Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:10, курсовая работа
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
3. Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.
Сондықтан бұл екі типтегі фирмалар үшін ішкі қаржылық жоспарды қайта игеру керек.
Тиімсіз қаржылық жоспардың себептерін зерттей отыра, жоспарлауды жасаудың келесі принциптері анықталды:
Бұл принциптерді жүзеге асыру зиянды минималдауға көмектесетін стратегияны қалыптастырып, жүзеге асыруға көмектеседі.
Қорытынды
Жоспарлау басқару функциясының ішінде ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды. Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық және тәуліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымең біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құрылады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі.
Кәсіпорында қолданылатын жоспарлаудың нормативті, есептеу-талдамалық, теңдестік әдісі, жоспарлы шешімдерді тиімді ету әдістері , экономика-математикалық үлгілеу әдістері қолданылады.
Кәсіпорында жоспарлау өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ұйымдастырушылық түрлерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше қағидасы - оларды болашақтан қазірге дейін құру. Жоспарлаудың бұл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасында жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б. Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетіне сәйкес болуын ескеру қажет.
Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес-жоспарлардың бірнеше түрлері белгілі: өндірістік бизнес-жоспар немесе кәсіпорынды дамыту бизнес-жоспары; инвестициялық бизнес-жоспар, жаңа кәсіпорынды, жаңа тауар мен қызметтерді құрудың бизнес-жоспары; несие алу үшін бизнес-жоспар және т.б.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі.
Сатылым көлемін, сатылған өнімді өндіруге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығынды болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек, мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұскада жасау қажет.
Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын ала көріп-біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер екезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі