Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

«Бюджеттен  тыс қаржыландыру» арқылы жоспарлаудың дәстүрлі қаржылық жоспарлаудан айырмашылығы 1-кестеде берілген.

Сонымен «бюджеттен тыс қаржыландыру» бюджеттен (бақылау инструменті ретінде) бас  тартуды және оның орнына оралымды қаржылық болжамдарды, көрсеткіштердің  балансталған жүйесін, процестерге  негізделген қаржылық көрсеткіштердің  есебін, бенчмаркинг пен үздіксіз жоспарлауды пайдалануды ұсынады.

Бюджеттен бас тартудан түсетін негізгі  артықшылықтар ретінде мыналарды  атауға болады:

  1. Жоспарлауға кететін шығындарды азайту;
  2. Ресурстарды жоспарлау мен мақсаттарды енгізуге кететін уақытты азайту:
  3. Тиімділікті жоғарылату жолдарын іздестіру;
  4. Жоспарлардың икемділік пен бейімделгіштік қасиетін жоғарылату, жоспарлық көрсеткіштерді түзетуге кететін уақытты азайту.
  5. Менеджерлердің қызметтері бөлімшелердің тар қызуғышылығымен емес, стратегиялық мәселелермен байланыстырылады.
  6. Жоспарлық пен есептік мәліметтердің нақтылығы артады.

 

 

1-кесте. «Бюджеттен тыс қаржыландыруға» негізделген жоспарлану мен дәстүрлі қаржыландыруға негізделген жоспарлаудың ерекшеліктері

 

 

дәстүрлі бюджетті жоспарлау

«бюджеттен тыс қаржыландыру»  шегіндегі жоспарлау

Мақсаттарды анықтау

Жоспарлы бюджетті көрсеткіштер түріндегі  мақсаттар, олар талданған ішкі мүмкіншіліктерге негізделеді

Абсолютті көрсеткіштермен айқындалған  тіркелген қаржылық жоспарлардың болмауы. Мақсаттар салыстырмалы индикаторлар түрінде белгіленеді.

Қызметті жоспарлау

Көптеген келісімдердің арқасында  жасалған жоспар айқын нұсқаларды береді. Олар қызметкерлерге жыл ішінде не істеу керек екендігін көрсетеді.

Қызметтің орталақтандырылған директивті жоспарланудан бас тарту. Сонымен  қатар оралымда қаржылық болжамдар  мен көрсеткіштердің баланстандырылған  жүйесі қолданылады.

Ресурстарды жоспарлау

Ресурстар бюджеттік келісімдердің  негізінде бекітіледі. Ресурстардың көлемі абсолютті мөлшерде бюджетпен  анықталады.

Бюджеттен бас тарту. Операционды  ресурстардың жоспарлануы тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне негізделген  нормативтер бойынша жасалады (мысалы, табыс пен шығыстардың байланысы).

Ескерту: автормен құрастырылған

 

Бірақ та «бюджеттен тыс» басқару мына жағдайларда  ғана тиімді бола алады:

  • Басқарудың радикалды орталықсыздандыру;
  • Басқарудың барлың деңгейлерінде жоғары білімді мамандардың болуы;
  • Жақсы нәтижелерге жетуге ынталандыру;
  • Қаржылық анықтылық; ақпараттық ашықтық;
  • Этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін корпоративті мәдениет;
  • Қаржылық ресурстардың қолжетімділігі.

Егер жоғарыда берілген шарттар  орындалмаса, бюджеттен бас тарту  кәсіпорынды қаржылық дағдарысқа әкелуі мүмкін. [5]

 

1.3. Кәсіпорынның  қаржылық жоспарының мен болжамдаудың  әдістері

 

Қаржылық  жоспарлау кәсіпорынның қаржылық мақсаттарына жетудің жолдарын іздестіреді. Яғни, қаржылық жоспарлау – келешекте  жасалатын істердің бағдарламасы. Қаржылық жоспардың мақсаттары таңдалған  қаржылық шешімдерге байланысты болады:

  • Сатудың максимилизациялануы
  • Табыстың максимилизациялануы 
  • Кәсіпорын иелерінің меншігінің максимилизациялануы

Нарықтық  белсенділіктің маңызды бөлігі алғашқы  екі критерий (сату мен табыстың максимилизациялануы) болып табылады. Бірақ та басқа мақсаттардың байланысы  мен ұзақ мерзімге компанияны капиталмен қамтамасыз ететін ең басты мақсат – компания иелерінің болашақтағы пайдасын максимилизациялау болып табылады. Бұл мақсат активтердің нарықтық бағасының өсу салдарынан туындайтын табысты арттырудан тұрады.

Қаржылық  жоспардың міндеттері:

  • Қойылған мақсаттардың келісушілік пен орындалу дәрежесін тексеру;
  • Кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорын дамуының, сонымен қатар, инвестициялаудың көлемі мен қаржыландырудың әдістеріне анализ жасау;
  • Іс-әрекеттер бағдарламасы мен қолайсыз жағдайлар кезіндегі іс әрекеттерді анықтау;
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылау жасау.

Қаржылық  жоспарлау бір жағынан қате әрекеттерді  болдырмау,а қатысады, екінші жағынан, қолданылмаған мүмкіншіліктер санын  кемітеді. Қаржылық жоспарлаудың әдістері кәсіпорын қаржысының дамуының түрлі  сценарийлерін салыстыруға мүмкіндік  береді, және жүйелеудің негізінде, алынған  ақпараттардан фирма дамуының оптималды  жолдарын таңдауға, мүмкін қиыншылықтарды болжауға, таңдалған бағыттың жағымсыз салдарларын ескерту. Жоспарлау  қаржылық стратегияның мүмкін болатын  баламалы істерді көруге мүмкіндік  береді. Бұл іс әрекет кәсіпорынның нарықта тұрақты және төзімді  орында болуға көмектеседі. Қаржылық жоспарлаудың жоспарлық міндеттерді орындау  субъективті процесс ретінде  экономикалық заңдар мен заңдылықтарды  орындау сияқты объективтік шарттарға  негізделеді. Олар қаржылық ресурстар  қозғалысының негізгі бағыттарын орнатуға, қаржылық жоспардың мазмұнына, сонымен  қатар бұл процесті ұйымдастыруға  ықпал етеді. Дәл осы уақытта  қаржылық жоспардың ғылыми деңгейінен, оны дұрыс ұйымдастырудан, прогрессивті әдістер мен түрлерін қолдануға  барлық ресурстарды рационалды пайдалану  мен экономикалық тұтқалардың өтімділігі тәуелді болады. [6]

Жоспарлаудың 4 этапы кәсіпорынның келешегіне, жоспарлаудың әр кезеңіне ықпал ететін шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады. Келешекті  ешкім нақты болжай алмағандықтан, жоспарлау үздіксіз болу қажет. Қаржылық жоспарлаудың әрбір этапында жаңа келген ақпараттарды ескеру қажет.

Қаржылық  жоспарлау практикасында келесі әдістер қолданылады:

-   нормативті әдіс (бекітілген мөлшерлер  мен нормативтер негізінде кәсіпорынның  материал, қаржы, еңбек ресурстарына  қажеттіліктері есептеледі, сондай-ақ  осы қажеттілікті жабу көздері  анықталады);

-   есептеу-талдамалық    әдісі    (базалық   көрсеткіштің сандық  мәні мен жоспарлы кезеңдегі  оның өзгеру индексін талдау  негізінде, көрсеткіштің жоспарлы  мәні анықталады; бұл әдіс көрсеткіштер  арасындағы тікелей емес, жанама  өзара байланыс болғанда қолданылады);

-   теңдестік әдісі (материалды, еңбек,  қаржы теңдестіктерін кұру кезінде  бар ресурстар мен оған деген  нақты қажеттіліктің байланысына  қол жеткізіледі);

-   жоспарлы шешімдерді тиімді ету  әдістері (дамудың бірнеше нұсқасын  жасау және оның ішінен неғұрлым  тиімдісін таңдау);

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау