Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Содержание

Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Басқарудағы жоспарлау функциясы.doc

— 410.00 Кб (Скачать документ)

      Қолданыстағы  бюджеттік сыныптама бюджеттік  бағдарламалар әкімшілері қызметінің мақсаттары мен бағытарына көптеген жағдайда нашар келіседі. Бюджеттік сыныптаманың экономикалық, ведомстволық және функционалдық сипаттамаларға бөлінуден басқа бюджеттік сыныптаманың төртінші-мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттері бойынша түрін әзірлеген жөн. Бұдан өзге, бюджеттік сыныптама қаржылық есептіліктің және мемлекеттік қаржы статистикасының халықаралық стандартарымен келісуге тиіс.

      Реформа процесінде бюджеттеуді ақпараттық қамтамасыз етудегі талаптар жоғарылайды. Бірінші кезекте, бұл бюджеттік  жоспарлаудың автоматтандыру жүйелеріне қатысты болады. Бұл ретте осындай жүйелерге алдыңғы кезекте жоспарлаудың жаңа әдістеріне жылдам икемге келтіру бойынша талаптар қойылады. Осыған байланысты ұсынымдар бюджеттік жоспарлаудың автоматтандыру жөніндегі жаңа икемді шешіміне жедел көшу қажеттігінен қорытындыланады.

      Бюджеттік деректердің сапасына талап жоғарылайды. Бірінші кезекте бұл кассалық есепке алу мен есептеу әдісі  арқылы есепке алуды қатар жүргізу  қажеттілігіне қатысты. Тағы бір  маңызды фактор – бюджеттік ақпараттардың  әртүрлі көздерінен деректерді талдауды қолдану қажеттілігі, ол бюджеттік бағдарламаларды орындау нәтижелерінің мониторингі қажеттілігімен шарттасқан. Шешуі ретінде есептеу әдісі арқылы есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынысты әзірлеу ұсынылады  (АҚШ тәжірибесі - Accrual-based budgeting ABB есептеу әдісіне негізделген бюджеттеу тұжырымдамасы).

      Сондай-ақ, бюджетті есептеу процесстерінің, бюджеттік  бағдарламаларды талдаудың, нәтижелілікті  бақылаудың және басқалардың толық  нысандалған сипаттамасының болуы  қажет.

      Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу технологиясына көшу кезінде негізгі фактолар бюджеттің айқындылығы мен нәтижелер туралы ақпараттардың ашықтығын қамтамассыз ету жөніндегі талап болып табылады. Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде осы талаптарды нақты жазу, сондай-ақ бюджеттің ашықтығын қамтамассыз ету жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды, соның ішінде ақпараттар беру мен халықпен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру нысанында қаржы органдарының ақпараттық порталдарын тұрғызу талаптарын қалыптастыру қажет.

      Қазақстанда контрактілік үлгіні енгізу үшін (Жаңа Зеландия, Дания үлгісінде) негізгі шарттары мемлекеттік сектордағы жалақының жеткілікті деңгейі, бюджеттік процестің транспаренттігі, сыбайлас жемқорлық пен қорғаушылықты түп тамырымен құрту, мемқызметкерлердің жоғары кәсібилігі және басқалар болып табылады.

      БОР жүйесіне тиімді көшуде айтарлықтай  созылмалы  уақыт қажет. Бұл жөнінде  осы төңіректегі әлемдік тәжірибе де куәлендіреді. Жоғарыда берілгендей, АҚШ-та реформалар бюджеттік салада жарты ғасырдан аса жалғасып  келеді. Тағы айта кету қажет, әртүрлі елдерде БОР – ға  ену жөнінде біркелкі тәсіл жоқ. Реформалар пакетінің мазмұны мен осы реформалардың іске асыру уақытын таңдау әрбір ел үшін бірегей. 
 

   II.Аймақтың  стратегиялық жоспарын  талдау 

2.1Маңғыстау  облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Ел дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын, әсіресе үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру басталды. Тек қана өткен жылдың өзінде еліміз бойынша жаңадан жүз елуден астам  кәсіпорын салынып, ондаған мың  жұмыс орны ашылды.

Осынау  үрдістердің барлығында Маңғыстау  облысының үлесі де қомақты екені  ақиқат.

2010 жылдың  қорытындысы бойынша облыстың  қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық  дамуының жоғары деңгейдегі көрсеткіштері,  облыс дамуындағы кезекті бесжылдықты   табысты аяқтау үшін, өңірлік экономиканың  тиімділігін арттыру және қолда бар ресурстарды жұмылдыру міндеттерін  шешуге толық негіз болып отыр.  

Cоңғы  бесжылдағы облыс дамуының негізгі  қорытындылары :

Өткен  5 жылда, оның ішіндегі соңғы  екі  жылда  әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс болуына қарамастан Маңғыстау облысы әлеуметтік – экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді, тәуелсіз елімізге тірек бола білді.

Бұған осы кезеңдегі өңір дамуының негізгі  макрокөрсеткіштері  айқын дәлел.  2010 жылдың қорытындысы бойынша облысымыз ел өңірлерінің рейтингінде жетекші орынға  ие болды.

Облыс халқы бес жылда 1,5 еседей – 2006 жылғы 375 мың  адамнан  бүгінге 521 мың  адамға дейін өсті. Халықтың жыл  сайынғы өсу қарқыны   5% құрайды  – бұл еліміз бойынша Астана қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш. Бұл орайда ауылдық жердегі халық саны 2,5 есеге артты.

Тек қана 2010 жылы облыс халқының саны 17 мың  адамға өсті, оның негізгі үлесі (12 мың  адам)  ауылдық жер тұрғындары есебінде. 

Осы кезеңде  жалпы өңірлік өнім көлемі 2 есеге өсті. Еліміздің жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ-дегі) облыстың үлесі 5-тен 7 пайызға дейін ұлғайды.

Халықтың  жан басына шаққандағы көлемі бойынша  бұл көрсеткіш облыста 17 мың АҚШ  долларына тең, бұл - орташа республикалық  көрсеткіштен 2  есеге артық, өңірлер арасында екінші орында  тұрмыз. Ал 2010 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 102 пайыз болады деп болжамдалуда.

Өнеркәсіптік  өндіріс көлемі екі еседей –1,5 трлн. теңгеге дейін өсті.

Бүгін  Маңғыстау  республика көлемінде  өнеркәсіп өндірісі үлесінің  16,5 пайызын қамтамасыз етеді.

Соңғы бес жылда Маңғыстауда құрылған өндірістерден  шығарылатын өнімдер  өңір үшін жаңа түрдегі тауарлар  болып табылады.

Олардың ішінде - шыны-талшықты және шыны-пластикалық  құбырлар өндірісі, жоғары қысымды  сыйымдылықтар шығару зауыты , кеме жөндеу зауыты, металл  құрылғыларын жасау зауыттары, темір балқыту зауыты, теңіз баржалары мен платформаларын, мұнай және газ өндірісінде пайдаланылатын металл құбырларын шығару т.б.  

Қарқынды  өсім өнеркәсіптің өңдеу секторында да байқалады.

2006 жылдан  бері, оның өсу қарқыны  екі  еседен асып түсті. Мәселен, 2010 жылда   химия, машина жасау,  тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі  оң қарқынның есебінен өнеркәсіптің  өңдеу саласының көбейуі 55%-дан  асып түсті және бұл -  орташа республикалық қарқыннан  үш  есе жоғары.

Осындай үрдіс, экономикамыздың нақты  әртараптануының (диверсификацияның) айқын айғағы болып  табылады.

Облыстағы барлық ірі және орта кәсіпорындардың  шамамен 40 пайызы халықаралық сапа стандартының жүйесін енгізді. Тек 2010 жылы олардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 39 пайызға өсті.

Халықаралық сапа стандарттарын енгізуді  жандандыру  әсіресе мұнай-газ секторының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін  сатып  алуда «қазақстандық мазмұнның» үлесін  өсіруге оң ықпал етті. 2009 жылы қол қойылған  үшжақты меморандумдар аясында, есепті  кезеңде 123,2 млрд. теңге сомасына келісімшарттар қамтамасыз етілді, бұл – бұрын жоспарланған  көлемнен 50%  артық.

 Сонымен  облыс  бойынша мұнай-газ секторының  тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін  сатып алуда «қазақстандық мазмұнның» үлесі бүгінге   63,4%, оның  ішінде тауарларда – 6,7%, жұмыстарда – 52,3%,  қызметтерде – 82,2% құрайды.

Аймақта инвестициялық ахуалды қалыптастыруда да  елеулі ілгерілеу бар. Өңірдің  табысты экономикалық дамуының кепілі негізгі капиталға инвестициялардың артуы болды. 2006 жылдан бері оның көлемі 2 есеге, оның  ішінде бюджеттік инвестициялар 5 есеге өсті.

5 жылда  барлығы 1,6 трлн.теңге тікелей  инвестициялар (11 млрд. АҚШ доллары)  тартылды, оның  ішінде  тек 2010 жылы 370,5 млрд.теңге немесе 2,5 млрд. АҚШ долл. көлемінде тартылды, бұл – 2009 жылмен салыстырғанда 12% көп.

Ал,  бүгінге облыс, халықтың жан басына шаққанда негізгі  капиталға инвестициялар  көлемі бойынша республика өңірлерінің  арасында   екінші орында тұр.

Облыстың  инвестициялық тартымдылығы, жыл  сайын   «Fitch» халықаралық агенттігінің оң және тұрақты рейтингімен расталуда. Есепті «бесжылдықта» облыстың халықаралық  рейтингісі  екі рет  жоғарылады.

Бүгінге облысымыз Каспиймаңы аймағындағы  елдермен (Ресей Федерациясы, Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран) халықаралық сауда-экономикалық, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға үлес қосу мақсатын  көздейтін, халықаралық форумдар өткізудің  дәстүрлі орнына айналды,  жекелеген өңірлерімен экономиканың  әр түрлі салаларында ынтымақтастық туралы келісімдер жасасылып, табысты іске асырылуда.

Ақтау қаласында Әзірбайжан Республикасының  және Иран Ислам Республикасының  Бас консульдықтары  ашылды. Таяу  уақытта тағы бірнеше мемлекет осында өздерінің  дипломатиялық өкілдіктерін ашуды жоспарлауда. Облысқа  келіп-қайтатын шетел азаматтарының виза алуын оңайлату үшін 2009 жылдан бері Ақтауда ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консульдық қызмет департаментінің өкілдігі жұмыс істейді.

Бүгінге негізгі мәселе – бұл экономикамыздың даму сапасы. Экономиканы өсірудегі біздің басты міндетіміз болып өндірісті жаңғырту,   мейлінше ақысы жоғары жұмыс орындарын құру және еңбек өнімділігін арттыру болуға тиіс. 

2010 жылы  Елбасының инициативасына сәйкес  бүкіл еліміз бойынша индустрияландыру бесжылдығының бірінші жылы  жүргізілді. Қысқаша айтқанда бұл бағдарламаның орындалуы еліміздің болашақтағы тағдырын шешетін мәселе болып табылады.  Сондықтан да ол  Маңғыстауда да табысты өтті.

Индустрияландыру  бағдарламасы аясында, облыс бойынша  еліміздің Индустрияландыру картасына  жаңадан  27 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын, жалпы құны 536 млрд. теңге құрайтын 17 жоба дайындалып,  енгізілді.

Оның  жартысынан көбі, құны 38 млрд.теңге  құрайтын 9 жоба 2010 жылдың өзінде іске асырылды, жаңадан мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Айта кететін бір жәйт - бұлар, барынша жоғарғы технологияларды пайдаланатын  кәсіпорындар. 

Мысалға,  Қазақстанда алғаш рет жылына шамамен 60 кемеге қызмет көрсетуді  және жөндеуді қамтамасыз ететін, кеме жөндеу зауыты пайдалануға берілді.

Облыс әкімшілігінің ұсынысымен Бейнеу селосында  ұн тарту кешені мен құрама жем  зауытын қамтитын, ірі өңдеу кәсіпорны  салынды.  Мұнда ай сайын 3,5 мың  тонна ұн мен 1,5 мың тонна құрама жем шығарылып, астық өндірісі, нан  өнімдері бағасының күрт өсуіне жол бермей, бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етеді.

Ал  құрама жем зауыты, өңірдегі мал  шаруашылығының  жем-шөпке деген  сұранысын, өзіндік құнынан төмен  бағамен қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорын адамды нанмен, малды жеммен қамтамасыз етеді.

Мұнай-газ  саласына қажетті жаңадан өндіріс  орны құрылды, бұл – танкермен  тасымалдау  арқылы  теңіздегі  кен орындарына отандық өнім жеткізуді  қамтамасыз  етуге мүмкіндік беретін,  бұрғылау  ерітінділерін  шығару зауыты.

ТМД елдері ауқымында қуыс бетон жабындыларын шығаратын алғашқы зауыт пайдалануға берілді.

Құрылыста осындай  параметрлі  жабынды  плиталарды қолдану, құрылыс-құрастыру  жұмыстарының құнын  арзандатуға, құрылыс  салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік  береді. Өнімді шығаруда тек қана жергілікті материалдар пайдаланылуда, соның есебінен өнім құны нарықтағыдан 18-20 пайызға төмен.

Ақтау қаласы әуежайының халықаралық терминалының құрылысы аяқталды, ұшу-қону алаңын қайта  жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге  біздің  әуежай жолаушы тасымалдау көлемі бойынша, Қазақстанда  Астана мен Алматы қалаларының әуежайларымен бірге аса  ірі үштікке кіреді.

Өткен жылда осындай және басқа да жобаларды  іске асыру нәтижесінде, өнеркәсіпте  еңбек өнімділігі 2009 жылмен салыстырғанда 7,6%  артып, бір жұмысшыға шаққанда 28 млн. теңгені құрады. Өңдеу секторындағы көрсеткіш, бір жұмысшыға 9 млн. теңге деңгейінде қалыптасты немесе 2009 жылғы аталмыш  көрсеткіштен 3,4% жоғары.

Осы кезеңде  жоба бағыттарының әрқайсысы бойынша  не жасалынды?

«Ақтау  теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы – өңірлік экономиканы әртараптандырудың басты құралдарының бірі. Соңғы үш жылда Елбасының жарлықтарымен Арнайы экономикалық аймақтың аумағы  9 есеге – 227 гектардан 2000 гектарға дейін кеңейтілді,  қолдану мерзімі 2028 жылға дейін ұзартылды. Бүгін мұнда 3 кәсіпорын жұмыс істеп, өнім шығарады, тағы да 8 жоба  іске асырылуда. Сараптау Кеңесі тағы да экспортқа бағытталған ірі 5 жобаны іске асыруды мақұлдады.

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары