Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Содержание

Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Басқарудағы жоспарлау функциясы.doc

— 410.00 Кб (Скачать документ)

Жобаларды  белсенді жүргізу үшін Арнайы экономикалық аймақтың аумағы барлық қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Бұл міндеттемені мемлекет өзіне алды. 2009 жылдан бері осы мақсатқа 2 млрд.теңге көлемінде бюджеттік инвестициялар  салынды, 2011 жылы тағы да 3 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қазір арнайы аймақ инвесторларға өте тиімді.

Каспий  теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы аясында, Қазақстанның (Каспийдің)  келешектегі  ең ірі теңіз порты – Құрық  теңіз порты мен жұмысшы поселкесін дамытудың Бас жоспарын іске асыру  бойынша  жұмыс жалғасуда.     

Өте қысқа  мерзім ішінде (үш жылда) мұнда  жұмысшы  поселкесінің 11 әлеуметтік және инфрақұрылымдық  нысандары іске асырылды, поселкені  дамытуға шамамен 5 млрд.теңге (33 млн. АҚШ  доллары) тек бюджеттік инвестициялар  салынды.

Теңіз портының жоспарланған 19 нысанынан, бүгінге қуаты 40 мың тонн металл құрылғыларын шығаратын «Ерсай» Каспий верфінің құрылысы аяқталды, қосалқы станция мен электрлендіру желісі салынып, пайдалануға берілді, газ және су құбырлары тартылды, «Ақтау – Құрық» тас жолының құрылысы биыл аяқталады.

Қазір Үкімет «Қашаған» жобасының екінші фазасының (кезегінің) келіссөздерін  бітірген жағдайда Құрық 60- мыңдай жұмыс  орнын ашатын экономикамыздың ірі  өсу нүктесіне айналады

 Облыс  дамуының  маңызды стратегиялық  бағыттарының бірі –  бұл транзиттік әлеуетін дамыту, заманауи  көлік-логистикалық  саласын қалыптастыру.

Бүгінге облыс аумағында жаңадан транзиттік дәліздер құруға бағытталған, бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды  іске асыру жүргізілуде.

«Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысын салу қарқынды жүргізілуде.

Осы жол  Қазақстанды алпауытты Қытаймен әрі Кеден Одағындағы әріптестері - Ресей және Беларусь мемлекеттерімен  бірге Парсы шығанағы және Иранның  теңіз порттары арқылы халықаралық  нарықтарға тікелей шығарады. Сарапшылардың пікірі бойынша бұл транзиттен түсетін пайда еліміздің мұнай-газ саласының кірістерінен болашақта асып түседі.

Жобаны  іске асыру, бүкіл батыс Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететіні  және өңір экономикасына жаңа серпін беретіні де  сөзсіз.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Түркіменстанмен  шектесетін «Болашақ» стансасының  аумағында инвесторларға тиімді болу үшін «Каспий»  арнайы экономикалық аймағын құру жоспарлануда. Станса   жаңа  Арнайы экономикалық аймақтың қосалқы  аймағы болады. Ал  екінші қосалқы аймақ – «Кендірлі» халықаралық туристік демалыс орны. Арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясының офисі Жаңаөзен қаласында орналаспақ.

Өткен жылы «Кендірлі»  демалыс орнының  және болашақ  халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша жобаларды  әзірлеу басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 483 млн.теңге бөлінді, болашақ Кендірлі елді мекенінің бас жоспары жасақталуда. 

Инвесторлық тартымдылығын күшейту үшін жоғарыда айтылғандай  «Кендірлі»  демалыс орны жаңадан құрылатын «Каспий» арнайы экономикалық аймағының құрамдас бөліктерінің біріне айналады.

«Каспий энергетикалық хабын» құру жобасы бойынша  жақында сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысының жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Биылғы жылы оның құрылысын республикалық бюджет есебінен бастау  жоспарланып отыр. «Каспий даму орталығы» құрылды, инвесторлар анықталды.

«Ақтау  Сити» қала құрылысының жобасын  нақты  іске асыру жүргізілуде. Жобаны іске асыру   «Каспий»  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясына жүктелді. Алғашқы  «Аққу» шағын ауданының  алғашқы 6 үйінің құрылысы басталды. Таяу арада  шағын ауданды екі  мектеп –  Тұңғыш Президенттің зияткерлік мектебі мен   жалпы білім беретін мектеп, спорт  кешені,  әрқайсысы 280 орындық  үш балабақша, бизнес-орталығымен  тұрғын жай  алабының  толыққанды жұмыс  істеуіне қажетті  нысандар ажарландыра түспек. Қаржыландыру мәселелері негізінен шешілді. Сонымен бірге «Аққу» девелоперлік  компаниясы инвесторлармен бірге екінші шағынауданның жобасын дайындау мәселесіне кірісіп кетті.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту тұрғысында,  өңіріміз үшін маңызды, өткен жылы Ресей тарабымен «Қиғаш - Ақтау»  сутаратқышының құрылысы бойынша  жобаны  іске асыру  туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл жоба бүкіл Маңғыстау өңірін – барлық елді мекендерді Еділдің сапалы  суымен   жеткілікті  қамтуды  түбегейлі шешеді. Бүгінде жоба бойынша «Казтрансойл» компаниясы техникалық-экономикалық негіздемесін  әзірлеуде, аяқталуы 1 шілдеге дейін.  Сосын құрылыс басталады.

Соңғы бес жылда  облыста 2,5 млн. шаршы  метрден астам тұрғын үй   пайдалануға  берілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Дағдарыс  салдарынан   үйлерінің салынуы  тоқтап қалған көптеген үлескерлердің  мәселесі шешілді, жергілікті бюджеттің  күшімен 1200 үлескердің проблемасы  нақтыланып, қаржыландырылды.  «Таң шолпан»  тұрғын үй  кешенінің  құрылысы аяқталды. «Заветная мечта» тұрғын үй  кешенінің, «РАП-Кұрылыс» және «ДАВ 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылыс салушыларының облыс орталығындағы  12 және 17 шағын аудандарындағы тұрғын үйлерінің үлескерлерін қолдау  бойынша жобаларды  іске асыру басталды.

Өңірде  кәсіпкерлік қауым елеулі түрде дамыды.

Кәсіпкерлік секторда жұмыспен қамтылғандардың  үлесі соңғы бес жылда  2 еседей – 23,8 %- дан  40,5%-ға дейін  көбейді.

Тек қана 2010 жылда кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім 2 есе, төленген салық  сомасы – 2,5 есе,  жұмыспен қамтылғандар саны  - 22% өсті.

Мемлекеттік қолдау шараларының бірі ретінде 2010 жылдан бастап, тағы да бір жаңа бағдарлама – «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламысын іске асыру басталды. Бағдарлама аясында  облыс бойынша  экономиканың  әр түрлі секторында 5 млрд. теңге сомасындағы 10 жоба мақұлданып, оларға 641 млн. теңге сомасында мемлекеттік қолдау  көрсетілді..

Орташа  айлық жалақы 2 еседен астамға өсіп, бүгінге ол 7 ең төменгі  күнкөріс мөлшерін қамтитын, 140 мыңнан  астам  теңге (950 АҚШ доллары) құрап отыр.

Өңірімізде  жыл сайын еліміз бойынша  күнкөрістің  төменгі  мөлшері  ең жоғарғысы  болып қалыптасқанына  қарамастан,  кедейлік шегінен төмен тұратын  азаматтар  үлесінің  қарқынды түрде  азаюы байқалады.  Мәселен, 2006 жылдан бері  осы  көрсеткіш 9 пайыздық сатыға (29,8 –ден 21%-ға дейін) төмендеді.

Халықтың  ақшалай табысы  2 еседен астамға  – 2006 жылғы 36 мың теңгеден 2010 жылы 76 мың теңгеге дейін өсті.

Осы  кезеңде 78 мың жаңа жұмыс орны құрылды.  

Нәтижесінде,  ашық  еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4 сатыға, 2006 жылғы 9,7%-дан 2010 жылы – 6,3%-ға дейін төмендеді, ал бүгінге тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5% құрайды, бұл – 2006 жылғы көрсеткіштен екі есе төмен.    

Осы  кезең  ішінде облыстың мемлекеттік  колледждері мен  лицейлерінде оқу үшін төлемақы бірде бір рет  көтерілген жоқ.

Салық түсімдерінің өсуі, өңірлік экономика  дамуының бірден-бір дәлелі. Облыс  бұрынғысынша, республикалық бюджетке донор өңірлердің бірі болып табылады. Мемлекеттік қазынаға жалпы  түсімдер  көлемі  2009 жылғыдан 469 млрд.теңге құрады, бұл – 2007 жылғыдан (242 млрд.теңге)  2 есе көп.

Салық салу базасын  кеңейту, тек өткен  бір жылда  облыс бюджетінің шығыстарын  2 есеге -  46 млрд. теңгеден 94 млрд. теңгеге  дейін  ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Біз орталықтан бөлінетін бюджеттік трансферттерді  жоспарлау  кезінде,  министрліктермен және  ведомстволармен  жұмысқа  сауатты да жауапты қарауға үйрендік. Нәтиже айдан анық – соңғы бес жылда  өңірді дамытуға  республикалық бюджеттен бөлінетін  трансферттер  2,5 есеге, 2006 жылғы 15 млрд. теңгеден 2010 жылы 35 млрд. теңгеге дейін өсті.

-өмірге  сәби әкелу 1,5 есеге өсті;

-күтілетін  өмір сүру ұзақтығы 65-тен 68 жасқа  дейін  ұзарды;

-ана  өлімі 3 есе азайды,

Осы кезеңде  117 әлеуметтік жаңа нысан, оның  ішінде 88 балабақша мен мектеп, 22 денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 72% құрады. Біз тек 2010 жылда ғана  осы  көрсеткішті  екі  есеге  арттырдық.

Мектептерде үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді,  апатты жағдайдағы  мектептер мен ауруханалар жоқ.

Бірыңғай  ұлттық тестілеудің орташа балы бойынша  облыс,  республика өңірлері  арасында 2006 жылғы 13 орыннан  2010 жылы бірінші  орынға көтерілді. Ауылдық жердегі  денсаулық сақтау ұйымдарының желісі нормативке сәйкестендірілді.

2009 жылы  облыстың барлық  56 елді мекені  газбен,  электр энергиясымен, сумен,  сандық байланыспен, Интернетпен  және  телерадио хабарларының  таратылуымен 100% қамтамасыз етілді, әлеуметтік нысандар мен жол  салу белсенді жүргізілуде.

 Білім  беру

Соңғы 5 жылда  осы салаға бюджеттік шығыстар 3 есе ұлғайып, 2010 жылы 25 млрд. астам теңгені құрады.

Осы  кезеңде  балабақша саны  4,5 есе  көбейіп,  бүгінге 131 мекемені құрады, оның жартысына жуығы немесе  56 балабақша  бір  жылда, яғни 2010 жылы пайдалануға берілді.

 Жоғарыда  айтылғандай, 3 жастан 6 жасқа дейінгі   балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  қамту,  орташа республикалық   көрсеткіш  42% болған жағдайда,  бізде 72% дейін   ұлғайды, яғни  соңғы  бес жылда  3,5  есеге  өсті. Естеріңізге сала  кетейін, 2006 жылдың басында ол 20 %  құрайтын.

Орта  білім беруді басқарудың құрылымы сапалы жаңғыртылды. Мұғалімдер үйі, «Дарын»  қосымша білім беру және   ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталықтары  құрылып, табысты жұмыс істеуде. Оқыту  сапасын бағалаудың  мониторинг жүйесі  енгізілді.

Облыс бойынша  соңғы 5 жылда  жеті  колледж  бен лицей  ашылды. Бүгінге оларда  30 мыңнан астам  балалар  оқиды, бұл  – 2006 жылғыдан  2 есе  көп. Осы  кезеңде  мемлекеттік тапсырыс бойынша, яғни тегін  оқитын  студенттер саны 2,5  есе  көбейді. Ашылып жатқан жаңа өндірістер,  іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар  есепке  алынып,  облыстың  техникалық және кәсіптік оқу орындарына,  еңбек нарығында  ең жоғары  сұранысқа  ие, негізінен техникалық бағыттағы қосымша 21  мамандық енгізілді.

Нәтижесінде, мысалға, 2010 жылы облыстағы  колледждер мен лицейлер түлектерінің 70% облыс  кәсіпорындарында  жұмысқа орналаса  алды.

Денсаулық сақтау

соңғы 5 жылда облыстың денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды 2,5 есеге ұлғайттық.

Өңірге  жаңа технологиялар трансферті   жандандырылды.  Облыс денсаулық сақтау ісінің тарихында алғаш рет протездеу, нейрохирургия, офтальмология саласында жоғары технологияларды пайдаланып, көмек көрсетілуде. Денсаулық сақтау министрлігімен өзара сындарлы және әріптестік қарым-қатынас жасау біздің бұл саладағы ынтымақтастығымызды халықаралық деңгейге шығаруға  мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау ісінің инфрақұрылымы дамытылуда. Егер осыдан бес жыл бұрын, біз  үшін осы желінің  ең төменгі нормативін қамтамасыз ету басымдылық болса,  енді  бүгін біз, ғимараттарды жаңғырту және үлгі болатын ғимараттарды салуды ойластырудамыз.

Жаңаөзен қаласында перзентхананың,   Бейнеу ауданында туберкулездік аурухананың, перзентхананың және Ақжігіт ауылында дәрігерлік амбулаторияның ғимараттары салынуда. Форт-Шевченко қаласында аудандық орталық аурухананың балалар бөлімшесінің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Ақтау қаласында жаңа үлгідегі типтік  облыстық  онкологиялық диспансері және Шетпе селосында аудандық орталық аурухана салынуда. 

 Өңірімізде  мәдени  мұраны сақтау, спорттың  бұқаралық түрлерін дамыту тұрғысында  да біраз жұмыс жасалынды.

Осы мақсаттарға шығыстар 2 есеге өсіп, бүгінге ол   шамамен 4 млрд.теңге  құрайды.

Жыл өткен  сайын  облыс тұрғындарының басым  көпшілігі,  спорттың бұқаралық түрлерімен айналысуда. Соңғы бес жылда  олардың  саны  2 есеге өсіп, бүгінге  69 мың  адамды құрап отыр (2006 жылы – 38 мың адам).

2006 жылдан  бастап облыста ауылдық жерлердегі  әлеуметтік салаға кадрлар даярлау  жөніндегі облыстық бағдарлама  белсенді түрде  іске асырылуда.

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары