Депозиттерді сақтандыру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 14:51, дипломная работа

Описание

Берілген жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік депозиттік сақтандырудағы жағдайларды ғылыми зерттеулер негізінде банк жойылған кезде депозиттердің (салымдар) сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелерін оңтайлы шешудің теориялық және әдіснамалық принциптерін жалпылау болып табылады.

Содержание

Кірісп嬬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬-................................................................................................................... 3

1 Депозиттерді сақандырудың теориялық аспектілері .............................. 5

1.1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні ..................................... 5
1.2 Бантік депозиттердің концептаулды негізі .............................................11
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелді тәжәрибесі ………… 17

2 Қ ақстан Республикасының аз депозиттерді сақтандыру жүйесін
талдау ............................................................................................................... 26

2.1 Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау .......................... 26
2.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушысы – « Тұран Әлем Банкі » депозиттерін бағалау ………………………………………………. 32

3 Қазақстан Республикасында депозиттік рынокты жетілдіру
жолдары …………………………………………………………………….. 37

3.1 Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді
төмендету жолдары .......................................................................................37
3.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесінің даму келешегі...............................................................................45


Қорытынды ........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Диплом 2111.docx

— 259.61 Кб (Скачать документ)

     Қордың  лауазымды тұлғалары мен ызметкерлері өз қызметтерін жүзеге асыру барысында  қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға  және құпиялылығын сақтауға міндетті.

Қатысушы  банктердін міндеттері:

     1)  Уақтылы және толық көлемде  міндетті күнтізбелік және басқа  да жарналарды қор басқармасының  шешіміне сай төлеп отыру.

     2)  Мәліметтерді уақытында және  толық көлемде қорға ұсынып  отыру.

     3)  Еріксіз таратылған қатысушы-банк  туралы сот шешімі күшіне енген  күннен бастап салымшы алдындағы  міндеттеменің орындалуы жайында  қорды дереу хабардар ету.                                                                       

     4) Жеке тұлғалардың салымдарын  міндетті ұжымдық кепілдендіру  жүйесінің объектісі болып табылатын  салымдар бойынша банктік салымдарды  келісім шарт бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу,  соның ішінде валюталық өтемақы,  салымшыдан қорға өтемдер мен  қатысушы банктің салымдары туралы  ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында  беруге талап ету құқын көгпу.

     5)  Клиенттеріне өзінің жеке тұлғалар  салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесіне қатысатындығын  қатысушы-банктің берілген күні  мен нөмері көрсетілген куәлігін  көрсету, сондай-ақ жазбаша хабарлаудың  көмегімен клиенттер сұрақтарына жасбаша және ауызша жауаптарында салымдар бойынша өтемдер төлеу шартын хабарлау.

     6)  Салымшылар алдындағы міндеттемелердің  уақытылы және толық орындалмауын  туғызатын жағадайлар жайында  қорды дереу хабардар ету.

     7)  қорға еріксіз таратылу жағдайындағы  қатысушы-банктердің жеке тұлғалардан  салымдарға ақша қабылдауын дәлелдейтін  мәліметтер мен банк растаған  құжаттардың көшірмесі, яғни қор  басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың  нысандары бойынша салымдарының  міндетті ұжымдық кепілдендіру  объектісі болып табылатынын  дәлелдейтін құжаттар ұсыну.

     8)  қазіргі ережелерге сәйкес басқа  да талаптарды орындау.

     Қатысушы банк қазіргі ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда ұлттық банк оларға банктік заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдануға құқылы.

     Банктер өтініш пен құжаттарды бергеннен  кейін міндетті күнтізбелік жарнасын төлегені туралы қазіргі ережелердің  қосымшаларына сәйкес толтыралатын қатысушы куәлігін алады. қор қатысушылар  куәлігінің есебін қатысушы банктер  реестеріндегі ақпаратқа сәйкес жүргізеді. қатысушы куәлігін алған  банктер қатысушы-банктер реестрінде тіркеледі.

     Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесінен шығарылып, қатысушы куәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:

     - қатысушы-банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың банктердердегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензияның күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданғанда;

     -  жыл бойында бірнеше мәрте  (екі немесе одан да көп)  қорға жарналарды кешіктіріп  төлейтін болса немесе аударымдарды  толық көлемде жасамаса;

     -   қазіргі ережелер мен белгіленген  басқа да талаптар бұзылғанда.

     Жеке  тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі  қайтарылғаннан кейін қатысушы банк банк реестрінен шығарылады. қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен  шығарылғандығы туралы ұлттық банк осы  шешімді қабылдағаннан кейін  үш күн ішінде хабарланады. Мұндай хабарды алғаннан соң банк қорға қатысушы куәлігін үш күн ішінде қайтарып беруге міндетті.

     Қор басқармасының қатысушы куәлігін банкке беру немесе жеке тұлғалардың міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен  банк қатысушы-банкті шығару туралы шешімі үш жұмыс күні ішінде республикалық  баспа беттерінде мемлекеттік тілде  немесе орыс тілінде жариялануы тиіс.

     Салымшылар  алдында өз міндеттерін атқару үшін қор ұлттық банктен, ҚР Үкіметінен, басқа ұйымдардан қарыз алуға  құқығы бар немесе ұлттық банктің  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен  жоғары мөлшерлеме бойынша олардың  кепілдемелері негізінде қарыз  ала алады.

     Күнтізбелік жарнаның міндетті мөлшерлемесі әрбір  қатысушы-банктер үшін оның қаржылық жағдайы мен әдістеріне сәйкес жеке белгіленеді. ұлттық банк белгілейтін  бұл мөлшерлеме есептік тоқсанның  соңғы мерзіміндегі күнтізбелік  міндетті жарна төленер алдында  салымдар сомасының 0,125 %-тен 0,375 %-ке пайызға  дейін мөлшерді құрайды.

     Резервті  қалыптастыру үшін салымдар бойынша өтемдер келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

     1)  Салымдар бойынша толық көлемде  өтемдерді өтеу үшін қатысушы-банктер  алғашқыда аударган міндетті  күнтізбелік жарналар мен қор  активтерін орналастырудан түскен  инвестициялық табыстар сомасы  пайдаланылады.

     2)  Алғашқыда қалыптастырылған резервтік  сомасы жеткіліксіз болған жағдайда  қордың жарғылық капиталынан  500 млн. теңгеден аспайтын сомадағы  ақша пайдаланылады.

     3) Салымдарды өтеу үшін резервтің  алғашқы қалыптастырылған сомасы  жеткіліксіз болған жағдайда  жетіспеген соманың 50%-н қатысушы  банктердің қордың банктік шотына  қосымша жарналар төлеу арқылы  төленеді, ал салымдар бойынша  жетіспеген соманың 50% қор есебінен  қарызға алынады.

     Салымдарды  өтеу үшін қордың қарызға алынған  ақшалары, сондай-ақ қордың жарғылық капиталының  есебінен төленген өтелу сомалары еріксіз  таратылатын қатысушы-банкке регресті талапты қанағаттандыру есебінен жабылады, сонымен бірге қатысушы банктердің мөлшері мен мерзімі қор басқармасының  қатысушы банкке тартылған, сақтандыруға жатқызылған салымдарының мөлшеріне  тәуелді түрде белгіленетін төтенше  жарналар есебінен жабылады.

     Қатысушы-банкке ұлттық банктің қолдануы мүмкін болатын шектеулі ықпал етуі мен санкциялары банк заңнамасында қарастырылған болса да, бұл банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарда төлеуден босатпайды.

     Сақтандырылған депозиттерді өтеудің балама әдістері.

     а)  Банк-мост-І. Мост-Банк тұжырымының келесідей бір нұсқасы былай: егер ұлттық банк банкротқа ұшыраған банктің лицензиясының күшін жойғанда, ол сол мезетте салымдарды міндетті түрде сақтандыру қорына жаңа лицензия береді, яғни банкротқа ұшыраған банктің міндеттемелері мен барлық активтерін қабылдап алады. Бұл лицензия банктің функциясын қатаң шектеп отырады. Мысалы, ол жаңа депозиттерді қабылдауға немесе жаңа несиелерді беруге құқығы болмайды. Оның негізгі қызметі - сақтандырылған салымшыларға төлемдер төлеу және несиелер мен бағалы қағаздар бойынша алымдар жинау. Сақтандырылған депозиттер бойынша төлемдер жүргізілгеннен кейін мекеме жойылады.

     б)  Банк-мост-П. Салымшылардың сақтандырылған қаражаттарын қайтару үшін көптеген жағдайларда жедел процесс болып табылатын депозиттерді міндетті сақтандыру қоры пайдалана алатын "мост-банк идеясы.

     Банкротқа ұшыраған банктің лицензиясын алғаннан кейін, ұлттық Банк шектелген жаңа банктік  лицензияны беріледі. Бұл лицензия жаңа банктің қызметін сақтандырылған салымшылардың төлемдерін 30, 60 немесе 90 күн аралығында жүзеге асыруын шектеуі мүмкін. Қайта құрылған банк ескі лицензиясын алғаннан кейін таратылған мүшелермен келісімге отыра алады. Келісімге мынадай жағдайларды енгізу керек: жаңа лицензияға сәйкес банк ескі лицензиясы бойынша сақтандырылған міндеттемелерді өз мойнына алады, бұл әрбір кеңседе белгілі бір уақыт аралығында және оңтайлы арендалық ставкада операция жүргізуші терезесін ашады, ал ол сақтандырылған салымшыларға төлем төлеуде өзінің меншікті ақшалай қаражаттарын пайдаланады, бірақта барлық шығындалған сомалар таратылған мүшелердің сол кезегінде және сақтандырылған депозиттерге талап болып табылады.16 Сонымен қатар, келісімде кеңседегі төлемдерді өтеу және сәйкес есептерді кірістірудегі бірнеше адамдардың немесе бір үлесті жарналардың нұсқасын енгізуі керек. Есеп жүргізу бөлігі ретіндегі және құжаттандыру процесінде, салымдарды міндетті сақтандыру қоры сақтандырылған жедел салымдарды иеленуші тұлғаларға қамтамасыз етеді, қормен өтемеген депозиттер бойынша таратылу жөніндегі комиссияға кінарат-талаптарды қою мүмкіндігін беретін формалар мен құжаттарды жібереді. Мұндай мекемелер қордың таратылу жөніндегі комиссиямен қызмет етуіне мүмкіндігін беретін еді.

     б) төлемақы әдістері. Кейбір жағдайларда, банк-агент талап ететін шоттар мөлшері шектеулі болуы, тұрғылықты жері алыста болуы немесе шығындар жоғары болуы мүмкін. Сақтандырылған салымшыларға төленетін төлемақы баламасы тікелей іскерлі және шығынды-тиімді болуы мүмкін.

     Тәжірибеде  қор және оның агенттері банкротқа  ұшыраған банкке сапарлар жүргізеді, банкротқа  ұшыраған банктің есепті құжаттарьщ тексереді және сақтандырылған салымшыларды анықтайды. Содан кейін сақтандырылған салымшыларға төлемақы төлеудін тікелей процедурасын қолма-қол немесе чек бойынша жасайды. Содан қор сақтандырылған салымшыларды төлемақысының сомасына дейін, таратылған банктің мүлкіне талап қояды.

     Бұл әдісті қор қатысушы-банктермен балама тәсілдермен, келісімдермен шығынды-тиімді шартқа отыра алмаған кезде пайдалануы керек. Осы процестің бір бөлігі ретінде, шығындарды тексеру тәсілдерін әзірлейді, нұсқайды. Ол яғни шығындар арасында болжанған операцияларға салыстыру және салымдарды төлеуге шығындарды алдын-ала бағалау жүргізеді, сонда ғана қор салымшыларға төлеуді тікелей жүргізе алар еді.

     в)  сақтандырылған салымдарды табыстау (Банк-агент). Біздің нұсқамыз ретінде қор сақтандырылған салымдарды банк-агентке табыстауға құқығының болуы. Бірақ та бұл ережелерге есеп жүргізуге, құжаттауға мүмкіндігінше талаптың болмауы.

     Ең  тиімді үлгі банк-агент есеп жүргізуге  талабын төмендейтін еді, бірақ  сақтандырылған салымшыларға сәйкес хабарламалар енгізілетін еді. Барлық төленген салымдар және қосымша құжаттарды агент алады, олар процестің аяғына дейін онда қала береді, бірақ қор жағынан аудиторлық тексеруге ұшырайды. Процесс аяғында (айталық, 12 немесе 18 ай) барлық талап етілмеген ақша қорға қажетті құжаттармен қайтарылуы тиіс.

     Қор жойылуға арналған активтерден сақтандырылған депозиттердің орнын жабуды талап  етеді. Басында қор жойылудан түсетін мүмкін қаржы көлемін есептеу керек. қор жойылу процесін толығымен қадағалап, "қаржы жағдайы туралы есептің" шығуына дейін қайтатын сомаға кем дегенде жылына бір рет түзетулер енгізеді. Бұл есептеулер банктің мүмкіншіліктерін қате есептеп жібермеуде өте маңызды орын алады.1719

Қорға саясатты қабылдау немесе қордың алғашқы  шығындарын екі компонентке бөлу туралы ережені ұстануға мыналар  ұсыныс жасайды:

1.  қордың  резервтеріне қосылатын шығындардың  бағалану көлемі;

2.   банкрот болған банкті жоюдан  түсетін дебиторлық қарыз. Егер  қордағы қолма-қол ақшалай қаражаттар  сақтандырылған депозиттерді өтеуге  жетпесе, екінші компонентке сәйкес қор ұлттық банктен қарыз алып, ол үшін кепілге жойылудан келетін табысты қоя алады.

     Салымдарды  бөлшектеп қайтару. Қорға қосымша және тез өтелетін салымдар керек болса, онда оларға күнтізбелік салымдар негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Егер де жеткілікті мөлшерде қорды жинап алатын болса, қор жеңілдік көрсету немесе салымдарды бөлшектеп қайтаруды қарастыруы мүмкін. Дегенмен қайтарудың орнына келесі салымдарды қайтарым сомасы көлеміне азайтуды ұсынады. Бұл қатысушы-банктерден түскен сома ордың меншігі болатынын және ол қалай келгеніне байланыссыз екенін көрсетеді. Сондықтан банк салымдарды қайтара алмайды.

     Қорқор  қаржылық қаражаттары. өзінің заңды міндеттемелерін орындау үшін ақша алудың 4 көзі бар:

     1)  1 млрд. теңге көлеміндегі бастапқы  капитал

     2)  қатысушы - банктердің жарналары

     3)  өз қаражаттарын инвестициялаудан  түскен табыстар

     4) салымшылар алдында қарызды өтеу  үшін ҚР ұлтты, банкінен алынған  несиелер.

     Қамтамассыздандырылмаган  несие желісі. Ұсыныс ретінде ҚР ұлттық банкінен немесе басқа да көздерден несие алуға құқық беруді айтар едім, осы несиелік желі 5-10 жыл мерзім ішінде болуы тиісті, содан соң бұл деректі қоғамдық тарапқа жеткізген халықтың сенімін арттыра түсер еді. Тағы да бір артықшылығы - бұл қатысушы-банктерге олардан қысқа мерзім ішінде қосымша немесе төтенше жарналар түрінде айтарлықтай мөлшерде қаржы талап етпейтініне сенімін көтереді. Сонымен қатар, банкроттықтың қаржылық әсері уақыттарға тең бөлінер еді.

     Айналым капиталы.

     Қордың  міндеті - депозиттердің орнын толтыру, яғни сақтандырылған депозиттерді банктің  банкрот болғаннан кейін қысқа  мерзімде 100 % қайтарып беруді қамтамасыз ету.

     Қор жойылуға шығарылған активтерден сақтандырылған депозиттердің орнын толтыру  сомасын талап етеді.

     Казақстан    Республикасындағы    екінші    деңгейлі    банктердегі    жеке тұлғалардың депозиттерін ұжымды міндетті сақтандырудың ережелері мен "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар.

     29-бап  және 2-бап.  Егер несие линиясы ашық болса, онда 29-баптың  жағдайын  былай   ауыстыруға   болады:   "банкротқа   ұшыраған   банктердің

сақтандырылмаған  депозиттері толық көлемінде  өтелуі керек - алдымен ол салымдар   бойынша   резервтерін   өтеу,   ал  содан   соң   қордың   жарғылық

Информация о работе Депозиттерді сақтандыру жүйесі