Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Содержание

Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Басқарудағы жоспарлау функциясы.doc

— 410.00 Кб (Скачать документ)

Біз, жыл  басында еліміздің кейбір өңірлерінде  орын  алғандай, тауар өндірушілер  мен сатушылар арасындағы алыпсатарлықпен  ымыраласуға жол бермеуге  тиіспіз.

Мысалы, барлық ірі сауда орталықтарымен,  супермаркеттермен әлеуметтік маңызды тауарларға  сауда –саттық үстемесінің түпкі шамасын айқындап белгілейтін  Келісімдер жасауымыз қажет.

Осыған  байланысты, облыс  әкімінің орынбасарлары  Ә.С. Қыраубаевқа, М.М. Жүнбасовқа кәсіпкерлік және өнеркәсіп (Л.О. Олжабаева), ауыл шаруашылығы (Т. Қалжанұлы) басқармаларына іс-шаралардың нақты  жоспарын  әзірлеуді тапсырамын.

Азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы, биылғы жылдың міндеті -  жергілікті тамақ өнімдерін өндірудің қол жеткен көлемін екі есеге ұлғайту, нәтижесінде 2012 жылдың соңында 50%-дық межеге қол жеткізу.

Осы жұмысқа  облыс  әкімінің орынбасары  М.М. Жүнбасов және ауыл шаруашылығы басқармасы (Т.Қалжанұлы) тікелей жауапты.

Ол үшін, Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, ауыл шаруашылығындағы бүгінгі күннің басым бағыты – еттік бағыттағы мал шаруашылығын дамытудың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өңірлік бағдарламасын жасақтау қажет.

Асыл  тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, егін шаруашылығында - тамшылата суару жүйесі мен жылыжай нысандарын көптеп салудың нақты іс-шараларын іске асыру қажет.

Балық шаруашылығында - балық аулау субъектілерінің  жағдайын нығайтып, тауарлы балық  өсіруді жедел қолға алу керек. Балықшыларға тиісті квота алып беру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржыландыру мәселелері Жүнбасов М.М. пен Қалжанұлы Т. мырзалардың жауапкершілігінде.

«Бизнестің  жол  картасы – 2020»  бағдарламасын  іске асыру жалғасын таппақ. Өткен  жылдың басында, осы бағдарламаны  іске асыру жаңа басталған  кезде, бізге  50 жоба ұсынылған болатын, алайда олардың ішінен жыл  соңына қарай  10 жоба ғана нақты мемлекеттік қолдауға ие болды. Кәсіпкер өз жобасын осы бағдарлама арқылы  өткізу үшін  келісім алудың бүкіл үдерісінен өтуіне 4-5 айдай уақытын жоғалтуы  керек  екендігі  анықталды.  Әкімшілік  кедергілер  өте  көп.

Біз осыларды азайту бойынша Үкіметке тиісті ұсыныстар  енгіздік.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (Л.О. Олжабаева) осы жұмысқа жанашыр болуы  қажет.

Үлескерлік  құрылыс мәселесі де назардан тыс  қалмайтын болады.

Әлеуметтік  саланы дамыту, біздің негізгі  басым  бағытымыз болып қала бермек. Бұлар  турасында жоғарыда  айтылды, барлық  ірі әлеуметтік жобаларды  іске асыру  қарқынды түрде жалғасатын болады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы биылғы 28 қаңтардағы халыққа Жолдауында әлеуметтік мәселелерге аса назар аударды.

Бұл салада үш мемлекеттік бағдарлама қабылданды - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламалары. Олар біздің облысымызда да жүзеге асырыла бастады.

Бұл ретте  ерекше назар аударатын мәселелер  бар.

Мысалға, білім беру саласындағы басты  міндет – 3-6 жас аралығындағы балаларды  мектепке дейінгі тәрбиемен  толық  қамтуды қамтамасыз  ету.

Аталмыш барлық жұмыстарды үйлестіру үшін білім басқармасына (Қасымбеков Е.Қ.) басқарма

жанынан республикадағыдай мектепке дейінгі  тәрбиені үйлестіру орталығын ашуды  тапсырамын.

Жалпы білім берудегі білім сапасы ешқандай да төмендеуге тиіс емес.

Біз өткен  жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің  қорытындысы бойынша  1- орын  алған  жоғары нәтижені  биыл да  сақтауға  тиіспіз.

Осыған  байланысты,  биылғы жылдан бастап біз  «Дарын» облыстық орталығы үлгісінде, облыстың аудандарынан да  қосымша  білім беру орталықтарын ашуды жоспарлап  отырмыз. Осы жылдын көктемінде осындай алғашқы орталық Түпқараған ауданында ашылатын болады.

«Ақтау  Сити» аумағында салынуы жоспарланып  отырған Тұңғыш Президентіміздің интеллектуалды мектебі де дарынды балаларды  дайындау орталығы болуы қажет.

Сондай - ақ, дарынды балаларға лайықты жағдайлар жасау мақсатында,  біз келісілген шешім қабылдадық – салынып жатқан мүмкіндігі шектеулі  балаларға арналған мектеп-интернаттың бір блогы   дарынды балаларды оқытуға берілетін болады. Жоспарланғандай, екінші блогы интернатпен бірге өз мақсатында пайдаланылатын болады.

Ақтау қаласында балалар үйінің тәрбиеленуші- түлектеріне  арналған  Жасөспірімдер  үйі ашылатын болады.

Кәсіптік  және техникалық білім беру мәселелері әрдайым басты назарда болуы  тиіс.

Еңбек нарығындағы мамандар  сұранысын  есепке  ала отырып, биылғы жылы облыста IT- технологиялар және  индустриялық құрылыс колледжін ашу жөнінде жұмыс басталатын болады.

Облыс колледждері мен лицейлеріне  мамандар даярлау үшін жыл сайын  бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жұмыс жасап тұрған өндірістердегі және индустриаландыру бағдарламасы аясында құрылатын жаңа жұмыс орындарын  ескере отырып, бөлінуі тиіс.

Сондықтан білім  басқармасы (Қасымбеков Е.Қ.) 2011-2012 оқу жылына оқушыларды қабылдаудың  жаңа жоспарын аталған міндеттерді  ескере отырып жасақталсын.

Мемлекеттік қаржыдан тыс, мамандарды даярлаудың жинақтау жүйесін енгізуге көшу керек.

Мысалы, ата-аналар баласын болашақта оқытуды  қаржыландыру үшін банкте есеп-шот  ашады, оған келісімге сәйкес айлық  сомасын енгізіп отырады. Бұл  жерде басты нәрсе -  салынған сомаға мемлекеттік сыйақы төленеді.

Осыған  байланысты білім басқармасы жұмысты  ұйымдастыруы керек.

Республика  бойынша 2015 жылға дейін республикалық  бюджет қаржысы есебінен екі жүздей жаңа мектеп салынуы тиіс. Оның кем  дегенде 15-і біздің облыста салынуы қажет.

Білім басқармасы (Қасымбеков Е.Қ.) аудан, қала әкімдерімен бірге нысандық тізім  жасақтап, барлық жобаларды  құжаттамалармен  қамтамасыз етуі тиіс.

Қазірдің  өзінде аталған мақсаттарға  жер  телімдерін бөлу бойынша жұмысты  бастап, болашақ құрылыс аумағын барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету керек.

Біз осы  аталған талаптарды орындаған жағдайда ғана республикалық бюджеттен қаржы  ала аламыз.

Бұл денсаулық  сақтау мекемелерінің құрылысына да қатысты.

2015 жылға  республика бойынша республикалық бюджет есебінен салынатын 350 дәрігерлік амбулаторияның 16-сын біздің облыста салу жоспарланған.

Ұлттық  бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін  енгізудің екінші кезеңі де тиімді өткізілуі тиіс.

Жолдаудан туындайтын Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғындардың қажетті тобының денсаулық жағдайына тексеру жүргізуге аса мән берілуі керек.

Бірінші кезекте, бұл - балалар, жасөспірімдер  және бала туатын жастағы  әйелдер.

Аймағымыздағы сырқаттану жағдайын ескере отырып, мысалға  балалар мен ересек тұрғындарды В және С гепатитіне тексеру жүргізіп, жүрек талмасы, қант диабеті және т.б.  сырқаттарды алғашқы кезеңінде анықтауды жолға қою қажет.

Денсаулық сақтау басқармасында (Мусинов С.Р.) тұрғындардың осы санатына тексеру  жүргізудің жан-жақты жоспары жасақталуы тиіс. Жоспарды іске асыруға қаржы жергілікті бюджеттен беріледі.

2011 жылды  тағы да –  «Ана мен баланы  қорғау» жылы деп анықтаймыз, сонымен бірге бұл жылы жарақаттанудың  алдын алу басты назарда болады.

Бұл мәселелерді  нақты нәтижелерге жеткенше күн  тәртібінен алуға болмайды.

Осыған  байланысты, Жаңаөзен қаласындағы және Бейнеу селосындағы екі перзентхана  мен Шетпедегі аудандық аурухананың  құрылыстарың аяқтау,  Ақтау  перзентханасын 120 төсекке дейін  кеңейту  жоспарлануда.

Маңғыстау облыстық ауруханасының оталық (операция жасайтын), жан сақтау (реанимация) бөлімшелерінен тұратын жаңа «Г» блогының құрылысы басталады.

Бейнеу  ауданының Ақжігіт және Мұнайлы  ауданының Маңғыстау елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар салынады.

Денсаулық сақтау министрлігімен Мұнайлы ауданында аудандық емхана мен аурухана құрылысын биыл бастау мүмкіндігі келісілді.

Облыстағы жедел және шұғыл медициналық  көмек көрсететін мекемелер жүйесі едәуір күшейтілетін болады. Олар заманауи реанимобилдермен, санитарлық автокөліктермен  және жылжымалы медициналық кешендермен, тікұшақпен қамтамасыз етіледі.

Ауыл  тұрғындарына қолжетімді медициналық  көмекті кеңейту – оралмандардың  көптеп көшіп келуі есебінен халық  санының ең жоғары өсімі байқалатын жаңа Мұнайлы ауданы, Жаңаөзен қаласы және Бейнеу ауданы үшін қазіргі таңда  өзекті мәселе.

Осы мақсатта, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-5, Қызылтөбе-2, Атамекен тұрғын үй массивтерінде және Бейнеу ауданының Бейнеу селосында  медициналық орталықтардың құрылыстарының жобасы жасақталды.

Жаңаөзен  қаласын дамытудың Кешенді жоспары аясында Теңге және Қызылсай елді мекендерінде дәрігерлік амбулаторияның құрылыстарының, ал қалада қалалық емхананың жобасы жасақталды.

Құрылыс басқармасына (Хамиев Т.С.) қаржыландыру мәселесін биыл шешу үшін жобаларды  құрылыстың жаңа нормативтік ережелеріне сәйкес жасақтауды тез арада аяқтау тапсырылады.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында барлық аудан, қалаларда қызмет етіп тұрған орталықтар мен кабинеттер базасында  жастардың денсаулық орталықтарын ашу қажет.

Көліктік  медицинаны дамытуға қатысты. Аймақ арқылы бірқатар магистральды жолдар өтеді. Жыл сайын олар арқылы  қозғалыс қарқыны артуда. Сондықтан біздер үшін санитарлық авиацияны дамыту мәселесі өте өзекті.

Денсаулық сақтау басқармасына (Мусинов С.Р.), жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен (Шамшадин А.) бірге «Бейнеу-Шетпе-Ақтау», «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» және «Бейнеу-Тәжен» автокөлік жолдарын жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында жыл аяғына дейін аталған автожолдардың анағұрлым апаттық-қатерлі тұстарында трассалық медициналық-құтқару бөлімшелерін ашуды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Тілдерді  дамыту басқармасына (Нүсіп З.Қ.) тілдерді дамыту мен қызмет аясын кеңейтудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шараларына  белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Өздеріңіз білетіндей 2011 жыл – Елбасы Жарлығымен республика Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы болып жарияланды. Осыған байланысты, атаулы мерейтойды облыс  тұрғындарының кең қатысуымен, сондай-ақ инвесторлар мен бизнес қауымдастығының әлеуетін пайдалана отырып мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды, облыста мерейтой аясында 32 өндірістік-әлеуметтік объектілер іске қосылады.

Облыс әкімінің орынбасары Жұмашев Қ.Б. айқындалған  әлеуметтік блоктың барлық мәселелерінің нәтижелі орындалысына бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

«Нұрлы  көш» бағдарламасы аясында, Мұнайлы  ауданының болашақ жаңа орталығы Батыр ауылы мен Қарақия ауданының  Маңғыстау ауылын дамыту жалғасады, Кендірлі елді мекенінің Бас жоспары жасақталады.

Біз тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту тұрғысында жаңғырту және жеке тұрғын үй салынған жаңа аудандарға тораптар салу жұмысын одан  әрі жүргіземіз.

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  биылғы жылы 20-дан астам жоба іске асырылатын болады. Бүгінге  судың  әр  ауылға жеткізілгені белгілі. Бұдан кейінгі барлық жобалар, облыс ауылдарын орталықтандырылған сапалы сумен қамту торабына бағытталатын болады.

Болашақта барлық елді мекендер Еділ суын қабылдауға дайын болуы тиіс.

Жас мамандарды ауылдық жердегі жұмысқа тарту  бойынша жұмыс жалғасатын болады. Біздің бастамамызбен ауыл мамандарына  тұрғын үй алуы үшін республикалық  бюджеттен берілетін жеңілдік несиенің мөлшері,                    биылдан бастап әр маманға 890 мың теңгеден 2,3 млн теңгеге дейін  көбейтілді.

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары