Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Содержание

Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Басқарудағы жоспарлау функциясы.doc

— 410.00 Кб (Скачать документ)

 Көмірсутектерді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізудің көпвекторлы қағидаттарына негізделіп, Қазақстан табиғи газдың тасымалы мен экспортты жеткізулері бойынша неғұрлым экономикалық тиімді бағдарларды дамытуға тырысады. Қазақстан-Қытай және Каспий маңы газ құбырын салудың жобасын іске асыру мемлекеттің транзитті және экспортты әлеуетін арттыру мүмкіндігін береді және соған сәйкес Қазақстанның экономикасының дамуына ықпал ететін болады.

   II. Мұнайхимия өнімінің өндірісін қамтамасыз ету

 Көмірсутекті шикізатты өндірудің үлкен көлеміне қармастан, бүгінгі күні Қазақстанда қосылған құны жоғары өнімді ала отырып, көмірсутекті шикізатты терең өңдеудің толық технологиялық топтамасы жоқ.

 Көмірсутекті шикізатты өңдеу мұнай мен газды сүзумен шектеледі. Мемлекетте кеңестік уақытта салынған және заманауи талаптарға жауап бермейтін 3 мұнай өндіретін және 3 газ өндіретін зауыт жұмыс істейді.

 Осыған байланысты, көмірсутекті шикізатты (мұнай/газ) өңдеудің икемді, интегралданған және толық технологиялық сызбасын құруды қамтамасыз ететін, халықаралық деңгейге сәйкес жаңа инвестициялық жобаларды енгізудің кешенді бағдарламасы іске асырылады. Ол біруақытта бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

мұнай өнімдерін үлкен көлемде және неғұрлым жоғары сапада өндіруге;

құны  қосылған және халықаралық нарықта  қажет болып табылатын базалық  мұнайхимия өнімдерін алуға;

бұдан кейінгі шектер және қосылған құны жоғары мұнайхимиялық өнімнің кеңейтілген спектрінің өндірісі (құрылыстық, қаптау және қаптама материалдар, өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы тауарлар және т.б.) үшін мұнайхимиялық шикізатты өндіруге;

көмірсутекті  шикізатты кешенді өңдеуді қамтамасыз ету;

қоршаған  ортаға жағымсыз әсер етуді азайту;

мұнайхимиялық шикізаттан нақты өнімді өндіру жөніндегі  шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау.

 Мұнайхимия өндірісін құру және МӨЗ модерлендіру мен технологиялық қайта жарақтандырудың инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустриаландыру картасына енгізілген.

 Атырау облысында базалық мұнайхимия өнімін – этиленді, полиэтиленді және полипропиленді өндіру бойынша интегралданған газхимия кешені салынатын болады. Жобаны инвестициялаудың көлемі 954,0 млрд. теңгені құрайды.

 Атырау МӨЗ хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешенді салу басталды, қуаттылығы – жылына 133 мың тонна көлеміндегі бензолды, жылына 496 мың тонна паракмилолды. Жобаның құны – 166,5 млрд. теңге.

 2010 жылы «Ақтаудың пластикалық массалар зауытында жол битумы өндірісі жөніндегі зауытты салу» инвестициялық жобаны іске асыру басталды, ол Қазақстанның климаттық жағдайларына сәйкес келетін, жылына 500 мың тоннадан кем емес көлемде жол битумын өндіріп, Қаражамбастың ауыр мұнайын терең өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның жалпы бюджеті – 43,5 млрд. теңге.

Барлық  жоғарыда аталған жобалар мен жоспарланатын өндірістер келешекте экономиканың аралас салалары өсуінің мультипликативті әсерін қамтамасыз етеді. Экспорттан өзге, Қазақстанның нарығын әртүрлі сападағы мұнайхимиялық шикізатпен қамтамасыз етілетін болады, бұл отандық бизнестің пластамассадан, құрылыс материалдарынан, жеңілдетілген материалдардан жасалған көмекші өндірістік жабдықтан, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы тауарлардан әртүрлі өнімді шығару жөніндегі орта шағын бизнестің кәсіпорындары мен өндірісін құруларын белсендіруі тиіс.

   Маңғыстау облысындағы  үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:

Бағдарламаның мақсаты: 

  Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

Міндеттері: 

  Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту. 

Экономиканың  басым секторларын дамытудың  әлеуметтік тиімділігін күшейту  және инвестициялық жобаларды іске асыру. Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау.Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру.Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету.

   Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама  экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама  экономиканы әртараптандырудың  жүргізіліп отырған саясатының қисынды  жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

 2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.   

 Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

 Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

 Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

 Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

 Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Экономикалық  саясаттың жүйелі шаралары қолайлы  макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Селективті  шаралар басым секторлар мен  жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет  өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын  республикалық және  өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын  қалыптастыру негізінде жүйелі түрде  құрады.

Экономиканың  объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және  технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

-қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

-бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

-жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

-адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың  басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің  интерактивті процесімен, мониторингтің  қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

 Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 2010 – 2014 жылдардың ішінде республикадағы мұнай мен газ конденсатын өндіру Теңіз, Қарашығанақ кен орындары жобаларын іске асыру есебінен 1,5 млн. тоннаға, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында (Қашаған және т.б.) кен орындарындағы өндірудің басталуы есебінен 3,5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Мұнай өндіруді ұлғайту тиісінше  газ өндірудің өсуіне алып келеді, өйткені республикадағы газдың бәрі ілеспе болып табылады.

 Саланы дамытудың негізгі операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болады, ол ірі жобаларға тікелей қатысу, жаңа кен орындарын жайластыру мен іске қосу, геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру мен жүргізу арқылы мұнай және газ өндіру саласындағы отандық әлеуетті өсіруге шоғырландыратын болады. 

 Елдің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге ықпал ету және Каспий теңізінің казақстандық секторында көмірсутек ресурстарын тиімді әрі қауіпсіз игеру жолымен Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту және 2010-2014 жылдары кезеңінде ел индустриясының ілеспе салаларын дамытуға қол жеткізу мақсатында өндіруді кешенді игеру және тұрақтандыруға жағдай жасау қажет, оның шеңберінде тиісті міндеттерді іске асыру жоспарланды.

 Мемлекеттің саясаты өндірістің барынша қосылған құны жоғары өндірістерін дамытуды ынталандыруға, ірі жобаларда аутсоринг және жергілікті құраушыны нығайту арқылы шағын және орта кәсіпорындарда көмекші, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктарды қалыптастыруға, сондай-ақ  қызмет көрсетуші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың бірігуі есебінен ірі жүйе құраушы компаниялар кластерлерін қалыптастыруға бағытталатын болады.

 Мұндай тәсіл мұнай-газ секторын дамытуды оның ұлттық қайта жаңғырту процесіне белсенді ендіру арқылы ішкі экономиканың  салаларына ұштасқан кең мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Бұл мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:

 ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының ваккумдық блогын және вакуумдық блогының қуаты жылына 1,8 млн. тонна болатын Атырау МӨЗ (Атырау облысы) баяу кокстау қондырғысын, жылына 1,0 млн. тонна болатын баяу кокстау қондырғысын қайта жаңарту;

Мұнай өңдейтін қуаты жылына 6,0 млн. тонна  Шымкент МӨЗ (Оңтүстік Қазақстан  облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.

  Мұнайды бастапқы өңдейтін қуаты жылына 6,0 млн.тонна болатын Павлодар МӨЗ (Павлодар облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.

  Мұнай компанияларының өңдеу деңгейін арттыру және сатып алуында қазақстандық қамтуды кеңейту үшін мынадай шаралар көзделеді:

-мұнай-газ саласындағы ұлттық компаниялар жаңадан құрылатын өндірістерге тікелей қатысу немесе отандық кәсіпкердің өнімді ұзақ мерзімде өткізуіне кепілдік беру арқылы шикізатты өңдеу деңгейі мен қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құруға бастамашылық ететін болады;

-жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарда өңдеуші және ілеспе өндірістерді ұйымдастыру және отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу басымдығын қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер енгізілетін болады.

Шикізатты өңдеу және отандық тауар өндірушілерден сатып алу деңгейін ұлғайтуға бағытталған ірі жеке жүйе құраушы кәсіпорындармен меморандумдар жасалатын болады.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау  шаралары

Көлік  инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Сыртқы  нарықтарға шығатын көмірсутек ресурстары экспортының бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мынадай жобалар іске асырылатын болады:

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары