгеге өсті (2-кесте).

 

2-Кесте. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің 2011 жылдағы өндірістік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Көрсеткіш деңгейі

Ауытқуы (+;-)

жоспар

нақты

абсолютті

%

Жалпы өнім, мың тг.

158400

183456

+25056

+15,8

Орташа жылдық жұмыскерлер саны, адам.

200

224

+24

+12,0

Жылдық еңбек өнімділігі, мың тг

792

819

+27

+3,4

1 жұмыскер орындаған адам-күндер

220

225

+5

-2,3

Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат

8

7

-1

-12,5

Сағаттық еңбек өнімділігі, тг

450

520

+70

+15,6

Ескерту: www.vostokproduct.kz сайтынан алынған

 

Мұндай  жіктеудің мақсаты жылдық  еңбек  өнімділігінің деңгейі не себепті  өзгергендігін анықтау. Нәтижелік  көрсеткішке әр фактордың әсерін есептеу үшін кейінгі есептеуден алдыңғы есептеуді алып тастау қажет.

Жылдық  еңбек өнімділігі жоспарлағаннан 27000 теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде:

а)   1  жұмыскер орындаған жұмыс күндерінің 5 күнге өсуінен жылдық еңбек өнімділігі 18000 теңгеге өсті:  - 810000 - 792000 = + 18000 тг.

б) жұмыс  күнінің ұзақтығының 1 сағатқа кемуінен, жылдық еңбек өнімділігі 101250 теңгеге  кеміді:  708750-810 = -101250 тг.

в)  сағаттық еңбек өнімділігінің 70 теңгеге өсуінен, жылдық еңбек өнімділігі 110250 теңгеге  өсті: 819000 - 708750 = 110250 тг.

Үш фактордың  әсері жалпы ауытқуға тең: 18000 + 110250 - 101250 = 27000тг. Осылайша, жалпы өнім көлемінің  өзгерісіне 4 фактордың әсерін анықтау  қажеттігі туындайды.

Ол үшін тізбекті алмастыру тәсілін қолданамыз.

 

3-Кесте. «Восток» ЖШС нан комбинатының еңбектің қормен қарулану деңгейіне факторлардың әсерін есептеу үшін мәліметтер

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Абсолютті ауытқуы (+;-)

1.Негізгі   өндірістік   қорлардың  орташа жылдық құны, мың тг

60000

62720

+2720

2. Жұмыскерлер саны, адам

200

224

+24

3. Қормен қарулану, мың тг (1*2)

300

280

-20

Ескерту: www.vostokproduct.kz сайтынан алынған

 

Қормен  қарулану деңгейі жоспармен салыстырғанда 20 мың теңгеге немесе 6,7%-ға төмендеген. Оған екі фактордың әсерін табу үшін жоғарыдағы ескертуді ескере отырып, қормен қаруланудың шартты деңгейін анықтау қажет.

Негізгі қорлар құнының 2720 мың теңгеге өсуі, еңбектің қормен қарулану деңгейін 13,6 мың теңге өсірсе (313,6 - 300); жұмыскерлер санының 24 адамға өсуінен оның деңгейі 33,6 мың теңгеге төмендеген (280-313,6).

13,6-33,6 = -20 мың тг.

Осылайша, тізбекті алмастыру тәсілін пайдалану  факторлардың байланысын, тәуелділігі  мен жіктелуін білуді қажет етеді.

Жоғарыда  айтылғанындай кәсіпорынның табыстылығы  абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен  сипатталады. Талданып отырған кәсіпорынның табыстылығының негізгі абсолютті  және салыстырмалы көрсеткіштері қосымшада  бейнеленген. Қосымша мәліметтері бойынша табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері жоғары карқынмен өсіп отыр. «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің жалпы табысы 32491 мың теңге не 70,5 %-ға, таза табыс 10496 мың теңге не 99,9%-ға жоғарылаған.

Бірақ табыстылықтың  салыстырмалы көрсеткіштері мұндай қарқынмен өсіп отырған жоқ, активтердің  табыстылығы 2,3 пунктке (яғни өткен  жылы активтердің 100 теңгесіне шаққанда 9,8 тг, есепті жылы 12,1 теңге таза табыс  алынған), меншікті капиталдың табыстылығы 8,1 пунктке өсіп отыр. Мұның себебі табыстың абсолютті сомада өсуі капитал  сомасьгаың да есуімен қатар жүруінде. Активтердің табыстылығының өзгерісіне таза табыс сомасы мен активтер құнының өзгерісі әсер етеді. Осы факторлардың әсерін анықтаймыз (тізбекті алмастыру әдісі):

Активтердің табыстылығы (RОА) =Таза табыс / Активтер құны        (1)

Есепті  кезеңде  активтердің табыстылығы  2,3%-дық пунктке жоғарылаған, оның ішінде :

а)   Таза табыс сомасының  10496 мың тг    не 99,9 %- ке өсуінен активтердің табыстылығы 9,9 пунктке өскен (19,7-9,8).

б) Активтердің  орташа жылдық құнының 66550 мың тг не 62,3 % -ға өсуінен активтердің табыстылығы 7,6 пунктке кеміген. Екі фактордың әсері: 9,9-7,6 =2,3

Жиынтық  капитал   рентабельділігі   мен   капитал   айналымы арасындағы байланысты келесідей бейнелеуге болады:

RОА =Rайн. * К айн.                                                                                 (2)

RОА - жиынтық  капиталдың (активтердің) табыстылығы

Rайн.- айналыстың рентабельділігі

Кайн.- капитал  айналымдылығынын коэффициенті

2010 жыл: 9,8%= 7,1%* 1,38

2011 жыл: 12,1 %= 11,3%* 1,07

Жиынтық капиталдың рентабельділігінің өзгерісіне факторлық талдау кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы факторлардың әсерін абсолюттік айырмашылықтар әдісімен аныктауға болады:

1.   Айналыс  рентабельділігінің әсері: (11.3-7.1)*1.07= +4,5%

2.   Капитал  айналымдылығының әсері: (1,07- 1.38)*7.1= - 2,2%

Яғни,   жиынтық  капиталдың    рентабельділігі       айналыс рентабельділігінің   4,2 пунктке өсуінен 4,5%-дық пунктке өскен, ал капитал     айналымдылығының    0,31     ретке         кемуінен     жиынтық капиталдың    рентабельділігі 2,2 пунктке кеміп отыр. Демек, «Восток» ЖШС-нің капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельділікті арттыру мүмкіншілігі бар. Сол себепті капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек.

Ішкі  қаржылық талдау барысында кәсіпорын  шығаратын жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің өзгерісіне баға беруге болады. Жеке өнім түрін өткізудің қаржылық нәтижесі мен ол өнімнің рентабельділігіне өнім бағасының, өнімнің өзіндік құнының өзгерісі әсер етеді. Өзіндік құнның өсу қарқынынан бағаның өсу қарқыны алда болуына байланысты, сату көлемінің кемуіне қарамастан өнім түрін өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр. Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен салыстырғанда өзіндік құн 14,3 % ға өскенде, баға 22,2 % жоғарылап отыр, демек өзіндік құннын 1 пайызға артуына бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.

Сонымен бірге талдау тереңірек болуы  үшін нақты кәсіпорын деңгейінде өнімнің өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не себепті өзгергендігін  анықтау қажет, ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар анықталып, тиісті шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Табыс сомасының  абсолютті шамада өсуі тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші - өнім рентабельділігінің деңгейінің жоғарылауымен қатар  жүруде.  Өнімнің рентабельділігінің өзгерісіне де жоғарыдағы 3 фактордың  әсерін табуға болады.

Ол үшін келесідей есептеулер жүргізіледі:

Табыс сомасы 6 млн. теңгеге жоғарылағанда өнімнің  рентабельділігі 8,9 пунктке жоғарылады, яғни табыстың 1 млн. теңгеге өзгерісі рентабельділіктің 1,48 пайыздық пунктке  өзгеруіне әкеледі: 8,9/6=1,48 Сонда, өнім бағасының 4000 теңгеге жоғарылауынан  өнімнің рентабельділік деңгейі 53,3 пайыздық пунктке жоғарылаған: 36млн  тг*1,48= +53,3%

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау