Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау ісінің мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, 2011 жылдан бастап жоспарлы түрде, облыстың бірқатар мемлекеттік емдеу орындары өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындары санатына ауыстырылуда.
Енді, дәрігелер тек қана өз еңбегі мен біліктілігіне сәйкес еңбекақы алатын болады.
2010 жылдағы және кезекті «бесжылдықтағы» облыс дамуының негізгі нәтижелері осындай.
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қабылдаған стратегиялық бағыты шеңберінде елдің ұзақ мерзімді дамуын жоспарлауды жалғастыру мақсатында, оны іске асырудың бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты 2010 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейігі стратегиялық даму жоспары бекітілді, ол елдің он жылдық кезеңге арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды.
2020 Стратегиялық
жоспары 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі
кезеңді қамтиды, жалпы ұлттық
стратегиялық бағыттар және
Мемлекеттің күш-жігері бес негізгі бағытқа шоғырланатын болады:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) экономиканы жедел әртараптандыру;
3) болашаққа салынған инвестициялар;
4) азаматтарға қызмет көрсету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осылайша, 2020 Стратегиялық жоспарында ел дамуының мынадай түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделген: (1) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2020 жылға қарай нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда кем дегенде үштен біріне ұлғаяды, (2) алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік жјне корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан темен
болмайды, (3) Ұлттық қордың активтері ЖIӨ-нің кемінде 30 %-ға ұлғаяды (90 млрд. АҚШ доллары); (4) осы кезеңде инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде ұсталып тұрады; (5) экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық жјне шетелдік инвестициялар (өнеркјсіп, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ке ұлғаяды; (6) ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10 %-ке ұлғаяды; (7) ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылға қарай кемінде 12,5 %-ті, 2020 жылға қарай кемінде 13%-ға ұлғаяды; (8) жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 2015 жылға қарай 10%-дан 40 %-ға дейін және 2020 жылға қарай 45%-ға дейін ұлғаяды; (9) өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 1,5 есеге, 2020 жылға қарай 2 есе ұлғаяды; (10) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 2 есеге және 2020 жылға қарай 4 есеге ұлғаяды; (11) ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ке және 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға азаяды.
Тұтастай алғанда, 2020 жылға қарай (12) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ке дейін төмендейді, (13) жалпы өлім 30 %-ке азаяды, (14) жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайтын болады, (15) халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы 68-ден 72 жылға дейін ө ұлғаяды.
Қазіргі уақытта 2020 Стратегиясының стратегиялық сипатын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тұтастығы мен тиімділігін қалыптастыру мақсатында елде жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылданды, 2020 Стратегиясын іске асырудың стратегиялық картасы әзірленді, бұл ретте 2020 жылға дейінгі бағыттарды іске асыру мен жалпы ұлттық мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдары, құралдары мен тетіктері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттарында – мемлекеттік бағдарламаларда, салалық бағдарламаларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қамтылды.
Мысалы, жоғарыда аталған индикаторлар мен оларға қол жеткізу жолдары қабылданған 4 мемлекеттік бағдарламада (үдемелі индустриялық-инновациялық даму (Мемлекет басшысының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді), тілдерді дамыту, денсаулық сақтау және білім беру жөніндегі), 27 салалық бағдарламада, 16 аумақтарды дамыту бағдарламасында, орталық мемлекеттік органдардың 42 стратегиялық жоспарда көрініс табады. Осы құжаттардың көпшілігі қазіргі уақытта әзірленді және қабылданды, ал қалған бөлігі келісу және қабылдау сатысында.
2011 жылы өзімізге ең басты бағыттар етіп:
сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету, индустриялық – инновациялық дамыту бағдарламасын одан әрі іске асыру арқылы – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруды айқындап белгіледік.
Осыған байланысты индустрияландыру бағдарламасын іске асыру біз үшін негізгі басымдық болмақ. Бүгінге Индустрияландыру картасына тағы да 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын, 3,1 трлн.теңге сомасындағы жаңадан 14 жоба дайындалды.
Осыған байланысты индустриаландыру бағдарламасы бойынша барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін біз жаңа 7 өндірістік кәсіпорынды пайдалануға беріп, тағы да жаңа 5 жобаның жүзеге асырылуын жалғастыруымыз тиіс.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Айтқұловқа, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын(Л.О. Олжабаева) осылардың іске асырылуына ұдайы бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Осымен бір мезгілде Индустриаландыру картасын жаңа жобалармен толықтыру жұмысын жүргізу қажет. Бұған сондай-ақ «Жер-Теңіз-Аспан» ықпалдастырылған инвестициялық мега-жобасы аясында жүзеге асырылатын жобалар енуі тиіс.
Бұған сәйкес Үкіметтің тиісті тапсырмасы да бар.
Алайда Картаға қазіргі таңда тек қана «Кендірлі» халықаралық демалыс орнын дамыту жобасы ғана енгізілген.
«Каспий» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясына (Нұргалиев А.Қ.) «Ақтау-Сити» қала құрылысы және «Каспий энегетикалық хабы» жобасын Картаға енгізуді жылдамдатуды тапсырамын. Мерзімі – үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін.
Айтып өткенімдей, Үкіметтің тапсырмасы бойынша біз жаңадан «Каспий» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмысты бастадық. Барлық рәсімдеу мәселелері тездетілуге тиіс.
Барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар Премьер-Министрдің тиісті тапсырмаларын алды. Біздің міндетіміз – қажетті құжаттарды, есептемелерді уақытылы жасау, осыларды орталық деңгейде келісу.
Осы жұмысты үйлестіруді «Каспий» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясына (А.Қ. Нұрғалиев) тапсырамын. Бірігіп орындаушылар: облыс әкімінің кеңесшісі Р.А. Асанбаева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (А. Шамшадин).
Тұтастай алғанда, «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Жер –Теңіз – Аспан» мегажобасының түгелдей барлық бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
«Қиғаш - Ақтау» су таратқышы құрылысы жөніндегі жобаның маңыздылығын айрықша атап өткім келеді. Жоба құрылысын биыл бастауға барлық мүмкіндіктер бар.
Облыс әкімінің орынбасары Жүнбасовқа М.М., энергетика және коммуналдық басқармасына (Аманбеков С.Х.) жобаның іске асуын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Жоғарыда аталғандай, Жаңаөзен қаласы дамуының 2022 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс басталды.
Облыс
әкімінің орынбасарлары А.Б. Айтқұловқа,
Ә.С. Қыраубаевқа, экономика және
бюджеттік жоспарлау
Қолданыстағы Кешенді жоспарға қатысты айтар болсақ, жоспар бойынша негізгі қаражат игерілуде. Іске асырылуға жаңа әлеуметтік нысандар белгіленген.
Жаңаөзен қаласының әкімі О.К. Сарбөпеевке және облыстық құрылыс басқармасына (Т.С. Хамиев) жаңа Құрылыс нормалары мен Ережелері бойынша жобаларды нақтылауды тездетуді тапсырамын. Жаңа жобаларды іске асыруға арналған қаражатты, біз 2011 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде алуға тиіспіз.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңғырту мәселелері де өз шешімін күтіп тұр. Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Республикадағы тұңғыш арнайы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығын құрдық. Жобаға бюджет қаржысынан бөлек, заемдық қаржылар да тартылуда. Мысалға, облыс орталығындағы жылу-су жүйесін жаңғырту үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржысы тартылды.
Сондай-ақ өңір үшін энергия тиімділігін арттыру мәселесі маңызды болып қала бермек. Біз ресурстардың бір кездері сарқылатынын түсінуіміз керек. Энергия көздерін жаңарту жобаларын жүзеге асыруымыз және кезең-кезеңімен энергия үнемдеу технологиясына көшуіміз қажет.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне Үкіметте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңғырту бойынша жаңа бағдарлама бекітілетін болады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Айтқұловқа, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына (Аманбеков С.Х.) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін аталмыш бағдарламаға тиісті ұсыныстар мен нақты жобалар ұсынуды тапсырамын.
Биыл
республикалық бағдарламаның
Жоспарланған барлық жұмыс орындары толық көлемде құрылуы керек.
Жалпы алғанда, жұмыс орындарын құру «Жол картасы» аясында жүзеге асырылатын жобаларға ғана емес, сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджет қаржысы, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларының есебінен атқарылатын барлық даму жобаларына да қатысты болуы қажет.
Аудан, қала әкімдеріне, құрылыс басқармасына (Хамиев Т.С.) барлық жобаларға қатысты конкурстық құжаттамаларға мердігерлердің қосымша жұмыс орындарын құру туралы міндеттемелерін енгізуді тапсырамын.
Осы жұмыстың жүзеге асырылуына орай, барлық деңгейдегі әкімдерге, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Қалмұратова Г.М.) дербес жауапкершілік артылады, бақылау – облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Айтқұловқа жүктеледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жасақтауды бастады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Қалмұратова Г.М.) бағдарламаның жобасына біздің аймақ үшін маңызды мәселелер бойынша ұсыныс енгізуі қажет.
Мысалға, бұл біз үшін жастар мен әйелдердің жұмыссыздығы. Шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін жыл сайынғы квота бойынша, оның ішінде, ауыл шаруашылық жұмыстарына квота бөлу бойынша ұсыныстар енгізілуі тиіс.
Халықты жұмыспен қамтуда шағын несиелеу жүйесінің атқаратын рөлі зор. Механизм мен құрылымы бізде бар. Бұған дейін ол тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Биылдан бастап республикалық бюджет инвестициясы (3 млрд.теңге) есебінен қолдау көрсетіледі. Несиелік қаржы алуға жақсы мүмкіндік бар.
Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы
Халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі индикаторларының бірі – азық-түлік өнімдерінің бағасы болып табылады. Осыған байланысты, әр әкімнің жұмысы әлеуметтік маңызды тауарлар тобы бойынша бағаның негізсіз көтерілуінің алдын алуға бағытталуы керек.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлеуметтік маңызды тауарлардың жеткілікті қорын жасақтау мақсатында қолда бар қоймалардың шұғыл есебін шығарып, ол нысандарды мемлекет меншігіне сатып алу, немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жолымен жарғылық қорларына белгілі үлеспен кіру «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (А.Қ.Нұрғалиев) міндеті.
Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары