Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

Өнім  бірлігінің өзіндік құнының 2000 теңгеге  жоғарылауынан рентабельділік денгейі 26,7 пайыздық пунктке төмендеген: -18млн.тт*1,48 = - 26,7%. Сату көлемінің 3000 тоннаға кемуінен өнімнің рентабельділік деңгейі 17,7 пайыздық пунктке кеміді: -12млн.тг* 1,48= - 17,7% Үш фактордың қосындысы: 53,3-26,7-17,7 =+8,9.

Өткен жылмен салыстырғанда өнімнің рентабельділік денгейі 8,9 пайыздық пунктке жоғарылап, 2008 жылы 37,5 %-ды құрап отыр, яғни өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың  әрбір 100 теңгесіне 37,5 теңге пайда  алынған.

Кәсіпорын капиталы меншікті (ішкі) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

Қаржыландырудың негізгі көзі - меншікті капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс кіреді. Бірақ меншікті капитал көлемі шектеулі екенін ескерсек, қаржыландырудың келесі көзі - заемдық капитал болып саналады. Кәсіпорын қызметін заемдық капитал есебінен қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді:

1. Өндіріс маусымдық сипатқа ие болса, бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетіспейді.

2. Егер кәсіпорын  заемдық капитал бағасынан жоғары  табыстылықты қамтамасыз ете  алса, онда заемдық капитал есебінен  өз жағдайын тұрақтандыра алады.

Дегенмен,   меншікті   және   заемдық   капиталдың   қатынасынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы  тәуелді.

 

4-Кесте. «Восток» ЖШС нан комбинатының 2011 жылдағы   авансталған    капиталының    құрамы мен кұрылымы

 

 

Капитал көздері

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

1.Меншікті   капитал

101260

103385

+2125

77,9

47,7

-30,2

2.3аемдық капитал

28785

113294

+84509

22,1

52,3

+30,2

Барлығы

130045

216679

+86634

100

100

 

 

«Восток»  ЖШС нан комбинаты авансталған  капиталы 86634 мың теңге немесе 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл өсімнің 97,5 %-ы  заемдық капиталдың өсімінен болып  отыр. Сол себепті жыл соңында  меншікті капиталдың үлесі кеміп  заемдық капитал үлес салмағы  өсіп отыр.

Талдаудың келесі кезеңінде меншікті және заемдық  капиталдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет (5-кесте).

 

5-Кесте. «Восток» ЖШС-нің 2010 жылдағы меншікті капитал динамикасы

 

 

Капитал көздері

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл

басы

жыл соңы

өзгеріс

арғылық капитал

7171

7171

-

7,1

6,9

-0,2

2 Қосымша капитал

3595

3595

_

3,6

3,5

-0,1

3Резервтік капитал

1626

5426

+3800

1,6

5,2

+3,6

өлінбеген табыс

88867

87192

-1675

87,7

84,4

-3,3

Барлығы

101260

103385

+2125

100

100

 

 

Кезең аралығында меншікті капитал сомасы 2125 мың теңге  немесе 2,1%-ке өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық және қосымша капитал сомасы өзгермеген.

Қазіргі таңда  «Восток» ЖШС Қазақстан  Республикасының аумағындағы жүзден  астам ірі коммерциялық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқаруда.

Зауытта өндірілетін өнімдер Қазақстанның 18 қаласындағы өздерінің жеке филиалдар  (Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Қызыл-Орда, Тараз, Талдықорған, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал,  Көкшетау, Петропавловск) желісі және сауда үйлері арқылы таратылады.

«Восток»  ЖШС нан комбинаты даму тұрақты темптерін көрсетеді, бұл аймақта тиімді орналасуымен және кәсіпорынның өнделген даму стратегиясына байланысты. Материалдық ресурстардың  арзандығы және  жақындығы   өнімнің өзіндік құнының төмендігің дәлелдейді.

 

    1. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-тің  қаржылық нәтижелерін жоспарлау мен болжамдау

 

Балансты оқу  баланс көлемін  есептік кезеңнің соңындағы және басындағы көрсеткіштерімен салыстыруынан басталады. Біркелкі өндірістік жағдайда  баланс жиынтығының өсуі   жағымды боп саналады. Баланс динамикасының өзгеруін  белгіленгеннен кейін өндіріс және сату көлемімен, ұйымның кірісімен ара-қатынасын айқындайды. Өндірістің және сату көлемінің баланс жиынтығына қарағандағы өсу темпілері жоғары болса, бұл қаражаттардың тиімді пайдалануын көрсетеді. Балансты оқу баланс валютасының өзгерісін анықтаудан басталады (Қосымша).  Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-де есепті 2011 жылы баланс валютасы 86634 мың теңге не 66,6% - ға өскен. Баланс валютасының өсуі субъектінің өндірістік мүмкіншілігінің өсуін көрсетеді және оң бағаланады.

Баланс  активінде ақша қаражаттарының, қаржылық салымдардың, негізгі қорлар құнының  өсуі оң бағаланса, пассивте 1-бөлімнің, әсіресе, бөлінбеген табыс бабының  сомасының өсуі оң бағаланады. Егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда баланста келесідей қатынастар сақталуы тиіс:

1) Активтің 1-бөлімінің жиынтығы пассивтің 1-бөлімінің жиынтығынан аз   немесе меншікті капитал  сомасы  ұзақ мерзімді активтер сомасынан көп болуы тиіс. Бұл байланыстың мазмұны келесідей: егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда оның меншікті капиталы толығымен ұзақ мерзімді активтерге ғана емес, бір бөлігі меншікті айналыс қаражаттарына жұмсалуы тиіс.

2) Ағымдағы  активтер сомасы ағымдық міндеттемелер  сомасынан көп болуы тиіс. Бұл теңсіздік бірінші теңсіздікпен байланысты. Яғни, егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда оның айналыс қаражаттарының бір бөлігі меншікті капитал есебінен қаржыландырылуы тиіс. Басқаша айтсақ, кәсіпорын ағымдық міндеттемелерін бірден толықтай өтеген жағдайдың өзінде, оның айналысында меншікті айналыс қаражаты қалуы керек. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-де екі  кезеңде де жоғарыдағы теңсіздіктер сақталады және кәсіпорын соңғы жылды табыспен аяқтап отыр. Осы себепті   кәсіпорынның   қаржылық жағдайына оң баға беруге болады.

Баланс  бойынша ЖШС-нің ұзақ мерзімді активтері  толықтай негізгі қорлардан қалыптасқан  және негізгі қорлар құны жыл ішінде 5,7 %- ға кеміген. Ал ағымдық активтер құны 1,4 есеге артқан. Ағымдық активтердің  құрамы мен құрылымына 6-кесте көмегімен талдау жасауға болады.

 

6-Кесте. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің 2011 жылдағы ағымдық активтерінің құрамы мен құрылымы

 

Мүлік түрлері

жыл басы

жыл аяғында

өзгеріс (+,-)

мың тг

%

мың тг

%

мың тг

%

Ағымдық активтер: оның ішінде:

64323

100

154713

100

+90390

+140,5

ауарлы-материалдық қорлар

20510

31,9

70780

45,7

+50270

+ 245,0

- дебиторлық берешек

35372

55,0

76571

49,5

+41199

+ 116,5

- ақша қаражаттары мен қаржылық  салымдар

8441

13,1

7362

4,8

-1079

-12,8

 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайына заемдық капиталдың құрамы мен құрылымы үлкен әсер етеді, яғни ұзақ, қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасы (6-кесте).

Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің заемдық капиталы 84509 мың теңге не 3,9 есеге артқан. Осы өсімнің 77%-ын жабдықтаушыларға берешек қамтиды. Сонымен бірге  кредиторлық қарыздың басқа түрлері  де өсіп отыр. Кредиторлық қарыздың жинақталуы жағымды құбылыс емес, сол себепті талдау барысында  кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін, себептерін, олар бойынша  төленген айыппұл сомаларын анықтау  қажет. Ол үшін балансқа қосымшаларды, аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалану қажет.

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау