Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

    Реструктуризациялау  мақсаттары  мен  оларға  жету  критерийлері. Реструктуризациялаудың  басты  мақсаты – кәсіпорынды  дағдарыстан шығару болып  табылады. Бұл  жерде  ең  бастысы  өндірістің  тиімділігіне  жету, активтерді  басқару  сипаттамаларын  өзгеру  және заемдық қаржыландыру  мүмкіндіктерін  қолдану  сияқты бағынысты   мақсаттарға  жету  керек.

    Кәсіпорынның  қызмет  етуі бойынша  тиімділігінің  маңызды  көрсеткіші  ретінде  меншікті  капитал  құнын  жоғарлату  болып табылады. Сондықтан  реструктуризация әдетте  осы бағыт бойынша  жүзеге  асырылады.  Осы  жердегі  кәсіпорынның  құнын  көрсеткішін реструктуризациялау  критерийі  ретінде алу кездейсоқ  емес. Кәсіпорынның иелерін  түпкілікте өндірістің  типі  мен  технологиясы,  өнімнің параметрлері,  өткізу  нарықтары  сияқты  проблемалар аз  қызықтырады. Олардың капиталы  салымдарының  тиімділік  критерийі  ретінде  кәсіпорын  иесінің  жеке  әл – ауқат  деңгейінің  жоғарлауы мен фирманың  тұрақты  дамуына  себепші  болатын  салымдар құндарының  тұрақты  өсуі  болады. /14/

    Кәсіпорынның  құны бизнесті  бағалау  арқылы  анықталады. Бағалаудың  дәстүрлі үш  тәсілдемелер  ішінде  біздің пікіріміз  бойынша  тек  ақшалай  ағымдардың  дисконтталған  құнын  анықтауәдісі  ғана  компанияның ішкі экономикалық  құнын  толық тұрғыда  бейнелеген.  Бұл  ақша  ағымдарының  кәсіпорынның нарықтық  құны көрсеткіші  мен  жоғары  дәрежеде корреляциялаумен  айрықшаланады. Сондай – ақ  ол  опперациялық,  инвестициялық және  қаржылық қызметтерге  қатысты  барлық шешімдерді  ескеретін  ақшалай  ағымды  көрсеткішін  экономикалық  мәнімен  айрықшаланады.

    Фирманың  құны  көрсетіші – кәсіпорынның тұрақтану периоды (есептік период)  бойынша ақша  ағымдарының ағымдық келтірілген құндары мен есептік периодтан аса ақша  ағымдарын дисконтталған құндарының қосындысы ретінде анықталады.

    Ақшалай  ағымдар қарыздық міндеттемелерді,  меншікті  айналмалы  қаражаттарға  және  капитал  салымдарына  қажеттілік,  мақсатты  бағыттағы  өз  басқаруында  қалған  кәсіпорынның  қаржылық  ресурстарындағы  өзгерістерді  ескерумен таза  пайда  көрсеткіш  негізінде анықталады.

    Ақшалай  ағымдардың дисконтталған  әдістері арқылы  алынған  бизнестің  құны  өте  жиі  теріс  шама  болып  қалады. Бұл  болса,  кәсіпорын  иелерінің ақша  қаражаттарын  басқа  жаққа  кетуін  білдіреді. Бұл  көбінесе меншікті  айналмалы  қаражаттардың  хроникалық  тұрғыда  жетіспеушілігі, елеулі қарыздық  міндеттелер  бойынша   төлемдерді  жүзеге  асыру қажеттілігі. Капитал  жұмсалымдарына   қажеттіліктері  кесірінен  болған  дағдарыстар жайттарға  байланысты  болады.

    Реструктуризациялаудың  тұжырымдамасы. Реструктуризацияның дәстүрлі міндеті – бизнестің  құны  көрсеткішін  максимализациялау. Оның  тұжырымдамасын әзірлеу  келесі әдістемені  көздейді. Бірінші кезеңде  кәсіпрорынның  құны   жоғарыда  айтылғандай  ақшалай  ағымдардың  құнын  дисконттау  әдісі  арқылы  іске  асырылады. Содан  соң  әсіпорынның  операциялық (негізгі), инвестициялық  және  қаржылық  қызметтерін реструктуризациялаудың  түрлі варианттары  әзірленеді.

    Опперациялық (өндірістік)  факторлар  шендерінде  шығарылатын  өнімнің  номенклатурасы,  бағақалыптасуы, шығындардың тиімділігі,  өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен  өнімді  жылжыту  жүйелері, өнімді  сатқаннан кейінгі қызмет  көрсету  жүйесі  (өнім сапасына  кепіл  беру) туралы  талдауды  қажет етеді./13/

    Инвестициялық  факторларға  қатысты құнның   қозғалуын анықтайтындарға негізгі және  айналмалы құралдарға  жұмсалымдарды басқаруды, меншікті  айналмалы қаражаттың  деңгейін  оптимизациялауды  жатқызуға болады.  Осыған орай  тауарлық  материалдар запастардың деңгейі,  дебиторлық  берешек жинау, несиелік  берешекті  басқару, қуаттылықтың  көбеюі, капитал  жұмсалымдарын  жоспарлау,  активтерді  сату  талданады.

    Қаржылық  факторларға келетін  болса,  меншікті  капиталдың құны, оның  қарыз  сапасы  мен  ара  қатынасы, капиталдың  құрылымы  жатқызылады. Бұл қаржылық  қызметті  реструктуризациялау шеңберінде  іскерлік  тәуекелдің  факторларын басқару,  капиталдың  оптималды құрылымын ұстап отыру мен үлестік салым бойынша пайда саясаты талданады. Мәселен,  іскерлік  тәуекелдің  төмендеуі табыстың  ставкасын  төмендетеді./13/. 

    Әзірленген  шаралар  тексеру ақшалай ағындардың дисконтталған модельдері көмегімен  жүзеге асырылады. Ал варианттарды іріктеу  критерии ретінде кәсіпорын капиталы ның өсуі алынады. Бұл болса, яғни бизнестің құнын жоғарлатуға бағытталған стратегиялар реструктуризациялаудың одан ары болатын  варианттарын қарастыруға негіз болады. Реструктуризациялау стратегиялары оңай варианттардан күрделілерге қарай қарастырылуы керек. Ондай жағдайда варианттарға артықшылық  беру кезінде келесілер ескерілуі қажет.

  1. минималды (тип) капитал жұмсалымы мен  минималды сыртқы қаржылық көздерден  қаражат тарту;
  2. уақыт және кәсіпорынның  потенциалын ескертетін басқа белгілер;

    Алайда  көптеген жағдайларда кәсіпорын  несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыру басты мақсат болатын жәйттарды ескеру керек.  Оған жету көп жағдайларда реструктуризациялаудың  дәстүрлі міндетімен үйлеспейді. Мәселен, капиталдың құнын жоғарлату немесе максимализациялау, әдетте елеулі капитал жұмсалымдарын  және қосымша сыртқы қаржыландыруға қажеттіліктен туындайтын тәуекелдің  жоғары деңгейімен сипатталады.

      Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорындарды реструктуризациялау стратегияларының варианттары (альтернативалары). Кәсіпорынның ауыр дағдарыспериодында реструктуризациялаудың  тұжырымдамаларын  іріктеу мен таңдаудың бизнес құнының нольге  жетуі мен нольге жақын деңгей кезіндегі тәуекелдің минималды деңгейімен шектелуі мүмкін. Мұндағы басты шарт ақша ағындарын дисконттау моделінде ескерілетін қарыздық міндеттемелерді кәсіпорын үшін ең тиімді орындау графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын толық  қанағаттандыру болып табылады.  Берілген тұжырымдама кәсіпорын иелері үшін тартымды болмайды. Дегенмен біздің  ойымыз бойынша бұл стратегияның реструктуризациялаудың бір моделі немесе варианты болуға құқығы бар.

      Жоғарыдағы  альтернатива ретінде біз несие  берушілердің  мүдделерін қанағаттандыратын  және кәсіпорын иелерінің минималды  талаптарын ескеруге екепіл беретін  реструктуризациялау стратегиясын ұсынамыз. Мұндай тұжырымнама  қарыздық міндеттемелердің бекітілген өтеу графигіне сәйкес несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыратын және тәуекел мен өтімділік деңгейлері бірдей альтернативті инвестициялардың табыс ставкасы бойынша ағымдық құнға келтірілген құрылтайшылардың бастапқы салымдарына шамалы бизнестің құнына  жететін кездегі реструктуризациялау стратегиясын бейнелейді. Мұндай кезде қойылған мақсаттарда жету кезіндегі тәуекел нольдік құн  тұжырымдамасын  жүзеге асырудағы тәуекел деңгеімен жоғары болады. Алайда осындай тұжырымнама кәсіпорын иелеріне жұмсалған қаражаттардың минималды тәуекел деңгейімен инвестициялауды ескерумен қайтатыны көзделеді.

        Ұсынылған реструктуризациялау  тұжырымнамалары бизнестің құнын  максимализациялауды кздеуді бейнелейтін  стратегиялардың жиынтығында таңдануы  мүмкін.  Нольдік құн,  фирма иелерінің мүдделерін қорғау мен бизнестің құнын жоғарлату стратегиялары несие берушілердің жиналысы тарапынан дағдарыстық жағдайдан шығудың альтернативті тұжырымдамалары ретінде қарастырылуы керек.  Бұл кезде дағдарыстан шығу тұжырымнамаларын таңдауда басты критерийлер ретінде  тәуекел  мен реструктуризациялау варианттарының қаржылық жүзеге асыра алушылық  қолдану орынды болады.

      Кәсіпорынның  дағдарыстық жағдайы  экспресталдау  үшін қолданылатын көрсеткіштер: Стратегиялық көрсеткіштер. Стратегиялық дағдарыс. Нәтижелердің дағдарысы. Өтемпаздық дағдарысы. Банкроттық.

    1. Ағымдық өтімділік коэфициенті;
    2. Менникті құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті;
    3. Автономия коэфициенті;
    4. Абсолютті өтімділік коэфициенті;
    5. Таза түсім коэфициенті;
    6. Зияндардың бар болуы;
    7. Жалпы рентабельділік көрсеткіші;
    8. Негізгі құралдардың айналмалылығының индикаторы;
    9. Өткізу мөлшерінің төмендеуі;
    10. Формадағы дағдарыстың жоқтығын алдын – ала констатациялау;
 
 
 
 
 
 
 

    3.2.3. сурет. Дағдарыстық   жәйтті экспресс  – талдау  үшін  қолданылатын  көрсеткіштер. 

          Стратегиялық  дағдарыс     Нәтижелер  дағдарысы     Өтімділік дағдарысы     Банкроттық 
    Ағымдық  өтімділік  коэффициенті           
    Негізгі  құралдар мен қамтылу  коэффициенті          
    Автономия коэффициенті                 
    Абсолютті  өтімділік коэффициенті                 
    Таза  түсім коэффициенті                
    Несиелік  берешектің өсуі                       
    Жалпы рентабельділік көрсеткіші                      
    Негізгі  құралдардың  айналмалық көрсеткіші                       
     Өткізу  көлемінің  төмендеуі                       
    Кәсіпорындағы  жоқтығын алдын –  ала констатациялау                       

 

    Дағдарыстан  шығу  формалары:

      

      
 
 
 

      
 
 

    3.1.4. сурет. Дағдарыстан   реактивті шығу. 
 
 
 
 
 
 
 

      

    

      
 

         

         
 
 
 
 
 

  • сурет. Дағдарыстан  шығудың  антиципотивті  формасы. 
     
  •      3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер:

                 1. Фискальдық саясат.

         ҚР  жаңа салық кодексінде республикадағы шағын кәсіпкерлік іс-әрекетін салықтың реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты прогрессивті шаралар қарастырылған, олар сонымен қатар бұл сала мәселелерін шешуге жеткіліксіз болып табылады.

         Қалыптасқан жағдайды талдау кәсіпкерлер өз табысының 50%-ін бюджетке беруге мәжбүрлігін көрсетеді. Ол табыстың бір қатар бөлігін жасыруға, кәсіпорындарға қос бухгалтерия жүргізуге, соның нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік көлеңкелі экономикаға өтуге итермелейді.

              2 . Қаржы-несие механизмі.

         Мониторингтік зерттеу нәтижелері, өндірісін кеңейтуді  жоспарлаған кәсіпкерлер үлесі  азайғандығын көрсетті.

         Негізгі есептердің бірі жаңа іс ашу үшін, сондай-ақ бар бизнесті кеңейту үшін қажетті  қаржы несие ресурстарына қол  жеткізуде қиын анықталатын кедергілердің бар болуы. Әсіресе, бұл мәселе бастаушы кәсіпорындарға актуалды, олардың 10% банк несиелерін қолданады.        

          3 .  Әкімшілік кедергілер.

         Көпшілік  заңды актілер жасауда төмен  сапамен және кәсіпкерлердің әртүрлі  мемлекеттік органдар мен мекемелерден қарым қатынас аспектілерін сәйкесінше толық қамтымауында төмен сапамен ерекшеленеді. Бұл әкімшілік кедергіге алып келеді.

         Әсіресе бұл кәсіпкерлердің мемлекеттік  органдармен лицензиялау, сертификаттау  және стандарттау, салық салу т.б. процесте қарымқатынасына тән. Бұған қосымша кәсіпкерлік іскерліктің жекелеген жақтарын реттеуші нормативтік заң актілерін тиімді орындауда кемшіліктер кездеседі.

                 4. Инфрақұрылым.

         Кейінгі жылдарда шағын кәсіпкерліктің тиімді дамуын қамтамасыз етуші нарықтық, инновациялық және өндірістік инфра құрылымның объектілерінің толық дамымауы республикадағы шағын бизнес секторының дамуына кедергі болатын мәселенің бірі.

         Қазақстан үшін аймақ бойынша объектілерді бөліп тарату теңсіздігі тән, ол кәсіпкерліктің даму теңсіздігіне байланысты болып отыр. Инфрақұрылым объектілерінің іскерлігіне қаржы қорының жетіспеуі, ғимараттардың жабдықталмауы , құрал жабдықпен квалификациялық персоналдық жетіспеуі кері әсер етеді.

    Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары