Депозиттерді сақтандыру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 14:51, дипломная работа

Описание

Берілген жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік депозиттік сақтандырудағы жағдайларды ғылыми зерттеулер негізінде банк жойылған кезде депозиттердің (салымдар) сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелерін оңтайлы шешудің теориялық және әдіснамалық принциптерін жалпылау болып табылады.

Содержание

Кірісп嬬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬-................................................................................................................... 3

1 Депозиттерді сақандырудың теориялық аспектілері .............................. 5

1.1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні ..................................... 5
1.2 Бантік депозиттердің концептаулды негізі .............................................11
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелді тәжәрибесі ………… 17

2 Қ ақстан Республикасының аз депозиттерді сақтандыру жүйесін
талдау ............................................................................................................... 26

2.1 Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау .......................... 26
2.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушысы – « Тұран Әлем Банкі » депозиттерін бағалау ………………………………………………. 32

3 Қазақстан Республикасында депозиттік рынокты жетілдіру
жолдары …………………………………………………………………….. 37

3.1 Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді
төмендету жолдары .......................................................................................37
3.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесінің даму келешегі...............................................................................45


Қорытынды ........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Диплом 2111.docx

— 259.61 Кб (Скачать документ)

     1) тәуекелдің мазмұнын табу;

     2) тәуекелдің деңгейін анықтауға  қажет ақпарат көлемін және  көздерін анықтау;

     3) тәуекелдің шекараларын анықтау,  оның таралуындағы өлшемдерді, әдістерді  таңдау;

     4)  тәуекелден сақтандырудың әдістерін  анықтау немесе таңдау;

     5) тәуекелді басқару нәтижелерін алдынғы талдау әдістерімен салыстыра отырып талдау.

     Банктік тәуекелдерді әр түрлі белгілері  бойынша жіктеуге болар еді, бірақ  біздің зерттеуімізде қарастырылатыны  қаржылық тәуекелдер, коммерциялық банкттердің  қарым-қатынасы халықпен төмендегідей жағдайларда қалыптасады. Несиелік тәуекел, пайыздық және өтімділіктің қамтамассыз етілмеуі тәуекелі.

     Тәуекел - бұл жағымсыз жағдайлардың пайда  болуы немесе ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупі. Банктердің іс-әрекеттерінде үнемі ұшырасып отыратын тәуекелдер төмендегі кестеде келтірілген.

     Қаржылық тәуекел-кірістердің төмендеуі жағдайында, пайданың болмауы немесе әр-түрлі себептердің нәтижесінде шығыстардың орын алуында туындайд10ы.

     Тәуекелдерді  басқару саласындағы өзекті проблема - қазіргі жағдайда депозиттік тәуекелдегі және пассивтік операциялардағы тәуекелді басқару проблемасы. Коммерциялық құрылымдардың қаржылық тұрақсыздығының несиелік-депозиттік келісім шарттар бойынша ресуртардың қайтарылмауының нәтижесінде туындауы, банктік тәуекелді талдау тәжірибесінде үлкен жұмыстарды қажет етеді.

     Кесте 20

Тәуекелдерді факторларға байланысты жіктеу

Сыртқы (жалпылама) ішкі (жекеленген)
құрылымдық Пассивтік операциялар  бойынша
Елдік Несиелік
Саяси Пайыздық
Географиялық Валюталық
Сақтандыру өтімділіктің қамтамассыз етілмеуі
Инфляциялық Іс-әрекеттің жетерліктей диверсификацияланбауы
Басқалары Басқалары

* Осипенко  Т.В. О системе рисісов баыковской  деятельности // Деньги и кредит, №4, 2000 г. 

     Коммерциялық  банктердің барлық операциялары тәуекелдермен  байланысты. Тәуекел нәтижесінде шығынға ұшырамау үшін сақтандыру қызметтерін пайдалану және банктің активтік-пассивтік операцияларын дұрыс басқару қажет. Әрине сақтандыру қызметтерін пайдалану белгілі бір шығындарды шығаруға алып келеді, бірақ ол шығындардың орны тәуекелдің орын алуы кезінде қайта толып отырады. қазіргі уақытта коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттрі қатысушы-банктің банкротқа ұшырауы жағдайында сақтандыру қорыменен қайтарылып берілуде. Бірақ, жеке тұлғаның  салымдары  сақтандырылды дегенмен  онда әлі  де  болса тәуекел дәрежесі жоғары.

     Банктің депозиттік операциялары бойынша тәуекелді  сақтандырудың әдістері. Олар: міндетті сақтандыру (депозиттерді сақтандырудың орталықтандырылған міндетті қорлары), ерікті сақтандыру және аралас сақтандыру (жоғарыда аталған екі әдісті бірдей пайдалану арқылы).

     Осы мәселені депозитерді сақтандыру жүйесіне қатысушы субектілерің әрбірінің тәуекелге  байланысты қаражат жоғалтуы дәрежесін  ескере отырып блок-тәсіл түрінде  келесі суреттен көруге болады: 

 

     Сурет 4. Жеке тұлғалардын депозиттерін сақтандыру бойынша

тәуекел дәрежесі 

* Осипенко  Т.В. 0 системе рисков банковской  деятельности // Деньги и кредит, №4, 2000 г. 

     Тәуекелді ретроспективтік талдау ақша ағымдарының  қозғалысын ескере отырып жүргізіледі (банктің төлем балансын немесе корр-шотын  басқару). Бірақ та ақша ағымдарының  қозғалысын талдау бойынша жұмыстың негізгі мақсаты - тек алдыңғы кезеңдегі мәліметтерді талдауға ғана емес, сонымен бірге эстраполяция, клиенттердің шоттарындағы қаражатарының жағдайларын болжау және банктің болашақтағы осыған сәйкес жағдайын анықтау.

     Депозиттік  операциялар бойынша тәуекелді  бағалаудың және басқарудың жекелеген  әдістерін тереңірек қарастыруға  болады:

     1. Ресурстарды тартудың құрылымдық талдамасы. Коммерциялық банктердің ресурстарының негізгі бөліктерін тартылған қаражаттар құрайды, ал меншікті қаражаттар біршама аз бөлікте. Жекелеген банктер бойынша ресурстардың құрылымдарында өзгешеліктер бар, ол ең алдымен олардың құрылғаннан бастап қызмет етіп келе жатқан мерзіміне, мерзімдерінің әр түрлілігіне, олардың жарғылық қорларының әр түрлі мөлшерлілігіне, қызмет көрсететін клиентурасының саны мен сапасына және т.б. байланысты.

     Жекелеген коммерциялық банктердің ресурстарының  құрылымы олардың мамандану дәрежесіне байланысты немесе керісінше, әмбебаптылығына, олардың әрекеттерінің ерекшелігіне, ссудалық ресурстарының нарықтық жағдайына  тәуелді.

     Қазіргі банктік тәжірибе, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, депозиттердің өте әр түрлігімен сипатталады. Салыстырмалы сапалық түрде тартылған қаражаттардың құрылымын талдауды клиенттердің топтары мен депозиттердің мерзімдері бойынша жүргізуге болады, ол қаражаттардың банкке экономиканың қандай секторынан және қандай мерзімге тартылғандығын көрсете алады. Осындай салыстырмалы талдауды мақсатты түрде кестелік макеттерді пайдалану арқылы жүргізуге болады, себебі осы әдіс басқа банктердің11 қаржы тартуының құрылымы мәліметтерімен салыстыруға қолайлы. Бұл жерде материалдар синтетикалық есеп үшін де (баланс), сонымен бірге аналитикалық есеп үшін де қажет.

     Тартылған қаражаттардың құрылымын сандық талдау банктің менгшк қаражаттары  секілді әрбір топшаның үлес салмағын немесе жалпы тартылған қаражаттарындағы бірнеше топтың үлесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Осы тектес талдаулар  аталған банктің пассивтік операцияларының  дамуындағы әрбір экономикалық келісім - шарттың рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Одан басқа тартылған қаражаттардың құрылымын аналитикалық есептің мәліметтері арқылы талдауға болады. Бұл материалдар тартылған қаражаттардың динамикасын тартылу мерзіміне байланысты зерттеуге мүмкіндік береді. Тартылған қаражаттардың құрылымын тек қана мерзіміне байланысты ғана емес, сонымен бірге сомасына байланысты талдауға да болады. Банктің салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып, осындай операциялардың көлеміндегі өзгерісті анықтап, оның банк өтімділігіне әсерін анықтауға болады. Бірақ та қазіргі экономикалық әдебиеттерде отандық авторлар банктердің өтімділігі проблемасын пассивтерін басқару тұрғысынан қарастырмайды, ал осы тұрғыдан қарастыру банк үшін өте тиімді болар еді.

     Активтердің өтімділігі тұрғысын және пассивтердің талап етілу тұрғысын банктің  деңгейінде бөлімшелері, клиенттері және операция деңгейі тұрғысынан анықтауға  болады. Осындай көзқарас депозиттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға және депозиттік портфельдің сапасын көрсетуге мүмкіндік береді. Анығырақ айтсақ, осы мақсатпен мақсатты түрде қайта құру жұмыстарын, яғни "балансты", "тазалау" жұмыстарын бастауға болады, ал баланспен аналитикалық жұмысты бастау үшін пассивтің және активтің баптарын қайтадан топтау керек, ол баптардың сәйкестігі үшін қосымша кестелер жасау қажет. Осында айта кететін бір жай, бірыңғай көзқарасты пайдалана отырып балансты   "тазалау"   әдістерін   жасау   үшін   жалпы   қағидаларды   ұстанады дегенмен, әрбір банктің қайта құрылымдық   әдістемесі өзіндік ерекшелікке ие болады. 12

     Осыдан  шығатын қорытынды, тіпті бірыңғай, бірдей бағдарламаны пайдаланса да, әрбір  банк оны өз жағдайына ыңғайлауы  керек. Алынған мәліметтерді өңдеуден өткізген соң баланс пен аналитикалық жұмыстың қорытындысы шығарылады және банктің жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар көрсетіледі. Анығырақ айтар болсақ, депозиттердің тұрақты бөлігін анықтап, депозиттік портфельдің орташа есептелген құнын есептеп, практикалық көрсеткіштерді ескеріп (ірі көлемді депозиттер, басқа да жоғары тәуекелді депозиттер, төменгі кірістілер және басқалары) банк өзіндік депозиттік саясатын негізделген жолмен жасауды қолға алады. Банк өзінің депозиттік портфелін басқаруда тәуекелдерді есепке ала отырып, тартылған қаражаттарды тиімді орналастыруды басты мақсат етіп қойады. Өйткені қаражаттарды тиімді орналастыру - банктің өз міндеттемелері бойынша өтімділігін айқындайтын негізгі фактор.

     Ол  меншікті қаражаттар мен олардың  мобилизациясы арасындағы айырма ретінде  анықталады. Брутто - банктің жарғылық қоры, бағалы қағаздар нарығындағы  орналастырылған акциялар есебінен құралған, резервтік қоры, банк пайдасы.

     Тартылған қаражаттарды пайдаланудың тиімділігі банктерде мына формуламен есептелінеді:

                        

                                (2)

     Мұндағы,

     ПСН - нетто тартылған қаражаттар.

     Кр-несиелік салымдардың жалпы сомасы.

     Аталған көрсеткіштің 100% көлемінде болуы - барлық аталған несиелік салымдар тартылған  қаражаттар есебінен жүргізілетінін көрсетеді. 100%-тен жоғары көрсеткіш депозиттік портфельдің несиелік салымдардың өсу қарқынынан артып кеткендігін түсіндіреді және нетто тартылған қаражаттар көлемінің тек қана несиелік ресурстар ретінде ғана пайдаланылғанын емес, сонымен бірге оның басқа да активтік операция көзі болғандығын дәлелдейді.

     2. Депозиттердің құрылымын талап етілу деңгейлері бойынша талдау. Талап етілу деңгейіне байланысты тартылған қаражаттар талдау үшін келесідей топшаларға бөлінеді:

     1)  талап етуге дейінгі депозиттер (мемлекеттік бюджеттің қаржылары  және бюджеттік ұйымдардың қаржыларын, есеп айырысу шотындағы қаржылар, заңды және жеке тұлғалардың  ағымдағы шоттары);

     2)  мерзімдік депозиттер;

     3)  банкке бағалы қағаздарды сатқаннан  түскен қаржылар;

     4) кредиторлар;

     5) басқа банктердің кредиттері.

     Ағымдағы  шоттарға т13артылған қаражаттар көлемінің өзгеруі бір жағынан мерзімді салымдар, екінші жағынан, пассивтік тұрғыдан қарастырғандағы банк өтімділігін оқып-үйрену негізін қалайды. Мерзімді салымдардың айтарлықтай өсуі банк операциясының кірістілігін төмендетеді, бірақ балансының өтімділігін жоғарылатады. Ағымдардағы шоттардағы және талап етілу шоттарындағы қалдықтардың өсуі әдетте кері тенденция орын алғандығын түсіндіреді.

     Ағымдағы  шоттардағы және мерзімдік шоттардағы қалдықтар үлесінің артуы, мәселен, жеке тұлғалардың, ресурстардың арзандығын анықтайды, себебі - салымдар банкке арзан  келеді. Бірақ та бәсеке жағдайында банктер мерзімді шоттармен, егер де шот ірі клиенттердікі болса онда көбінесе пайыздық мөлшерлемесі банкаралық деңгейде болады, ал кішігірім клиенттердің салымдарын ең төменгі деңгейді. Осындай жағдайда клиенттерден тартылған ресурстар үлесінің өсуі толығымен банктік операциялардың кірістілігін көрсетеді.

     Коммерциялық  банктердің өте ірі банкаралық несиелерге тәуелділігінің өсуін біз жағымды  жағдай деп айта алмаймыз, себебі тартылған  қаражаттардың диверсификациясы банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді; ал банкаралық несиелердің артуы ешқашан диверсификациялауға  жол бермейді.

     Бұдан шығар қорытынды: банк балансының арзан  бөлігінің үлес салмағы неғұрлым артық болса соғұрлым оның жағдайы тұрақты және кірістілігі жоғары, себебі банк маржасы осы жағдайда ең жоғары болуға ұмтылады.

     Сонымен бірге айта кету керек, талап етуге  дейінгі депозиттер - бұл ең арзан  ғана емес, сонымен бірге ешбір  болжауға келмейтін құрал, сондықтан  да олардың тартылған қаражаттардағы үлесінің жоғары болуы банктің өтімділігін  нашарлатады.

     Әлемдік тәжірибеде тартылған қаражаттарда осы үлестің мөлшері әдетте 30% бойынша анықталады. Батыс елдерінде басқадай да көзқарастар бар. Мәселен, Германияда (мерзімді шоттар) 60%-ке дейін рұқсат етіледі, ал 10% - талап етуге дейінгі шоттарда, оны несиелендіру қажеттілігіне пайдалануға болады.

     Осы жоғарыда айтылғандармен қоса қазіргі  банктік жүйедегі тәжірибеде активтер мен банк пассивтерін сомасымен  және мерзімімен арақатынастарын талдауды кеңінен пайдалануды тиімді деп  санаймыз. Сонымен бірге осындай талдау өте қажет деп түсінеміз. Себебі ол ресурстар көздерін ашып көрсетеді, содан соң банк осы ресурстар бойынша кеткен шығындарды да көрсетеді. Сонымен бірге, банк балансының пассивінің құрылымы белгілі бір мөлшерде оның активінің құрылымын да көрсетеді, яғни, осы ресурстар қалай пайдаланылатынын көрсететін бағыттарын айқындайды.

Информация о работе Депозиттерді сақтандыру жүйесі