Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.
Бізге қылмыстық және қоғамдық тәртіпті сақтаудағы кейбір жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Ішкі істер органдарынан (А.Ж.Қабылов) бұрынғыдан да тиімді ымырасыздықты, көшелерде тонап кетушілік, жолдардағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандар мен жеткіншектер арасындағы криминогендік көрсеткіштерді азайтуды талап етемін.
Осының
алдында айтылған басым бағыттарға
сәйкес, облыстың жаңа үшжылдық бюджеті
қабылданды. Біз биылғы жыл басында,
бюджетті бірден 1,5 есеге – 63,7 млрд.теңгеден
97 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды қамтамасыз
ете алдық. Өңірді дамытуға республикалық
бюджеттен тікелей тағы да 11 млрд.
теңге бөлінді.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
ҚР тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылда аз шаруа істелген жоқ,көптеген бағдарламалар жасақталаып,жүзеге асырылды,көпжылға арналған стратегиялық жоспарлар да қабылданды,Соның ішінде Маңғыстау облысы да бұл процесстерден тыс қалып көрген жоқ.Мен бұл тарауда Маңғыстау облысындағы 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспар бағдарламасын талдамақпын.Соның ішінде қазіргі таңда өңірдегі екі басым бағыттағы саланы қарастырамын.Оның бірі: ҚР 2011-2015 жылдарға арналған «Мұнай өндіру және өңдеу саласы бойыншы стратегиялық жоспарлау,екіншісі: Маңғыстау облысындағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
ҚР 2011-2015 жылдарға арналған «Мұнай өндіру және өңдеу саласы бойыншы стратегиялық жоспарлауды» талдау.
Миссиясы. Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін, экономиканың көмірсутекті шикізат пен оны өндеуден алынатын өнімге деген өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту мақсатында көмірсутекті шикізат бөлігіндегі отын-энергетикалық кешеннің дамуы.
Пайымдау.
Магистральды және көмірсутекті шикізатты
өңдеу жөніндегі дамыған
Мұнай және газ министрлігінің стратегиялық жоспарымен екі шешуші бағыт анықталды:
I. Мұнайгаз саласының серпінді дамуы
1. Көмірсутекті шикізаттың қорлары.
Қазақстан Республикасында көмірсутекті шикізаттың жалпы барланған алынатын ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, соның ішінде8 млрд тонна Каспий теңізінің қазақстандық секторына (бұдан әрі – КТҚС) тиесілі. Мұнайдың расталған қорлары бойынша Қазақстан 15 жетекші елдердің санына кіреді. Қазақстан көмірсутекті шикізаттың маңызды қорларына ие – дүние жүзілік қорының - 3,3 %.
Қазақстанның мұнайгаз саласының ресурстық әлеуетінің бұдан әрі өсуіне республикада жүргізіліп жатқан, Каспий және Арал теңіздері айдынындағы жер қойнауы учаскелерінің кең ауқымды зерттелуі ықпал ететін болады.
2000 жылы каспий теңізінің солтүстігінде Қашаған кен орнының ашылуы әлем тәжірибесінде соңғы 30 жылдағы ең елеулі оқиға болып аталды.
Мұнай мен газды іздеудің келешегі Каспий маңы ойпатының, Арал маңының зерттелмеген терең батырылған құрылымдарымен де, сонымен қатар Солтүстік, Орталық және Оңтүстік объектілеріндегі өңірлік сейсмикалық жұмыстарының анықталған нәтижелерімен де байланыстырылады. Қазақстанның жер қойнауы әлеуетінің бұрынғысынша жоғары болуына байланысты, көмірсутекті қорларды ұлғайтудың нақты болашағы жоғары.
2. Мұнай мен газды өндіру
Мұнайгаз кешені мемлекеттің және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер етеді, мәні бойынша, мемлекеттің тұтас экономикасы үшін локомотив болып табылады, экономиканың басқа салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнайгаз кешені кәсіпорындарының жұмысымен өңірлер мен тұтас мемлекеттің ауқымындағы неғұрлым елеулі әлеуметтік бағдарламаларды өмірде жүзеге асыру байланысты.
Мұнайгаз кешеніндегі өзгерістер саланың, сонымен қатар өнеркәсіптің байланысты салаларының қызмет етуінің тиімділігін арттыруға бағытталған, бұл мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігінің бекуіне ықпал етуі тиіс, сонымен қатар кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін, қызмет пен өнімнің сапасының артуымен сүйемелденетін экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуі тиіс.
3. Мұнай мен газды қайта өңдеу
2011 жылдың
1 наурызында Қазақстан
Аталған қаулыға сәйкес Қазақстанның аумағында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2-экологиялық кезең стандарттарының талаптары енгізілді. Қазақстан Республикасында 3-экологиялық кезең мен 4-экологиялық кезең стандартарының талаптарын 2014 жылдың қаңтарынан және 2016 жылдың қаңтарынан бастап енгізу жоспарлануда.
Аталған
стандартты енгізу МӨЗ-дағы технологиялық
қондырғылар мен жабдықтың
Дүниежүзілік
талаптарға сәйкес өндірілетін өнімнің
соның ішінде жоғарыда көрсетілген
Техрегламенттің сапасын
Отандық МӨЗ қайта жаңарту мен модерлендіру келесі инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді:
Атырау мұнай өңдеу зауытында (бұдан әрі – АМӨЗ):
ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумды блогын қайта жаңарту және АМӨЗ баяулап кокстеуді орнату, вакуум блогын жылына 1800 тоннаға дейін жеткізу және жылына 1000 тоннаға дейінгі баяулап кокстеуді орнату.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011 жыл.
Жылына 133 мың тоннаға дейінгі бензолды, жылына 496 мың тонна – параксилолды өндіріп және мұнай өнімдерінің сапасын 3-экологиялық кезеңге жеткізуге дейін жақсартып, хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешенді салу.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2013 жылдар.
Зауыт базасында мұнай өңдеуді жылына 5500 мың тоннаға дейін жеткізіп және мұнай өнімдерінің сапасын Еуро-4 стандартына дейін жақсартып, 84 % дейінгі тереңдікті өңдейтін мұнайды тереңдеп өңдеу бойынша кешенді салу.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2014 жылдар.
«Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі – ПҚОП):
Мұнайды өңдеуді жылына 6000 мың тоннаға дейін жеткізіп, мұнайды тереңдеп өңдеуді 90 % арттырып, мұнай өнімдерінің сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін жақсартып зауытты қайта жаңарту мен модерлендіру.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2014 жылдар.
Павлодар мұнайхимия зауытында (бұдан әрі – ПМХЗ):
Мұнайды
өңдеуді жылына 6000 мың тоннаға
дейін жеткізіп, мұнайды тереңдеп
өңдеуді 90 % арттырып, мұнай өнімдерінің
сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін
жақсартып зауытты қайта
Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2013 жылдар.
МӨЗ қайта жаңарту мен модерлендіруді 2015 жылы аяқтап, республиканың тұтынушыларын 3, 4 – экологиялық кезеңдердің талаптарына сәйкес сапалы мұнай және мұнайхимия өнімдерімен қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зыянды әсер етуді азайту, республиканың автомобиль және авиациялық отынға деген мұқтажын қамтамасыз ету, МӨЗ мұнайды өңдеу жөніндегі жиынтық қуатын жылына 17,5 млн. тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігін береді.
Республиканың мұнайгаз кешенімен өндірілетін газ, негізінен серіктес болып табылады, сондықтан да оны газ өңдейтін зауыттарда тауарлы газға дейін өңдеу қажет. Республикада жылына жалпы өңдеу қуаттылығы 18,9 млрд. куб.м. дейінгі үш газ өңдейтін зауыттары (бұдан әрі – ГӨЗ) жұмыс жасайды:
Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан әрі – ҚазГӨЗ);
Теңгіз газ өңдеу зауыты (бұдан әрі – ТГӨЗ);
Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан әрі – ЖГӨЗ).
Газды өндіру көлемдері аз кен орындарында газды тауарлы жағдайға дейін жеткізу газды кешенді дайындау қондырғыларында (бұдан әрі – ГКДҚ) жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі шараларды орындауы, қуаттылығы 256 МВт асатын 12 газдытурбиналы электр станцияларын (бұдан әрі – ГТЭС), газды кешенді кәдеге жарату жөніндегі 12 қондырғыны және 8 млрд. куб.м. газды өңдейтін және жылына 350 мың тоннадан асатын сұйытылған газды өңдейтін ГӨЗ-ден тұратын кәдеге жаратылатын газды қолдану жөніндегі жаңа инфрақұрылымды құруға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының елді-мекендерін газдандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға елеулі назар аударылуда. 2006-2009 жылдарда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 15 млрд. аса теңге бөлінді. Қабылданған шаралар Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 80 аса елді-мекендерін, сонымен қатар Қызылорда қаласындағы 428 көпқабатты үй мен 4 мың жеке үйді табиғи газбен газдандыру мүмкіндігін берді.
Қазіргі уақытта газ 14 облыстың 9-ына жеткізіледі.
4. Мұнайгаз көлігі инфрақұрылымын дамыту
Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту, мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Мұнайгаз ресурстарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан көлік шығасысын төмендету жағдайында, өткізудің неғұрлым тартымды нарықтарына қазақстандық көмірсутектерді тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газдың қуаттылығын және экспортының бағыттарын дамыту өндіру мен ішкі тұтынудың келешектегі көлемдеріне, транзитті елдермен ұзақ мерзімді келіссөздердің болуына, тұтынудың әлемдік нарықтағы сұранысы деңгейі мен жай-күйіне сәйкес келуі тиіс.
Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспортты бағдарларын дамыту мен диверсификациялау мақсатында келесі жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде: КТК мұнай құбырларын кезеңді кеңейту, Баку-Тбилиси-Джейхан құбырына жалғасатын және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізушілік қабылетін арттырып, Қазақстандық Каспий Тасымалдау Жүйесін (ҚКТЖ) құру.
Мұнай мен газ конденсатын теңгерімді өндіру кезінде мұнай құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып, экспорт келесі негізгі бағыттар бойынша ұлғайтылады: КТК және Қазақстан-Қытай.
Республика бойынша газды тасымалдау мен транзиті негізгі магистралды газ құбырлары бойынша жүзеге асырылады – «Орта Азия - Орталық» (ортаазиялық газ), «Бухара газды өңірі – Ташкент – Бішкек – Алматы» (ортаазиялық газ), «Қазақстан-Қытай» (ортаазиялық газ) газ құбырының 1-учаскесі, «Оренбург – Новопсков» (ресейлік газ), «Бухара – Урал» (ресейлік газ).
Бейнеу-Шымкент газ құбырының салынуы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін болады және мемлекеттің батыс газ өндіретін өңірлерінен оңтүстік өңірлеріне газдың айдалуын қамтамасыз етуге, сол арқылы өзбек газының жеткізілуі тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Газ құбырының трассасы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өтетін болады.
Жобаны іске асыру Қызылорда облысының, тұрғындарының жалпы саны 2 млн. адамды және шамамен 400 елді-мекенді қамти отырып, Оңтүстік Қазақстанның, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстік аудандарын бұрын газдалмаған аумақтарын газдандыруды жалғастыру мүмкіндігінен байқалатын оң мультипликативті әсер береді. Бұл ауыл халқының тіршілік деңгейі сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жаңа объектілерін дамыту мен қазіргілерін модерлендіруге, шағын және орта бизнесті дамытуға күш береді және бұдан туындайтыны жаңа жұмыс орындарының құрылуы.
Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары