Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

Батыс кәсіпорындары  қызметінің  осал  тұстары, сату саласы  болып саналады, сондықтан  да  кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі  салаларында  рынок  сыйымдылығы  мен  өткізу  көлемін  болжамдау  негізгі  роль  атқарады.

Кез-келген  қаржы  жоспарының  нақты бағасы  өнімді  сату  көлемінің  мүмкіндігін  болжамдауға  немесе өткізуден  түскен  пайда  көлемін болжамдауға  байланысты. Сол  себепте  де  рынок  сыйымдылығы  мен  өткізу  көлемін  болжамдау  маркетингте  және өткізу ісінде  айрықша  роль  атқарып  қоймай, басқа  да  іс-әрекет  бағытында  шешуші  фактор  болып  саналады. Мәселен, өндірісте - өндірістік  қуат ауқымын  жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат  қажетін,  ал  қаржы  саласында – ақша  айналымы  мен  күрделі  қаржыны  жоспарлағанда  болжамдау  ерекше  қажет.

Жоспар  жасаудың  алғашқы  қадамы бастапқы  ақпарат  жинау  болып саналады, өйткені  мұның  өзі  рынок туралы  толық мағлұмат  береді.

Жоспарлаудың  директивті және индикативті түрлері де белгілі. Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырып, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қолданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар әлеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.

Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей  нысандардың бірінде жүзеге асыруда  қатыса алады: 1) республикалық немесе аймақтық мақсатты кешенді бағдарламаларда  қатысу; 2) өнімді жеткізу, мемлекеттік  қажеттілік үшін қызмет пен жұмыстардың  орындалуы. Индикативті жоспарлау  микродеңгейде де, оның ішінде болашақты  жоспарлауды құруда және жасауда  қолданылады.

Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады. Жоспар ұзақтығы бойынша ке-лесілерге бөлінеді: 1) ұзақ мерзімді жоспарлау; 2) орташа мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқа  мерзімді (ағымдағы) жоспарлау.

Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация  облысында кабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды  бағалауға негізделген, яғни болашақта  болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің  дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты  жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде  қарастыруға мүмкіндік береді.

Қойылған  мақсат маңыздылығы бойынша: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар болып бөлінеді. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталган  ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан  тұрады. Стратегиялық жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде  нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға  жоспарлауды айқын бағыттау болып  табылады. Стратегиялық басқарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді  үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы  даму стратегиясын құру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.

Стратегиялық  жоспарлау өзінің негізінде қабылданған  жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау  бойынша сәйкес шараларды қайта  қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне  негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.

Тактикалық  жоспарлау – кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын  ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.

Ішкі  өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техникалық -экономикалық жоспардың  негізінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген парапарлы  және негізгі қызмет түрлері бойынша  бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың  орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджеттеу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен  кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі  құралы болып табылады.  Кәсіпорын  бюджеті - белгілі бір кезеңге  кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның  шаруашылық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.

Оралымды  жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде  кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау  жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды, бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады. Инвестициялық жобалар (күрделі  салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, ұзақ мерзімді си-патпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыкқа шығу және шаруашылық  қызметтің  пайдалылығын  қамтамасыз  ету  үшін жүргізіледі. [2]

Кәсіпорындардағы  қаржылық жоспарлау технологиясының  өзектілігі жылдан жылға өсіп жатыр. Берілген инструменттердің тиімділігі  мен маңыздылығын ескере отырып, фирманың топ менеджерлері фирманы қаржылық басқаруында жиі қолдана бастады. Жылдан жылға кәсіпорындардағы қаржылық жоспарлау жүйесі жақсарып жатыр.

Бірақ та, қаржылық жоспарлаудың технологиясын  пайдалануда көптеген проблемалар  туындап жатыр. Ю.Масленчиков Аccenture агентствосының мәліметтеріне сүйене отырып, қаржылық жоспар жүйесіне әсер ететін қаржыландырудың келесі проблемаларын  ұсынып отыр: концептуалды, методологиялық, есептік, басқарушылық, аналитикалық, қаржылық және инвестиционды.

Ю.Масленчиковтың ұсынып отырған классификациясындағы кемшілік: қаржылық жоспарлаудың теоретико-методологиялық проблемалары қарастырылмаған. Бұл  проблеманың мәні берілген технологияның  негізіне салынған базалық элементтерінің мәндес анықтамалардың жоқ болуы. Бұл  қаржылық жоспарлау жүйесін әзірлеуде  көп варианттардың пайда болуына алып келіп, шаруашылық жүргізу практикасында қолдануды қиындатады.

Қаржылық  менеджмент дамуының қазіргі кезеңінде  «қаржылық жоспарлау» терминінің келесі көзқарастары бар.

Біріншіден, ол «капиталға қаржы салуды бағалау  мен жобаны таңдау процесі және де оны бюджет пен қаржылық жоспар ретінде  қалыптастыру» ретінде қаралады.  Былай қарағанда, бұл көзқарас Т.В.Теплова  мен И.Закарян ұсынған анықтамаларға  ұқсас болып келеді.  Мысал  ретінде Т.В.Теплованың ұсынған анықтамасын  қарастырайық: «Қаржылық жоспарлау  бұл - ұзақ мерзімді қаржылық көзі ретінде  капиталды,сондай-ақ ақша құралдарын тарту  мен пайдалану  туралы көптеген жоспарларды  құру процесі». Берілген анықтама Ю.Масленчиковтың көзқарасымен тығыз байланысты, бірақ  та белгілі айырмашылықтар бар:  бұнда бір бюджет емес, бірнеше  жоспарлар туралы, сонымен қатар, капиталды салымдар емес, ақша құралдары  мен капиталды тарту туралы ой айтылып отыр.

Сондай-ақ қаржылық  жоспарлау  туралы «жоспарланған  кезеңге қаржылық ресурстар көлемінің  қалыптасу көздерін және кәсіпорынның өндірістік және маркетингтік көрсеткіштері  бойынша мақсатты пайдаланудың арнаулы  бағыттарын болжау» көзқарасы бар. Бұған Н.Н.Куницына, О.Е.Николаева, Т.В.Шишкова  және В.Г.Золотогоров ұсынған анықтамаларды  жатқызуға болады. Н.Н.Куницынаның  анықтамасы бойынша «қаржылық жоспарлау  – бұл нақты қаржылық жоспарда пайдаланатын бөлу, қайта бөлу, арттыру  және қаржылық ресурстарды пайдалану  процестерін басқару». О.Е.Николаев пен Т.В.Шишкова қаржылық жоспарлауды  «жоспарланған қызметтер үшін ресурстардың қаржыландыруын жоспарлау» деп анықтайды. Ал В.Г.Золотарев қаржылық жоспарлаудың мәнін «ресурстардың қозғалысы  мен сәйкес қаржылық қатынасты негіздейтін  процесс» ретінде ашады. Берілген анықтамалар  әр түрлі түсіндіріледі, бірақ та олар бір мәселеде ұқсас – қалай  да болмасын барлық анықтамалар кәсіпорынның қаржылық ресурстарымен байланысты.

Г.П.Кузина мен Е.И.Шохин сияқты авторлар қаржылық жоспарлауды қаржылық менеджменттің  бір функциясы ретінде қарастырады.

Кейбір  авторлар, мысалы, К.В.Щиборщ қаржылық жоспарлау «қаржыландыру» (бюджетирование) терминімен теңестіреді. Бұл көзқарас авторлардың ішінен өте көп таралған.

Сондай-ақ кебір авторлар, С.Н.Золотарев, А.А.Верколаб және т.б., қаржылық жоспарлауды кәсіпорынның белгілі мақсаттарға жетудегі басқару  қызметі немесе процесі ретінде  қарастырады. Мысалға, А.А.Верколаб ұсынған  анықтаманы қарастырайық: «қаржылық  жоспарлау – бұл кәсіпорынның болашақтағы тұрақты қаржылық жағдайын жетудегі қаржылық мақсаттарын қалыптастыру процесі, оған жету жолдары мен қаржылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету».  [3]

Бұл «қаржылық  жоспарлау» туралы ең негізгі көзқарастар  болып табылады. Бірақ іс жүзінде  ондай көзқарастар өте көп, себебі әр автор өзінің ойын ұсына отырып, бар көзқарастарды дамытуға үлестерін  қосады.

 

    1. Кәсіпорында  қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесін ұйымдастыру

 

Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп  көрсетуге болады:

1) орталықтанған;

2) орталықтанбаған;

3) аралас, екі жүйенің де элементтері  бар.

Басқару жүйесі орталықтанған ірі кәсіпорындарда (корпорацияларда) өндірісті басқару  және жоспарлау функциялары да орталықтанған  болады. Жоғары жетекшілікте жоспарлаудың орталықтанған қызметі болады. Бұл  қызмет тікелей бас директорға немесе бас директордың орынбасарына бағынады, сондай-ақ болашақтағы және ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысады. Осылайша жоспарлаудың орталықтанған жүйесінде  өзара байланысты кәсіпорынның жұмысын  үйлестіру жеңіл және ішкі кәсіпорындық, зауытаралық жеткізулерді байланыстыруға болады. Бірақ орталықтанған жоспарлау  шегі өзара байланысты кәсіпорындардың  бір кешенімен шектеледі. Компания қызметінің көлемін кеңейтумен, әртараптандыру үдерісін күшейтумен ішкі кәсіпорындық басқарудың орталықтанбаған жүйесін  қолдану қажеттілігі пайда болады.

Жоспарлаудың  орталықтанбаған жүйесінде компанияның  бас директорға тікелей (президентке) бағынатын басқа бөлімдерімен қатар  жоспарлаудың орталық бөлімі болады. Сондай-ақ өндірістік топтар мен бөлімдердің (әр топта немесе бөлімде) жоспарлау  бөлімдері болады. Ірі кәсіпорындарда болашақты жоспарлауды орталықтандыру өндірістік мүмкіндіктерді неғұрлым толық  ескере отырып, ағымдағы жоспарды құру кезінде, кәсіпорындағы және бөлімдегі  ынтаны арттыруға алып келетін орталықтанбаған  ағымдағы жоспарлаумен үйлесуі қажет.

Кәсіпорынды жүйе ретінде қарастырғанда, фирмада  қаржылық жоспарлау жүйесі қалыптасу  қажет.

Ол үшін берілген жүйенің мақсаты мен  қызметінің нәтижесін, жоспарлау процесінің қатысушыларын, кәсіпорын бөлімдерінің қызметтерін, керек мәліметтердің  құрамын, әдістерін, инструменттер  мен қаржылық жоспарлаудың техникалық құралдарын анықтау керек.

 Кәсіпорындағы  қаржылық жоспарлаудың жүйесі  «Қаржылық жоспарлау туралы ереже»  сияқты фирмаішілік құжат арқылы  регламенттелуі қажет. Қазіргі  таңда қаржылық жоспарлау жүйесін  жасауда жоспарлаудың интерактивті, айнымалы мен өзгермелі түрлеріне  көп көңіл бөлініп отыр. 

Қаржылық  жоспарлар құрылымы жағынан болсын, мазмұны жағынан болсын күрделі  болып келеді. Сондықтан да оларды жасауда кәсіпорынның көптеген бөлімдер мен бөлімшелер (қаржылық бөлім, жоспарлық-экономикалық бөлім, маркетинг бөлімі, бухгалтерия, материалды-техникалық өамтамасыз ету бөлімі, өткізу бөлімі, басты механиктің бөлімі, басты энергетиктің бөлімі, капиталды құрылыстың бөлімі, өндірістік бөлімше т.б.) өздерінің күш жігерін салу керек. Стратегиялық қаржылық шешімдер кәсіпорын деңгейінде шешілу қажет.

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау