Каржылық жоспарлау мен болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа

Описание

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.

Работа состоит из  1 файл

каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать документ)

Ауытқушылықтар, дефицит пен залалдар  жоспарланған әр период үшін анықталады. Осыдан кейін  капиталдың оптималды құрылымы анықталады.  Оптималды құрылымға сүйене отырып,  уақыттың әр кесіндісінде каржыландыру көздерінің бағасы орнатылады. Бұл  теория жағынан қаржыландыру көздерінің бағасын төмендету мен төлемқабілеттіліктің қажетті деңгейімен қамтамасыздандыра  алады.

 

    1. Кәсіпорында қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары

 

Мақсатты  кешенді бағдарламалар бойынша  шығындардың тиімділігін анықтау кезінде жалпы тиімділіктен басқа жеке шаралар мен тапсырмалардың тиімділігі де есептелінеді. Мұнда жалпы тиімділік көрсеткіштері нәтиже алудың және шығындарды жұмсаудың есептік мерзімдеріне негізделе отырып, анықталады. Соңғы өнім - халық шаруашылығының соңғы өнім өсімінің элементі болып табылатын, сол мақсатты кешенді бағдарламалар бойынша құндық және табиғи көріністегі бағдарламаның ақырғы өнімінің бағдарламаны жасауға кеткен толық (ілеспелі салаларды ескергендегі) шығындарға қатынасы тиімділіктің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігінің есептері жоғарыда көрсетілген қорытынды көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Шығындардың экономикалық тиімділігін жан-жақты негіздеу және талдау, олардың тиімділігін арттыру жолдарын айқындау үшін қорытынды шешімді қабылдау кезінде алынатын нәтиженің жеке жақтарын сипаттайтын қосымша көрсеткіштерді пайдаланған дұрыс: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, меншікті күрделі салымдар, шикізат, материалдар, отын, энергияның үнемделуі, өндіріс шығындарының төмендеуі, әлеуметтік нәтижелер.

Қаржылық  жоспарлау кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық міндеттерін атқару үшін қаржылық ресуртарын тиімді пайдалануды  көздейді.  Осы мақсатпен жүргізіліп отырған қаржы саясатына талдау мен анализ жасалады, оның кемшіліктері мен осы кемшіліктерді жою  жолдары, сыртқы ортаның әсерінен өзгеретін қаржылық жоспарды жетілдіру жолдары анықталады.  Ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға жету үшін қаржылық стратегия құрылады. Ол қаржылық тактикамен байланысты болып келеді. Стратегия кәсіпорынның тұрақтылығын, капиталдың оптималды құрылымын, пайданың өсуін, инвестициялық тартымдылықты, несиенің жоғары рейтингін, акция бағасының өсуін қамтамасыз етеді. Тактикалық міндеттер салық салу режимінің өзгерістерінен туындайтын ауытқуларды, нарық жағдайын есепке алатын кәсіпорын стратегиясына сай жасалады.

Қаржылық  жоспарлардың тиімділігі ірі кәсіпорындарда оңай жетіледі. Ал орта мен шағын  бизнес иелерінің қаржылық жоспарларының  тиімділігін бірқатар факторлар  азайтады:

  • Қоғамдық және экономикалық қатынастардың оперативті және глобалды реформалау;
  • Құқықтық нормалардың тиімділігінің төмен болуы;
  • Қаржылық стратегияны талқылау мен зерттеуге арналған қаржылық ресурстардың тапшылығы.

Стратегиялық  қаржылық жоспардың тиімділігін  жоғарылату кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін болжамдалған көрсеткіштерге жақындату. Қаржылық жоспарды жетілдіру үшін бірқатар шаралар жасалану тиіс:

  • Нарықтың баға бойынша активтерді бағалау;
  • Бартерлік және т.б. ақшасыз есеп айырысудан бас тарту;
  • Стратегиялық дамаудың барлық этаптарында кәсіпорынның тұрақтылығына анализ жасау;
  • Материалдық құндылықтардың инвентаризациясын және оның құрылымын нормативтік көрсеткіштерге сай жасау;
  • Меншікті және қарыз құралдарының арақатынасына талдау жасап, оңтайландыру;
  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктерін оңтайландыру;
  • Несие пайдаланудың рентабельділігіне анализ жасау;
  • Әр түрлі несиелік ұйымдардың несиелеу шарттарын талдап, жарамды нұсқаны талдау.

Дебиторлық  пен кредиторлың берешектің анализін жасау арқылы қаржылық қызмет нормативтік  нормаға сипатқа сай өзара  есептеуді жүргізе алады, үмітсіз  қарыздарды есептен шығарады, наразылық  пен соттық дауды ресімдейді. Бухгалтерлік, аналитикалық және салықтық есепті қатесіз  және дәл жүргізу өнімнің өзіндік  құнының жанама шығындары нұсқасын, тұрақты және аралас шығындары, амортизациялық аударымдарды есептеу әдісі таңдау арқылы салық салу мөлшерін азайтуға болады. Есепті ұйымдастыру салық салу базасын азайтып, ағымдағы және перспективалы қызметтің операционды, функционалдық-бағалық анализін жүргізуді жеңілдетеді.

Қаржылық саясаттың аналитикалық зерттеулерінің мәліметтерін түзету ұйымның  тиімді қаржылық жоспарын құруға көмектеседі. Бұл стратегиялық даму үшін ресурстарға деген қажеттілік пен қаржылық мүмкіншіліктермен, шығындар баптары бойынша қаржылық құралдарды рационалды бөлумен қамтамасыз етеді. Бұл процесс максималды тиімділікпен бар ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді: қаржылық, еңбек пен материалды ресурстар.

Сонымен қатар қазіргі нарықтық жағдайдағы қаржылық жоспарлардың кең  пайдалануына басқа да факторлар  әсер етеді. Олардың негізгілері:

  1. Қоғамдық өмірдің барлық сфераларында өтетін глобалды өзгерістерге байланысты, Қазақстан Республикасы нарығындағы белгісіздіктің жоғары деңгейі (олардың болжамсыздығы жоспарлауды қиындатады);
  2. Ірі қаржылық жоспарларды жасай алатын кәсіпорындар санының аз болуы;
  3. Отандық бизнестің дұрыс нормативтік-құқықтық базаның болмауы.

 Тиімді қаржылық жоспарды  жүзеге асыру мүмкіндігін ірі  компаниялар иемденеді. Олардың қаржылық ресурстары кеңмасштабты жоспарлық жұмысты орындау үшін жоғарыбілікті мамандарды шақыруға жеткілікті болады. Шағын кәсіпорындарда бұл үшін құралдар жеткіліксіз болады да, бірақ та олар ірі кәсіпорындарға қарағанда сапалы қаржылық жоспарда қажетсінеді. Шағын кәсіпорындар өзінің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарды жұмылдыруға көп көңіл бөледі де, сол уақытта осындай кәсіпорындардың сыртқы ортасына бақылауды қиындатады. Сондықтан шағын компаниялардың ірі компанияларға қарағанда келешегі болжанбайтын және белгісіз болады. [16]

Қазақстандық кәсіпорындар үшін жоспарлауды  керек ететін екі сфераны бөліп  көрсетуге болады:

  1. Жаңадан ашылған жеке фирмалар. Капиталдың қарқынды қорлану процесі көптеген жаңа фирмалардың қызметінің шиеленісуіне әкеліп, ағымдағы нарық жағдайына сай қаржылық жоспарды құру қажеттілігіне әкелді. Осы сферада жоспарлауды пайдаланудың негізгі проблемасы формальды жоспарлануға сенімсіздігі
  2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік меншігінде болған жекешелендірілген кәсіпорындар. Оларға жоспарлау функциясы дәстүрлі болып табылады. Бірақ та олардың тәжиребесі орталықтандырылған экономика жағдайына жатқызылады. Осыдан осы кәсіпорындарда жоспарлау қосымша, екінші ретті сипатқа ие болып, жоспарлық қызметті орталық пен салалық деңгейде көрсетті.

Информация о работе Каржылық жоспарлау мен болжамдау